Омарова Камшат Сапарбековна №14 жоббм (Жезқазған, Талап ауылы)



Дата22.08.2020
өлшемі13,48 Kb.
#76479
Байланысты:
Омарова эссе


Омарова Камшат Сапарбековна

№14 ЖОББМ (Жезқазған, Талап ауылы)


Ұстаздық қылған жалықпас...

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз тегін айтылмаса керек. Мектепті бітіріп, қолыңа аттестат алған кезіңді көз алдыңа елестетші...

Өрікпеген жас көңіл сан тарапқа тарап, түрлі мамандық «мен мұндалап» өзіне шақырып, ойың сан саққа жүгіреді. Міне, осындай өмірлік нанын жерлік мамандықты дәп басып таңдар сәтте бағыт сілтер Жан болуға тиіс. Менің де ұстаздық жолды таңдауыма сондай жандар, тарих пәнінің мұғалімі, Ұлы отан соғысының ардагері Жағыпар ағай мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ақын Ділдахан апай әсер етті. Осы екі мұғалімнің сабағынан шыққанда екі түрлі ғасырға кіріп, екі түрлі әлемді шарлап шыққандай әсерде болатынбыз. Жағыпар ағайдың сабағына «темір тәртіппен» кіріп, ғасырдан-ғасырға өтіп, өзіміз сол кезеңде өмір сүріп, сол дәуірдің тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқандай күй кешетінбіз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі есіктен енген сәтте класста өзгеше әлем басталатын. Оның әрбір қимылы мен сөйлеген сөзінен тілдің түрлі құпияларынан сыр ақтарылып, көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге түрлі оқиғаларға сапар шегетінбіз...

Сол жылы бітірген алпыс оқушының бүгінгі таңда отыз екісінің мұғалім болуы кездейсоқтық емес. Бұл – жоғарыда атап өткен ұстаздарымыздың еңбегі. Бізді өз пәндеріне ғашық ете білді, өздері сүйген мамандықты сүйгізе білді.



Мамандық таңдалды. Жолым болып арман еткен мамандық студенті атандым. Мен абайтанушы ғалым, М.Әуезов шәкірті Ғ.Мұхаметханов, мәшһұр Жүсіп Көпей немересі Қ.Ф.Жүсіп, тіл білімінің білгірлері Қ.Шаяхметов, А.Еспенбетов, Ж.Сарбалаев, Т.Қ.Жұмажанова сынды ұстаздар алдында отырып, дәріс тыңдау бақытына ие болдым.

Міне, осындай ұстаздар алдынан өткен мен ұстаздық ету жолында жалығуға тиіс емеспін. Өйткені, аталған ұстаздар қауымы менің осы мамандықтың қыр-сырын игеруіме, ерекше сүйіп, тәнті болуыма, осы мамандықты сүйетін шәкірт тәрбиелеуіме алып келді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөздің айғағы осы болса керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет