Оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп



Дата26.06.2018
өлшемі62,82 Kb.
#44279

Алтайбаева Гулимжан Кенжетайкызы Мұғалім портфолиосы А есеп

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» 31.08.16

№ 2 топ ПШО Қарағанды қаласы


Оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Қазіргі әлем жылдам өзгеруде. Сол өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да терең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшілігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында (1).

Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді жоспарлап отырмын. Орта мерзімді жоспарды құрастырғанда осы бағдарламаны басшылыққа алмақшымын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибемде қалай ықпалдастыратынымды жоспарламақшымын. Жоспарды құра отырып, өзгерісті енгізу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізуіме мүмкіндік туады. Ең бірінші оқыту мен оқу мақсаттарын дұрыс қоюды көздедім. Сол мақсаттарға жету үшін міндеттерімді айқындап алу керек болды. Оқудың әрбір кезеңінен бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ете отырып, сыныптағы барлық оқушыларды қамту үшін жоспар жасаймын.

Менің оқушыларым нені білуі керек?

Олар нелерді зерттеп талдауы керек? деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында орта мерзімді жоспарлауға кірістім. Өзімді өзгерту үшін бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді іс-тәжірибемде қолдануым керек. Мен орта мерзімді жоспарлау үшін өзім жетекшілік ететін 3 «Б» сыныптың әдебиеттік оқу пәнін таңдап алдым. Тізбектелген төрт сабақтың жоспарын жасадым. Бұл пәннің «Талаптан да, білім үйрен» тарауын алып, бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, осы тарау бойынша өзіме мынадай мақсат қойдым: оқушылардың сөйлеу әрекетін меңгерту арқылы өзін-өзі реттейтін, сыни ойлана алатын, сөздік қоры жетілген тұлғаның сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіру.

Сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді: «Сын тұрғысынан ойлау», «Диалогтік оқыту», «Алма-кезек оқыту», «Аялдама», «Өрмекші торы» т.б старатегияларын енгізуді жөн көрдім. Сондықтан мен әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды өз ойын еркін, бүкпей айтуға, топта ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауға қалыптастыруым керек деп шештім. Ең алдымен топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырудан бастамақшымын. Әдебиеттік оқу  пәнінен  сабақ өткізу барысында, ең алдымен сыныпта шаттық шеңберін құруда балалардың жас ерекшелігіне назар аудара отырып, оқушыларды топқа бөліп аламын. Бұл сабақтарда  барынша жеті модульді қамтуға тырысамын. Бұл сабақтардың нәтижесінде оқушыларым топта жұмыс жасай отырып, жұптасып, ұжымдасып ақылдаса отырып, бір шешімге келеді және өз ойларын еркін жеткізе алады. Әр берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өзі үшін емес, топ үшін жұмыс жасау керектігін түсіне бастайды. Өз-өздерін бағалау арқылы, ешбір жұмыстың және оқушының бағаланбай қалатынына көздері жетеді деген ойдамын. Бұндай тәсілдердің оқушыларымның әділ бағаланатынына көмектесетінін түсіндім.



Бұрын өз сабағымда «Сын тұрғысынан ойлаудың» элементтерін пайдаланып жүрдім. Бірақ сол сабақтарымның қаншалықты нәтижелі болды, баланы қаншалықты сыни ойлатуға үйреттім, соған мән бермеппін. Осы бағдарламаны оқу барысында сын тұрғысынан ойлаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бұрынғы сабақтарымды қалай жүргізгенім туралы, мен қаншалықты балаларды сыни ойлауға үйреттім деген ойға келдім. Болашақта жүргізілетін жұмыстарымды жоспарлауда оқушыларымды сыни ойлауға қалай қалыптастырамын деген ой туындады. Осындай жұмыстарды орындатуда оқушыларыма өз ойларын тұжырамдай алуына, пікірлерін, ойларын ашық айтуға еркіндік беру керек деп түсіндім.

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (2).

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің ерекшелігі сол оқушылар өз ойларын еркін айтып, ой қорытып, оны мысалдармен дәлелдей алады. Жалпы оқушылар жаттанды пікірлер айтып шектелмейді. Керісінше оқығанынан ой тұжырымын жасайды. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгенің ойына сыни қарауы. Оқығанын талдап, салыстырып жүйелейді. Білмегенін іздеп, дәлелдеп, тұжырым жасайды. Бұл әдістің тиімділігі сол балалардың ойлау белсенділігін шарықтатады. Әсіресе әдебиеттік оқу пәнінде эссе жазуға, өлең шығаруға, әңгімені терең талдап өмірмен байланыстыруларына мүмкіндік береді.

Мәтіндермен жұмыс істеу барысында «Диалогтік оқытуды» енгізуді жөн көрдім. Бұл жердегі мақсатым оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, әңгіме барысында бір – бірімен диалогқа түсіріп, өз идеяларын дәлелдеуге көмектесіп, бірігіп ойланып, олардың өз пікірлерін еркін жеткізе алуларына ықпал ету. Сабақта суреттер топтамасын беру арқылы «Алма-кезек оқыту стратегиясы» қолданбақшымын. Әр топ мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды және топтар бірін – бірі ауызша бағалайды. Осындай бірнеше жұмыстардан кейін менің оқушыларым: өздерінің шығармадан алған әсерін ауызша және жазбаша әңгімелеп беріп, шығармаға, оның мазмұны мен кейіпкерлерге деген өзінің жеке сыни пікірін айта алады, топтық жұмыс барысында өзара түсінушілік, сыйласымдылықтағы тұлға қалыптасады, өзгенің пікірін тыңдап, шешім қабылдап, алған білімін өмірде пайдалана алады деп үміттенемін. Сабақта дұрыс сұрақтар қойып, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деп ойлаймын.

Менің алға қойған мақсатым әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, сыни ойлауға, еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе алатын, барлық пәндердің қыр-сырын терең меңгеруге үйрету. Сол мақсатыма қол жеткізу үшін өзгерісті енгізуді жалғастыруым керек деп ойлаймын. Көп оқи отырып ізденемін, жаңалыққа ұмтыламын, білуге құмар, қызығушылығы бар мұғалімдерге өзімнің білетінімді үйретуге дайынмын.



Және алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс жасауда, түсінгендерімді дамыта түсуде жауапкершілігімнің арта түскенін сезіндім деп толық айта аламын.

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 3-сынып

Пәні: Әдебиеттік оқу, Алматы «Атамұра» 2014ж

Авторлары: Т.М.Әбдікәрімов, С.Р.Рахметова, Б.Т.Қабатай.

Оқу жүктемесі: аптасына - 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.

Пән мұғалімі: Алтайбаева Г.К.

Тақырып: «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» тарауы

Мақсаты Сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптасады, ойын толық жеткізіп айтылым және жазылым дағдылары қалыптасады.


/сабақ тақырыбы

1.Оқытудың негізгі мақсаттары

2.Белсенді оқыту барысында қолданылатын жұмыс түрлері/әдіс-тәсілдері

3.Оқыту нәтижелері

4.Оқыту мақсатындағы бағаны ескере келе, бағалау


5.Барлығын қосқанда

6.Негізгі ресурстар

1. Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру


Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайлы түсінік алады


Венн диаграммасы

«Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы

«Пікірлер ағашы» 


Барлығы: мақал-мәтелдерді біледі, оқиды.

Ауызша бағалау: Жарайсың, Тамаша. Бағалау стратегиялары

«Жапон» әдісі

Көз алдына елестете алады

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қғаздар

Көпшілігі:Авторлардың жазған еңбектерін біледі.

Сұрақтар қоя алады.

Кейбірі:мәтінді өз бетімен жалғастыра алады, негізгі ойды түсінеді.

Суретпен жұмыс істей алады.

2. С. Мәуленов Дала жұлдызы


Оқушылар Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік алады, тақырыптың мазмұнын игер арқылы топпен талқылау арқылы ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланады

Топтық жұмыс Алма-кезек оқыту стратегиясы

Венн сызбасы

Поэзия минуты


Барлығы: Ы.Алтынсарин туралы біледі, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады.

Жетондар арқылы бағалау

Ауызша бағалау



Әңгемінің мазмұнын түсінеді.

Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар,

Көпшілігі: Ыбырайдың білетін өлеңдерін жатқа айта алады.

Жатқа айта алады

Кейбірі:Мәтіннің негізгі ойын аша алады

Әңгіме жаза алады.

3.Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрт­тар


Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу арқылы жатқа айту, есте сақтауын шыңдау, оқушының ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін байыту.


Мағынаны тану.

Топтастыру

Хронологиялық кесте


Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады.

Екі жұлдыз, бір тілек

Мәтінді еске түсіреді әңгімелеу арқылы өз ойын айта алады.

Білімді меңгереді.




Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар,

Суреттей алады.

Ассоциация арқылы өтілген тақырып мазмұнын түсінеді,

белсенді қатысады.




Кейбірі: мысал келтіре отырып, негізгі ойды түсінеді


өз білімдерін көрсетеді, көмектеседі.


4.М.Әуезов Әке арманы

Автордың идеясын таба білуге, шығармадағы ойды талдауға, өздігінен ой қосуға үйрету . Жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. 

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Постер


Барлығы: еске түсіреді, әңгімелейді.


«Бағдаршам» әдісі
Бағалау критерий, кері байланыс арқылы

Мәтінді талдай біледі

Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар, флипчартқа арналған қағаздар.

Көпшілігі:суреттей алады.

Көпшілігі: жаңа білімді меңгереді

Постер әзірлейді

Кейбірі:

Эссе жаза алады.



Негізгі ойды таба алады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырып: С. Мәуленов Дала жұлдызы

Мектеп: Жарық ЖОББ

Күні

Қатысушының саны 19

Қатыспағаны 2

Пән:Әдебиеттік оқу

Мұғалімнің аты-жөні: Алтайбаева Г.К.




Сынып: 3 «Б»

Оқыту

мақсаты:

Оқушылар Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік беру, тақырыптың мазмұнын игерте отырып топпен талқылау арқылы ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланадыру.

Оқыту

мақсаты/ Күтілетін нәтижелер:


Барлығы: : Ы.Алтынсарин туралы біледі, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады.

Көпшілігі: Ыбырайдың білетін өлеңдерін жатқа айта алады.

Кейбіреулері: Эссе жаза алады

Тілдік мақсат:

Сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру

Алдынғы (бұрынғы) оқыту

2 сыныпта өткендерін еске түсіру, 1-2 өлеңін жатқа айту.


Ж о с п а р

Жоспарлау уақыты (минутпен)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау


Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе

2 мин

Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңбер» құрамын

Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін.

Түгендеу


Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын. 1,2,3. 3-топқа бөлу

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір-біріне жылы сөздер айтады.

Сыныптың басшысы жоқтарды айтады.

Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3 деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді.






Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар, интербелсенді тақта.

Үй тапсырмасын тексеру

А.Байтұрсынов «Оқуға шақыру» өлеңін сұрау

Өлеңді жатқа айтады

Ауызша бағалау





Презентация

С.Мәуленов өмірбаянын слайдтан көрсету. Ы.Алтынсарин портреті

Ыбырайдың өмірбаянымен танысады.




Слайд,суреттер, кеспе қағаздар.

Негізгі бөлім

Жұмбақтарға оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Миға шабуыл әдісін пайдалану




Жұмбақтарды шешеді.

Венн сызбасы

Поэзия минуты


Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар.

Мағынаны тану

Осы көрсетелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату. Суреттер топтамасын беру.

«Алма-кезек оқыту стратегиясы»

«Пікірлер ағашына» Ыбырай туралы не білетінін жазу «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы.



Кітаппен жұмыс жасайды.

Мазмұнына байланысты сұрақтар қояды.



1 - топ: Әңгіменің басында не туралы айтылады?
2 - топ: Әңгіменің ортасында не туралы айтылады?
3 - топ: Әңгіменің соңында не туралы айтылады?
4 - топ: Әңгіме неліктен «Дала жұлдызы» деп аталады?
Дәптермен жұмыс жасайды.



Ауызша бағалау

Жұлдыздар

Жетондар арқылы бағалау


Оқулық, суреттер топтамасы

Сергіту сәті

«Айгөлек» билету

Іс-қимылдарды жасап билейді, қайталайды.




Музыка

Рефлексия

Оқушыларға тақырыптарды салыстыру білімдерін талдату.

Өз пікірлерін еркін жеткізуге дағдыланады. Әңгіменің мазмұнын түсініп айтады.


Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Смайликтер, бағалау парақшалары

Қосымша ақпараттар

Дифференциация

Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?

Анағұрлым дағдысы қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?


Бағалау – қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз? (ақпартатты қорытындылау/бағалау идеясы)

Пән аралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі, музыка.












Рефлексия

Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?

Бүгін қатысушылар нені үйренді?

Оқытуда атмосфера қалай болды?

Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?

Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?


Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз







Қорытынды бағалау
Сәтті болған екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1:

2:

Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1:

2:

Сынып/аудитория жайында мен қандай жаналық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім, менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/қалай көрініс табады?



Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Мектептегі тәжірибемді өзім еңбек етіп жатқан «Жарық жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізбекшімін. Мектептің педагогикалық ұжымында 86 мұғалім қызмет жасайды. Мектепте барлығы 700 оқушы, оның 62-сі мектепалды даярлық топ оқушылары. Мектебімізде «Бөбек» шағын орталығы жұмыс істейді. Онда 25 тәрбиеленуші бар. Ұжымдағы мұғалімдердің басым көпшілігі коучингке қатысуға құлшыныс білдіреді деген ойдамын.

Мектептегі іс-тәжірибе кезеңімде бірінші коучинг сабағымның тақырыбын «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» деп алуды жоспарлап отырмын. Бұл коучингті бастауыш пәндер әдістемелік бірлестігінде өткізбекшімін. Бұндағы мақсатым: ең алдымен мектебіме өзім оқып жатқан «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру және жеті модуль туралы ақпарат бере отырып, оның ішіндегі сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің оқушы мен мұғалімге маңыздылығын, жаңа стратегияларынын сабақта қолданудың тиімділігін түсіндіру болады.

Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды (2).

Бұл модульдің мен үшін маңыздылығы неде деген сұрақ туындады? Сын тұрғысынан ойлау – күрделі психологиялық үдеріс екенін ғалымдар болжап кеткен. Сын тұрғысынан ойлаудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығын осы курс барысында түсіндім. Сын тұрғысынан ойланта отырып, оқушылардың ойларын еркін айтуға, өзара пікір алмасуға, шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндігі мол болары сөзсіз деген ойдамын.

Әріптестеріме бұл тақырыптың қажеттілігі – әлем жылдам өзгеру үстінде, қарқынды өзгеріп жатқан әлемдегі білім саласындағы мұғалімдер үшін ең басты мәселе болғандықтан, әдістемелік көмек ретінде, бұрынғы дәстүрлі оқытудан жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу мен проблемаларды жекелей және топта шешімін табуға бағытталған заманауи бағдарлама идеясымен бөлісу.

Коучингте әріптестер сыни ойлану дағдысын қалыптастыру арқылы, сыныпта топтық жұмыстарды дұрыс жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар жөнінде бір-бірлерімен пікір алмасады, олардың өз тәжірибелерінде тиімді екеніне көздері жетеді.

Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамыту керек деп ойлаймын. Оқушылардың ақпаратты талдап, салыстырулар жүргізіп, дәлелдер келтіре отырып білімді өздігінен игеруге жағдай жасалады.

Біздің мектебіміздің мәнмәтініндегі маңыздылығы – сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы білім алушыдан ойын ашық айта білетін, өз идеясын іске асыра білетін, білімін қолданып, талдап, жинақтай білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыратындығында.

Бастауыш сыныптың кез келген сабақтарында «Сын тұрғысынан» ойлаудың стратегиясын қолдануға болады. Әртүрлі тапсырмалар дайындауда біз баланың жас ерекшеліктеріне назар саламыз. Коучинг барысында топтық жұмыс жасау кезінде ынтымақтастыра отырып, әлеуметтену арқылы танымын дамытуға арналған тапсырмалар қалай береміз осы мәселелер туралы сөз қозғамақшымын. Әркімнің пікірінің құндылығын ескере отырып, оқушыларға ашық сұрақтар қоя білу де мұғалімнің шеберлігіне байланысты деп айта аламын. Бұрын мен өз сабағымда сұрақты қойып, оның жауабын оқушы білмесе келесі оқушының жауап беруіне мүмкіндік бермей, асығыстық жасап, айтуларына көп мүмкіндік бермегінімді түсіндім. Қазіргі сабақтарда біз көп сөйлемей, тиімді сұрақтар қоя отырып, бағыт бағдар беру керектігін осы курс аясында түсініп, ой елегінен өткізіп отырмын.

Болашақта сабақ беру үрдісімді түбегейлі өзгертпекпін. Осыны коучинг барысында мұғалімдерге көрсеткім келеді. Ортақ мәселені ынтымақтаса отырып, бірігіп талдап, саралап шешсек қана, оның нәтижесі оң болмақ.

Коучингке бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығы қатысады деп жоспарлаудамын.





Коучинг№2

21.09.2016

Коучинг тақырыбы


Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?


Мақсаты

Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.



Әдебиет

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Нәтиже




Коучтің әрекеті

Уақыты

Мұғалімдердің әрекеті

Ресурстар

1. Мұғалімдерге стикерлер беру «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұрақпен. «Иә» «Жоқ» деген бөліктерге қағазға жапсыру.

2 мин

Стикерлерді алып, «Иә» «Жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.



Стикерлер, қағаз кесте

2.Психологиялық ахуал

«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі.

Қорытынды жасау.



10 мин

Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді.

Қорытынды жасайды.


Бізге өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?



Нысана

3.«Әлем өзгереді, мен өзгеремін» фильм ұсынамын

12мин

Кофе брейк

АКТ

Видеоролик



4. Топқа бөліну

5мин

Әр топ өздерін таныстырады және ереже құрады.

Топтық жұмыс

5. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөлісу.
Бағыттаушы сұрақтар:

Диалогті оқыту дегеніміз не?



10мин

Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?






6.Ақпарат ұсыну

Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар


- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- Зерттеушілік

15мин

Ақпаратпен оқып танысады, ой түйеді.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

7. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейне жазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар.
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы?

10мин

Топ ішінде талдайды.

Топтық жұмыс

8. Топпен жұмыс
Постер құру

10мин

1топ. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2топ. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3топ. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.

Постер

9.«Екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалау

5мин

Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.

Бағалау

10.Сауалнама алу

5мин

Сауалнама толтыру

Кері байланыс

11. Тілек ағашын толтыру.

2мин

Тілек ағашын толтырады.

Тілек ағашы



Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп

Мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің әріптесім бастауыш сынып мұғалімін тәлім алушы қылып аламын деп жоспарлаудамын. Тәлім алушыны анықтап алу мақсатында тәжірибесі мол, бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етіп келе жатқан, оқу ісінің меңгерушісімен пікірлеспекшімін. Әдістемелік отырыста мұғалімдерден ұсыныстар түсуі мүмкін деп ойлаймын.

Осы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мақсаты мен міндеттерімен таныстырамын, тәжірибе кезеңінде кез-келген әріптеске тәлімгерлік ететіндігімді айтамын. Бағдарламадағы жеті модуль ерекшеліктерімен таныстырамын. Бағдарламадағы әдіс-тәсілдер оқушыға дайын білімді беріп қана қоймай, өздігінен оқи білуіне, ізденуіне, кез-келген жерде өз пікірлерін айта алуларына жол ашатыны туралы ақпарат бермекшімін.

Тәлімгер мен тәлім алушының алты аптаға арналған жоспарын жасаймын. Алдыма қоятын мақсатым: Тәлім алушының өз мүмкіндіктерін пайдалануға ықпал ету, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы алдында кездесетін кедергілерді жеңуге көмектесу, бағдарламаның жеті модулімен таныстыру, орта мерзімді мен қысқа мерзімді жоспарларды жазуға үйрету, өзіне деген сенімін арттыру негізінде тәлімгер болуына белсенді түрде дайындау.

Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді(3).

Тәлім алушымен кездесіп, екеуіміздің арамызда кәсіби әңгіме жүргіземін. Алдымен жоспармен таныстырып, мақсатымды айтамын. Орта мерзімді жоспарлау үшін сабақ беретін бір пәнді таңдап алуды ұсынамын, сабақта бір стратегияны пайдалануды ұсына отырып, сабақтарды бірігіп отырып жоспарлайтынымызды айтамын. Жұмыс жоспарын бірігіп отырып талдаймыз. Орта мерзімді жоспарлауды үйретемін. Орта мерзімді жоспар жасауда  қадамдардың  маңыздылығын, нәтижелілігін маңыздығы туралы түсіндіремін. Сабақтарды жоспарлауда ұсыныстар айтамын.

Ең бірінші мен тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатысып, бақыламақшымын және бейнежазбаға түсіремін. Кейін бейнежазбаны бірге қарап отырып, талқылауды ұсынамын. Дәстүрлі сабақтан байқағандарымды тәлім алушымен кері байланыс кезінде айтпақшымын. Сабақтарда әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынамын. Себебі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі тапсырмаларды беріп, түрлендіріп өткізуін сұраймын.

Тәлім алушыма мұғалімдерге арналған нұсқаулықты ұсынбақшымын. Ұсынудағы себебім, сол жерден керек ақпараттармен танысуын сұраймын. Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған үлестірме материалдармен де танысып шығуын өтінемін.

Сабақ беру үдерісіне тиімді ресурстарды, қазіргі заман талабына сай ақпараттық-коммуникативтік технология мүмкіндіктерінің тиімді жолдарын сабақта қолдануын ұсынамын.

Тәлімгер ретінде тәлім алушыма сабақтарын жоспарлауға көмектесемін. Мен ұсынған стратегияларды қалай қолдануға болатынын және оны қолданудың тиімді жолдарын көрсетемін. Сұрақтарды дұрыс қоя білуін, топтық жұмыстарды ұйымдастыруын, тапсырмаларды дайындауда жас ерекшеліктерін естен шығармауын өтінемін.

Мен алдағы мектептегі іс-тәжірибеден өту кезінде, тәлім алушының таңдаған пәні бойынша төрт сабағына қатысуды жоспарлап отырмын. Тәлім алушы менің ұсыныстарымды жылы қабылдайды деп үміттенемін. Кері байланысты ауызша және бейнежазбаны бірлесе талқылап, талдау мақсатында жүргізбекшімін. Тәжірибе барысында тәлім алушымның сәтті тұстары мен сәтсіз тұстарын бағамдап, алда жазатын есебімде ашық көрсетпекшімін. Әріптестерімнің іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды үйретуге болатынын осы бірінші бетпе-бет кезеңінде түсіндім.

Тәлімгерлік үдерісі арқылы оқу мен оқытудағы өзгерістерді жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырамын. Мен тәлім алушымның іс-тәжірибесін жақсартуда әлі де жаңа стратегияларды енгізуді алдағы жұмыстарыма мақсат етіп қоямын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін үнемі оқып, ізденіп, білімімді шыңдап әріптестесіммен бірге жұмыс жасаймын деген ойдамын.




Тәлімгер Алтайбаева Гулимжанның тәлім алушы Аяпбергенова Гүлданаман жүргізетін тәлімгерлік жоспары

Мақсаты: Тәлім алушының өз мүмкіндіктерін пайдалануға ықпал ету, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы алдында кездесетін кедергілерді жеңуге көмектесу, өзіне деген сенімін арттыру негізінде тәлімгер болуына белсенді түрде дайындау.

Тәлімгер

Тәлім алушы

Мер

зімі


Тәлімгерлік бағыты

Тәлімгерлік нәтижесі

Табыс критерийі

Қол жеткізілгенін қалай білесіз?



Алтайбаева Г.К.

Аяпбергенова Г.И.

05.09.

2016ж


7 модуль туралы түсіндіру, жұмыс жоспарын талдау

Жұмыс бағыттарын белгілеп, орта мерзім жұмыс жоспарын жасауға пән таңдап алынады.

7 модуль  туралы түсінік қалыптасады. ОМЖ –ын   бір  пәні

нен құрастыра алады.



Алтайбаева Г.К.

Аяпбергенова Г.И.

06-08.09

Орта мерзімді жоспарлау

ОМЖ жасауда  қадамдардың  маңыздылығын түсінеді, нәтижелілігін маңыздығы туралы білетін болады

ОМЖ –ды  жасауда қадамдарының жүйелі болғаны,  әр сабақ  нәтижесі болжам түрінде көрсете алады.

Алтайбаева Г.К

Аяпбергенова Г.И.

13-14.09

Сабақ беру барысын  талдау, ұсыныс жасау. Үй тапсырмасын тексеру кезеңіне арналған стратегияларды  пайдалануды үйрету

Үй тапсырмасын тексеру кезеңіне арналған стратегияларды 

тиімді пайдалануды үйренеді.



Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың үй тапсырмасын айтуға ынталы болады.

Алтайбаева Г.К

Аяпбергенова Г.И.

15-16.09

Сабақ беру барысын  талдау, ұсыныс жасау. Жаңа сабақты игеру  кезеңіне арналған стратегияларды 

пайдалануды үйрету.



Жаңа сабақты  игеру кезеңіне арналған стратегияларды 

тиімді пайдалануды үйренеді.



Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың жаңа тақырыпты игерудің деңгейі жоғарлайды.

Алтайбаева Г.К

Аяпбергенова Г.И.

17.09

Сабақ беру барысын талдау, ұсыныс жасау. Жаңа сабақты бекіту кезеңіне арналған стратегияларды пайдалануды үйрету.


Жаңа сабақты бекіту   кезеңіне арналған стратегияларды 

тиімді пайдалануды үйренеді.



Кәсіби деңгейі өседі, оқушылардың жаңа тақырыпты  қолдануға дайындығы 

артады.


Алтайбаева Г.К

Аяпбергенова Г.И.

19.09

Сабақ беру барысын талдау, оқыту үшін бағалау құралдарын талдау, табыс критерийлермен жұмыс жасау.

ОүБ–ды тиімді пайдаланудың критерийлерді ұғады, табыс критерийлермен үнемі жұмыс жасай алады.

Табыс критерийлерді пайдалану арқылы  оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, сабақтарда өзін-өзі  және  өзара бағалауға арналған тапсырмаларды орындай алады.

Алтайбаева Г.К

Аяпбергенова Г.И.

24.09

«Өз бетінше білім алуына бағытталған жаңа тәсілдер туралы» тақырыбы бойынша тәлім алушымен сұхбаттасу


Рефлексивтік дағдылары  жетілдіріледі.


Өз жұмысындағы жетістіктер мен кедергілердің 

себептерін талдай алады.










01.10

Тәлім алушының кәсіби өсуіне ықпал ету

Білім және білік дағдысының аясы кеңейеді


Кәсіби деңгейі өседі

Алтайбаева Г.К




03-08.10

Шығармашылық деңгейі ауқымының аясын арттыруға көмек беру

Шығармашылық қабілетін арттырады

Еңбек жолында жетістікке жету жолдарын іздейді


Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есебі

Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде (4).

Мектептегі тәжірибе кезінде мен мұғалімдермен қалай жұмыс істеуім керектігінің сызбасын түсіріп алмақшымын. Содан кейін мақсатым айқын болғандықтан жоспар жасауға кірісемін. Мақсат қойған соң міндеттерімді негіздеп алуым керек. Соңынан қандай нәтижеге жетемін деген ойда мазалап қояды. Сол үшін мен тынбай еңбектенуім керектігін сезіндім. Қалай өзгеріс енгізбекшімін, оны қалай жүзеге асырамын деген сұрақтардан туындайтын ой, өзімнің қөзқарасымның өзгеруіне алып келді. Оны осы курс аясында түсіндім. Осы бағдарлама идеясын жүзеге асыруым керек.

Қоғамдастықтың жұмыс жоспарын толықтыру мақсатында мен мектеп әкімшілігімен кездесіп, кеңес аламын. Жоспарланған іс-шараларды өткізуге әріптестерімді тартамын.

Ең бірінші мектептің мұғалімдерін саралаудан бастамақшымын. Мектепте барлығы 86 мұғалім бар. Мұғалімдердің сапалық құрамы жақсы деңгейде. Бұрын біздің мектебімізде «Ұлағат» желілік қоғамдастығы болды. Оның құрамындағы деңгейлік курсты бітіріп келген мұғалімдері мен қоса басқа мүшелерінің жұмыстары жүріп жатты. Енді менде өз үлесімді қосуым керек деп шештім.

Мектебімде жаңашыл орталар құрылған, менің жоспарымды толық жүзеге асыруға болатынына сенімдімін. Мектептегі деңгейлік курстан өткен барлық мұғалімдер саны - 13. Оның ішінде бірінші деңгейлі - 4, екінші – 4, үшінші деңгейлі - 5 мұғалім бар.

Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту үшін жігерлі әрі табанды жұмысты талап ететінін ұғындым. Жалпы мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ынтымақтаса жұмыс жасаса бірқатар жетістіктерге жетуге болатыны сөзсіз. Әрине білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды бірден шешіп тастау мүмкін болмаса да, балалардың жетістіктерін құрауға көпірше бола алады дегім келеді. Сол көпіршелер арқылы өз біліктілігіңді арттыра отырып, қарым–қатынас орнату. Қазіргі заманда ақпараттар өте көп, соның бәрін қабылдау міндет емес, сол ақпараттардың балаларға тиімдісін, керегін алуға бағыт бағдар беру біздің міндетіміз. Осы жолда қоғамдастықтардың арасында сенім болса, жұмыс жақсы нәтижесін береді. Өзімнің көшбасшылығымды дамыту үшін мынадай іс-әрекетті жасаймын. Зерттеу топтарын құруға болады.

Бірінші бетпе-бет кезінде алған педагогикалық қоғамдастық туралы білімді жүзеге асыруда, қоғамдастық мүшелерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырамын. Мектеп ұжымы, мектеп әкімшілігі мені қолдайды деген ойдамын. Мектептің даму жоспарымен таныса отырып, өзімнің жасаған жоспарыма өзгерім енгіземін. Себебі, ондағы маған қатысты мәселелердің барын анықтап аламын. Даму жоспарын зерделей отырып, қыркүйек айында желілік қоғамдастықты кеңейту үшін, екінші аптасынан бастап коучинг сессиясын өткіземін сұраныс білдіремін.

Тәжірибе кезіндегі туындаған мәселелерді айқындау алу мақсатында, сауалнамалар алуға болады. Коучинг, семинарларды қалай өткізу керек және оның уақыты жайлы дөңгелек үстел өткізбекшімін. Ұжымның барлық мүшелерімен пікір алмаса отырып, ортақ мәселелерді бірігіп шешпекшіміз. Дөңгелек үстел басындағы әңгімелердің мұғалімдер шеберліктерінің шыңдалуына пайдасы болады деп ойлаймын. Әріптестеріме ықпал ету үшін, үш коучинг өткізуді жоспарлап отырмын. Оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін «Өзгергіңіз келе ме?» деген сауалдар қоя отырып, мұғалімдердің қаншалықты өзгергісі келетінін анықтап аламын және қорытындысын саралаймын. Алғашқы коучингімнің соңында сауалнама алмақшымын. Бұндағы мақсатым мектептегі проблема, түйінді мәселені анықтап алу керек болады. Келесі жұмысымды жалғастыруда маған керек болады.

Бұрынғы мұғалімдердің өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтарына ойша сараптама жасай отырып, «ХХІ ғасырға мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?» сұрағы ойымнан кетпей қойды. Сол себепті мұғалімдерге бағдарламаның идеясын қалай жеткізбекшімін деп жоспар жасап алуға кірісемін. Өзімнің сабақ өткізу барысымды түбегейлі өзгертемін, коучинг өткізу арқылы, тәліпке тәлімгер бола отырып, қоғамдастық жұмысын ұйымдастыруда көшбасшылық танытып, әріптестерімнің тәжірибесін дамытамын. Одан күтетінім:

- мұғалімдер өз сабақтарына 7 модулді кіріктіре алады,

- білім алудың жаңа тәсілдерін меңгереді,

- білім сапасын артады,

-озық іс-тәжірибелер насихатталады. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенімді жұмыс барысында анықтап ала аламын деген ойдамын. Яғни, әріптестерімнің айтқан әр сын-пікірлерін, кеңестерін, топтарда орындаған жұмыстарына жасаған талдауларын тыңдып, талдап, өз ойыммен салыстыра отырып ой-тұжырым жасаймын.

Коучингтердің тақырыбын таңдауда осы ойларды жүзеге асыруды басты назарда ұстауым керектігін ұғындым. Мұғалімдердің қажеттіліктеріне ерекше ілтипатпен көңіл қоятын боламын. Іс-шараларды жоспарлай отырып, оқу процесіне өзгеріс енгіземін. Мынадай тақырыптарда коучинг өткізбекшімін: «Сын тұрғысынан ойлау», «Диалогтік оқыту», «Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы». Бұндағы мақсатым: бағдарламаның түйінді идеясын жеткізу, бағалаудың түрлерімен таныстыру, өзін-өзі бағалауға үйрету, тәжірибелерінің өзгеруіне ықпал ету.

Алынған тақырыптар жөнінде таныстырылымдар жасап, оқыту тәсілдерін іс-тәжірибеде қолдана алу мүмкіндіктерін көрсетемін. Сабақ үдерісіне жеті модульді ықпалдастырып, топтық жұмыстардың, сабақтағы оқыту тәсілдердің тиімділігін көрсетемін. Әріптестеріммен диалогқа түсу арқылы, жаңаша әдістердің маңыздылығына көздерін жеткізе аламын деген ойдамын және өз іс-тәжірибелерінде пайдалана алуларына септігімді тигізсем, бір мақсатымның орындалғаны деп білемін. Оқушылардың төрт дағдыларын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау», «Блум таксономиясы», «Дилогтік оқыту» сияқты стратегияларды сабақтарда қолданса тиімдірек болады. Бағалаудың өзіне де мән беріп, өзін өзі бағалау арқылы кері байланысқа түсіруіне ықпал етемін.

Бір тәлім алушыға тәлімгер болып, екеуіміздің арамызда жеке тұлғаға бағытталған ұзақ мерзімді үрдіс құрылатыны мені қуантады. Себебі, өзімнің бірінші бетпе-бет кезінде алған білімімді үйрету, мен үшін үлкен жауапкершілікті іс деп санаймын.

Өзім бастауыш мұғалімі болғандықтан, тәлім алушыны бастауыш сынып мұғалімінен алмақшымын. Алдымен тәлім алушымен кездесіп, кәсіби әңгіме жүргіземін. Мақсатым мен жоспарымды таныстырғаннан кейін, сабақтарыма шақырамын. Өз сабақтарыма 7 модулді ықпалдастыра отырып, оның тәжірибесіне тиімді болатын жақтарын талқылаймын. Дәстүрлі сабақтарын бейнежазбаға түсіріп, сабақты бірге талдай отырып, кеткен кемшіліктерді жою мақсатында келесі сабағын бірге жоспарлаймыз. Жеті модульді сабақта қалай ұтымды қолдануға болады деген кеңестер өткіземін, пайдалануға арналған ресурстар ұсынамын. Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарларды жасауды үйрете отырып, оның қадамдарының маңыздылығына көз жеткізуді жоспарлап отырмын. Оқыту мен оқу мақсаттарының дұрыс қойылуына мән бермекшімін. Тәлім алушымның сұранысын ескере отырып, оның тәжірибесіне тиімді болатын жұмыстың түрін талқылаймын және ұсыныстар айтамын. Сұхбат жүргіземін, кеңес беремін, бағалау түрлерімен таныстырамын, кейін ол өз жұмысындағы жетістіктер мен кедергілердің  себептерін талдай алатын болады. Әр сабақтардан кейін өзара пікірлесіп, кері байланыс жасап, біріге отырып сабақтарын жоспарлаймын. Орта мерзімді жоспарлау арқылы тәлім алушының тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге ықпал жасаймын. Тәлім алушының сабақтарына қатысып, бұрынғы өткізген сабақтары мен қазіргі сабақтарын салыстыра отырып, кәсіби әңгіме жүргіземін. Алдағы жұмысымды тәлім алуышының кәсіби дамуына бағыттап отырмақшымын.

Болашақта мен өзімнің тәжірибемнің өзгеріп жатқандығын аңғарамын деп толық айта аламын.

Қоғамдастық аясындағы жұмысқа өзімнің оқыған Нілді станциясындағы «Успен» орта мектебінің ұжымын тарта отырып, олармен бірлесе жұмыс істеуді көздеп отырмын. Себебі, ол мектептегі деңгейлік курс оқыған мұғалімдерінің санының аздығы. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде көштің соңында қалмай, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйреткім келеді. Мұғалімдерге оқытуда пайдалы кеңестер мен жаңа мүмкіндіктерді ұсына аламын. Басқа мектептердің көшбасшыларымен де тығыз қарым-қатынас жасасақ, нәтижесі жақсы болмақ деген ойдамын. Мектептің дамуына әрбір мұғалімнің оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы үлес қоса алуына білімі мен біліктіліктерінің жететіні сөзсіз.



Қорыта келгенде айтарым, әр мұғалім заман көшіне ілесу үшін үнемі өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет деп ойлаймын.

Жарық ЖОББ мектебі «Ұлағат» желілік қоғамдастығының жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы

Қоғамдастық құрамындағы мұғалімдер санаттары:

  • Мектеп әкімшілігі

  • Тәжірибелі мұғалімдер

  • Біліктілік арттырудың деңгейлік курстарында сертификатталған мұғалімдер

  • Жас мұғалімдер

Қоғамдастық мақсаттары:

  • Мектептердің мұғалімдерінің арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету;

  • Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу;

  • Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату;

  • Бірлесіп, өзара тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларымыздың білім сапасының оң нәтижеге жетуіне ықпал ету;

 Қоғамдастық міндеттері:

  • Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру,

  • Қоғамдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,

  • Қоғамдастықтың ережесін жасау,

 Ережесі:

  1. Қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті.

  2. Әрбір мүше сенімді қарым-қатынас жасауы керек.

  3. Әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек.

  4. Тыңдау әдебін сақтау керек.

  5. Көзбе-көз қарым-қатынастарда, желілік байланыс кезінде жоғары мәдениетті сақтауы тиіс.

 Күтілетін нәтижелер:

  • Кәсіби біліктіліктері жетіледі

  • Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады

  • Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады

  • Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады

  • Білім сапасы көтеріледі.

Қоғамдастықтың жұмысы жоспарланған уақыт аралығы:                             (05.09.-14.10.2016 жыл)




Нақты іс шаралар

Шараны өткізудің әдіс тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Мониторинг дәлелдеме

Мерзімі

Жауаптылар

1

Ұйымдастыру


Кездесу

Әкімшілік тарапынан қолдау



05.09

1 апта


Алтайбаева Г.К.

2

Қоғамдастықтың жоспарын бекіту




Жоспар бекітіледі.

Жоспар

06.09

1 апта


Алтайбаева Г.К.

3

3.1.Тәжірибе кезіндегі туындаған мәселелерді айқындау

3.2.Коучинг,семинарларды қалай өткізу оның уақыты жайлы дөңгелек үстел өткізу



Барлық

мүшелердің

пікірлесуі
дөңгелек үстел


Ортақ мәселелер бірігіп шешіледі.

Мұғалімдердің шеберлігі шыңдалады



Кері байланыс

Кері байланыс


2 апта


Ұжым

Алтайбаева Г.К.



4

Коучинг №1

«Сын тұрғысынан ойлау»



Коучинг

Мұғалімдер бағдарламаның идеясын түсінеді, маңыздылығына көз жеткізеді.

Ой-пікірлер

21.09.

3апта


Алтайбаева Г.К

5

Коучинг №2

«Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?»




Коучинг

Білім алу тәжірибесінде қолдана алады.

Есеп

5 апта


Алтайбаева Г.К

6

Коучинг №3

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»




Коучинг

Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы түciнiк қaлыптacaды

Есеп

6 апта

Алтайбаева Г.К

7

Қорытынды: Ұжымдағы өзгеріс бақылау, сараптау


Нәтижелілік

Рефлексия

Есеп

6 апта

Алтайбаева Г.К


Қосымша 1

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 5бет.



2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 31 бет.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 87 бет.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 90бет.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет