Оқылым 10-сынып



Дата28.07.2017
өлшемі57,46 Kb.
#22270

Оқылым

10-сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.


1

Б

2




3




4




5




6



Ең қымбат жеміс

А) Үш ұлы алтын салынған үш қапшықты арқалап алып, ең қымбат жемісті іздеуге аттанып кетеді.

Үш жылдан соң үшеуі де әкесіне оралады.



Ә) Бұл сөзді естігенде, әкесінің қуанышы қойнына сыймайды.

  • Сен маған ең қымбат жеміс әкелдің, ұлым! Сенімімді ақтап, өзіңді сыйлауға тұрарлық балам болдың. Жер бетінде білімнен асыл жеміс жоқ, - дейді оған.

Б) Бір адамның үш ұлы болыпты. Бір күні ол балаларын шақырып алады да:

– Мен сендердің әрқайсыңа бір - бір қап алтын беремін. Жолға шығыңдар да, ел кезіп, ең қымбат деген жемісті тауып әкеліңдер. Кімде-кім жеміс асылын алып келсе, мен байлығымды соған беремін, – дейді.



В) – Ал сен не жеміс әкелдің? Қолыңда еш нәрсе көрінбейді ғой.

– Дұрыс айтасың, әке, мен құр қол қайттым. Өзің берген ақшаңды қымбат жемістер сатып алуға жұмсамадым. Мен оқуға түстім, онда оқытушылар мен кітаптардан үш жыл сабақ алдым. Бірақ мен жинаған жемістер көзге көрінбейді, неге десеңіз, олар жүрегім мен ойыма ұялады. Ең қымбат жеміс осы ғой деген тиянақты тұжырымға келдім, әке, - дейді.


Г) – Әке, мен де өзімше ең қымбат, ең сирек кездесетін жеміс таптым деп ойлаймын. Оңтүстік елдерге барып, біздің жақта өспейтін әрі сирек кездесетін жемістер сатып алдым. Мен саған кокос жаңғағын, шабдалы, құрма шырынын, тағы басқа жеміс түрлерін алып келдім. Ұнағанын таңдап жеңіз, – деп әкесіне ұсынады.

Сен дұрыс істепсің, ұлым, мұның бәрі жақсы жемістер. Ішінен бірін таңдап алармын, -дейді әкесі. Енді ол кенже ұлына бұрылып:


Ғ) – Кәне, ең қымбат жемісті таптың ба? – деп әкесі үлкен ұлына қарайды.

  • Әкелдім, әке, бұл шынында да ең асыл, ең дәмді жеміс. Мен саған жүзім әкелдім. Жер бетінде өсетін жемістердің ең асылы – жүзім.

– Жақсы жеміс әкеліпсің, ұлым, - дейді әкесі. – Ал сен қандай жеміс әкелдің? – деп, ортаншы баласына қарайды.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 1. Балалардың қайсысы құр қол қайтты?

а) біріншісі

ә) екіншісі

б) бәрі

в) үшіншісі



2. Мәтін ненің пайдасы туралы?

а) жемістердің

ә) саяхаттың

б) білімнің

в) шындықтың

3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Алтын алма, білім ал.

ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

б) Ерінбеген елге жетеді.

в) Әділ айтқан жеңер.



4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

а) Алтын, қап, ұл, қымбат

ә) Өмір, дәмді, жеміс, асыл

б) Жүзім, шабдалы, құрма, байлық

в) Асыл жеміс, оқу, білім, сенім.

5. Мәтінде жауабы бар сұрақты көрсетіңіз.

а) Жүзімнің пайдасы неде?

ә) Ең қымбат жеміс не?

б) Балалардың алтыны қалды ма?

в) Балалар қай елдерге барды?

2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 6. Құмырсқа қандай қателік жасады?



а) достарын сатып кетті

ә) ескі достарымен бірге болды

б) үйінен алысқа кетіп қалды

в) жазда дән жинамады



7. Мәтінде қандай антонимдер бар?

а) қоңыз, ара

ә) жаңа, ескі

б) көмек, жұмыс

в) сұрау, айту



8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Нағыз дос дұшпан болмас

ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. 

9. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?

а) Бірге көтерген жүк жеңіл.

ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!

б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?

в) Жолдасын тастаған жолда қалар.

10. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?


а) құстар

ә) балықтар

б) жәндіктер

в) аңдар



3-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Ертеде бір хан жауқазын гүлінің көктемде қалай ашылатынын көрсете алған адамға жарты патшалығын бермек болып, жар салдырыпты.

Адамдар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты. Ешкім де жауқазын гүлінің балбырап ашылған сәтін көрсете алмапты.

Хан патшалығында жас жұбайлар кішкентай сәбиін көтеріп, көздің жауын алып, қып – қызыл, сап – сары болып тауда өсіп тұрған гүлдердің жанына барыпты. Бала келген бетте – ақ құлпырған алқапты көріп, таңғы шықтай мөлдір күлкісімен рахаттана күліпті.

Сәби күлкісінен жауқазын гүлдері әп – сәтте түп – түгел жайқала ашылып, төңіректі кілемдей құлпыртып жіберіпті.

11. «жауқазын» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) роза


ә) подснежник

б) шафран

в) гвоздика

12. Баланың мінезі қандай болады?

а) ашық, өткір, қатал, сараң

ә) ашық, ерке, пәк, ойнақы

б) шығармашыл, кәсіпкер, мейірімді, ұқыпты

в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор

13. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.


а) Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

ә) Бала тілі бал.

б) Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.



в) Ойнақтаған бала от басады.

14. Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіңіз.

а) Гүлдер өмірдің сәні.

ә) Бала күлкісінің құдіреті мол.

б) Күлкі өмір ұзартады.

в) Күлме досыңа, келер басыңа.

15. Мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?


а) еңбекқорлық

ә) балажандылық

б) кеңпейілділік

в) бауырмалдық



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет