Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақтандағы педагогикалық ой-пікірлер



бет14/20
Дата05.11.2016
өлшемі2,88 Mb.
#767
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Тақырып: ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақтандағы педагогикалық ой-пікірлер.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ жыраулары жырларының тәрбиелік-қолданбалық және идеялық-эстетикалық мәні.

  2. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі алғашқы саясаты.

1. Қазаң жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорығына бірге аттанды, ру-тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

ХV-ХVІІ ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке-бірлігін, келешектегі бағытын, көрер күнін аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры ие болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузын-да оның есіміне "қайғы" деген ат қосақталып, аңызға айналды.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалануына негіз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа, т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.

ХV-ХVІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың кейбір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш сүйініші, келер ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни, олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының рөлін атқарды.

Қазақтың тәрбие мектебі ақын жыраулар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық мақал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек, артық болмайды. Халықтың осы қағидалар, шын мәнісінде, жас ұрпақ түгілі, ересек адамдарға да үлкен әсерін тигізді, ұлттың сана-сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы ХV-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде, олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой-қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет ісіне қарай үш топқа бөліп: жауынгер жыраулар (Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Махамбет); мәмілегер (Асанқайғы, Сыпыра, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп, ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

2. Қазақстанның Ресейге қосылуы XIX ғасырдың орта кезінде аяқталды. Патша өкіметінің сол кездегі шет аймақтарының бірі - Қазақстанда отарлау саясатын іске асырғанына қарамастан, бұл қосылу үрдісінің прогрессивтік мәні болды. Осыған байланысты Ф.Энгельстің мынадай бір айтқан пікірі еріксіз ойға түседі: "Ресей, шынында да, Шығыс жөнінде прогессивтік рөл атқарады... Ресейдің үстемдігі Қара теңіз бен Каспий үшін өркениеттік мәңге ие", -деп жазған болатын. Демек, бұл айтылған ойлардың қазақ халқы үшін де тікелей қатысы бар деп есептейміз.

Қазақстанның Ресейге қосылуы маңызды нәтижелерінің бірі — қазақ еңбекшілерінің орыс халқының озық демократиялық бағыттағы мәдениетімен және білімімен, сол арқылы прогрессивті әлемдік мәдениетпен жақындасуы.

Қазақстанның Ресейге қосылуының қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістер әкелді Елімізде озат экономика мен өндіріс қатынастарының дамуына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар еліміздің Ресейге қосылуын бүгінгі уақыт талабына орай дұрыс бағалайтын болсақ, "қосылу" бастан аяғына дейін ерікті болмағандығын, ескеруіміз керек.

"Ресей империясының құрамына қосылуының тек прогрессивтік мәні болды, әйтпесе, қазақтың тоз-тозы шығып, қаңғып, дербес өмір сүре алмайтыны айдан анық болған, сауаттылығы жоқ, қараңғы ел патриархалды-феодалдық өмір шырмауынан құтылмас еді" дейтін ұшқары да, бір жақты пікірді сан рет естіп келдік. Осыдан, қазақ халқының өткен ғасырдағы тарихы сыншылдықпен, объективтік тұрғыдан айтылмады. Отаршылдық саясаты өз еркімен қосылудың көлеңкесінде қалдырылды.

Патша өкіметінің өзінен кейінгі қалдырған ауыр мұрасының бірі еңбекшілердің білім беру ісі мен мәдениет саласында қараңғы қапаста шектен тыс тоналғаңдығы еді.

Әсіресе, Қазан төңкерісіне дейін Ресейді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің жағдайы өте ауыр халде болды. Жоғары дәрежелі бір чиновниктің қазақтар туралы Орынбор әскери генерал-губернаторы, граф Сухоленге жазған хаты осы саясатты дәлелдей түскендей. Онда былай делінген: "Мен қырғыздардың (қазақтардың) қамын жеп, олардың көзін ашып, оларды еуропа халықтарының дәрежесіне жеткізбек болатын филантоптардың мәңгі-бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерін де білмеуін шын жүректен тілеймін".

Патша өкіметі қазақ даласында халық ағарту ісін дамытумен, жаңа мектептер ашуға бөгет жасады. Осы орайда айта кететін жайт: "төңкеріске дейінгі қазақ халқының сауатсыз болғаны рас, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық, ал қазақтар түгелге дерлік сауатсыз болды делініп келген тезисті бүгінгі танда қайта қараудың қажетті уақыты келгенін айта кеткен жөн".

Дегенмен патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байлардың балаларына біраз білім беріп, олар үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға мәжбүр болды.

Қазақ жеріне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егістік жерлерді, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шіркеулер салып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргізді. Патшалы Ресей бай сұлтандардың балаларына арнап мектептер салды.

Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында "Азиатское училище" және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының балаларына арналған мектептері ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттың көтерілістер қазақ даласында 15-20 жылға созылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында Ресейдің алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пікірдегі (Герцен,Белинский,Радищев,Чернышевский, т.б.) оқымыстыларының жолын ашушы А.Янушкевич,Ф.Достоевский,Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко, т.б. зиялы демократтар жер ауып келіп, Ш.Уәли-ханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты қазақ демократ ағартушыларымен достасып, олардың саяси идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізді.

21 дәріс

Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ой-пікірлер.

Дәрістің мазмұны:


  1. Мұсылмандық мектептерді реформалау.

  2. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер.

  3. Ш.Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның көзқарастарындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер.

Қарастырып отырған кезеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның өмірлік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. XIX ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі.

XIX ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірдің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.

Қазақстанда XIX ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 1850 жылы

22 тамызда салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылданды. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізді, емтихандардың ережелері жасалды.

Орынбордағы қазақ мектебінің одан әрі жұмысына сонымен қатар Қазақстанда орыс білімін таратуда патша өкіметінің әкімшіілігінде, ресми басқару орыңдарында істейтін көрнекті орыс ғалымдары ерекше әсер етті.

М.В.Ладыженскийден кейін Орынбор шекара комиссиясының төрағасы орыстың белгілі шығыстанушы, шығыс тілдерін жетік білетін маман Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) тағайындалды, бұл жұмыста ол 1854 жылдан 1859 жылға дейін қызмет атқарды.

Орынборда В.В.Григорьев әкімшілік қызметпен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, ол Орынбор өлкесі қазақтарының тарихы мен мәдениетін зерттеді. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы лауазымында жұмыс істей жүріп, Қазақстанда отарлау саясатын қазақтардың тұрмысы мен салтының және қоғамдық қатынастарының ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізу қажет деп есептеді. Орынбор мектебі кең байтақ қазақ даласы үшін, тіптен бала саны аз оқу орны болды. Өзінің 19 жыл өтсе де бар болғаны 48 адам бітірген екен.

Сонымен, қазақ балалары үшін ашылған бұл мектеп жабылып қалды. Елдегі қоғамдық педагогикалық қозғалыстан сескенген халыққа білім беру министрлігі барлық типтегі мектептерді бірыңғай мемлекеттік мектеп жүйесіне бағыңдырды.

Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатыда ашылды.

Омбы мектебі оқушылардың аздығына қарамастан, Ақмола, Семей облыстарының қазақтарының арасында орыс білімін таратуда жағымды рөл атқарды.

1865 жылы 1 қыркүйекте Троицк қаласында бастауыш мектептің салтанатты ашылуы болды. Сонымен, Қазақстанда бастауыш орыс-қазақ мектебі ұйымдастыруда алғашқы қадам жасалды. Торғай қаласында Ыбырай Алтынсариннің ұйымдастырған орыс-қазақ бастауыш мектебінің жұмысын ерекше атауға болады. Бұл мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылып, бұл оқиға жас мұғалімнің өмірінде ерекше із қалдырды.

Алтынсарин 1864 жылы 10 наурызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: "Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім"1.

Мәселен, Ішкі Бөкей Ордасында мектеп жүйесі ұзақ мерзім Астрахан губерниясы училищелерінің директоры қарамағында болып келді, онда мектептердің негізгі түрлері екі жылдық орыс-қазақ және біржылдық үкіметтік, сонымен қатар старшин мектептері болды.

Торғай және Орал облыстарында (Орынбор губерниясына кірді) мектептердің негізгі түрлері екі жылдық уездік, біржылдық болыстық, орыс-қазақ және ауыл мектептері ашылды. Сырдария және Жетісу облыстарында (Түркістан генерал-губернаторының құрамына кірді) орыс түзем мектептері жұмыс істеді.

Сонымен, XIX ғасырдың II жартысында ашылған жаңа типті орыс-қазақ мектептері патша өкіметінің пікірінше, отарлау саясатын жүргізу мақсатына сәйкес келетін бірден-бір оқу орны болатынды.

3. Қазақ халкының мәдинеті мен әдебиетін жан -жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің негіздеріне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан дарынды ғалым, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұниден соң жеті ғасырдан кейінгі қазақтың XIX ғасырдағы тұнғыш ғалым. Шығыстану ғылымына елеулі үлес қосқаны үшін Шоқан 22 жасында орыс География қоғамының толық мүшесі болды.

Данышпан ғалым қазақ халқының жаттап алу кабілетін, шешендігін жоғары бағалады да, сондай кабілеті бар халыққа сауаттылық пен ғылым үйренудің қажет екенін дәлелдеп берді.

Данышпан ғалым қазақ даласындағы тәлім тәрбиенің басты құралы — жыр (өлең, терме, тақпақ, т.б.) деп, жырдың түрлеріне (жоқтау, қайым иесі, кара өлең, терме, эпостык, жырлар, ғашықтық жырлар) талдау жасап, олардың дүниетанымдык, тәрбиелік мәнін жоғары бағалады.

Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог, ақын-жазушы. Ол тоғыз жасында мектепке барып, В. Григорьевтен сабақ алған. Мектепте зейінді, терең ойлы, әр нәрсені өзінше топшылайтын шәкірт болған. Оны 1857 жылы бітірді.

Ыбырай халық ағарту жұмысын тандап, Торғай қаласында бастауыш мектептің мұғалімі болады. Оның ағартушылық-педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталады. Ол 1864 жылы мектеп ашты. Ыбырайдан білім алған балалар үш ай ішінде хат таныған. Ы. Алтынсарин өзінін оқу-тәрбие жұмысына Я.А. Коменскийдің, К.Д- Ушинскийдің гуманистік идеяларын енгізді. Сынып-сабақтық жүйе үшін күресті.

Балаларды оқыту мен тәрбие ісінде мұғалімдердің ролін жоғары бағалады. "Халық мүдделері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша жақсы педагогика кұралдары да, әбден мұқият жүргізілген инспектор бақылауы да окытушыға тең келе алмайды"- деп мұғалімдердің беделін көтерді. Өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі беріп, жылдык, қорытынды емтиханды өзі алып, өзімен бірге өзгеге де қатаң талап қоя білген.

Ы.Алтынсарин мектептерге арнап орыс әрпімен оқулықтар жазды, "қазақ хрестоматиясы", "қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылык" деген кітаптардың шығуы қазақ халқы мәдениеті тарихында аса зор оқиға болды. Хрестоматияға білімнін әр саласынан оқу материалдары енді. Оған "Бір уыс мақта" «әңгімесі, "Дүние қалай етсең табылады" өлеңі т.б. енгізілді. Хрестоматияда техника туралы (телеграф, корабль, поезд, темір жол) білімдер болды.

Ыбырай халықтык дәстүр, аңыз-әңгіме, мақал- мәтел арқылы оқыту мен тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Оны хрестоматияға баланы елжандылыққа,төзімділікке тәрбиелейтін халықтық білімдерді енгізгенінен көруге болады.

22 дәріс



Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы. (20-30жж.).

Дәрістің мазмұны:

  1. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс.

  2. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытылатын мектептер ашу туралы ойлар.

  3. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру

1. XX ғасырдың басында қазақ топырағыңда бір топ талапты ойшыл ақындар, ағартушылар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективтік қоғамдық жағдайлар. XX ғасырдың бас кезінде халқымыздың ояну деуірін туғызған алыптардың дүниеге келуі, тарихи кезең ой қайраткерлерін тудырды. Уақыттың талап етуі бойынша қабілетті жастардың тезірек өмір сахнасына шығуына негіз қаланды. Бүл - қоғамның заңы.

Капитализм XX ғасырдың басыңда Батыс Еуропа елдерінде империализмге ұласты, отаршылдық езгі күшейді. Соған сәйкес Ресейдің орталық аймақтарында революциялық қозғалыс, ал шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыс пайда болып күшие түсті. Ұлт аймақтарында өсіп шыға бастаған зиялылар өкілдерінің ұлттық сана-сезімі оянып, олар ұлттық теңсіздікке, өзгеге наразылын білдірді, бостандықтың жолын іздестірді.

Отаршылдыққа әбден наразы болып, ыза кернеген Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты ақындар, халықтың жерін тартып алу мен әдет-ғұрпын аяқ асты қылуға наразылық білдірді. Әр кезде, әр жерде Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұғанбетов, Амангелді Имановтар бастаған ұлт-азаттық көтерілістер бой көрсетті.

XX ғасырдың басында өзінің ілім-біліммен, ұлтжандылығымен, шығармашылық, теориялық терендігімен жарқырап, шоқ жұлдыздар шоғыры секілді, озық ойлы халқымыздың ояну дәуірін туғызған кемеңгер ұлдары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Меңдешев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Т.Жүргенов, Ә.Ермеков, С.Аспандияров, С.Қожанов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов сияқты озық ойлы бір топ қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шықты.

XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуына өздерінің сындарлы ағартушылық-ұстаздық қызметімен ерекше үлес қосқан Шәкәрім Қүдайбердиевтің, М.Ж.Көпеевтің, Ғүмар Қараштың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Нүғыман Манаевтың, С.Көбеевтің және т.б. есімдерін ерекше атауға болады.

XX ғ.бас кезі ірілі-ұсақты тарихи оқиғалармен ерекшеленді. Қазан төңкерісіне дейін де талай-талай саяси қақтығыстар мен теке тірестер болғанын тарихи құжаттар дәлелдейді. (Мәселен 1905 жылғы қаңды оқиға т.б.). Мұндай қақтығыстар мен толқулар, сөз жоқ, қазақ топырағына да ықпалын тигізбей қоймады. Тарихи жазбаларда болсын, әдеби шығармаларда болсын, бұл кезең сан түрлі саяси көзқарастар мен ой-пікірлердің түйіскен түсі ретіңде көрініс тауып жатқаны сондықтан.

Демократиялық қозғалыстың қазақ даласына әсер етуі занды еді. Орыстандыру саясатының салдарынан қазақтар өздерінің діни-рухани тұрғыдағы істерінен қағажу көрді.

Патша өкіметі қазақ даласын отарлау саясатын жүргізгенде әртүрлі кезеңдерге орай түрліше әдіс, айлалар қолданып отырған.

Патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байларының балаларына біраз білім беріп, олар үшін қазақ даласында орыс-қазақ мектептерін ашуға мәжбүр болды.

XIX ғ.екінші жартысынан бастап, қазақ даласында орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Орыс-қазақ мектептерін ашу арқылы қазақ даласында орыстандыру саясатын іске асырды.

XX ғ. бас кезінде Қазақстаңда педагогикалық ой-пікірдің дамуында және маман кадрларды даярлауда Ресей жоғары оқу орындарының рөлі ерекше болды. Қазақ зиялылары Ресейдің орталық қалаларының оқу орындарында жоғары білім алды. Әсіресе, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларымен қатар Ресейдің Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов және т.б. қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып, олардың қоғамдық-саяси көзқарастары.

XX ғ. бас кезінде Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуында сол кезде қазақ даласыңда жарық көрген қоғамдық-саяси және мәдени ағарту бағытындағы басылымдардың алатын орны орасан зор болды.

"Айқап" журналы қазақ тілінде 1911—1915 жылдары Троицкіде жарық көрді. "Айқап" журналының беттерінде білім беру, халық ағарту ісінің өзекті мәселелері көтерілді. Журнал қазақ мұғалімдерінің арасында кеңінен таралып, оның төңірегінде халық ағарту саласының алдыңғы қатарлы педагогикалық күштері топтасқан болатынды.

"Айқап" журналының XX ғ. бас кезінде Қазақстанды дамытуда негізгі сіңірген еңбегі ол жаңа тарихи жағдайда қазақтың көрнекті ағартушы-жазушыларының педагогикалық жөне ағартушылық дәстүрлерін одан әрі жалғастыруы және жетілуі болып табылады.

Кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жалпы алғанда редакция қазақ халқының жан-жақты білім беру мен ұлттық мәдениеті үшін күресті.

"Айқап" журналының белсенді авторларының ішінде белгілі ақын-жазушылар С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев, С.Торайғыров, М.Сералин және т.б.

1919 жылы Орда қаласында Ғұмар Қараштың басшылығымен "Мұғалім" журналы жарық көрді. "Мұғалім"

2. 20-жылдары педагог-теоретиктеріміз бен практиктеріміздің шығармашылық ізденістері қазақ мектептерінде көптеген демократиялық сипаттағы қадамдар жасалды, әсіресе, білім берудің мазмұнын анықтауға, оқу жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге бағытталды.

Қазақ АКСР-нің құрылуы, халық ағарту комиссариаты мен оның жанында Академиялық орталықтың ұйымдасуы, халық ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістер қарастырып отырған кезеңде республикада жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуына саяси-әлеуметтік және педагогикалық алғышарттар жасады, республикада жоғары педагогикалық мектепті құруға берік негіз қаланды.

Сонымен қатар, 1920 жыддары Қазақстаңда қалыптасқан халық ағарту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болды. Бүл ерекшеліктер негізінен Қазақстанның төңкеріске дейін мәдениет жағынан артта қалуына халықтың көшпелі өміріне, мектеп жұмысын ұйымдастыруда белгілі тәжірибенің болмауына, мұғалімдердің жеткіліксіздігіне байланысты болды. Көшпелі қазақ халқының жағдайы отырықшы аудандармен салыстырғанда мүлде өзгеше болды. Қазақ халқының осы ерекшеліктерін ескере отырып, алғашқы қазақ мектептері киіз үйлерде ашылды. Ал, алғашқы мұғалім-кадрлары арнаулы педагогикалық білімі жоқ, қысқа мерзімді курстарда даярланған адамдар еді.

Қазақстанда халықтың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысына байланысты интернаты бар мектеп-коммуналар ашьлды. Бұл мектептер өте қолайлы деп есептеді. Ол мектептер кейіннен жеті жылдық немесе тоғыз жылдық мектеп дәрежесіне дейін дамығандары болды. Ондай мектептерде негізінен жетім балалар толық мемлекет қаражатындағы мектеп-интернаттарға алынды.

Кеңестік жаңа мектепті құру жолы оңай болмады. Қазақстанда кеңестік мектептерді құру қиын болды. Бірақ өлкеде еңбекшілер ана тілінде оқитын кеңестік мектептерді қуанышпен қарсы алды. Оларға шынайы халықтық қамқорлық жасалды. Жаңа мектептер саны жыл сайын кебейе түсті, оқу-тәрбие ісі жақсара бастады. 1917-1920 жылдары елдегі азамат соғысының қиын жағдайына, шиеленіскен тап күресі мен шаруашылық күйзелісіне қарамастан, Қазақстанда жаңа ағарту жүйесі мен кеңес мектебін құру жолындағы күрес кеңінен өріс алды. Ағарту жүйесінің ескі басқару аппараты қиратылды, ескі мектептер мен медреселер қазақ, ұйғыр, татар, өзбек мектептері болып қайта құрылды. 1920-1921 оқу жылында мектептің жалпы саны 2410-ға жетті, бұл 1914-1915 оқу жьлымен салыстырғанда 399 мектеп артық еді. Ал оқушылар саны 144 мыңға жетті. 72 мың ересек адам 2412 сауат ашу пунктерінде оқып, хат таныды.

Қазақстандағы ұлт мектептерін құру жылдарында елдің көшпелі өмірі, сонымен байланысты халықтың бытыраңқылығы, қатынас пен байланыстың нашарлығы, мұғалімдердің аздығы, оқу үйлері мен оқу-құрал жабдықтарының тапшылығы үлкен кедергі болды.

1925 жылы Академиялық орталық жанынан "Жаңа мектеп" журналы ұйымдастырылды. Оның алғашқы редакторы, республика халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Молдағали Жолдыбаев болды. "Жаңа мектеп" журналы өз төңірегіне республиканың педагогика ғылымы мен ағарту ісінің көрнекті өкілдерін топтастыра білді.

Өзінің алғашқы құрылған күнінен бастап «Жаңа мектеп халық ағарту комиссариатының органы ретіңде халық ағарту ісінің ең негізгі және күрделі мәселелерін шешу үшін белсенді күрес жүргізді. "Жаңа мектеп" журналының арқасында мұғалімдер тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға, мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудің өзектті мәселелері бойынша пікір таласын өткізуге, теорияны мектеп тәжірибесімен тығыз байланысты дамытуға мүмкіншілік алды.

Журнал республикада педагогикалық және әдістемелік ой-пікірді дамытуда ерекше роль атқарды. Оның бетінде Қазақстанда жоғары педагогикалық мектептің даму мәселелеріне байланысты әртүрлі авторлардың мақалалары жарық көрді.

1922-1923 оку жылында Қазақстан халық ағарту комиссариатының есебінде берілген жалпы білім беретін мектептер үшін республикада мұғалім кадрларын даярлаудың жайы туралы мәліметтерін келтіретін болсақ, мәселен, 5 губерния бойынша (Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе, Торғай) барлық есептелетін 1870 мүғалімнің 145 адам, немесе 7,75 пайызы жоғары білімді, мұғалімдер институттарын бітіргендердің саны 27 немесе 1,7 пайыз, оқытушылар семинарияларын - 131 адам, немесе 7 пайыз, тұрақты педагогикалық курстарды 105 адам, немесе 5,6 пайыз, қосымша педагогикалық курстарды, гимназияларды, діни училищелерді және әйелдер институттарын бітіргендердің саны 198 адам, немесе 10 пайыз.

Жоғардағы келтірілген мәліметтерден мұғалімдердің 67 пайызының даярлығы қанағаттанғысыз болғанын кереміз. Бұл мәліметтерден біз мұғалімдердің көпшілігінің жалпы кәсіби даярлығының нашар екендігін аңғару қиын емес. Мұғалімдердің педагогикалык, және әдістемелік дағдысы мен шеберлігінің жетіспеуімен қатар, жалпы білім деңгейінің өте төмен дәрежеде болғандығын осы мәліметтер дәлелдей түскендей.

1921 жылғы 1-шілдедегі мәліметтер бойынша барлығы I сатыдағы — 5615, II сатыдағы - 116 мектеп болды.

Губерниялар бойынша мектептер төмендегіше орналасты (1 шілде 1921 жыл).



Рет саны

Губерниялар

I сатыдағы мектептердщ саны

Окушылардьш саны

II сатыдағы мектептер саны

Оқушылардыи саны

1

Орынбор

1096

158354

41

6560

2

Ақтөбе

928

43095

5

140

3

Қостанай

627

44260

8

628

4

Орал

575

43000

6

793

5

Семей

862

76186

26

3100

6

Ақмола

869

58990

25

2955

7

Бөкей

847

68994

4

4105

8

Адай

11

772

1

12







5815

493651

116

18293

Жалпы оқушыларды мектепке тартудың көрсеткіші 100 тұрғынға шаққанда 88 оқушыдан келеді екен. Бұл бір қарағанда жоғары көрсеткіш сияқты көрінгенімен, бірақта мектептің жағдайы өте нашар болды, жұмыс стихиялы түрде іске асты, оқытушы кадрлар жетіспеді. Сабақ белгілі бір жүйесіз және оқу бағдарламасыз жүргізілді. Мектептің көптүрлілігі қалыптасты. 9 жылдық мектептермен қатар 11 жылдық мектептер жұмыс істеді.

Мысалы, Семей губерниясьның мектептерінде 1922 жылы барлық қазақ мектептерінің ішінен тек қана 10 пайызы өз мамандығына сәйкес жұмыс істеді, оның ішінде педагогикалық даярлықтың өзін айтпағанда, жалпы элементарлық білім негіздері жоқ кездейсоқ адамдарды да кездестіруге болады.

Мұғалім кадрларын даярлаудың өте төмен деңгейде екендігін Ақмола губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісінің баяндамасында айтылған болатынды:

I сатыдағы мектептердің мұғалімдері тек ғана сауат ашумен айналысады, оның 10 пайызы ғана арнаулы білімді жөне балаларды II сатыдағы мектептерге даярлауға мүмкіншілігі бар мұғалімдер болып табылады.1

1930 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР үкіметі 1930-31 оқу жылынан бастап, Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы декретке қол қойды. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу және жетіжылдық мектепті дамыту, мұғалім кадрларын, әсіресе, ауыл мектептері үшін даярлауды арттыруды талап етті. Қазақстанның қейбір аудандарында 30 пайыздан 60 пайызға дейін мұғалімдер жетіспеді.

1931 жылы республикада оқуға тартылған балалардың 340 мыңнан 540 мыңға дейін өсуі, мектеп жасындағы балаларды мектепке тарту 1930 жылы 22 пайыз болса, қазақ ауылдарында 63 пайызға жетті, әсіресе жергілікті халық пен шығыс халықтары қыз балаларын мектепке тарту елеулі өсті.

Әсіресе, 30-жылдардың бас кезінде ерекше мән берілген мәселе Қазақстанда жалпыға бірдей бастауыш білім беру мәселесін кең көлемде мемлекеттік деңгейде орындауда, оған жетекшілік етуде көрнекті мемлекет қайраткері, ағартушы-педагог 1929-1931 жылдары республика халық ағарту комиссариатын басқарған Нұғыман Манаев (1894—1938 ж.ж.) ерекше рөл атқарды. Ол жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы заңды орындау, мектептер ашу, ауыл мектептері үшін мұғалім кадрларын даярлау, жоғары және арнаулы оқу орындарын ашу, мектептер мен жоғары оқу орындарына оқулықтар мен оқу құралдарын бастырып шығару жұмыстарын Нұғыман Манаев бастаған халық ағарту комиссариаты осы қаулының орындалуын қамтамасыз ететін нұсқаулар жасап, жер-жерлерге жіберді. Жалпыға бірдей білім беру қоры құрылды.

30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қарарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құруда және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің 30-жылдардағы қаулыларына баға бергенде, кезінде елеулі кемшіліктердің орын алғандығын атап өткен жөн.

1931 жылы 5 қыркүйекте "Бастауыш және орта мектеп туралы" қаулы шықаннан кейін мектеп оқушыларының жалпы білім беретін даярлығына мән беру ерекше артты. Еңбекке деген көзқарас біртіндеп бәсеңси бастады. 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды.

"Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы" (1932 жылы 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламалардың қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындалуға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды.

Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы "Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы" қаулысында педагогикалық ілім жалпы алғанда ғылымға жат ілім деп танылды. Бұл қаулыда өрескел жіберілген кемшіліктердің біріне педагогиканы буржуазиялық ғылым деп біржақты негізсіз сынауын жатқызуға болады.

Педагогтарға тағылған ең негізгі кінә - олардың оқушылар арасында зерттеу және тесті жүргізуін "партия тарапынан бұрын сыналған" жалған буржуазиялық әдіс деп есептеді.

Оқушылардың ақыл-ой дамуы мен қабілеттілігін зерттеу үшін қолданылған бұл әдістерді "оқушыларға зиянды, кеңес мектебінің міндеттеріне қайшы келетін таптық педагогикалық ілімді кеңес жағдайына сын көзбен қарамай енгізу" деп өрескел бұрмаланған еді. Осы қаулының негізінде көптеген педагогикалық оқу орындары жабыльш қалды.

Біз бүгін 30-жыддары қабылданған партия мен үкіметтің қаулыларын бағалағанда, 20 жылдардағы мектепке тән жаңашылдық ізденістерді бірден-бір жоққа шығарған құжат ретінде қарауымыз керек. Бүгін де білім беру мен тәрбиенің бірлігі мәселесі — өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да өткендегі кемшіліктерді білу, бүгін де жоғары және орта мектеп өмірінде болашақ мұғалім кадрларын даярлау жүйесінде қайталамау үшін қажет.

Бұл жіберілген кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың бас кезіндегі орта және жоғары мектеп туралы қаулылардың Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогика ғылымын дамытуда ерекше роль атқарды.

Орта және жоғары мектепті қайта құру — бүгінгі таңда да күн тәртібінен түспей отырған мәселе. Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жаңарулар орта жене жоғары мектептің алдына ерекше міндеттер жүктейді. Оны дамыту үшін 20-жылдар мен 30-жылдардың бірінші жартысында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының көрнекті қайраткерлері елеулі еңбек сіңірді. Олар білім беру жүйеміздің негіздерін құруда жаңа педагогикаға өлшеусіз үлестерін қосты.

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен партияның "Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы" (15 мамыр 1934 жылғы) қаулысы қабылданғанға дейін Қазақстанда мектепте білім берудің төмендегі жүйесі қалыптасты:

Біржылдық-екіжылдық-үшжылдық және жартыжылдық бірінші сатылы мектептер.

Қазақ халқы үшін мектеп коммуналар.

Екі концептрден тұратын жетіжылдық мектептер (қалаларда және орыс деревняларында).

Үш концептрлі (қалаларда) екінші сатылы мектептер (тоғызжылдықтар).

Жұмысшы және шаруа жастарына аяқталған орта білім беретін жұмысшы факультеттер.

Сонымен қатар Қазақстанда жеткіншектер үшін арнаулы екі жылдық мектептер ашылды. Бүл мекгептерге бірінші кезекте кедейлердің балалары, 14 тен 17 жасқа дейінгі жетім балалар мен жартылай жетім балалар қабылданды.

23 дәріс



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет