ОҚытушы басшылығымен студенттердің Өзіндік жұмысы



Дата17.06.2018
өлшемі93,73 Kb.
#43042

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КАФЕДРАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ






ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Алматы 2012

Еңбек гигиенасы кафедрасының мәслихатында талқыланды
Хаттама № « » 2012ж.
Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі бекітті
д.м.н., профессор Тоғызбаева Қ.Қ.

1. Тақырып № 1: Уақытша еңбекке жарамсыздық мәліметтері бойынша өндірістегі жұмысшылар аурушаңдығын зерттеу (кадрлардың жоғары ауысу жағдайына байланысты жылдық жұмысшылар). УЕЖ-қа еңбек сипаттамасының және жағдайының әсерін анықтау.

2. Мақсаты: жұмысшылардың УЕЖ-мен аурушаңдылықты зерттеу принциптері бойынша білімділікті қалыптастыру; өндірістегі УЕЖ –пен аурушаңдылықты бағалау дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:


    1. Жұмысшылардың УЕЖ жоғарлауына әсер ететін факторлар туралы білімділікті қалыптастыру;

    2. Жұмысшылар УЕЖ-пен аурушаңдылықты тіркеу құжаттары туралы білімділікті қалыптастыру;

    3. Жұмысшылардың УЕЖ аурушаңдылықты сараптау дағдыларын қалыптастыру.

4. Үйрету және оқыту әдістері:

Берілген сұрақтарды курстың материалдары, оқу әдебиеттері, бақылау тесттері арқылы оқу (кіші топтарда жұмыс істеу, презентация, дискуссия).



5. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. УЕЖ сырқаттылығы дегеніміз не?

  2. Өндірістер УЕЖ сырқаттылығы бойынша қандай формада есеп береді?

  3. Өндірістегі УЕЖ сырқаттылығын терең зерттегенде қанша жылды қарастырады?

  4. Өндірістегі УЕЖ сырқаттылығы еңбек жағдайы туралы толық мәлімет бере ма?

  5. Жұмысшылардың «толық айналымдағы жылы» қалай түсінесіз?

  6. Өндірістік райондарында өндірістегі УЕЖ сырқаттылығын зерттеуде жұмысшылардың қандай контингенті қандай үз категорияға бөлінеді?

  7. «УЕЖ сырқаттылығының өсуі» және «УЕЖ сырқаттылығының тенденциясының өсуі» арасындағы айырмашылығы?

  8. Өндірістік факторлар ғана УЕЖ сырқаттылық дәрежесіне әсер етеді ма?

  9. УЕЖ парағы құжаттың маңыздылығы қандай?

6. Берілген материалдар: Оқулық және методикалық әдебиеттер.

7. Әдебиет.

Негізгі

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- б. 495-501.

  2. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова)- М., Медицина, 2001.-б. 88-103, 173-215, 296-311.

Қосымша

  1. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – С. 427-440.


8. Бақылау

Тесттік сұрақтар:

1. Кәсіби аурушаңдылық - бұл:



  1. Еңбек жағдайының белгілі бір үлесі бар ауру.

  2. Жұмысшыға белгілі зиянды және қауіпті өндірістк фактор әсерінен пайда болған ауру.

  3. Белгілі мамандарға тән ауру.

2.УЕЖ талдау ұсынылады:

  1. 1 жыл

  2. 3 жыл

  3. 10 жыл

3.УЕЖ көрсеткіші саналады:

  1. 1000 жұмысшыға

  2. 100 жұмысшыға

  3. 10000 жұмысшыға

4. УЕЖ сырқаттылығының бір жағдайдың жоғары көрсеткіші нені көрсетеді?



  1. созылмалы аурудың көп болуы

  2. жедел аурудың ауыр өтуі

  3. бір сырқаттылық бойынша УЕЖ жиі қайталануы %.

5. Өндірістегі УЕЖ сырқаттылығын өндірістік зияндылық жоқ (бақылау топтың болуы) өнеркәсіптерді паралелді зерттеу керек пе?

  1. міндетті

  2. зерттеушінің қарауы бойынша

  3. міндетті емес

6.Жұмыс ұжымының коэффициенті-бұл:

  1. жұмысшы контингентінің толық жылдық саны

  2. жалпы ауырғандардың саны

  3. жылдың бір бөлігінде істегендердің жұмысшы контингентінің толық жылдық санының қатынысын 100-ге көбейткенде.

7. Аурушаңдық бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы заңды мағынасы қандай?

  1. бағалау;

  2. тіркеу;

  3. қорытынды

8. Аурушаңдық бойынша уақытша еңбекке жарамсыздықты бағалаудың негізгі факторы

  1. биологиялық;

  2. өндірістік;

  3. әлеуметтік

9. Кәсіби қауіптілікті зерттеу мақсаты?

  1. аурушаңдықты тіркеу мақсатымен;

  2. аурушаңдықты болжау мақсатымен;

  3. алдын алу шараларының эффективтілігін зерттеу мақсатымен.

10.Қауіптілікті сараптау қанша негізгі бағыттан тұрады?

  1. 5

  2. 10

  3. 3.

1. Тақырып № 2: Өндірістік жарақаттану, оның себептері және онымен күресу шаралары.

2. Мақсаты: Өндірістік жарақаттанудың профилактикасы мақсатында кезеңді және алдын-ала медициналық тексерулерді жүргізу тактикасы және алдын-алу шаралары бойынша білімділікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері.

  1. Өндірістік жарақаттану және оның түрлері туралы білімділікті қалыптастыру.

  2. Өндірістегі алдын-ала медициналық тексерулерді өткізу бойынша біліктілікті қалыптастыру;

  3. Өндірістегі кезеңдік медициналық тексерулерді өткізу бойынша біліктілікті қалыптастыру;

  4. Өндірістік жарақаттанудың пайда болуына тікелей ықпал ететін себептерді жою бойынша біліктілікті қалыптастыру;

4. Үйрету және оқыту әдістері:

Берілген сұрақтарды курстың материалдары, оқу әдебиеттері, бақылау тесттері арқылы оқу (кіші топтарда жұмыс істеу, презентация, дискуссия).



5. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. Өндірістік жарақаттану дегеніміз не?

  2. Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері қандай?

  3. Жарақаттардың пайда болуының негізгі себептері қандай?

  4. Өндірістік жарақаттанудың жіктелуі.

  5. Өндірістік жарақаттануды алдын-алу шаралары мақсатында санитарлық-гигиеналық бақылау.


6. Берілген материалдар: Оқулық және методикалық әдебиеттер.

7. Әдебиет.

Негізгі:

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф.Гигиена труда. Оқулық.-М-2008.-495-501 б.

  2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., Оқулық. Алматы. 2009 г. – 586-589 б.

  3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. м.ғ.д, проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганды, 2008. –433-437; 446 б.

Қосымша:

  1. Приказ МЗ РК №754 «Об утверждении Инструкции по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных и неблагоприятных производственных факторов и определению профессиональной пригодности. Перечня вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры и Списка профессиональных заболеваний.


8. Бақылау

Сұрақтар

  1. Өндірістік жарақаттануға анықтама беріңіз.

  2. Өндірістегі көп кездесетін жарақат түрлері.

  3. Пайда болуы бойынша жарақаттардың жіктелуі.

  4. Жарақаттану жағдайын тергеу.

  5. Өндірістегі жарақаттануды алдын-алудың технологиялық шаралары.

  6. Өндірістік жарақаттану бойынша медико-профилактикалық шаралар.

  7. Жарақаттанумен күрес жағдайында қауіпсіздік техникасының ролі.

  8. Жарақаттану себебі ретінде қол аспабының жұмыс істемеуі, алдын-алу шаралары.

  9. Жарақаттану себебі ретінде сақтау қондырғыларының жоқтығы және сәйкессіздігі, алдын алу.

  10. Жарақаттану себебі ретінде жұмысшылардың қауіпсіздік ережелеріне толық емес оқытылуы, алдын алу.

  11. Жарақаттану себебі ретінде жұмыс орнының және өтулердің жүктелуі, алдын-алу.

  12. Жарақаттану себебі ретінде жұмыс бөлмелері және территориясының қолайсыз санитарлық жағдайы, алдын-алу.

  13. Жарақаттану себебі ретінде арнайы киімнің және жеке бас қорғаныс заттарының жоқтығы немесе дұрыс істемеуі, алдын-алу.

  14. Өндірістік жарақаттануды сараптау үшін қолданылатын көрсеткіштер.

  15. Көз жарақаты және оны алдын-алу.

  16. Өндірістегі термиялық, химиялық күйіктер,оларды алдын-алу.

  17. Өндірістегі электрожарақаттар оларды алдын-алу.

  18. Өндірістегі жарақаттар кезінде өзіне және басқаларға көмек.

  19. Әр түрлі өндірістердегі жарақаттануларды алдын-алу мақсатында санитарлық-гигиеналық бақылау.

  20. Өндірістік жарақаттануды алдын-алу мақсатында негізгі шаралар.


1. Тақырып № 3: Кәсіптік аурушаңдылық пен уланулар жағдайларын есепке алу, тіркеу және тергеу реті.Жұмысшылардың кәсіби аурушаңдығының сараптамасы.

2. Мақсаты: кәсіби аурушаңдық (улану) туралы білімді қалыптастыру. кәсіби аурушаңдық және улану бойынша есеп, тіркеу, тергеу бойынша дағдыларды қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Кәсіби улану және аурушаңдылық бойынша білімділікті қалыптастыру

  2. Кәсіби улану және аурушаңдылықты тіркеу және тергеу бойынша дағдыларды қалыптастыру.

  3. Жұмысшылардың кәсіби ауруларын сараптау бойынша дағдылар қалыптастыру.

  4. Кәсіби улану және аурушаңдылық жағдайлары бойынша дағдыларды қалыптастыру.

4. Үйрету және оқыту әдістері:

  1. Берілген сұрақтарды курстың материалдары, оқу әдебиеттері, бақылау тесттері арқылы оқу (кіші топтарда жұмыс істеу, презентация, дискуссия).

5. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. Жедел кәсіби аурулар және уланулар.

  2. Созылмалы кәсіби аурулар және уланулар.

  3. Өндірістегі кәсіби улану және аурушаңдылықты тіркеу.

  4. Өндірістегі кәсіби улану және аурушаңдылықты тергеу.

  5. Жұмысшылардың кәсіби ауруларын сараптау


6. Берілген материалдар: Оқулық және методикалық әдебиеттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф.Гигиена труда. Оқулық.-М.-2008.- 353-416; 423-443б.

  2. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. В.Ф.Кириллова. М.-2001-355-376 б.

  3. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др.,Оқулық Алматы. 2009 г. – 544-564 б.

Қосымша:

  1. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – 108-150 б.

  2. Приказ МЗ РК №754 «Об утверждении Инструкции по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных и неблагоприятных производственных факторов и определению профессиональной пригодности. Перечня вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры и Списка профессиональных заболеваний.



8. Бақылау сұрақтар

  1. Кәсіби ауруларға анықтама беріңіз.

  2. Жедел кәсіби ауруларға кім диагноз қояды(улануға)?

  3. Созылмалы кәсіби ауруларға кім диагноз қояды(улануға)?

  4. Жедел кәсіби ауруға (улануға) күдіктенгенде, дәрігер кімді және қандай мерзімде хабарландыру керек?

  5. Арнайыландырылған ЕПМ немесе профпатологиялық орталық кімді және қандай мерзімде созылмалы кәсіби ауру диагнозының өзгеру немесе қойылуы туралы хабарландыру керек?

  6. Кәсіби аурулар жағдайлары қандай кезеңдерде және қандай құжаттарда тіркеледі?

  7. Созылмалы кәсіби улануды қою бойынша профилактикалық ауруханада және профилактикалық орталықта қандай комиссия құрылады?

  8. Созылмалы кәсіби ауруды қоюда қандай құжаттар ПЭК-ке беріледі?

  9. Кәсіби аурулар (уланулар) жағдайларын тергеуді кім жүргізеді?

  10. Кәсіби ауру диагнозын қоюда жұмысшылардың еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы қандай маңыздылығы бар?


Тесттік сұрақтар

1. Кәсіби аурулар - ол:



  1. Еңбек шарты белгілі бір себеп болатын ауру.

  2. Жұмысшыға белгілі бір зиянды және қауіпті өндірістік фактор әсерінен пайда болған ауру.

  3. Белгілі мамандықтағы тұлғаларға қатысты ауру.

2. Жедел кәсіби ауруға диагноз қою жүзеге асады:

  1. зардап шеккен жұмыс немесе тұрғылықты жеріне байланысты ЕПМ дәрігерімен;

  2. кәсіби аурулардың клиникасымен немесе алдын-ала орталықтарымен;

  3. МСЭҚ дәрігерімен.

3. Созылмалы кәсіби аурулардың (улану) диагнозын қою жүргізіледі:

  1. зардап шеккеннің тұрғылықты жеріне немесе жұмысына байланысты ЕПМ дәрігерімен;

  2. кәсіби аурулар ауруханасы және алдын алу орталығымен;

  3. МСЭҚ дәрігерімен.

4. Этиологиялық себеп ішінде зиянды және қауіпті өндірістік фактор болатын болса,ауру:

  1. кәсіби болып табылады;

  2. кәсіби шартталған болып табылады;

  3. жалпы аурушаңдылық болып табылады.

5. Кәсіби ауруларды қоюда негізгі құжат болып табылады:

  1. жедел хабарлама;

  2. еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы;

  3. профпатологиялық орталық қорытындысы.

6. Еңбек жағдайымен аурушаңдылық қатынасының жоқтығы немесе экспертті комиссияның профпатологиясының шешімі қандай мерзімде шығарылады?

  1. 10 күннен кеш емес;

  2. 14 күннен кеш емес

  3. 1 айдан кеш емес.

7. Зиянды өндірістік факторлар – ол:

  1. организм өлімі және белгілі жағдайда денсаулықтың жедел бұзылыстарын шақыруы мүмкін.

  2. шаршауға әкеледі

  3. тәбеттің төмендеуіне

  4. аурушаңдықтың дамуына немесе белгілі жағдайда аурушаңдылықтың жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне алып келетін;

  5. денсаулықтың жедел бұзылысын шақыратын

8. Созылмалы кәсіби аурулар пайда болады:

  1. гигиеналық нормативтерден аспайтын деңгей немесе концентрациядағы зиянды фактор әсерінің бір реттік әсерінен кейін.

  2. гигиеналық нормативтерді жоғарлататын, зиянды фактордың концентрациясы және деңгейінде бір реттік әсерінен кейін

  3. Шектік рұқсат етілген конценрация мен деңгейлердегі зиянды факторлардың ұзақ емес, қайталамалы әсерінен кейін

  4. Үлкен интенсивтігінің зиянды фактордың ұзақ және систематикалық әсерінен

  5. Кіші интенсивтігінің зиянды фактордың ұзақ және систематикалық әсерінен

9. Жедел кәсіби аурулар пайда болады:

  1. гигиеналық нормативтерді жоғарлатпайтын, концентрация және деңгейлердегі зиянды фактордың бір реттік әсерінен;

  2. гигиеналық нормативтерді шамадан тыс жоғарлататын, концентрация және деңгейлердегі зиянды фактордың бір реттік әсерінен;

  3. концентрация және деңгейлердегі зиянды фактордың қайталамалы, ұзақ емес әсерінен,шектелген рұқсат етілген деңгейден жоғары емес

  4. концентрация және деңгейлердегі зиянды фактордың көп реттік, ұзақ әсерінен,шектелген рұқсат етілген деңгейден жоғары

  5. концентрация және деңгейлердегі зиянды фактордың көп реттік, ұзақ әсерінен,шектелген рұқсат етілген деңгейден жоғары емес

10. Сынаппен созылмалы интоксикациясында қандай мүшелер және жүйелер зақымдалады:

  1. өкпе

  2. қимыл-тірек аппараты

  3. есту және вестибулярлы анализаторлар

  4. Жүйке жүйесі

  5. бүйрек +асқазан-ішек тракты

11. Өндірістік улардың ағзаға қашықтық әсеріне жатады:

  1. тітіркендіргіш әсер

  2. тері – резорбтивті әсер

  3. канцерогенді әсер

  4. мутагенді әсер

  5. нефротикалық әсер

12. «Термометр» зауытының конролері 1985 ж бастапсынап буларымен тұрақты әсерде болады. В 1996 ж. зерттеу барысында созылмалы сынапты интоксикация анықталды. Цех дәрігері қандай емдеу-профилактикалық шаралар өткізуі қажет:

  1. ауыз қуысын санациялау: жұмыс кезінде – марганец-қышқылды калий ертіндісімен ауыз қуысын шаю.

  2. С,В тобы витаминдерін қосымша берумен емдеу-профилактикалық тамақтану,сынаптың ағзадан шығуын стимульдеу.

  3. алдын-ала және кезеңдік медициналық тексерулер

  4. сынап буларымен қатынас уақытын регламентациялау

  5. рентгенологиялық зерттеу

13.Тіл, қабақтың, жоғарлатқан аяқ, жазылған қол басбармақтарының ұсақ треморы. Ауыздағы металлды дәм, сілекей ағудың күшеюі, пародонтоз, қанталау, энтероколит. Көрсетілген симптомдар қай ауруға жатады:

  1. созылмалы қорғасынды интоксикация

  2. созылмалы сынапты интоксикация

  3. созылмалы хромды интоксикация

  4. созылмалы берилийлі интоксикация

  5. созылмалы күкірт газды интоксикация

14. Созылмалы интоксикасына тән көріністер:

1- бензолмен



2- бериллиймен

  1. геморрагиялық синдром

  2. порфиринді айналым бұзылысы

  3. метгемоглобинемия

  4. өкпелік гранулематоз

  5. ұсақ тремор

15. Өндіріс жағдайында қорғасынның негізгі түсу жолы:

  1. тыныс алу мүшесі

  2. асқазан-ішек тракты

  3. көздің шырышты қабаты

  4. тері жабындысы

  5. ауыз қуысының шырышты қабаты

16.Қандай химиялық қосылыстар терімен түсіп улану шақырады:

  1. көміртегі оксиді

  2. азот оксиді

  3. бензин

  4. кремний диоксиді

  5. асбест

17. Балқытудан соң берилий қоласы түсетін цехта, металл сорттаушы жұмысшысында ентігу, жөтелу пайда бола бастады. Рентгеноскопияда анықталғаны: өкпе бөлімдерінің диффузды ошақтары, тамырлар жуандаған. Гранулемалардың нүктелік көлеңкелері анық көрінеді. Цех дәрігері қандай диагноз қоя алады:

  1. сидероз

  2. бериллиоз

  3. қола ауруы

  4. аллюминоз

  5. металлокониоз

18. Бензолмен улану симптомымен, лак-бояу материалдарымен жұмыс істейтін жұмысшы, 17 жаста цех дәрігеріне шағымданды. Профилактиканың негізгі шарасы қандай:

    1. қауіпсіздік ережесімен таныстыру

    2. жеке бас қорғаныс заттарын беру

    3. жұмысқа жібермеу

    4. қондырғы герметизациясын жүргізу

    5. жұмыс зонасының ауасынан сынама алу

19.Көміртегі оксидімен уланғанда ненің есебінен гипоксемия пайда болады:

  1. метгемоглобин түзілуі

  2. карбоксигемоглобин түзілуі

  3. формальдегид түзілуі

  4. көмір қышқыл концентрациясының жоғарлауы

  5. гемоглобин деңгейінің төмендеуі

20. Созылмалы сынаптық интоксикация кезінде зақымдалатын мүшелер мен жүйелер:

  1. жүрек қан-тамыр жүйесі + қан

  2. қимыл-тірек аппараты

  3. есту және вестибулярлы анализаторлар

  4. жүйке жүйесі+ бүйрек +асқазан-ішек тракты

  5. жүрек қан-тамыр жүйесі


1. Тақырып № 4: Негізгі көрсеткіштерді санау,мәліметтерді жинау және топтастыру, таңдаманы анықтау. Өндірістік орындағы жұмысшылар аурушылдығының көрсеткіштерін статистикалық өңдеудің қазіргі кезеңдегі әдістері.

2. Мақсаты: жұмысшылар аурушаңдығының статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру, біріншілік материалды өңдеу, жинау процессі туралы білімділікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Өндіріс орындағы жұмысшылардың аурушаңдығы бойынша біріншілік материал туралы білімділікті қалыптастыру.

  2. Уақытша жарамсыздық қағазындағы мәліметтер маңыздылығы бойынша білімділікті қалыптастыру.

  3. Жұмысшының жұмыс стажы, мамандығы, жасы, жынысы, цехы бойынша аурушаңдықты өңдеу процессі туралы білімділікті қалыптастыру.

  4. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушаңдылықты өңдеу барысында алынған әр көрсеткіштер маңыздылығы бойынша білімділікті қалыптастыру.

  5. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушаңдылық көрсеткіштерін бағалау және оларды статистикалық бағалау бойынша дағдыларды қалыптастыру.

4. Үйрету және оқыту әдістері:

Берілген сұрақтарды курстың материалдары, оқу әдебиеттері, бақылау тесттері арқылы оқу (кіші топтарда жұмыс істеу, презентация, дискуссия).



5. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушаңдығы бойынша біріншілік материал алу.

  2. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушаңдығы көрсеткішін анықтау- еңбекке жарамсыз жағдайлар саны және күн саны 100 жұмысшыға шаққанда және 1 жағдайдың орташа ұзақтығы.

  3. Нозологиялық бірліктер бойынша аурушаңдықты өңдеу.

  4. Жас және жыныс бойынша аурушаңдықты өңдеу.

  5. Осы мамандықта жұмыс стажы, мамандығы бойынша аурушаңдықты өңдеу.

  6. Уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдықты сипаттайтын басқа көрсеткіштерді анықтау(созылмалы аурулармен сырқаттанғандар саны, сырқаттанғандар пайызы, сырқаттанбағандар саны, аурулар саны, аурушаңдықтың жедел жағдайларының қайталануы т.б)

  7. Кәсіби, стаждық, жыныс-жастық топтар арасында уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдықты салыстыру.

  8. Өндірістегі еңбек шарттарын бағалауда уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдықтың көрсеткіштерінің маңыздылығы.

6. Берілген материалдар: Оқулық және методикалық әдебиеттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. Кириллова В.Ф.) – М., Медицина, 2001 г.- 355-356 б.

  2. Пругло Г.Ю. Использование компьютерных технологий в медицинской статистике. – Алматы, 2004.- 1-51 б.

Қосымша

  1. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – 440-446 б.

  2. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. –3-73 б.


8.Бақылау сұрақтар:

  1. Уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдылықты өңдеуде біріншілік құжат болып табылады?

  2. Уақытша жарамсыздық қағаздары қандай ерекшеліктері бойынша топтастырылады?

  3. Жас және жыныс бойынша уақытша жарамсыздық қағазын топтастыру маңызы қандай?

  4. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың қандай көрсеткіштері негізгі болып табылады?

  5. Аурушаңдылық жағдайларын зерттеу маңыздылығы қандай?

  6. Стьюдент бойынша мәліметтерді статистикалық өңдеу дегеніміз не?

  7. Уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдықты зерттеуде топтар арасында ұқсас көрсеткіштерді салыстыру не үшін қажет?

  8. Өндірістегі уақытша еңбекке жарамсыздықпен аурушаңдық көрсеткіштерінің еңбектің гигиеналық шарттары туралы қаншалықты толық талқылауға болады?

  9. Уақытша жарамсыздық қағаздары қайда сақталады?


Тесттік бақылау сұрақтары

1. УЕЖ сырқаттылығының көрсеткіштерін қанша жұмысшыларға есептелінеді?



  1. 10000;

  2. 1000;

  3. 100.

2. УЕЖ сырқаттылығының бір жағдайдың жоғары көрсеткіші нені көрсетеді?

  1. созылмалы аурудың көп болуы

  2. жедел аурудың ауыр өтуі

  3. бір сырқаттылық бойынша УЕЖ жиі қайталануы %.

3.Жиі және ұзақ ауратындар санының жоғары көрсеткіші нені көрсетеді?

  1. жұмысшылар денсаулығының әлсіз жағдайы туралы;

  2. жұмысшыларға қолайсыз еңбек жағдайының әсері;

  3. жұмысшылардың жаман әлеуметтік әсері.

4. Жағдайлардың салыстырмалы аз санында жұмысқа жарамсыздардың үлкен санының мүмкін болуы қай кезде?

  1. созылмалы аурудың көп болуында;

  2. жедел аурулардың көп болуында;

  3. бір адамның көп реттігі туралы.

5. Вариациялық статистика тәсілдерін қолданумен екі топтың аналогты көрсеткіштерін құрастыру не үшін қажет?

  1. көрсеткіштердегі жай сандық айырмашылығында болуына көз жеткізу;

  2. көрсеткіштердің айырмашылығына көз жетімдік деңгейін туралы тұсінік болу;

  3. УЕЖ-пен аурушаңдықты болжамдау үшін.

6. Статистиканың жеке әдістеріне жатады:

  1. жалпы бақылау әдісі

  2. топтық әдіс

  3. кесте және графиктер әдісі

  4. центильді әдіс

  5. антропометриялық әдіс

7. Статистикалық әдістерді қолдана отырып, жұмысшылар аурушаңдығын зерттеу үшін ақпарат жинау қандай жолмен іске асады:

  1. есеп құжаттарды толтыру

  2. сырқатнама мәліметтерінен мәліметтер алу

  3. сауалнама

  4. жұмысшыларды ауруханалық тексеру

  5. антропометриялық тексеру

8. Жұмысшылар денсаулығын зерттеуде (ақпарат) материалды статистикалық құрастыру үшін қандай кестелер құрастырылады:

  1. жай

  2. күрделі

  3. топтық

  4. біріккен

  5. қосарлы

9. Өндірістегі жұмысшылардың аурушаңдығын статистикалық зерттеудің негізгі этаптарына жатады:

  1. зерттеу жоспары және бағдарламасын құрастыру

  2. материал жинау

  3. материал өңдеу

  4. сараптама, қортынды, ұсыныстар

  5. әдістемелік нұсқауларды құрастыру

10. Өндірістік орта факторлары және жұмысшылар аурушаңдығы арасындағы байланыс корреляция коэффицентінде «әлсіз» болып табылады:

  1. 0-0,3

  2. 0,3-0,7

  3. 0,7-1,0

  4. 1,0-1,5

  5. 1,5-2,0

11. Өндірістік орта факторлары және жұмысшылар аурушаңдығы арасындағы байланыс корреляция коэффицентінде «орташа» болып табылады:

  1. 0-0,3

  2. 0,3-0,7

  3. 0,7-1,0

  4. 1,0-1,5

  5. 1,5-2,0

12. Өндірістік орта факторлары және жұмысшылар аурушаңдығы арасындағы байланыс корреляция коэффицентінде «күшті» болып табылады



  1. 0-0,3

  2. 0,3-0,7

  3. 0,7-1,0

  4. 1,0-1,5

  5. 1,5-2,0

1. Тақырып № 5: Жалпы және кәсіптік ауруларды төмендету шараларын ұйымдастыру. Алдын-алу шараларының тиімділігін бағалау. Аралық бақылау.

2. Мақсаты: Жалпы және кәсіптік аурушаңдықты төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру бойынша білімділікті қалыптастыру, алдын алу шараларының нәтижелігін бағалау бойынша дағдыларды қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Жалпы және кәсіптік аурушаңдыққа анықтама беріңіз.

  2. Студенттерді денесаулықты шынықтыру шараларының бірыңғай кешенді жоспарының құрылымымен таныстыру.

  3. Студенттерді алдын алу шараларының нәтижелігін бағалау негізімен таныстыру


4. Үйрету және оқыту әдістері:

Берілген сұрақтарды курстың материалдары, оқу әдебиеттері, бақылау тесттері арқылы оқу (кіші топтарда жұмыс істеу, презентация, дискуссия).


5. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. Жұмысшылардың жалпы аурушаңдылығы.

  2. Жұмысшылардың кәсіптік аурушаңдылығы. Кәсіптік аурушаңдылық тізімі.

  3. Денсаулықты шынықтыру шараларының кешенді жоспары.

  4. Ұйымдастыру және технологиялық шаралар кешенді жоспардың негізгі бөлімі ретінде.

  5. Санитарлық-техникалық шаралар кешенді жоспардың негізгі бөлімі ретінде.

  6. Медициналық-профилактикалық шаралар кешенді жоспардың негізгі бөлімі ретінде.

  7. Өндірістегі цехтардың ауалы ортасы мен ауалы бассейнінің жағдайына санитарлық-гигиеналық бақылау.

  8. Санитарлық ағарту жұмыс - кешенді жоспардың керекті бөлімі.

  9. Алдын алу шараларының нәтижелігін бағалау

  10. Өндірістегі алдын-ала шаралар кешенді жоспардың қажет бөлімі ретінде санитарлық-ағарту жұмысы.

6. Берілген материалдар: Оқулық және методикалық әдебиеттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. Кириллова В.Ф.) – М., Медицина, 2001 г.- 233-295 б.

  2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., Учебник Алматы. 2009 г. – 501-508 б.

Қосымша

  1. Галаева А.И. Производственные аэрозоли, их гигиеническая оценка и нормирование. Методы исследования и профилактика пылевой профпатологии. Учебное пособие. –Караганда, 2008. – 3-80 б.

  2. Предупредительный санитарный надзор при новом строительстве и реконструкции промышленных предприятий. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – 2-72 б.

  3. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – 3-73 б.

  4. Шайзадина Г.Н - Предупредительный санитарный надзор Учебно-методическое пособие.Астана, 2010. – 3-50 б.

8. Бақылау.

Сұрақтар

  1. Жұмысшылардың жалпы аурушаңдылығына анықтама беріңіз.

  2. Жұмысшылардың кәсіптік аурушаңдылығына анықтама беріңіз.

  3. ҚР ДСМ бекітілген кәсіптік аурулар тізімі

  4. Сауықтыру шараларының кешенді жоспары.

  5. Ұйымдасқан және технологиялық шаралар алдын-алу шараларының кешенді жоспардың құрамдас бөлігі ретінде ұйымдасқан және технологиялық шаралар.

  6. Кешенді жоспардың құрамдас бөлігі ретінде санитарлық техникалық шаралар.

  7. Кешенді жоспардың құрамдас бөлігі ретінде медико-профилактикалық шаралар.

  8. Өндірістік алаңының ауа басейнін және цехтардың ауа ортасының жағдайын санитарлық-гигиеналық бақылау.

  9. Өндірістегі кешенді алдын-алудың шараларындағы қажетті бөлім ретінде санитарлық ағарту.

  10. Алдын алу шараларының нәтижелігін бағалау негізгі этаптарын атаңыз.


Тесттік бақылау сұрақтары.

1. Денсаулықты шынықтыру шараларының кешенді жоспары жасалады:



  1. еңбек гигиенасының санитарлық дәрігерімен

  2. өндіріс мекемесінің әкімшілігімен

  3. оптималды еңбек жағдайын ұйымдастырушы барлық өндіріс мекемесінің қызметімен

2. Медициналық-профилактикалық шаралар - бұл:

  1. белгілі бір аурулардың алдын алу шаралары

  2. алдын ала және кезеңді медициналық тексеру

  3. жұмысшыларды госпитализациялау

3. Кәсіптік аурушаңдылық тізімі кім бекітеді?

  1. өндіріс мекемесінің әкімшілігімен

  2. МСЭҚ мекемелері

  3. ҚР ДСМ бұйрығымен.

4. Технологиялық алдын алу шаралар түсінігі?

  1. Технологиялық процестерді жетілдіру, ескі прцестерді жаңаға ауыстыру

  2. Технологиялық процестерді автоматизациялау және механизациялау

  3. шикізаттың зиянды компонентерін аз зиянды компонентеріне ауыстыру.

5. Жалпы және кәсіптік аурушаңдықты төмендету шараларын қашан жүргізеді?

  1. шараларда енгізгеннен кейін

  2. шараларда енгізгеннен кейін 2-3 жыл өткенде

  3. шараларда енгізгеннен кейін 5-10 жыл өткенде

6. Алдын-ала медициналық тексеруден кідер өтуі тиіс?

  1. созылмалы аурулары бар адамдар

  2. арнайы тізімде көрсетілген өндірістік факторлардан жедел аурулары бар адамдар

  3. арнайы тізімде көрсетілген қауіпті және зиянды факторлармен жұмыс барысында қатынасқа түсетін адамдар

  4. қайта жұмысқа қабылданатын адамдар

  5. административті қызметке алынатын адамдар

7.Электромагниттік өрістен қорғану үшін қолданылатын костюмдер матасы:

  1. асбестті талшық

  2. жүнді жіптер

  3. металлды жіптер

  4. шыны талшық

  5. жібек жіптер

8. ЖҚЗ қолдану және қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік:

  1. әкімшілік өндірістер

  2. өндіріс жұмысшысы

  3. профсоюз мекемесі

  4. құқықтық органдар

  5. СЭҚ

9. Конвекциялық жылудан қорғауда қолданылатын маталар:

  1. шағылысатын

  2. асбестті

  3. зығыр және мақта қағазды

  4. шинельды мата

  5. металлды жіптер

10 Көмір шахталарындағы шаңнан көп тараған кәсіби аурулар:

  1. антракоз

  2. силикоз

  3. антрокосиликоз

  4. шаңды бронхит

  5. аллергиялық альвеолит

11. Шахтерлерде көп тараған кәсіби аурулар:

  1. шаң аурулары

  2. діріл ауруы

  3. проф.кереңдік

  4. радикулиттер, бурситтер

  5. биссиноз

12. Көмір шахталарында шаңмен күресудің негізгі шаралары:

  1. гидрошаңсыздандыру

  2. интенсивті желдендіру

  3. құрғақ шаңаулау

  4. пластты алдын ала ылғалдандыру

  5. экрандау

13. Жер асты рудниктердегі жұмысшылардың негізгі кәсіби аурулары:



  1. пневмокониоз (силикоз)

  2. діріл ауруы

  3. проф.кереңдік

  4. шаңды бронхит

  5. багассоз

14. Өндірістік орталарда ауны кондиционерлеу жүзеге асады:

  1. оптимальды ықшамклиматты қамтамасыз ету үшін

  2. ауаның ерекше тазалығын қамтамасыз ету үшін

  3. ауалы массаларының қозғалуын күшейту үшін

  4. ауаны шаңнан тазалау

  5. ауаны токсикалық заттардан тазалау

15. Өндірістік діріл әсерімен байланысты, жұмысқа қабылдар алдында қандай арнайы қарсы көрсеткіштері бар?



  1. облитирлеуші эндоартериит

  2. Рейно ауруы

  3. Минамата ауруы

  4. әйел жыныс ағзаларының аномалиясы

  5. миопия

16. Жергілікті дірілдің қолайсыз әсерін қандай жеке алдын алу әдістерін білесіз?

  1. діріл қолғаптарын қолдану

  2. қолға арналған ванналар

  3. жұмыстағы үзілістер

  4. респиратор қолдану

  5. антифондар қолдану

18. Көмір шахталарының шахтерларының кәсіби ауруларына жатады;

  1. жоғарғы тыныс жолдарының катары

  2. пневмония

  3. антракоз

  4. катаракта

  5. туберкулез

19. Шаң организмге қандай әсер көрсетеді:

  1. фиброгенді

  2. токсикалық

  3. аллергенді

  4. кондукционды

  5. индифферентті




беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет