Қолданатын құралдар: М. Қайырбаевтың портреті, қанатты сөздер, Барысы: Гимн Мұғалім



Дата31.12.2019
өлшемі43,5 Kb.
#54295
Мақсаты: Соғыста елі, жері үшін жанын аямай шайқасқан Кеңес Одағының батыры , зеңбірекші Махамбет Қайырбаевтың ерлігі, батырлық қасиетімен таныстыра отырып, құрмет тұтуға, үлгі тұтуға тәрбиелеу
Қолданатын құралдар: М. Қайырбаевтың портреті, қанатты сөздер,

Барысы: Гимн
Мұғалім: 1941 жылғы 22-маусым. Дәл осы күні елдің басына қара бұлт үйіріліп, елдің тыныштығы бұзылған күн, яғни соғыс басталған күн. Сұм соғыстан қорықпай, қаймықпай, елін, жерін қорғауға аттанған Махмет Қайырбаев еді. М.Қайырбаев Литва аумағындағы Шауляй түбінде болған шайқаста көрсеткен ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталған. Соғыстан кейін Павлодар облысының партиялық және кеңестік органдарында еңбек еткен ол ұзақ жылдар бойы облыстық атқару комитетінің төрағасы болған. Бүгінгі таңда батырдың аты берілген көше мен өзі еңбек еткен атқару комитеті ғимаратына ескерткіш тақтасы орнатылған.

Соғыста қаза тапқан ерлерге құрмет көрсетіп, 1 минут үнсіздік.
Айнұр:

Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі,

Ол-Әлия Қазақтың хас батыры.

Қайран ел

Қайран ғұмыр деп арудың

Жанары кетті мекен жасқа тұнып.


1925, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосы, - 1996, Павлодар қаласы - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған. Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды.

Санжар:

Жеңіс- біздің нанымыз,

Жеңіс- біздің қасіретіміз, зарымыз

Жеңіс-іке, ағаларымыз,

Жеңіс-қасіретті қанымыз.

Бибатима :

Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.


Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман-тоғай көлімізді.


Хор: «Ақ көгершін» әні
Айнұр :

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Бибатима:

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
Назарларыңызға «Бейбіт күн жасасын әлемде» әні
Сөзжұмбақ

«Батыр Махмет » сөзі

1. Суық құрал 2. Қасиетті тағам 3. Соғыста қолданылатын көлік түрі 4. Ұл емес 5. Ұяттың синонимі 6. Соғысқа қатысқан батыр қыздың есімі 7. Жеміс 8. Соғыста асыға күткен қағаз 9. Хат жазу құралы 10. Киіз үй жабдығы 11. Соғыста жауға қарсы қолданылатын әрекет




Санжар:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Үнтаспадан Әлияға арналған әнді Роза Рымбаеваның орындауында тыңдау

Мақсаты: Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұратыны туралы түсіндіре отырып, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу
Қолданатын құралдар: нақыл сөздер,

Барысы: Гимн орындалады

Мұғалім: Біздің Отанымыз қалай аталады?

Ел президенті кім?

Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Жайдары: (қазақ ұлты)

Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.
Эльдана: (орыс ұлты)

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір отанда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.
Диана: (өзбек ұлты)

Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

Биіктерге өрлейміз.
Хор ән: «Достық»
Сөзжұмбақ шешу

«Достық» сөзін шешу

Нақыл сөздер

Жайдары: Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.



Эльдана: Доссыз адам тұссыз ас.
Диана: Бірлік түбі-татулық
Суреттермен жұмыс:

Суретте бейнеленген ұлттардың ұлттық киімдерін ажырату. Суретте қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, шешен, әзербайжан , кәріс ұлты.


Мұғалім: Қазақстанда барлығы 16 миллион адам тұрады, 130- дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр.
Ән: «Отан» Жайдары, Эльдана
Қорытынды:

Балалар хормен: Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.
Каталог: uploads -> doc -> 10c3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10c3 -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі»
10c3 -> Сабақ жоспары Тақырып: Қасым Аманжолов. Өзім туралы. Өлеңдегі ақын тұлғасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет