Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру



Дата22.08.2017
өлшемі61,98 Kb.
#23871
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың : «Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс.Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім және формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі өлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,дамыту үшін жауапты»,- деген сөзі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші- білім деңгейімен өлшенеді.Сондықтан , әлемдік білім кеңістігіне кіріп , білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Бүгінгі өмір талабын сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде ұйымдастыруды қажет етеді. Дәстүрлі оқытуда оқу- тәрбие үдерісінде басыңқы роль мұғалімде болса,қазір белсенді қызметті оқушы атқарады,оны оқытпайды, ол өзі оқиды, бағалауды оқушының өзі жүргізеді.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы , оқуы және ынтасы туралы түсінік , сонымен қатар өзін –өзі бағалау , қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Alexander.2001)

Оқытуда бағалаудың екі түрі бар екнін білеміз.Формативті және жиынтық бағалау.Оқытуды жақсартуға бағытталған бағалау- формативті де, ал оқытудың қорытындысын шығару - жиынтық бағалау болып табылады. Бағалаудың мақсаты оқушының қандай сатыда тұрғандығын, оларға не істеу керек , қойылған мақсаттарына қалай жету керек екендігін көрсетеді. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі, бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып , не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылау болып табылады.

Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен , баланың жақсаруына , нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім.

ІІІ (негізгі ) деңгей курсынан өтіп, теориялық білімімді практикамен ұштастыру барысында түйген ойым , оқушының өзін және өзгені бағалауы оқушыға артылған үлкен жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Сынып оқушыларына қосымша сабақтарда бағалау туралы , өзін – өзі бағалау, өзгенің жұмысын бағалау туралы мағлұмат бердім.

Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы , ұсыныс -пікірлерін білдіруі , мұғалім оқушымен кері байланыс орнатуы маңызды екнін ұғындым.

Осы бағалаудың оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда , сындарлы оқуын және түсінуін дамытып бағалауда ,білім деңгейін арттыруда формативті бағалаудың, яғни қалыптастырушы бағалаудың маңызы зор деп санаймын.Себебі осы бағалау негізінде балалар ертеңгі күнге ынталанып , ұмтылыспен келеді.

Әрбір сабағымның ұйымдастыру бөлімінде оқушыларға сабақ барысында бағалауды өздері жүргізетінін таныстырып өтемін.Сабақтарымда бағалауды түрлендіріп отырамын.Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар белсенділігі мен білім деңгейін арттыруда оң нәтижесін береді.


  1. «Бағдаршам көздері» арқылы бағалау-

Жасыл – «5»

Сары - «4»

Қызыл – «3»

Әр топтың бағалаушысы тобындағы оқушының берген жауабына байланысты бағдаршам көздерін үлестіріп отырады. Сабақ барысында жасыл,қызыл,сары түсті алған оқушының жиынтық бағасы төрттік болады.Бұл бағалау түрін математика сабақтарында Үшбұрыш – «3», тортбұрыш – «4», жұлдызша – «5» түрінде қолданамын.



  1. «Күлегештермен» бағалау

Бағалаудың бұл түрін де топ бағалаушылары жүргізеді. Оқушының берген жауабына қарай күлегештер үлестіріліп отырады. Оқушының жинаған күлегештері бойынша жиынтық бағасы қойылады.

  1. Жетондар бойынша бағалау -сабақтарымда ең жиі қолданылатын бағалау түрі.Топ бағалаушысы өз тобындағы оқушылардың әрбір жауабына бір жетоннан беріп отырады.Сабақ соңында жетон сандарына қарай жиынтық баға шығады. Яғни: 1-3 жетон - «3» , 4- 7- «4» , 8 – 12 – «5». Деп бағаланады.

  2. Оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беру,өзінің жетістігін нақты бағалай білу, өз нәтижесін өзгемен салыстыра отырып қорытынды жасауға мүмкіндік туғызатын бағалау түрі- өзін-өзі критерий бойынша бағалау.Бұл бағалауды жүргізу үшін әрбір оқушыға өзінің аты-жөні жазылған , сабақта орындалатын тапсырмалар тізбектелген кесте таратылады. Тапсырма орындауға қатысқан оқушылар сол тапсырмаға «+» таңбасын қойп отырады. Сабақ барысында барлық тапсырмаларды орындаған оқушы өзін бестік бағамен бағалайды.

    Аты-жөні

    1 тапсырма

    2-тапсырма

    3- тапсырма

    4-тапсырма

    Ұпай

    Баға






















  3. Бірін- бірі бағалауды әр топ бағалаушылары оқушы жауабынан кейін пікір айту арқылы да жүргізіп отырады. Мысалы: Мен Айгерімге «4» деген баға қоямын. Себебі: жауап беру кезінде қайта бағыттау сұрақтарынан кейін ғана толық жауап бере алды.

  4. Топтарды бағалау,Бұл бағалау түрі рольдік ойын, сахналау , постер қорғау кездерінде қолданылады. Әр топ бағалаушылары өзге топтардың жұмысын бір- бірімен салыстырып, саралап отырып бағалайды.Сол арқылы ең белсенді топты немесе ең нәтижелі жұмысты анықтайды.

Сондай -ақ топтық жұмыстарды «Екі жұлдыз , бір тілек» арқылы бағалау да бастауыш сынып оқушылары үшін тиімді де онай бағалау түрі.

Оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап бағалай алады. Ең бастысы алдағы жұмысының бағытын анықтай алады.Оқушы жұмысын өлщемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға , не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе , жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету оқушы бойына сенім ұялатады.

Қорыта келгенде , оқушы өзін-өзі бағалау арқылы оқуын қалай жақсартуға болатындығын көре алады.Оқушының оқуының жақсарғаны,бұл, білім сапасының артқанының айқын көрінісі.Атап айтатын болсам , 3-тоқсанда сынып сапасы-57%, ал жылдық сапа 62% болуы білім деңгейінің артуының дәлелі.Сондай-ақ білім деңгейінің артқандығын оқушыларымның 2014-2015 оқу жылындағы және 2015-2016 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы сайыстарға қатысу мониторингісінен де көруге болады.

(ескерту:жақшаның ішіндегі марапатталған оқушы саны (6))





Түрі

Мектеп

ішілік

Аудандық

Облыстық

Республикалық


Халықара

лық


1

2

3



Олимпиада

Олимпиада


Ғылыми жоба

І орын (3).

ІІ орын (1)

ІІІ орын (І)


ІІ орын (1)

І орын (1)



ІІІ орын (1)

ІІ орын (1)



Блиц-турнир

І орын (6)

ІІ орын (1)

Квест


ІІІ орын (9)
ІІ орын (6)




Яғни баланың қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасайтынына тәжірибе барысында көзім жетті.Алдағы уақытта да сабақтарымда бұдан да басқа бағалаудың түрлерін іздестіріп пайдалана білу, оқушының қызығушылығын арттыра отырып, білім деңгейін көтеруді алдыма мақсат қып қойдым.Осы мақсатқа жету үшін ізденіп,оқып, оқушы үшін қызықты, нақты баға беретін бағалау түрлерін қарастырып, тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын.Осы ІІІ (негізгі) деңгейлік курсының мен үшін үйретері мен берері көп болды.Жаңаша әдіс –тәсілдерді,жаңаша оқыту жолдарын үйрендім. «Көш жүре түзеледі» деп дана халқымыз айтқандай, үйрене келе өз тәжірибелерімді шыңдайтыныма сенемін.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет