Қойшекенова Жұлдызай Сұңғатқызы 9 сынып оқушысы. Ай атаулары



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі132,61 Kb.
#7085
1   2   3

Ауа


Егіздер


Байланыс, қарым – қатынас орнатуға бейім, ақпараттарды шапшаң игереді, өзгерістерді тез қабылдайды.



Егіздердің сүйікті ісі әр алуан: шет тілдерін меңгеру, бимен айналысу. Бос уақытында сөзжұмбақтар шешіп, кітап оқып, кино көргенді ұнатады. Шытырман оқиғаға толы саяхаттарды жаны сүйеді. Бос уақытын достарына не болмаса сүйіктісіне арнағанды жөн санайды.Шығармашылықпен (мақала, әңгіме жазу) айналысу да–оның сүйікті істерінің бірі. Олардың сүйікті істері көбіне техникамен, ақпаратпен байланысты болып келеді. Кейде радио тыңдауға уақытын аямай арнайды.



Таразы



Таразының сүйікті ісі шығармашылықпен байланысты болып келеді: сурет салу, би, әдебиет. Ол үтік, сағат, кітап жинағанды жақсы көреді. Өнерді сүйетін және оны бағалай білетін Таразы көпшіліктен ерекшеленіп, өнердің шыңына жетуді мақсат етеді. Олардың кейбірі өнер тарихын зерттесе, енді бірі әнжинақтарын, тағы бірі (әйелдер қауымы) өзіне ұнайтын киім үлгілерін жинайды. Әйел–Таразылар көбінесе бос уақыттарын дүкен аралауға арнайды.



Суқұйғыш



Суқұйғыштың сүйікті істері: жергілікті өнер орталықтарында өнер көрсету, жәндіктерді суретке түсіру, компьютер бағдарламаларын құрастыру. Кез келген істе қасында ақыл қосатын жандардың көп болғанын қалайды. Ол үшін өмірдің мәні–достарымен бірге болу. Дегенмен жалғыздықты жаны қалайтындары да жоқ емес. Олар әдетте дәлеледенбеген теориялармен жұмыс істеп, анық жауабы жоқ пәлсапалық сұрақтарға жауап іздеумен уақыт өткізеді. Қызығы-солардың шешімін табуы мүмкін.

Су



Шаян



Енжар, сенгіш, әсерленгіш, шынайы, сезімтал, есте сақтағыш, қабілетті, күшті, алғыр, зерек, бауырмал, ізетті.



Шаян өз үйін, бөлмесін безендіргенді жақсы көреді. Қолы қалт етсе, гүл егумен, тәтті тағам пісірумен, үйге қажетті нәрселерді тігумен айналысады. Кей Шаяндар демалыс күндерін қолына құрал–саймандар алып, үйінің жөндейтін жерлерін жөндеумен өткізсе, еш өкінбейді. Егер оның саяжайы бар болса, барлық бос уақытын сонда жұмыс істеуге арнайды. Яғни олар бос уақытында үй тірлігімен айналысқанды жақсы көреді.


Сарышаян



Сарышаян өзгелерге ұқсағысы келмейді. Сүйікті ісін де ешкімнің қалауына ұқсамайтын етіп таңдайды: пайдалы қазбаларды зерттеу, тауға шығу, әдебиетке жақын адамдармен пікірлесу. Олардың басым көпшілігі тәуекелшіл келгендіктен, қауіпті әрі күрделі істермен айналысқанды жақсы көреді. Сонысымен өзіне және айналасына бойындағы бар қабілетін мойындатқысы келеді. Бәрінен шаршаған кезде оңашалықта шытырман оқиғалы кітап оқуға ұмтылады.


Балықтар



Балықтардың сүйікті істері–музыка, кино, би, қолөнер, суретке түсіру, тігу. Бұл белгінің өкілдері шығармашылық орталарда жиі кездеседі. Ол тылсым дүние құпияларын тануға құштар. Оған қиялмен өмір сүру ұнайды. Егер Балықтар армандарына жете алса, олардан тамаша жазушылар, музыканттар, суретшілер шығады. Ол үшін мақсатты түрде еңбек етулері керек.

Каталог: uploads -> doc -> 03c5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03c5 -> Мерекелік кеш Тәрбиеші: Клышбаева З. Ж 2016 – 2017 оқу жылы «Армысың наурызым»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет