Ойтоған ауылдық округі бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы



Дата26.06.2018
өлшемі33,16 Kb.
#44734
Ойтоған ауылдық округі бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

Ойтоған ауылдық округі: Ойтоған, Үлгілі атты екі елді мекеннен тұрады. Округ бойынша барлық халық саны – 940 адам, яғни 167 отбасы Ойтоғанда, 15 – отбасы Үлгілі ауылында тұрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда халық саны көбейіп отыр, округ бойынша жыл басынан 15 адам жұмыссыздар ретінде тіркелінді. Олардың 5-уі жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендер саны-12 адам.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы щеңберінде атқарылған жұмыстар, барлығы берілген жоспар бойынша атқарылды. Жастар практикасымен ауылдық әкімшілікке 1 адам келіп, тұрақты жұмысқа орналастырылды, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына «Ақтөбе» шаруа қожалығына Тундебаев Данияр жұмысқа орналастырылды. Жоғарыда айтылған бағдарлама щеңберінде несие алуға жұмыссыз, аз қамтылған отбасыларынан барлығы 5 өтініш түскен , оның ішінде 3 жұмыссыз Досымбекова Орынбала 1 млн, Досымбекова Сандуғаш 1 млн 300 мың теңге, Түменбай Бейбіт 2 млн 200 мың теңге көлемінде несие берілді.

Салық төлемдеріне келсек 2016 жылға берілген барлық салық төлемдерінің жоспары толықтай 100 пайызға орындалды:


Салық түрлері

Жоспар

Орындалғаны

%-есебімен

Мүлік

13000

13000

100

Жер

55000

55000

100

Көлік

385000

385000

100

Барлығы:

453000

453000

100



Білім саласы

2016 – 2017 оқу жылы 142 оқушымен басталып , І жарты жылдық қорытындысы бойынша 143 оқушымен аяқталды. Оқушылар қозғалысы бойынша мектеп есебіне 3 оқушы қабылданды, мектеп есебінен 2 оқушы басқа мектепке ауысып, есептен шығарылды.

І жартыжылдық қорытындысы бойынша 1 – 4 сыныптардың білім сапасы – 53 %, 5 – 9 сыныптардың білім сапасы - 63,2 %, 10 – 11 сыныптардың білім сапасы – 50 ℅. Мектеп бойынша 1 – 11 сыныптардың білім сапасы – 58,4 %. Оқу үздіктері – 23, екпінділер саны - 50.

2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 70, 2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 75.

Мектепте 25 ұстаз, 4 тәрбиеші қызмет атқарады. Мектеп ұстаздары жоғары білімді - 24 ұстаз, арнайы орта – 1 маман. Біліктілік санаттары бойынша жоғары санатты- 3 ұстаз, І санатты – 7 ұстаз, ІІ санатты – 10 ұстаз, жалпы санатты – 5 ұстаз қызмет атқарады. І деңгейлік курстан тарих пәнінің мұғалімі Борангүл Ментайқызы Хасенова, ІІІ (базалық) деңгейлік курстан бастауыш сынып мұғалімі – Байбарақ Ақмарал және география пәнінің мұғалімі Заманбекова Айнұр өтті. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 – сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімі, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі өтті.

«Дарын» ғылыми жоба жарысының Облыстық кезеңіне 9 – сынып оқушысы Тлеубай Бақыт информатика секциясы бойынша, биология секциясы бойынша 11 – сынып оқушысы Бекболатқызы Дания қатыстырылып ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі: Дария Алғожаева.

Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 9 – сынып оқушысы Кәріқұл Айдана қатасып, облыстан І дәрежелі димломмен және медальмен марапатталды. Пән мұғалімі: Борангүл Хасенова.

Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» республикалық интернет байқауында мектеп оқушылары Тұрсын Дана, Жұматай Ернұр ІІ дәрежелі дипломмен, Мұратбек Жадыра сертификатпен марапатталды. Пән мұғалімі: Шешенгелдинова Асем Турсыновна.

Мектеп мұғалімдері мектепішілік, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, аудандық «Жас маман – 2016», «Үздік активстудио» байқауы информатика пәнінің мұғалімі Оспанбек Қуаныш Жұмабекұлы ІІ орын, «Үздік тарихшы»байқауында тарих пәнінің мұғалімі Борангүл Хасенова ІІ орын, «Үздік сынып жетекшісі - 2016» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асем Шешенгелдинова ІІ орын, «Үздік флипчарт сабағы» химия пәнінің мұғалімі Жеңіс Ұлжаныс ІІ орын, аудандық «Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен функционалдық сауаттылығын пәнаралық байланыс арқылы дамыту» тақырыбында аудан педагогтары арасында өткен конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Асем Шешенгелдинова қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Шағын орталық тәрбиешісі Самал Кумарбаева «Ең үздік әзірленген флипчарт сабақтары»атты мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері аралығында өткен байқау «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясын иеленді. Сонымен қатар аудандық «Жыл мұғалімі - 2016» байқауында тарих пәнінің мұғалімі Борангүл Хасенова, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік педагог», «Деңгейлік бағдарлама педагогикалық ізденіспен озық тәжірибе» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Байбарақ, Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы», «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес,Кіші сержант Қалқаман Еркебұлан,Авиация генерал-майоры Талғат Бигельдинов медалімен марапатталды. «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Төрағасы «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев медалімен марапатталды . «Үздік мектеп кітапханашысы – 2016» байқауына Қызжібек Жанабилова қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ыбрай Алтынсариннің 175 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім Ғылым Министрілігінің «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы Акционерлік Қоғам филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне тарих пәнінің мұғалімі Борангүл Хасенова қатысып, арнайы «Сертификатпен» марапатталды.

2016 жылдың мамыр айының 12 күні Талдықорған қаласында өткізілген «Ең үздік Activstudio презентациясы» облыстық байқауында физика пәнінің мұғалімі Гүлжан Шатырбаева қатысып, ІІ орынды иеленді.

Облыстық «Үздік психолог» байқауына мектеп психологы Чинибекова Айман Шарипбаевна қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалымен Жиенгельдинова Айсұлу Тлеубековна марапатталды.

«Қос аққу» Әлия – Мәншүк атындағы спорттық - патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің шешімімен «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жақсыбекова Бағдат Төлетайұлы марапатталды.

Жалпы мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балалар саны – 53, оның ішінде жартылай жетім – 4, тұлдыр жетім – 1, көп балалы отбасы балалар саны – 32, толық емес отбасы балалары – 9, материалдық жағынан аз қамтылған отбасы балалар саны – 7 оқушы бар.

1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында Ақсу ауданының білім бөлімінің 28.07.2016 жылғы № 370 бұйрығына сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бойынша бұйрықтар шығарылып, тұрғындарды ақпараттандыру туралы үнпарақтар мектеп ауласына, ауыл әкімшілігі, сауда дүкендері алдына ілінді.

«Бақытты балалық шақ мекені» атты Республикалық «Мектепке жол» акциясында бюджеттен тыс «Матай» дүкенінің иесі, Ойтоған ауылдық клуб қызметкерлері, «Оспанбеков» жеке шаруа қожалығы, мектеп ұжымы, ауылдық емхана ұжымы, «Қалқаман» шаруа қожалығы, «Нағызбаев» шару қожалығы , «Жолбарыссоққан» шаруа қожалығы, «Мадина» дүкені иесі, «Смағұл» шаруа қожалығы тарапынан 100 400 (жүз мың төрт жүз) теңге көлемінде аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына 12 оқушыға әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25қаңтардағы № 64 Қаулысын" Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" ережесін басшылыққа ала отырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балалары, жартылай жетім, толық емес, көпбалалы отбасы балалалары тізімдері жасалынып, 1 – 4 сынып оқушыларынан толық емес,кірісі төмен, көпбалалы отбасы балалалары арасынан 14 оқушы міндетті оқу қорынан, 5 оқушы мектеп асханасын жалға алушы Ж.Д.Адильбекованың тарпынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Және де Міндетті оқу қоры тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларынан 6 оқушы Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» сауықтыру алаңына, 4 оқушы Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Дем – Ал» тынығу лагеріне барып демалып қайтты.

Бас жүлдені 10 – сынып оқушысы Қадылхан Әсемгүл иеленіп, Республикалық Ілияс оқуларына жолдама алды.

Осындай түрлі байқаулардың 2016 жылғы нәтижелеріне тоқталатын болсақ:

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткен ІХ Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларына Бекболат Дания қатысып «Арнайы жүлдемен» марапатталды. Жетекшісі: Шешенгелдинова Асем Тұрсынқызы

Алматы қаласы, «Самға жұлдыз» Республикалық балалар мен жасөспірімдер конкурсына 7 – сынып оқушысы Рымхан Ақжарқын қатысып «Эстрада вокал» номинациясының І орын дипломымен, 5 – сынып оқшысы Алмабек Қайыржан ІІІ орын дипломымен марапатталды.Жетекшісі:БекқалиеваЛәззатҚұдайбергенқызы.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған акциясы аясында өткізілген облыстық шығармашылық байқауында «Жас суретші» номинациясы бойынша 7 – сынып оқушысы Карикулов Қайсар ІІІ орын, «Жас қанат» номинациясы бойынша 8 – сынып оқушысы Тұрсын Дана ІІІ орын, «Жас тілші» номинациясы бойынша 7 – сынып оқушысы Тұрсынғалиева Анель ІІ орынға ие болғаны үшін марапатталды. Жетекшісі: Қасымова Жазира Самалбекқызы.

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойын мерекелеу барысында «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» атты тақырыбында ауылдық клубта салтанатты мерекелік шара мектеп ұжымы, мектеп оқушылары, ауылдық әкімшілік, емхана, клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» тақырыбында ардагер ұстаздарға салтанатты құрмет көрсетілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар, қызметкерлер марапатталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа – тұс келіп отырған Бірыңғай «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына 1-ші және 5-ші сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты мерекелік шараның соңы мектеп оқушылары, мектеп үздіктер хоры, ауыл жастарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақсу ауданы білім беру қызметкерлерінің білім беру үрдісіндегі барлық бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін білім сапасының 2015 – 2016 оқу жылының орта мектептер мониторинг қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.


Денсаулық саласы

Ойтоған селолық дәрігерлік амбулаториясында, штат бойынша 1-дәрігер, 1-фельдшер, 1-акушерка, 3-медбике, 1-медбрат,1-санитарка, 1-шофер, 2-жұмысшы,жұмыс істейді.

Демографиялық көрсеткішке келсек Ойтоған селосында 940 адам тұрады.  Аула саны -186.

Ересектер саны-707, әйелдер саны -371,Туу жасындағы әйелдер саны -158.Туылған әйелдер саны -13. 2016 жылы 2-адам қайтыс болды.

Науқастығымен мүгедек тобында -37 адам тіркелген, оның ішінде1топ-1. 2топ -21.3топ-15. 14-жасқа дейінгі балалар саны-233. 1-жасқа дейінгі бала саны -9.Жасөспірімдер саны -39. Диспансерлік аурумен есепте үлкендер -269/171 балалар -39, жасөспірімдер-3. 2016 жылы бруцеллез аурумен 1-адам ауырды.Туберкулез,сары аурумен ауырған адам болған жоқ. 2016жылы жылжымалы флюрографиялық тексерістен 585 адам түскен. 2016 жылы қан қысымы жоғарлаған ауруларға 529 мыңға тегін дәрі-дәрмектер берілді, 1-5 жас аралығында балаларға 32 мыңға тегін дәрі-дәрмектер берілді, жүкті әйелдерге 38 мыңға тегін дәрі-дәрмектер берілді. Алғашқы көмекке 2016 жылға 440 мың тенгеге тегін дәрі берілді.              

Ауыл шаруашылық саласы

Округ бойынша пайдаланып жүрген жер көлемі 53581га, оның ішінде егістік жері 1148 га, шабындық 668 га, жайылымдық жер 51722 га, тыңайтуға қалтырылған жер 140 га. Округ бойынша 109 шаруа шаруа қожалықтары салық комитетіне тіркелген, Бір заңды тұлға бар. 9 шаруа қожалықтары жермен, қант қызылшасын, күздік, жаздық бидай егумен айналысады. 23 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, қалған шаруа қожалықтар тиісті жерлерін игере алмауларына байланысты, жерлері аудандық жер қорына өткізіліп, сұраныс берген ауыл тұрғындарына сол жерлерді бөліп беру жоспарлануда.

2016 жылы округ бойынша 35 га қант қызылшасы, 30 га арпа, 185 га көп жылдық шөп, , 2 га көкөніс, 5 га бақша дақылдары, 5га картоп себіліп, күз айларында уақытымен жиналып алынды. «Көксу қант зауытына» барлығы 60 тонна қант қызылшасы өткізілді, жіберген кемшіліктерге байланысты өнім түсімі төмен болды.  Ауыл шаруашылығында сіңірген еңбегі үшін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Қасымов Самалбек Есқалиұлы медалмен марапатталды.

Мал дәрігерлер саласы

Округ бойынша 1 (бір) малдәрігерлік пункті бар. Онда шаруа қожалықтарының және ауыл тұрғындарының малдарына профилактикалық егу,емдеу шараларын жүргізеді. Округ бойынша 23 бас ірі қара, 76 ұсақ малдан «бруцеллез» ауруы анықталып Талдықорған қаласындағы «Амиров» шұжық комбинатына өткізілді. Мал егетін,мал өлігін тастайтын, мал күпкілейтін және мал ұрықтайтын орындары бар. Округте төрт түлік мал басыда өсіп отыр. Бүгінгі күнге округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарының барлық мүйізді ірі қара мал басы – 4155, оның ішінде аналығы – 2226 бас, ұсақ мал басы – 10722 бас, жылқы – 1537 бас болды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Хамет», «Ризабек» шаруа қожалықтары 23 миллион ақшалай несие алып тиісті жұмыстарын атқаруда.



Көркейту, көгалдандыру саласы

Ақсу ауданы әкімінің жыл сайынғы «округтік елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округтің елді мекендерінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізіліп отырылады.

Ауыл тазалығына келетін болсақ әр көшенің ыңғайына қарай (10-15) үйден бөлінген көше басшылары арқылы әр отбасы өз аулаларын және көшелерін тазалап ұстайды. Көктем, күз айларында айына 2 реттен сенбілік ұйымдастырылып, барлық күл-қоқыстар тиісті орынға тасылып төгіледі. Ауыл халқын ұйымдастырып, шаруа қожалықтарының техникасын жұмылдырып, ауылға келетін су тоғандарын атап айтқанда «Ойтоған», «Тесіктоған», «Смағұл» тоғандарын және ауылдық ішкі арықтарын қолмен тазалап, жылда ретке келтіріледі.

Ауыз су мәселесіне тоқсалсақ, Ойтоған ауылы бойынша 154 үй ауыз суға ақша төлейді. 10 үй бос тұр, оның 8-і қалаға көшті, 2-уі базға кетті. 9 су алатын көше колонкасы, 25 үйдің ауласында су алатын колонка бар. Ауыз судың ақшасы уақытында төленеді, ешқандай қарыз жоқ.



Шағын кәсіпкер

Округ бойынша 2 дүңгіршек азық-түлік тауарларымен ауыл халқын қамтамасыз етіп отыр. Барлығы да заңдастырылып салық комитетіне тіркеліп патентпен жұмыс жасап жатыр. 1 нан пісіретін наубайхана жұмыс істейді, онда күніне 120 (жүз) бөлке нан пісіріледі.     



Мәдениет саласы

Аудандық патриоттық әндер байқауына қатысқан Орынбасар Досбол 2-орынға иеленді.

Әскери –патриоттық әндер әндер байқауында қатысқан мәдениет қызметкері Эльмира Бекова мен 7-сынып оқушысы Рымхан Ақжарқын 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оралхан Бөкей атындағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы аудандық байқаудан Әлібек Дархан 2-орынды иеленді.

Аудандық тілдер дамыту бөлімінің ұйымдастырумен үштұғырлы тіл байқауына қатысқан ағылшын пәнінің мұғалімі Омарбекова Гүлмира 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Тұманбай Молдағалиевтың «Жүрегі жырдан жаралған» байқауна қатысқан Орынбасар Досбол 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Өнерде қарттардың бар таласы байқауында 3-дәрежелі дипломмен Әдіу Мәдейхан иеленіп,» «Батагөй» қарттар байқауынан 2-дәрежелі дипломмен Мұрат Сайлаубай марапатталды.

Ауыл жастары аудандық, облыстық байқауларға белсене қатысып жүлделі орындарға да ие болды. 2016 жыл жастар саласы бойынша да табысты жыл болды. Аудандық ішкі саясат орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Жас отбасы» байқауына ауылымыздың Жесекбаевтар отбасы қатысып, бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алып, Қарасай ауданында өткен облыстық «Мерейлі отбасы» байқауынан 3 орынды иеленіп бағалы сыйлығымен марапаталды.



Спорт саласы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Спорт күні» мерекесіне арналған ХХVІ жазғы аудандық Спартакиадасының жалпы командалық есепте ІІ-орын, үлкен футбол жарысында жүлделі ІІІ орынға ие болған «Ойтоған» ауылдық округінің командасы марапатталды.

Аудандық іріктеу сыны футбол жарысында ауылымыздың азаматы Қасымов Айдын аудан футбол құрама командасына ілігіп облыста жақсы көрсеткіш көрсетті.

Бейсенбеков Серікжан Көшербекұлының еске алу турнирінде футбол ойынан ІІ орын алған «Ойтоған» жастары марапатталды.

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпаққа спортты дәріптеу мақсатында 5,10,20 жылдық кездесуге келген мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен өткен «Футбол» жарысында І орын иеленген Ауыл жастары командасы марапатталды.

   Пошта қызметі

Пошта қызметіне тоқталсақ, 2017 жылы жоспарланған 251 дана газет-журналға 100 пайызға жазылдық. Газет, журнал, зейнетақы уақытымен келеді.

Округ бойынша 40 телефон нүктесі қосылған, барлығы да жұмыс жасап тұр.



Кітапхана

Округ бойынша екі кітапхана жұмыс жасайды.

Кітапханада 695 оқырман бар. Оның ішінде -142 балалар. Кітап қоры -11061 дана, қазақ тілінде -7325 дана. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оқырмандарға уақтылы қызмет көрсетеді.

Қоғамдық тәртіп

Округ бойынша учаскелік полиция инспекторы майор Еркін Бабашев. Автокөлік, телефонмен, интернет жүйесімен қамтамасыз етілген.



     Учаскелік полиция инспекторы майор Е.Бабашевтың , ақсақалдар, әйелдер Кеңестерінің төрағаларының қатысуымен жоғары сыныптары мен жастардың арасында жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау қоғамдық тәртіпті , құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу, мал ұрлығының, бөгденің мүлкінің ұрлануын болдырмау мақсатында профилактикалық кеңестер өткізіліп отырылады.

2016 жылы 8 қылмыс тіркелген болатын, оның ішінде 3 мал ұрлығы, 5 –і заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша, осы қылмыстардың 5-уі ашылып, 3-уі мал ұрлық ашылған жоқ.
Каталог: userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет