ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


«Мен қарым-қатынас жасаймын!»  жаттығуы



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата26.12.2019
өлшемі1,99 Mb.
#54851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Jana adis tasilder


«Мен қарым-қатынас жасаймын!»  жаттығуы 
Мақсаты:  Тыңдаушылардың  қарым-қатынас  жасаудың  адам  өміріндегі 
маңызын түсінуге және  бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту. 
 
 92 
 

Сәлемдесу.  Жаттығу  «Көңіл-күймен  бөліс»  басқаның  көңіл-күйін  сезіне 
білуін дамыту. 
Қатысушылар  қолдарын  ұстап,  шеңбер  жасап  тұрады.  Қоңырау 
шылдырлағаннан  соң  әркім  өз  көңіл-күйі  туралы  әсерлеп  айтады,  қалғандары 
бұл көңіл-күйді сезінуге тырысады. 
Әңгіме  «Қарым-қатынас  деген  не?»:  Адамдар  не  үшін  қарым-қатынас 
жасайды?  Әр  уақытта  қарым-қатынас  жасағың  келе  ме?  Қалай  қарым-қатынас 
жасауға болады? Қарым-қатынас жасағанда, қандай жағдаяттарды айта аласың? 
«Құшақтасу» жаттығуы 
Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату
Қатысушылардың  біріншісі  біреуін  құшақтайды,  екіншісі  ол  екеуін, 
үшіншісі  ол  үшеуін    солай  жалғаса  береді,  соңында  үлкен  құшақтасқан-  шар 
пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы.  
«Өз  қуанышың  мен  сәтсіздігің  жайлы  бөліс»    вербалді,  вербальді  емес 
сезіммен бөлісу әдістері арқылы коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. 
Қатысушылар  үш-үштен  бөлініп,  топта  өткен  жұмада  болған  қуанышты 
жағдай  туралы  әңгімелеп  айтады,  сосын,  мимика  және  жестпен  ең  ренішті 
уақиғаны көрсетеді. Пікіралысу. 
«Адамдар не үшін дауласады?»  жаттығуы 
Мақсаты:    Коммуникативтік  дағдыны  қалыптастыру,  нәтижелі  қатынас 
жасай білуді таңдай білу, басқаның сезімімен санаса білуге және коммуникация 
процесін әсерлі құруын дамыту. 
1.Сәлемдесу.                                                                                                                         
2. Пікірлесу. «Адамдар не үшін ұрысады?.»   
  -
Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар не үшін  дауласады? Татуласу үшін  
    
не істеу қажет?  
«Дауласу».  Психологиялық  дискомфортты,  агрессияны,  төмендету, 
басқаның  позициясын  ескеруге  дағдыландыру.Тыңдаушылар    екі-екіге  бөлініп, 
арқаларын түйістіріп, қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты  
аяқтарын  басады.  Сосын  бір-біріне  қарап,  татуласуға  көңіл  білдіреді  (қолынан 
ұстап, құшақтауға болады) 
«Бояулар»  өз  көңіл-күйін  көрсетіп,  басқаның  жай-күйін  сезіне  білуін  
дамыту.    Белгілі  бір  көңіл-күйге  қандай  түс  сәйкес  келетіндігін  шешу.  (мыс 
қызыл түс қандай көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді 
белгілеп  алу)  Сатушы  мен  сатып  алушыны  таңдап  алып,  қалғандары  бояу 
болады.  Әрбір    тыңдаушы    бір  түсті  таңдап,  осы  түске  қатысты  көңіл-күйді 
бейнелейді.  Сатып  алушы  келіп,  бояу-тыңдаушылар    арасынан,  өз  көңіл-  күйі 
 
 93 
 

бойынша  өз  бояуын  таңдайды.  Егер  сатып  алушы  таба  шеше  алмаса,  ол  бояу 
болады.                                                             
«Шырмалу» 
топтық 
бірлестікті 
сақтауға 
 
тыңдаушыларды  
белсендідендіру.           Санамақ арқылы басқарушыны таңдау. Ол  аудиториядан   
шығады,  қалғандары  қолдарын  ұстасып,  шеңбер  жасайды.  Қолдарын  босатпай 
шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы қолдарын үзбей шешуі қажет. 
«Мен бақыттымын!» жаттығуы  
«Көңіл-күйіңмен  бөліс»    Қатысушылар  дөңгеленіп,    қолдарын    ұстасып 
тұрады.  Қоңырау  шылдырлағанда,  әркім  өз    көңіл-күйі  жайлы  айтады, 
қалғандары сезінуге тырысады.                        
 
«Күн  шуағындағы  менің    сезімдерім»  Өзін  өзі-тану,  өзін-өзі  зерттеу.         
Қатысушыларға Күн салынған қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі 
уақытта  сезінгісі  келетін  қандай  да  бір  сезімі  жайлы  суретін  салу  немесе 
сипаттау.  Әрбір  шуаққа  бұл  сезімді  алу  үшін  не  айтқысы  немесе  не  істегісі 
келетіндігінің  барлығын жазуға болады. 
«Күн  шуағындағы  менің  портретім».  Өзін-өзі  бағалауын,  сенімділігін 
арттыру.      Тыңдаушыларға    Күннің  суреті  таратылады,    тыңдаушылар    күннің 
әрбір шуағына өз суреттерін салады.                                                                      
«Маған  өте  қажет...»  Өзіне  деген  сенімділікті  арттыру,  өзінтану. 
Тыңдаушыларға    ұшатын  шары  бар  аюдың  суреті  таратылады.  Тыңдаушылар 
осындай  шарды  ұшырса,  тілегі  орындалатындығын  елестете  отырып,  әрбір 
шарға тілектер жазады. 
 
Мен тілеймін, менде....болғанын.  
 
Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын.                                                                            
 
Мен тілеймін,  
 
Мен.......барғанымды.                                                                                                        
Мен тілеймін.... 
Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін сипаттап, суретін салу      
«
Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы 
Басқарушы.  Менің  қолымда  оралған  жіп.  Мен  бүгін  сендердің  көңіл-
күйлерің қандай, қандай көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр. Бірінші мен 
өзім  туралы  айтамын,  сосын  жіптің  бір  ұшын  саусағыма  байлап,  көршіме 
ұсынамын,  ол  өзі  туралы  айтып,  көршісіне  береді.  Жаттығу  осылай  жалғаса 
береді. 
«Мен жақсы көремін...»  жаттығуы 
Басқарушыдан  бастап    «Мен  ...жақсы  көремін»    (нені  жақсы  көретіндігі 
туралы айтып)  деген фразаны аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан 
 
 94 
 

барлығына  жіпті  қозғап  көргенде  қалай  созылатынын  сезіну    ұсынылады,  бәрі 
бір жіпке байланысты сияқты. 
 
«Түймедақ» жаттығуы  
Әрбір  тыңдаушы  түрлі  -  түсті  қағаздан  жасалған дөңгелектерді алып,  өз 
атын,  туған  күнін,  не  істегенді  ұнататынын  жазады.  Сосын  барлық  
дөңгелекшелерді  ватманға  жапсырады.  Басқарушы:  «Бұл  дөңгелектер  неге 
ұқсайды,  адамдарға  байланысты  ақпараттар  жеткілікті  ме?  Осындай  жолмен 
сабаққа қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда тұрады.  
«Бір затқа дейін қолыңды тигіз» жаттығуы 
Басқарушы.  Біз  бүгін  бір-бірімізбен  жақынырақ  таныстық,  ал  енді  кім 
қандай  киім  кигенін  және  ол  қандай  түсті  екенін  мұқият  қарап  алыңдар.  Мен 
«бір  затқа  қолыңды  тигіз»  дегенде,  сендер    көршіңе  немесе  басқа  қатысушыға 
қолыңды тигізуің қажет.  
Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!»  Бастаймыз! 
Тақтада сұрақтар тізімі  
жазылып тұрады: 
• Сенің жасың нешеде? 
• Сенің мекен-жайың қандай? 
• Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің? 
• Сүйікті асың? 
•Сүйікті ойыншығың? 
• Саған не істеген ұнайды? 
• Саған не істеген ұнамайды? 
Басқарушы допты лақтырып, қатысушыларға тақтада жазылған бір 
сұрақты береді. Ол жауап беріп, басқаға келесі сұрақты қояды. 
Басқарушы барлық   қатысушыларға  допты бергенін және 2-3 сұрақтан 
қойылғанын қадағалап тұрады. 
Қазір менің ішкі жан-дүнием қандай? «Ұлпалар» жаттығуы   
Қатысушыларға  әртүрлі  көңіл-күйдегі  ұлпалардың    суреті  салынған 
фигуралар  таратылады.  (көңілді,  көңілсіз,  ашулы  т.б.)    осылардың  арасынан 
таңдап алып, өз көңіл- күйіне ұқсатып, ұлпаны бояу тапсырылады.                                                                                                  
«Акула - күш беруші » жаттығуы 
Еденге  бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға 
нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде 
яғни,  өзенде  жүзесіңдер,  ойнайсыңдар,  көңілденесіңдер.  Ал,  мен  «Акула!»-деп 
айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» 
дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын 
 
 95 
 

бір  аралды  алып  тастау  қажет.  Ойынның  соңында  тек  қана  бір  арал  қалады  , 
бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.  
«Көңіл- күйімді тап» жаттығу 
Қатысушыларға  әртүрлі  көңіл-күй  мен  эмоциядағы  суреттер  таратылады. 
Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-
күй,  адамдарда  мұндай  көңіл-күй  қайдан  болады?  Сенде  осындай  көңіл-күй 
болды  ма?»  Осындай  көңіл-күйді  пантомимо  арқылы  көрсету,  біреу  көрсетеді, 
қалғандары  қайталайды.  Нақты,  анық  көрсетуге  тырысу  қажет  (қимылды, 
мимиканы,  белгілі  бір  сөзді  қолдана  отырып).  Топтың  қалған  мүшелерінің 
міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре 
білу және шеше білу. 
 
«Лимон  және  марғау»  эмоциялық  қысымды  босаңсытуға  арналған 
жаттығу 
Басқарушы:  көз  алдарыңа  елестетіңдер,    оң  қолымызға  лимонды  ұстап, 
оның  шырыны  шыққандай  қатты  сығуға  тырысамыз.    Жұдырығымызды  түйіп 
қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы 
марғау  сияқты  боламыз,  олар  енді  ғана  оянды  және  керіліп  жатыр.  Жақсылап 
керіліп-созылды!  Қолымызды  жоғары  көтеріп,  оңға,  солға,  жоғары  қарай 
тартыламыз, мойнымызды бұрып,  арқамызды созамыз! 
«Жел соғады...» жаттығуы 
Басқарушы  ойынды  мына  сөздермен  бастайды:  «Жел  соғады..» 
Қатысушылар  бірін-бірі  жайлы  көбірек  білу  үшін  ойды  келесідей  сөздермен 
аяқтау  қажет  «Жел  соғады  қызыл  түсті  көйлек  кигенге,  немесе  кімнің  інісі, 
ағасы,  апасы,  сіңлісі  барларға  немесе  тәттіні  жақсы  көретіндерге»  Осы 
аталғандар  топпен  жиналып,  жел  соққан  сияқты  теңселіп,  ағаштар  сияқты 
қозғалып тұрады. 
 
«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу 
Өткен  жаттығудың  жалғасы  ретінде,  қатысушыларға  төмендегідей  сәттер 
болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен 
көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі. 
 
Бізге ұрысып жатыр; 
 
Бізді мақтап жатыр; 
 
Бізге қорқынышты; 
 
Бізге көңілді; 
 
Тақтада жауап беріп тұрмыз;  
 
«5» алдық; 
 
«2» алдық;   
Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау. 
 
 96 
 

(Оралған жіпті бір- біріне беріп...)  «Мен армандаймын...»                                                                 
Рефлексиялық  әңгіме «Қалай өзгерді , біз не істедік?» 
«Дәннен бастап-ағашқа дейін»жаттығуы 
Тыңдаушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысы 
келетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр. Ол 
бірінші  ісінеді,  сосын  жер  астынан  өніп  шығады,  сосын жапырақтарын  жаяды, 
өсіп-өніп, үлкен ағаш болады- өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу, қолдарын 
жайып сабақ сияқты жайқалу. 
«Менің қиялымдағы  ғажап құс»   жаттығуы 
Барлық  тыңдаушыларға  қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау 
ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді.                                                                            
Топтық жұмыс  «Біздің қиялымыздың әлемі» 
Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып онда өз құстарының 
фигурасын орналастырады. Өз құстарына ат қойып, қысқаша әңгіме құруды 
ұсынуға болады. Рефлексиялық әңгіме.  
Аяқтау рәсімі.   
«Алманы жұл» жаттығуы 
Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде 
өсіп  тұр  –деп  елестет.,  бірақ  оны  оңайлықпен  алу  мүмкін  емес.  Сенің  оң  жақ 
төбеңдегі  үлкен  алманы  алу  үшін,  оң  қолыңды  неғұрлым  жоғары  көтеріп, 
аяғыңның ұшымен тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі 
шөптің үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында.  
«Басқа планета адамы» жаттығуы 
Басқарушы басқа планета адамы  рөлінде ойнайды.  Ол сыныпта жүріп, бір 
затты  көрсетеді    (кітап,  үстел,  сөмке,  көзілдірік  т.б.)  және  бұл  не  екенін 
түсіндіруді  сұрайды.  Әрбір  затқа  түсініктеме  қысқаша  анықтамасын  айтқанша 
жалғаса береді.            
Басқарушы.  Барлық  жазушылардың  қиялы  өте  бай  болуы  қажет.  Сендер  де 
қиялдап  көріңдерші.  Ұсынылған  тақырыптың  таңдаған  біреуін  алып,  қиялдап, 
жаңа  ертегі  ойлап  шығару.  Ескі  ертегінінің  аяғын  жаңаша  аяқтау.  (Мысалы: 
«Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр және   жеті лақ»)  
 
«Пікір алмасу» (Showdown) 
Әрбір  топ  тақырыпқа  қатысты  5  сұрақ  дайындайды.Әрбір  сұрақты 
стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен 
стикерлерін  ауыстырады.  Топ  басшысы  стикердегі  сұрақтарды  оқиды,  топ 
мүшелері    жауаптарын  жазып  дайындайды.  Көшбасшы  белгі  бергенде, 
 
 97 
 

барлығы  өз  жауабын  ашады  және  жауаптарды  талқылап,  дұрыс  жауаппен 
салыстырады. 
 
«
Пікірлер базары» 
Оқушылардың  әрбір  шағын  тобы  плакатқа  (флипчартқа)  сабақтың 
өздері  ең  маңызды  деп  шешкен  бір  тұсын  жазады.  Плакаттар  қабырғаға 
ілінеді.  Әр  плакаттың  қасында  сұрақтарға  жауап  беретін  оқушы  тұрады. 
Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, 
оның  төменгі  жағына  стикерлермен  өздерінің  комменттарийлерін, 
сұрақтарын,  пікірлерін,  қарсы  дәлелдерін,  қойған  бағаларын  жазады. 
Сұрақтарға  жауап беруші оқушылардың  алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында 
топтар    өз  плакаттарына  қайта  оралып,  барлық  пікірлерімен  танысады, 
оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша 
жариялайды.  
«
Радиоға қоңырау шалу» 
Талқылау    тақырыбы  радио    жүргізушісімен    таңдалады.Төрт  қонақ  
рольдік    карточка  алып,    сол    карточкадағыдай  рольдерін    ойнауы    тиіс. 
Құрдастар    аудиториясы,  сұрақтарымен  «қайта-қайта  қоңырау  шалады», 
белгілер жасап және т.б. жазып отырады. 
 
«
Рөлдік ойындар» 
Рөлдік  ойындар  әдісінің  негізгі  қатысушалардың  басқа  адам  кейпіне 
(рөліне)  еніп,  соның  ішінде  әрекет  етуінен  тұрады.  Рөлдік  ойындар 
оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. 
Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну 
жеңілге  түседі.  Сонымен  қатар  бұл  әдіс  сыни  ойлауды  күшейтіп,  шешім 
қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді. 
 
«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» 
 
Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір 
Қандай жаңа білім алдың?  Алған біліміңді 
қолдана аласың ба? 
Саған қиындық тудырған 
түсініктер 
 
 
 
 
 
 
 
 98 
 

«Сатушы және қалпақ» 
Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады. 
Қазір бұл есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20%  ЖОО студенттері, 
10%  банк  қызметкерлері  шеше  алады  деп  есептелінеді.  Қатысушылар 
алдымен жеке шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп: 
Сатушы  қалпақ  сатады.  Қалпақ  10 000  теңге  тұрады.  Сатып 
алушы  келіп,  оған  тұтас  25 000  теңгелік  береді.  Сатушының  майдасы 
болмағандықтан, көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп 
майдалатып алады. Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді. 
Сәлден  соң  көршісі  келіп,  25 000  теңгенің  жалған  ақша  екенін  айтып,  өз 
ақшасын талап етеді. Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.  
Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды? 
Жауап: 25 000 теңге. 
Бұл  есеп  оқушылардың  ойлау  қызметін  белсендендіріп, 
дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады. 
 
«
Сәлемдеме жіберіңіз» 
Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар әуен ойнап 
жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде,оқушы 
бір қабатын ашады. Әр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты 
анықтауға  көмектесетін  ишара  қойыңыз,  оқушылар  оны  тауып,  одан  кейін 
оралған  затты  әрі  қарай  береді.  Осылайша  заттың  орамасы  біткенше 
жалғасады.  
 
 
«Сәлеметсің бе!»  
     
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас 
бармақтан бастайды: 
       
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді); 

Табыс (сұқ саусақ); 

Үлкен (ортаңғы); 

Барлығында (атаусыз); 

Барлық жерде (шынашақ); 

Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді). 
 
«Сендер суретшісіңдер»  
 
     
Нұсқау:  «Сендер  –  суретшісіңдер.  Картина  салайық.  Бұл  жаз  кезінде 
болады.    Көздеріңді    жұмыңдар.  Шөпті  оң  жаққа  саламыз.  Әр  суретшінің 
 
 99 
 

шөбі  әртүрлі:  біреуде  биік,  біреуде  аласа,  біреуде  шөптің  түсі  ашық  болса, 
біреуде  ашық  емес,  күңгірт,  қалың  немесе  қалың  емес.  Енді  жеңіл  бұлттар 
қалықтаған  ашық  аспанды  бейнелейік:  Бұлттан  шыққан  күнді  көрсетейік. 
Оның  сәулелері  ұзын  әрі  жарық.  Кенет  сендердің  картиналарың  «тіріліп» 
кетеді.  Сендерге  жылы  әрі  жарық.  Оның  жарығы  жан-жағына  шуағын 
шашады. Сендер ақырындап көздеріңді ашасыңдар». 
 
«
Серпілген сауал» 
Тақырыптың  түсіну  деңгейін  арттыруға  және  талқылау  дағдыларын 
дамытуға  қол  жеткізу  үшін  сыныптағы  оқушылардың  арасында  сұрақтарды 
лақтырыңыз. 
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”  
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға 
болады?”  
“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”  
 
«Сингвейн»  
        1-
жол: Тақырыптың атауы (зат есім). 
        2-
жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). 
        3-
жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). 
        4-
жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. 
        5-
жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз. 
 
«Синектика» 
Ой  қозғаудың  жетілдірілген  түрі.  Егер  ой  қозғауда  идеяларды  топ 
құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада 
идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс 
жасап  жүрген  оқушылар)  талқылап,  қорытындылайды.  Мұнда  проблема 
 
 100 
 

құрастыру  жұмысы  бірнеше  кезеңдерден  өтеді:  идеялар  туындаудан- 
сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.  
Синектиканың  мақсаты:  ой  қозғаудағыдай  жаңа  идеяларды  келтіріп, 
бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу. 
 
 
«
Смайликтер» 
Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру 
үшін смайликтер салады.   
 
 
 
Жалғастыруға 
дайынмын 
Бір нәрсе түсінемін, бірақ 
бәрін емес
 
Түсінбеймін,  қайталап 
қарау қажет 
 
«SMART (ақылды мақсат)» 
 
 S - 
нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - 
уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп 
жүргізілуі шарт. 
 
 
«SMS – 
хабарлама»   
    
Оқушыларға қағаздан жасалған  қалта телефондарынан SMS хабарлама 
жазу  тапсырылады.  Хабарлама  ұсынылған  сөйлемдердің  толықтырылған 
немесе  аяқталған нұсқасы болуы қажет. 
     
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына  жеттім»; 
• 
«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; 
• 
«Мен өзімді....үшін мақтар едім»; 
• 
«Маған ерекше ұнағаны....»; 
 
 101 
 

• 
«Сабақтан соң мен... жасағым келді»; 
• 
«Мен... туралы армандаймын»; 
• 
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; 
• 
«Мен... орындадым»; 
• 
«...қызықты болды»; 
• 
«...қиын болды»; 
• 
«...мен түсіндім»; 
• 
«Енді мен ...»; 
• 
«...сезіндім»; 
• 
«Мен үйрендім»; 
• 
«Мені... таңқалдырды» және т.б. 
 
«Соңғы сөзді мен айтайын»  
      
Жүзеге асыру қадамдары: 
      1-
қадам:  Мәтіннен  үзінді  оқу  барысында  оқушылар  түсінік  беруге 
лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады. 
      2-
қадам:  Оқушылар  дәйексөзді  кеспеқағазға  жазып,  қай  беттен,  қайдан 
алғанын белгілеп қояды. 
      3-
қадам:  Кеспеқағаздың  артқы  жағына  дәйексөзге  берген  өз  түсінігін 
жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе 
де өз еріктері. 
      4-
қадам:  Мұғалім  дәйексөзді  дауыстап  оқуға  оқушылардың  бірін 
шақырады. 
      5-
қадам:  Ол  оқып  болған  соң,  мұғалім  басқа  оқушылардан  осы 
дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың 
бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл 
уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады. 
       6-
қадам:  Дәйексөз  жайында  пікірталасты  аяқтау  үшін  мұғалім 
дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. 
Міне, осы жерде пікірталас аяқталады. 
       7-
қадам:  Енді  мұғалім  басқа  оқушыны  дәйексөз  оқуға  шақырады, 
барлығы басынан қайта басталады. 
 
«Соқыр паровоз» 
Қатысушылар  үштен  бөлініп  тұрады.  Алдыңғы  ойыншының  көзі 
байланады.  Ол  үшінші  ойыншының  айтқанымен  жүреді,  ортадағы  ойыншы 
 
 102 
 

кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген  
жерге  жету  керек.  Мұнда  көшбасшыға  сенім,  сенімсіздік,  көшбасшының 
кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.  
 
«Социометрия» 
Оқушыларды  топқа  бөлу  үшін  қолдануға  болады.  Қатысушылар 
көздерінің  түстері,  жұлдызнамалары,  сүйікті  түстері,  тұрғылықты  жерлері, 
аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі 
арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады. 
Бұл  әдіс  сыныптастардың  бір-бірін  жақыннан  тануына  мүмкіндік 
туғызады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет