ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет9/13
Дата13.02.2020
өлшемі2,48 Mb.
#58016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
zhaa-dis-tsilder


«Ой-толғаныс»
Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жо- лын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.

«Оқиғаны басқаларға жеткіз»

Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.



«Оқуды реттеу»

Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде үдеріске араласуға мүмкіндік береді.



«Оқу күнделігі»

Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін



«Оқушылардың бағалауы»

Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.



«Оқушылар сұрақ қояды»

Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.

Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.

Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.


«Оқушылар сұрақ құрастырады»

Мысалы –



  • Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

  • Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;

  • Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.

Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.

Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.



Оқылым бойынша ширату жаттығулары
Соңғы сөз – сөйлемнің басы

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады.



Анықтамасын табу

Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ

араластырылған күйінде оқушыларға беріледі. Олар әр сөздің анықтамасын табу керек. Мысалы: Салыстыру. Жансыз затқа адамға тән сипаттар берілуі.

Метафора. Екі элементтің арасын салыстыру, мысалы «А Ә-ға ұқсайды» немесе «А дәл Ә сияқты». Кейіптеу. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.


Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру

Оқушылар мәтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады.

Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде орналастырылуы (қате тәртіпте) мүмкін.

Мысалы:


Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық

қылып сәулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты болған жоқ.


A – Я

Оқушылар тақырыппен байланысты тірек сөздерді әліпби әріптерімен

сәйкестікте жазады, олар қанша әріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы, егер тақырып поэзия болса, онда оқушылар былай істей алады:

A – Абай


Ә – Әсірелеу

Б – Байғанин Нұрпейіс



Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)

 Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.

 Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды.

 Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсас мәтіндер т.б.

 Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.

 Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері

байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне

қарай саралауға болады).

 Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауап береді.

 Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін, шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтарды әзірлейді.

 Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін

жасайды.


 Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысады және олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттермен сәйкестігін анықтайды.

Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)

 Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені

қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады.

 Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мәтінді тыңдайды, сосын __________нені естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бәлкім, маңызды бір тұстарды естерінде сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе статистикалық деректер).

 Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауға болатын, мәтіндегі екінші дәрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар баса көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым

 Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мәтін ұсынылады. Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-әрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналған жергілікті клубтарға және/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды және өздерінің нені және қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.

 Жұптасып отбасының әртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау (әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.).

 Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.



Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым

 Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мәтін

беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар

төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды:



  • таныс сөздермен ұқсастығы;

  • өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы;

  • мәнмәтіндегі байланыс;

  • сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).

 Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе

оларды басқа сөзбен жазады.

 Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету және бекіту үшін, сөйлемде жаңа

сөздерді пайдаланады.

 Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқалар білмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, олар анықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.

 Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері

құрастырады. Сосын мәнмәтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.

Мақсатын анықтауға арналған оқылым

 Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты

аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).

 Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.

Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,

айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.

Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде

пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

 Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік

қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.



Стильді анықтауға арналған оқылым

 Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны

ұқсайды, бірақ стилистикалық деңгейлері әртүрлі, мысалы, жасөспірім достар арасындағы диалог және жасөспірім бала мен мұғалім/ата-ана арасындағы диалог. Оқушылар жазба жазып, сөйлемдердің лексикасы, грамматикасы және құрылымдарындағы айырмашылықтарға қатысты кері байланыс ұсынады.

 Оқушыларға ұқсас ақпарат ұсынылады - мысалы, көркем әдебиет, нұсқаулықтан үзінді, мерекелік брошюра және туысқанға жазылған хат сияқты әртүрлі жанрда жазылған (әйгілі) жердің сипаттамасы. Оқушылар мұғалім атаған мәнмәтіндердің біріне әрбір жазбаның сәйкестігін анықтап, нәтижелерін жазады («Қай мәтін нұсқаулықтан алынған? Оны қалай дәлелдей аласыз?»)

 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын

мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы қалған оқушыларға таныстырады.

 Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның сарыны стильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен сөйлемдердің құрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды.

 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал

қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады.
«Он сұрақ»

«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.

«Ортақ әңгіме»
Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?
«Ортақ портрет»

Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды.

Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс.

Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.


«Орынсыз жауаптар»

Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:

«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын»

«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын»

Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.

«Өзгертулерді тап!»

Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:



  • Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.

  • Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.

Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.

  • Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.

«Өзін-өзі бағалау»

Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:



  • Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз

  • Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?

  • Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?

  • Сіз не үшін разысыз?

  • Сіз Х туралы не білдіңіз?

  • Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.


«Өзін таныстыру»

Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.

Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.
«Өз таңбаңды (герб) жаса»

Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:



  • Өз есіміңізді жазыңыз.

  • Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.

  • Сүйікті пәніңізді жазыңыз.

  • Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.

  • Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері).

  • Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).

  • Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.

  • Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.

  • Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.

Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.


«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.


«Өзі туралы кластер»

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: оқушы, шәкірт, курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас.

Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың сұрақтарына жауап береді.


«Өзін-өзі таныстыру»
Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшықты алып, сыныпты аралайды, басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады. Қағаз қиындыларын әзірше оқуға болмайды. Осындай әрекетті барлық оқушылар қайталап шығады.

Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.


«Өкіл»

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды.


Өлең оқуға арналған тапсырмалар
 Өлеңнің атауына қарап оның не туралы екенін болжау

 Басқа атау ұсыну

 Өлеңнің «тарихын» 100 сөзбен әңгімелеп беру

 Өлеңнен ұнатқан жолыңызды «Маған қатты ұнататын өлең жолдары» деген плакатқа жазу

 Қалдырылып кеткен сөздерді толықтыру

 Қалдырылған аралықтарды синонимдер тобынан алынған дұрыс сөзбен толтыру;

 Өлеңді қайтадан дұрыс ретіне қайтару

 Қалдырылып кеткен жолды табу

 Ұсынылған нұсқалардың ішінен қалдырылып кеткен дұрыс жолды таңдау

 Түсінікті/түсініксіз сөздерді бөліп көрсету және оларды серігіңізбен бірге нақтылау

 Әртүрлі лексикалық өрістерді бөліп көрсету, мысалы, оң/теріс

 Өлеңнен ұнатқан эпитеттерді таңдап, оларды қағазға түсіру

 Өлеңнің әлеуметтік, мәдени және тарихи мәнмәтіндерін зерттеу

 Ақынның өмірбаянын жазу

 Өлеңдерді топтарға сұрыптау/артығын анықтау

 Бүкіл сынып болып өлеңді оқып шығу – өлеңдерді хормен ұсыну үшін, сыныптағы әрбір оқушы өлеңнің бір жолынан жаттайды

 Өлеңнің суретін салу – негізгі образдарын

 Өлеңді сүйемелдей алатын сурет табу

 Өлеңдегі көңіл-күйге немесе оның тақырыбына сәйкес келетін музыка таңдау

 Өлең туралы пікір жазу

 Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып, ақынға хат жазу

 Поэманың оқиғасын әңгімелеушісі бар стоп-кадрлар түрінде ұсыну

 Өлең/ақын туралы мектеп журналына мақала жазу

 Оқушылар басқа оқушыға сұрақ қояды; сұрақтарға жауап береді, бұл ретте мәтіннен әртүрлі реңктегі тиісті бөліктерінен дәлелдер пайдаланылатын болады

 Нақты әдістерді/тәсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу

 Салыстыру кестелерін пайдалана отырып, кем дегенде екі өлеңді салыстыру

 Нақты әдістер мен тәсілдерді белгілеу үшін өлеңнен бөліп көрсету: салыстыру, кейіптеу, метафора, ұйқас, аллитерация, үндестік, қайталау, оң және теріс жауап; жекелеген салалар, лексика. Туындының мағынасына әсер ететін тиісті құрылымына баса назар аударған жөн. Неліктен ол осы түрде бөлінген? Неліктен ол парақта осы түрде орналастырылған?
«Өмір ұраны»

Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.



Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.

«Пазлдар»
Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.

Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

«Пальма, піл, қолтырауын»

Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.

Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет