ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата26.12.2019
өлшемі1,99 Mb.
#54851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Jana adis tasilder


 
«Ой жалғау» 
 
       
Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа 
– 
көңілді,  3-топқа  –  юмормен  жалғастыруға,  аяқтауға  тапсырма  беріледі. 
Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды. 
 
«Ой күмбезі»  
 
Бұл  әдіс  тақырыптық  тапсырмаларды  сатылай,  деңгейлеп  орындауға 
негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады: 
 
 70 
 

«Ой қазығы» - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер 
мен ұғымдардың табиғатын айқындайды; 
«Ой  желісі»  -  негізгі  сөзден  өрбитін  ой-пікірді  талдап,  алған  білімді 
қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді; 
«Ой  өрімі»  -  оқушылардың  пікірлері  мен  ой  түйіндерді  жинақтап, 
салыстыру,  дәйектеу,  дәлелдеу,өзге  ұқсайтын  (ұқсамайтын)  құбылыстармен 
салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар 
беруді көздейді; 
«Ой күмбезі» - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы 
мен  мәнін  ашуға,  олардың  қажеттілігі  мен  орнын  айқындап,  баға  беруге 
жетелейді. 
«Ой қозғау» (brainstorming, «Ми шабуылы» деп те аталып жүр) 
Шығармашылық  ойлауды  сын  немесе  сыннан  сескену  тежейтіні 
белгілі. Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор 
сыннан  қорқатын  болса,  онда  ол  өзінің  кейбір  дәлелденбеген  идеяларын 
келтірмеуі  де  мүмкін.  Алайда  әзірше  дәлелденбеген  ойлардың  қаншасы 
кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу 
жақсы идеяларды жоғалтып жібереді.  
Тәсіл  негізінде  сынға  еш  көңіл  бөлмей,  назар  аудармай,  еркін 
ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптен келтіру мен оларды жинақтау 
жұмысы  жатыр.  Мұндағы  басты  мәселе  идеялар  мен  ойлардың  сапасында 
емес,  керісінше,  олардың  санында  болып  тұр.  Ал  сыни  пікірлерді  келтіріп, 
идеялар  мен  ұсыныстарды  іріктеу  жұмысы  шығармашылық  әрекеттер 
аяқталғаннан кейін басталады.  
«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану қажет: 
1. 
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты 
мәселені айқындау. 
2. 
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау. 
3. 
Кез  келген  идеяны  (тіпті  оның  қажеттілігі  қазір  күмәнді  көрінсе  де) 
жалғастыруға ұмтылу.  
4. 
Қатысушылар  өзін  ыңғайлы  сезініп,  «ашылуы»  үшін  оларды 
қолпаштап, ынталандырып отыру. 
5. 
Идеяларды бағалау  мен  іріктеуді  тек шығармашылық  идеялар  келтіру 
жұмысы  аяқталғаннан  кейін  ғана  бастау.    Мұндай  жұмысты  алғашқы 
әрекетке  (идея  келтіруге)  қатынаспаған  сарапшыларды  жұмылдыру.  
Сарапшылар  ой  қозғауда  келтірілген  барлық  ұсыныстар  мен  идеяларды 
мұқият  зерттеп,  оларды  жүзеге  асыру  мәселесіне  баса  назар  аударады. 
 
 71 
 

Сарапшылар  ұсынылған  идеялардың  ішінен  нақты  жағдайларда  қолдануға 
тұрарлықтарын таңдап алады.  
 
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады: 
 
• 
Оқушылар  қандай  да  болмасын  ақпарат  (мәлімет,  проблема,  сұрақ) 
туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.  
• 
Мұнда  ең  бастысы  идеялардың  көптігі,  олардың  еркін  жағдайда 
айтылуы  болғандықтан,  оқушылар  өз  ойындағыларын  еш  күмәнданбай 
(мәселен,  олардың  дұрыс-бұрыс,  қажет-қажет  еместігіне  қарамай)  келтіре 
беруі керек; 
• 
Идеялар  ешқандай  сынға  ұшырамауы  керек,  өйтпеген  жағдайда 
оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін; 
• 
Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі; 
• 
Идеяларды  келтіру  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  ғана  оларды 
талқылау жұмысы басталады.  
Бұл  тапсырманы  орындауға  берілген  уақыт  (2-6  минут)  аяқталған  соң, 
оқушылар  бірлесе  (жұптасып,  шағын  топ  ішінде,  бүкіл  сынып  болып) 
жазғандарымен  бөліседі,  сұрақтарға  жауап  береді,  тізімдерін  толықтырады 
(4-
20 минут) 
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия 
тәсілдері кеңінен қолданылады.  
 
 
  
 «
Ойлан, бірік, бөліс!» 
Оқушылар  ойына  келген  жауаптарды немесе  идеяларды барынша  көп 
жазады  (Ойлан).  Одан  кейін  олар  өз  идеяларын  әріптестерімен  біріктіреді 
(Бірік)  және  соңында  мұғалім  бүкіл  сыныптың  идеяларын  талқылауды 
бастайды (Бөліс).  
 
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» 
  
Оқушыларға    қандай  да  болмасын  сұрақ,  тапсырма  берілгенен  кейін 
оларды  тыңғылықты  орындауға  бағытталған  интербелсенді  тәсіл.  Тақтада 
сұрақ/тапсырма  жазылғаннан  кейін  әрбір  оқушы  жекеше  өз  ойлары  мен 
пікірін  берілген  уақыт  ішінде  (2-3  минут)  қағазға  түсіреді.  Содан  кейін 
оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут  талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің 
екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.  
 
 72 
 

 
«
Ойланып сурет саламыз!» 
1-
нұсқа. Суретті  қозғалыста  салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына 
дәптер  мен  қаламсаптарын  алып,  шеңберлене  тұрады,  сол  жаққа  бұрылып, 
сынып  ішінде  шеңберді    бұзбай  жүре  бастайды.  Олар  алдында  тұрғанның 
арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. 
Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды: 
-
Тоқтауға болмайды! 
-
Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. 
-
Суретке ренжуге болмайды! 
2-
нұсқа 
Жоғарыда  келтірілген  мақсатта  (мидың  екі  жарты  шарын  іске 
жұмылдыру  үшін)  бала  кезден  белгілі  мынадай  әрекет  жасауға  болады: 
оқушылар  сол  қолымен  қарындарын  сипалап,  оң  қолдарымен    төбелерін 
ақырындап  шапақтайды.  Мұғалімнің  берілген  командасы  бойынша  («Үш, 
төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет. 
Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды. 
3-
нұсқа. Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру 
үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар 
сол қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің 
берілген командасы бойынша(«Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») 
олар қолдарын алмастыруы қажет. 
4-
нұсқа.  Оқушылар  дәптерін    төбесіне  (басына)  қойып,  өзінің 
жұптасына  қарап  отырып,  берілген  қысқа  уақыт  ішінде  (1-1,5  минут)  оның 
суретін  салуға  тырысады.  Суретті  салып  бітіргенше,  дәптерге  қарауға 
болмайды.  Әрине,  салған    суреттердің  қисық-қыңыр  болатындығы  сөзсіз, 
алайда  олардың  оқушыларға  қызық  болып  көрінуі  сөзсіз.  Оқушылар  сурет 
салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді. 
 
«Ойлаудың алты қалпағы»  
      
Оқушылар  алты  топқа  бөлініп,  өз  көзқарастарын  білдіреді.  «Ақ  қалпақ» 
(проблемаға  қатысты  деректерді  талассыз  келтіреді),    «сары  қалпақ» 
(өмірінің  сәтті  кезеңдерін  айтады),  «қара  қалпақ»  (өмірінің  сәтсіз  тұстарын 
айтады),  «көк  қалпақ»  (талдау  жасайды,  топтар  Не  үшін?  Неге?  Неге 
байланысты?  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді),  «жасыл  қалпақ»  (кейіпкер 
өміріне  қатысты  тың  идеялармен  болжамдар  айтады),  «қызыл  қалпақ» 
(оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды). 
 
 73 
 

 
 
«
Ой-толғаныс» 
 
Бұл  кезеңде  күнделікті  оқыту  үдерісінде  оқушы  өзіндік  толғаныс, 
дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға 
беруге  үйренеді.  Оқушылар  өз  ойларын,  өздері  байқаған  ақпараттарды 
салмақтап,  салыстырып,  түйіндеп  өз  сөздерімен  айта  алады.  Бұл  сатыда 
оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жо- 
лын,  кестесін  жасау  мақсатында  басқалармен  пікір  алмастырады,  үйренеді. 
Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды 
кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта 
қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді. 
 
«Оқиғаны басқаларға жеткіз» 
Әр  топта  7-8  адамнан  келетіндей  топтарға  бөлінеді.  Әр  топтың 
басында  отырған  оқушыға  оқиға  беріледі.  (Әр  топқа  түрлі  оқиға  беруге  де 
болады.)  Ол  жанындағы  адамға  басқаларға  естіртпей  оқиғаның  желісін 
жеткізеді.  Осылайша  бәрі  айтып  болған  соң,  соңғы  қатысушы  оқиғаны 
дауыстап  айтып  шығады.  1-оқушы  мәтінді  оқиды.  Қай  топтың  оқиғасы 
түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді. 
 «
Оқуды реттеу» 
Оқушылар  қайсыбір  жаттығуды  орындап  жатқан  кезде  бөлмеде 
қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, бағалаудың әр 
 
 74 
 

түрлі  стратегияларын  қолдануға  және  қажет  жерлерде  үдеріске  араласуға 
мүмкіндік береді.  
«
Оқу күнделігі» 
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша 
шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған 
тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін   
«
Оқушылардың бағалауы» 
Бағалау  үдерісіне  қатыса  отырып,  оқушылар  тақырыпты,  бағалау 
үдерісінің  өзін  және  өз  жұмысын  орындай  отырып,  не  жасағандарын  аса 
тереңірек  түсінуге  қол  жеткізеді.    Бұл  оларға  оқудың  не  екенін  білуге, 
осылайша  өзінің  оқуын  қарастыруына  көмектеседі.Оқушылар  өз  үй 
жұмыстарын  немесе  сыныптастардың  жұмысын  бағалай  алады.      Бұл 
жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен 
немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.     
«
Оқушылар сұрақ қояды» 
Оқушыларға  сұрақтар  қоюға  мүмкіндік  жасаңыз.  Сұрақтар 
сыныптастарға,  мұғалімге  қойылуы  мүмкін  немесе  талқылауды  дамыту 
құралы ретінде қолданылуы тиіс.  
Жазбаша  түрдегі  сұрақтарға  арналған  «Сұрақтар  қорапшасы» 
оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. 
Оқушылардың  жұмыс  туралы  сұрақтарды  дауыстап  айтуына  уақыт 
беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін 
болдырмауға көмектеседі. 
 
«
Оқушылар сұрақ құрастырады» 
Мысалы –  
• 
Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?  
• 
Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз; 
• 
Сіз  өз  біліміңізді  бұдан  әрі  жақсартқыңыз  келген  білім/түсінбеу 
саласын көрсетіңіз. 
Сыныпта  сұрақтарға  арналған  қорапша  қоюға  болады,  оқушылар  оған 
сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.  
 
 75 
 

Немесе  арнайы  сабақ  ұйымдастыруға  болады,  онда  оқушылар  бүкіл 
сынып  болып  жұмыс  істейтін  немесе  келесі  сабаққа  негіз  болатын 
сұрақтарды құрастырады. 
Оқылым бойынша ширату жаттығулары 
 
Соңғы сөз – сөйлемнің басы 
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды 
да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, 
«Сенбі  –  менің  аптадағы  ең  жақсы  көретін  күнім».  Біріншінің  артында 
тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, 
жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен 
басталуы  тиіс,  «Күн  артынан  күн  өткенімен,  жаңбыр  толастар  емес».  Бұл 
тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады. 
Анықтамасын табу 
Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ 
араластырылған  күйінде  оқушыларға  беріледі.  Олар  әр  сөздің  анықтамасын 
табу керек. Мысалы: Салыстыру. Жансыз затқа адамға тән сипаттар берілуі. 
Метафора.  Екі  элементтің  арасын  салыстыру,  мысалы  «А  Ә-ға  ұқсайды» 
немесе  «А  дәл  Ә  сияқты».  Кейіптеу. 
Құбылыстар  мен  заттардың  ұқсастық 
белгілері
 
негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
 
 
Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру 
Оқушылар мәтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады. 
Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде 
орналастырылуы (қате тәртіпте) мүмкін. 
Мысалы: 
Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық 
қылып сәулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты 
болған жоқ. 
 
A – 
Я 
Оқушылар тақырыппен байланысты тірек сөздерді әліпби әріптерімен 
сәйкестікте жазады, олар қанша әріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы, егер 
тақырып поэзия болса, онда оқушылар былай істей алады: 
A – 
Абай 
Ә – Әсірелеу 
Б – Байғанин Нұрпейіс 
 
 76 
 

 
Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері 
 
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу) 
 Оқушылар  белгіленген  уақыт  ішінде  қысқа  әңгіме  мен  ақпараттық  мәтін 
оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады. 
 
 Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды. 
 Оқушылар  бірқатар  мәтінді  топтарға  бөледі,  мысалы,  сюжеті/тақырыбы 
ұқсас  мәтіндер т.б. 
 Оқушылар  өздері  жаңа  ғана  тыңдаған  немесе  оқыған  мәтінге  қатысты: 
Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген 
сұрақтарға жауап береді. 
 Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері 
байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне 
қарай саралауға болады). 
 Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде 
жауап  береді. 
 Оқушылар  басқа  оқушыларды  мәтіннің  мағынасына  қатысты  «тестілеу» 
үшін,  шын/өтірік  және  мәтіннен  алынған  үзінділермен  байланысты 
сұрақтарды әзірлейді. 
 Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін 
жасайды. 
  Оқушылар  мәтіннен  алынған  үзінділермен  белгілі  бір  уақыт  ішінде 
танысады және олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын 
суреттермен  сәйкестігін анықтайды. 
Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу) 
 Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені 
қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады. 
 Оқушылар  мұғалім/сыныптасы  оқыған  қысқа  мәтінді  тыңдайды,  сосын 
__________нені  естерінде  сақтағанын  айтады.  (Олар,  бәлкім,  маңызды  бір 
тұстарды  естерінде  сақтар,  мысалы,  атын,  кейіпкерлерін  немесе 
статистикалық деректер). 
 Оқушылар  жұптасып  оқиғаны  немесе  негізгі  идеяны  өзгертпестен  алып 
тастауға  болатын,  мәтіндегі  екінші  дәрежелі  элементтерді  атап  көрсетеді. 
Оқушылар  баса  көрсетілген  материалсыз  ненің  жоғалтылуы  мүмкін  екенін 
түсіндіреді. 
Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым 
 
 77 
 

  Оқушыларға  белгілі  бір  сала  туралы  ақпараты  бар  бірнеше  мәтін 
ұсынылады.  Олардан  аталған  жағдайда  аталған  адам  үшін  тиісті  іс-
әрекеттерді  анықтау  сұралады.  Мысалы,  ақпарат  түрлі  жастағы  ұлдар  мен 
қыздарға  арналған  жергілікті  клубтарға  және/немесе  жергілікті  көрікті 
жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл 
адамдар  қандай  жұмыстардың  қандай  түрлерін  орындай  алатынын 
анықтайды  және  өздерінің  нені  және  қашан  істей  алатынын  көрсететін 
график құрастырады. 
  Жұптасып  отбасының  әртүрлі  мүшелеріне  арналған  жұмыс  түрлерін 
талқылау (әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.). 
 Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі 
бар  шоудан  үзінді  көреді,  сосын  нақты  осы  кейіпкермен  немесе  сюжеттік 
желімен  не болғанын түсіндіреді. 
Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым 
 Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мәтін 
беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар 
төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды: 
• 
таныс сөздермен ұқсастығы; 
• 
өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы; 
•   
мәнмәтіндегі байланыс; 
•   
сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда). 
 Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе 
оларды басқа сөзбен жазады. 
 Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету және бекіту үшін, сөйлемде жаңа 
сөздерді пайдаланады. 
  Оқушылар  газеттің  бірінші  бетін  өздері  білмейтін/олардың  ойынша 
басқалар  білмейтін  көп  дегенде  он  сөзбен  көшіреді.  Сөздікті  пайдалана 
отырып,  олар  анықтамасын  тауып  жазады  –  жұптар/топтар  сосын 
басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды. 
 Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері 
құрастырады. Сосын мәнмәтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады. 
Мақсатын анықтауға арналған оқылым 
 Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты 
аудиториясын  талқылау  үшін  үш  мәтін  беріледі:  проспект  (анықтамалық), 
саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).  
 Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады. 
 
 78 
 

Мысалы,  оқушылардан,  олардың  ойынша,  әртүрлі  мақсатта/әртүрлі 
аудиторияға  арнап  жазылған  кем  дегенде  үш  мәтін  табуды  сұрайды.  Кейін 
мәтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады, 
айырмашылықтарын,  мысалы,  Венн  диаграммасының  көмегімен  жазып 
алады. 
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде 
пайдалану үшін сақтап қоюға болады. 
 Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік 
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды. 
Стильді анықтауға арналған оқылым 
 Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны 
ұқсайды,  бірақ  стилистикалық  деңгейлері  әртүрлі,  мысалы,  жасөспірім 
достар  арасындағы  диалог  және  жасөспірім  бала  мен  мұғалім/ата-ана 
арасындағы  диалог.  Оқушылар  жазба  жазып,  сөйлемдердің  лексикасы, 
грамматикасы  және  құрылымдарындағы  айырмашылықтарға  қатысты  кері 
байланыс ұсынады. 
  Оқушыларға  ұқсас  ақпарат  ұсынылады  -  мысалы,  көркем  әдебиет, 
нұсқаулықтан  үзінді,  мерекелік  брошюра  және  туысқанға  жазылған  хат 
сияқты  әртүрлі  жанрда  жазылған  (әйгілі)  жердің  сипаттамасы.  Оқушылар 
мұғалім  атаған  мәнмәтіндердің  біріне  әрбір  жазбаның  сәйкестігін  анықтап, 
нәтижелерін  жазады  («Қай  мәтін  нұсқаулықтан  алынған?  Оны  қалай 
дәлелдей аласыз?») 
 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын 
мәтіндердің  бірі  туралы  өз  пікірлерін  мысал  келтіре  отырып,  сыныптағы 
қалған оқушыларға таныстырады. 
 Оқушылар  белгілі  бір  мәтінді  дауыстап  оқиды  және  сынып  болып  оның 
сарыны  стильмен  қалай  байланысатынын,  яғни  тілдік  қолданыс  пен 
сөйлемдердің құрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды. 
 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал 
қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады. 
 
«
Он сұрақ» 
«Он  сұрақ»  әдісі  арқылы  алған  біліміне  сүйене  отырып,  ойды 
жинақтап,  түйін  түю:  Мұғалім  бір  оқушыны  таңдап  алады  және  оның 
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады.  Қатысушы сыныпқа 10 
сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі.  Оқушы сол 
арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.  
 
 79 
 

 
«Ортақ әңгіме»  
 
Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме 
бастайды  (мысалы,  детектив),  бірақ  тек  бірінші  сөйлем  ғана  айтады. 
Жанында  отырған  қатысушы  екінші  сөйлемін,  оның  жанында  отырған 
үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады. 
Талдау:  Жаттығу    ұнады  ма?  Не  ұнамады?  Не  қиындық  келтірді? 
Қандай әсер алдыңыздар? 
 
 
«Ортақ портрет» 
Оқушылар  өз  тобының  ортақ  портретін  құрастырады.  Бұл  үшін  олар 
топ  құрамындағы  оқушылардың  арасында  дене  мүшелерін  бөліп  (мәселен, 
біреудің  көздері  мен  қолдары,  екіншісінің  құлақтары  мен  иықтары, 
үшіншісінің  шашы  мен  аузы,  төртіншісінің  мойыны  мен  мұрыны  т.с.с), 
оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. 
Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы 
керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. 
Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді. 
 
«Орынсыз жауаптар» 
 
Оқушыларға  кезекпен  кез  келген  сұрақ  қоюға  рұқсат  етіледі. 
Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: 
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен 
түстеніп алғанмын» 
«Марста  тіршілік  бар  деп  ойлайсың  ба?»  -  «Маған  ертегі 
оқығанды ұнатамын» 
Сұрақтарды  бүгінгі  өтілген  материалды  еске  түсіруге  арнап 
құрастырғызуға да болады.  
 
 «
Өзгертулерді тап!» 
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар 
беріледі: 
• 
Жұбыңызға  қарама-қарсы  тұрып,  бір-біріңізге  10-15  секундтай 
қарап алыңыздар. 
 
 80 
 

• 
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы 
пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға)  қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 
5-
те болады) енгізіңіз. 
Бұл  жерде  оқушылар  шаштарының  жатуын  өзгертіп,  сыртқы  киімін, 
сағат,сырға  немесе  көзілдірігін  шешіп  немесе  киіп,  сыртқы  пішіндерін 
өзгертулері керек. 
• 
Екі  жақ  та  өзгертулерді  аяқтағанда,  бір-біріңізге  қараңыздар  да, 
сол өзгертулерді табыңыздар. 
 
«
Өзін-өзі бағалау» 
Өзін-өзі  талдау  біздің  қалай  оқуға  үйреніп  жатқанымызды  білдірсе, 
өзін-өзі  бағалау  дегеніміз  -  біз  оқып  жатқан  нәрсе.  Балаларды  өзін-өзі 
талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: 
• 
Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз  
• 
Атап  айтқанда  не  сізді  ойлануға  мәжбүрлейді?  Не  нәрсе    қиын  болып 
көрінді?  
• 
Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?  
• 
Сіз не үшін разысыз?  
• 
Сіз Х туралы не білдіңіз?  
• 
Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру 
үшін қалай өзгертер едіңіз?    Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау 
жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет