Ойын арқылы балалардың ой—өрісін жетілдіру. Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»



Дата29.03.2017
өлшемі416,55 Kb.
Ойын арқылы балалардың ой—өрісін жетілдіру.

Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.


Ойын процесі - тәрбиешінің пәрменді құралдарының бірі. Ойын арқылы балалардың ақыл - ой, адамгершілік,дене тәрбиесі жүзеге асырылады. Баланың жеке басының қалыптасуындағы ойынның маңызы ерекше. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Педагог «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, әрбір жас тобына арналған ойын түрлерін талапқа сай іріктеп алып жоспарлайды. Балабақшада ойынның мазмұнына қарай мына түрлері ұсынылады. Құрылыс материалдармен өткізілетін ойындар. Қимылды ойындар. Дидактикалық ойындар. Сюжетті – рөльді ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар.Аталған ойындарды, балалардың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып, сыпайы, әдепті мінез - құлық дағдыларын және бірлесіп іс-әрекет ету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі, басқалардың талап тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес зейінін дамытуға болады. Сәбилер тобының балаларының барабан соғу арқылы, не болмаса ойынның мазмұнына сәйкес үлкен ойыншықты жоғары көрсету арқылы тез жинауға болады. Ойынға жинау ұзаққа созылса, олардың ойынға деген ықыластары кеміп, ойын тәртібі бұзылады. Олар тәрбиеші не істесе соны қайталайды, оларға ертегілердің драмалық түрлері қолайлы. 
Мысалы: «Шалқан», «Бауырсақ», т.б. ертегілер арқылы драмалау достыққа,жолдастыққа деген ұғымдар қалыптастырылады. 
Балалар шығармашылық ойын барысында жүгіріп ойнаумен қатар қуыршақтың көйлегін түймелейді, шашын тарайды, киіндіреді, ыдыс жуу, жинау пайдалы дағдыларға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты ойдағыдай дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Сюжетті - рөльдік ойынды ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік.
1-тәрбиеші сюжетті-рөльдік ойынды өзі ұсынады. Балаларды рольдерге бөліп, ойын шартын өзі айтып түсіндіреді.
2-тәрбиеші араласпайды. Ал, енді осы екі жолда да балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Себебі бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіре алмайды да тез арада тарқап кетеді. Ол үшін айналада қоршаған дүниені бақылатып, түрлі құрылыс объектілеріне экскурсияға апарып, көркем шығармаларды оқып таныстыру қажет. Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажет әртүрлі машықтарды қалыптастырамыз. Олар мыналар: тұрмыстық машықтар - ойыншықтарды ретімен орнына жинау, өндірістік машықтар - өзінің жұмыс орнын таза ұстау, ұжымдық өмірдің машықтары - жолдасына дер кезінде көмек беру, мәдениетті сөйлеу машықтары - сыпайы қарым-қатынас жасауы, көркемдік машықтар - ән айту, би билеу ертегі айту. 
Берілген тапсырманы орындау екі кезеңнен тұрады: 1-ші кезенде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың есте сақтауына, ойлануына, белгілі бір іс-әрекет қабылдауына ықпал ететін болса, 2-ші кезенде жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе, қайтадан түсіндіру, орындалу барысында көмектесу қажет. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, жан жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата ананың үлесі зор. Дидактикалық ойындарды көбінесе сабақ үстінде немесе сабақтан кейін үлкендердің қатысуымен орындалады, өйткені мұнда балалар әлі игере алмаған ұжымдық қарым-қатынас дағдысы талап етіледі. Дидактикалық ойыншықтар балалардың дербес әрекетін ұйымдастыру үшін пайдаланылады, себебі олар баланың ақыл-ойын, сенсорлық және тіл байлығын дамытады. Ойынның дамуы мен балалардың тұрмыс тіршілігін ұйымдастыруда ойыншықтарды баланың жасына лайықтап таңдап орналастыра білудің маңызы ерекше. Егер бала өз бетінше ойын таңдай алмай,мақсатсыз,әрнәрсені бір ұстап,онымен не істеу керектігін білмей отырса, көмектесу қажет.Мысалы: баланың қасына келіп құрылыс материалдан машина қоятын гараж жасайық деп бастап, енді өзің аяқта да ішіне машинаңды орналастыр - дейді. Топтағы ұялшақ, жасқаншақ балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың өзіне деген сенімін оята білу керек. Жаздың ыстық кезінде суға, құмға қатысты ойындар ұйымдастыруы қажет. Бұл кезде балалар құмның сапасымен, не үшін қажеттілігін, судың қасиеттерімен танысады. Әдетте балалар қимылды ойындарды жақсы көреді, бірақ балаларды дер кезінде жылдам жинап ойынға жұмылдыра қою тез бола бермейді. Бала қолындағы ойыншығын қимайды. Сондықтан оларды ойынға тарту үшін қолайлы уақытты таңдай білу керек. Қолайлы уақыт деген балалардың көңіл күйі, шаршамауы, қимыл қабілеті т.б. жағымды жағдайлар кіреді. Балалар өздерінің ойынында негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезеңіне дәл келетіні ақиқат. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал-ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.
Танымдық ойындарының маңызы

Мақсаты:
Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.


Міндеті:

1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады.
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принциптерін ескеру тиіс:
• Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығының арттыру.
• Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
• Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
• Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
• Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
• Ойын ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
• Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-әрекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
• Ойын - ол диагностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды , жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, Үстел үсті ойындары ұлттық ойындар болып бөлінеді.



XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне , дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды.Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді.Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді. 
- Таңертеңгілік жаттығу 
- Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары. 
- Спорттық жаттығулар. 
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн әртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері , ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар). 
Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады .Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді.Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н.Г.Хольнова мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын- алу жаттығуларын жасатамыз.Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді.Балабақшамыздың медбикесі С.Еңсепова балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын –алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді.Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.

Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.

Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет).

Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.

 Дене жаттығуларының  әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.

Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.

Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.

Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.

Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.

Маңызды ұйымдастырылған  топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.

Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.

Күш-қуат - ол адамның  бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына себепші жаттығуларға – көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.

 Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т.б. қолданылады.

Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар жатады.

Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.

Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.

Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті (мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).

Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру

қабілеті. Мысалы, спортта  шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық (мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты көтеру, т.б.).

Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру, жүгіру шаң- ғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.

Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті, бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады.

Қимыл амплитудасы икемділік  қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып  табылады.

Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға, артқа, жан- жаққа түру.

Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағды- сымен тығыз байланыста, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық, үстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі - адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін төрбиелеу.

Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жүмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.

Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі - жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттың тех- никаны оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.

Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және политехникалың оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.

Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дене жаттығуларымен жөне дене төрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты ңызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі қабылдауға жөне есте сақтауға көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды. Дене шынықтыруды ақыл-ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.

Дене шынықтыру мен  ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.

Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.

Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығушылыққа айналдыруға көмектеседі. Мүндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру, спорттық құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдың мүлікке жауапкершілікпен қарау сияқты жұмыстар жатады.

Дене шынықтыру үрдісінде  оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы  тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін тәрбиелеуде спорттың жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені, спорттың этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.

Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттың сезімін тәрбиелейді.

Дене шыныңтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз бай- ланысты. Дене шынықтыру арңылы ңимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене түлғасының сүлулығы, өсемдігі, мө- нерлігі, киімі, дене шыныңтыру жабдыңтарын, айнала- да ңоршаған бүкіл ортаның өдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дүрыс бағалау қабілеті дамиды. Дене жаттығула- ры өсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, сенімді болады.

Мерекелерде дене шынықтыру  шерулерінде, көпшілік би жаттығулары  мен гимнастикалық ңойылымдар эстетикалың сезімге бөлейді. Бүл жаттығулар көркем гимнастика, коньки тебу арңылы өр түрлі фигуралар жасау болып табылады. Аталған жаттығулар эстетикалың төр- биенің негізгі талаптарының орындалуына сөйкес келеді.

Дене шынықтыру сабақтары  көбінесе табиғи жағдай- да өткізіледі. Мүндай сабақтар кең-байтаң Отанымыздың табиғат сүлулығынтанып-білуге көмектеседі.

Дене шынықтыру политехникалық оқу жөне еңбек төрбиесіне өсерін тигізеді.

Дене шыныңтыру қүралдарын еңбек процесінде пай- далану денсаулықты  жақсарту, дененің сапалың қасиет- тері күш-ңуат, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тербиелейді.

Дененің дамуына, политехникалың оқытуға дене төрбиесіне қажетті ңүрал-жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткіэөтін орынды өзірлеу жатады.

Дұрыс үйымдастырылған еңбек балаларға ңажетті еңбек дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік,

күш-қуат, төзімділік ңасиеттерімен  бірге денесінің дамуы- на өсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін  ауыс- тыра алмайды. Себебі еңбектің қай  түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға өсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында өр түрлі дене жаттығуларын (де- ненің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шыныңтыру барысында күш жүмсала- тын жаттығуларды орындау қажет (үжымдың түрде са- баққа қүрал-жабдық дайындау, спорттық қүралдарды реттеу, жөндеуден өткізу). Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.

2.2. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері

Біздің елімізде дене шыныңтыру маңсаттары, міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім езінің наңты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты ңоғам ңүру шарттарының бірі ретінде қаралды.) Біздің елімізде дене тәрбиесінің маңсаты - өмір- ге, еңбекке жәнө Отанды ңорғауға даярлау болып табылады. Бүл маңсат адамдардың дене шыныңтыруды жүзе- р ге асыратын барлың мекемелер мен үйымдар үшін бірдей болады. `

Дене шыныңтырудың аталған  маңсатына сөйкес төмендегідей міндеттерді  шешу ңарастырылады:

Сауықтыру міндеттері: денсаулыңты  нығайту, де- нені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың үзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.

Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іо- керлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, үйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.

Тербиелік міндеттері: жан-жақты  төрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық  жөне еңбек төрбие- сіне ықпал ету.

Бүл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жас- тарға байланысты олардың  жас ерекшеліктеріне, денсау- лық  жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.

Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене төрбиесі жүйесінің негізгі 

белгілері болып табылады.

Дене шынықтыру жүйесінің  мақсаттылығы - жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене

тәрбиесі- мен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.

Дене шынықтыру жүйесін  одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулы- ларда көрініс тапқан.

Дене шынықтыру жүйесінің  халықтығы - оның өмір талабына сөйкестігі. Еліміздің түрғындарының денсау- лығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамның өл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, үлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.

Халықтың дене шынықтырумен айналысу- мемлекеттік маңызды іс.

Ғылымилық - дене шынықтыру  жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу қүралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру қүрал-жабдықтарына қойылатын та- лаптар анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуы- ның, дене әзірлігінің өлшем көрсеткіштері жасалады.

Зерттеулер нәтижесінде  алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік  мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы төжірибесінде жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру мәселелерін  негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге  жүмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар жүргі- зіледі.

Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан қүрыл- ған.

 Мектеп жасына дейінгі  балалар дене шынықтыруы (отбасында,  балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жас- қа дейін).

9 жылдық және орта  мектепте, арнаулы оқу орындарындағы дене шынықтыру. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайындық дене шынықтыру.

Қала, ауыл азаматтарының  дене шынықтыруы, өз еркімен үйымдастырылған  спорттық қоғамдар.

Сонымен қатар, дене төрбиесі сауықтыру-профилак- , тикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде үйымдастырылады.Дене шынықтырудың негізгі қүралдары: дене жатты- ғулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) жөне еңбектегі гигие- налық жағдай.

Дене жаттыгулары. Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік қүралы. Дене жаттығулары адам- ға жан-жақты эсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығула- рының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мүндай жағдайлар:



  • жаттығулар түрлерінің ағзаға өр түрлі эсер етуі;

  • дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;

  • жаттығулар өлшемі, үзақтығы, саны жас ерекшел\- гіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;

  • сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.

Жасөспірімдер мен балаларды  дене төрбиесіне тәрбие- леуде эр түрлі жаттығулар түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін іске асыруда жаттығулар тиім- ділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми түрғыда қарау мен дене

жаттығуларының денеге өсерін қадағалау қатаң есеп бе- руд і талап етеді.

Гимнастика - дене шынықтырудың не- гізгі қүралының бірі - адамның  денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелген дене жаттығуларының ағзаға өсері, қозғалыс іскерлік дагдыларын дамыту, ерік- жігер ңасиеттерін  ңалыптастыру, сондай-аң дене дамуын- дағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.

Гимнастика жаттығулардың  өр түрлілігі, ең қарапа- йым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жат- тығулардан, снарядсыз жасанды  жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан- жаңты өсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмаңтың нақты реттелуі арңылы ерекшеленеді.

Гимнастикалық жаттығулар өдемі, көркем, мөнерлі, нақты орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға эсер ететін салмаңты реттеудің дене қызметімен қатар, емдік маңы- зы бар.

Әр түрлі жастағы  спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда атал- ған ерекшелікті дөлелдейді.

Дене шынықтыру жүйесінің  даму кезеңінде гимнас- тиканың міндеттері анықталып жөне олардың түрлері  белгіленеді.

а)    негізгі гимнастика;

б) гигиеналық гимнастика;

б) спорттық гимнастика;

в) акробатика;

г) көркем гимнастика;

д) қолданбалы гимнастика, оның қүрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік жөне емдік гимнастика жатады.

Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті - денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру жөне жалпы дене дайындығы, түлғаны дүрыс қалыптас- тыруға төрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дөрежесін арттыру жөне дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі гимнастикаға: сапқа түру жөне қайтадан сап- қа түру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, ңолданба- лы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар жөне қимыл қозғалыс ойындары жатады.

Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар жөне бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарының жөне жоғары оқу орындарының міндетті оңу бағдарламасында маңызды орын а лады.

Негізгі гимнастика спорттың өр түрімен айналысуға ңажетті алғашңы  кезеңнің негізін қалыптастырады.

Гигиеналың гимнастиканьщ  міндеті - адам денсаулы- ғын нығайту, денесін ңалыптастыру, денесінің  дамуын жөне жүмыс істеу ңабілетін  жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканьщ негізгі міндеті - жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзаның негізгі жүйелерінің - тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу, бүлшық ет топтарының жүмыс істеу қызметін нығайту.

Гигиеналың гимнастиканьщ  кең көлемде ңолданатын түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Гигиеналың гимнастикамен жеке жөне топ түрінде айналысады. Жеке адам гимнастикамен күнделікті үйқыдан кейін айналысады. Осы жағдайда ертеңгілік гимнастиканың қүрылы- сы ңарапайым, жалпы дамыту жаттығулар тобынан ңүрылады. Бүл жаттығулар тобына кең көлемді жүрт- шылың үшін радиохабарлар арңылы берілген жаттығулар үлгісі жатады.

Гигиеналық гимнастиканың  топтың түрі балалар үйін- де, мектеп интернаттарында, жазғы демалыс  лагерінде, балалар алаңдарында, демалыс  ойындарында, сауыңты- ру мекемелерінде, өндіріс орындарында өткізіледі.

Жеке жөне топтың сабаңтар ңысңартылған дене төрбие- сі сабағы болып табылады. Сабаң ңүрылысына жаттығулар топтары: сапқа түру жөне қайтадан сапқа түру, кедергілерден өту, снарядтарда жаттығулар түрлерін орындау кіреді.

Спорттық гимнастика - дене шынықтыру ңүралдары- ның бір  түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененің

қалыптасуы мен спорттың шеберліктің жоғары дәреже- сіне жетуге бағытталған адамның икемділігін  жетілдіру болып табылады.

Оқу жүмысында спорттың гимнастиканың жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастика- лың жарыстар өткізіледі.

Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік ңа- сиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кө- мектеседі, өз денесін ширақ меңгере  білуге, үшңыр сезім- талдықңа, батылдыққа, табандылыңңатөрбиелейді. Ак- робатикалық жаттығулар - алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік түру. Акробатикалың жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снарядсыз және сна- рядтарда орындалады.

Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.

Көркем гимнастика ңимыл-ңозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа  ие. Көркем гимнастиканың негізгі  жаттығулары - қимыл-ңозғалыстың жоғары әсемділі- гін, үйлесімділігі мен  мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика сияңты спорттың бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйел- дер айналысады.

Көркем гимнастиканың  мазмүнынан арнайы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-аң акробатикалың жаттығулар орын алады.

Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, эр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір ңимыл-ңоз- ғалыстар, өр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, қүрсаулар, орамал, жалауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады. 

Қорытынды: 

Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.

Мектепке дейінгі  балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене  тәрбиесі – жалпы  тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Курстық жұмысымды  қорытындылай келе мектепке дейінгі  балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми - теориялық алғышарттары тұлғалық – бағдарлық, іс – әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Теориялық әдіснамалық тарауларға сүйене отырып дене тәрбиесіндегі негізгі ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда шешуші рөл атқаратындығы анықталды.

Кіріспе 
1    Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздері     


1.1 Ойын түсінігі 
1.2 Мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызы 
2 Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу     
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет 
2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар 
3 Тәжірибелік бөлім 
Қорытынды 
Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе 


Мектеп жасына дейінгі  балалар болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.  
 
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгіт балалардың ойын әрекетін дамыту 
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды: 
-    Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу
-    Ойын түсінігін ашу; 
-    Мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызын көрсету; 
-    Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау; 
-    Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу; 
-    Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарға сипаттама беру; 
-    Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру. 
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері 
Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды 
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралыболып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.  
 
1.1 Ойын түсінігі 
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. 
 
1.2 Мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызы 
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. 
 
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет 
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.  
 
2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар 
Осыдан келіп ойын туралы мынандай  тұжырым   жасауға болады: 
-    ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  тәрбиелейді.  
-    ерік жіне мінез  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.  
-    ұжымдық сезім  әрекеттері өсе түседі.  
-    эстетикалық тәрбие беру -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.  
-    еңбек тәрбиесін беру  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді.   
-    дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.  
 
3 Тәжірибелік бөлім 
Ойын - әр баланың ақылдылық, өнегелілік, эстетикалық және денесінің өсу мәселесін құрастыратын қызметтің ең ұтымды түрі, ол тәрбие мен қоршаған ортаның әсерімен дамиды. 
 
Қорытынды 
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 

Каталог: wp-content -> uploads -> filesRef
filesRef -> Студенттерді ғылыми-зерттеушілік қызметіне дайындау жолдары
filesRef -> Компьютерлік технология
filesRef -> Таукент 2016ж Дайындаған: Ж. Аженова
filesRef -> Қазақтың ұлттық ойыны – «Тәуекел» Бауржанов Азамат Бауржанулы «Рыков атындағы орта мектебі»
filesRef -> Сабақ жоспары: Химия. 11 сынып Сабақ тақырыбы: «Спирттер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
filesRef -> Сабақтың тақырыбы Санды өрнек. Санды теңдік (теңсіздік), айнымалысы бар өрнек, теңдеу
filesRef -> Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша
filesRef -> Сабақ өтілетін күн: Орны: информатика кабинеті Барлық оқушы саны: 10 Қатысқаны: 10 Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу