Оп-16о оқу тобының “Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру” пәнінен ашық сабақҚА Қош келдіңіздер!!!



Дата20.03.2020
өлшемі2,18 Mb.
#60435
Байланысты:
ОП-160 -1


ОП-16о оқу тобының

“Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру”

пәнінен

АШЫҚ САБАҚҚА ҚОШ

КЕЛДІҢІЗДЕР!!!

СТО әдісінің «Жетон арқылы бөлу» ойын элементі


Өткен тақырып бойынша оқушылардың

білімін тексеру

Тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау


5

6

8

7

9

10

11

12

1

2

3

4

Қандай жүктерді қауіпті дейміз?

Олардың жіктелуі

Қауіпті жүк дегеніміз – бұл өзіне тән қасиеттеріне қарай белгілі бір жағдайда тасымалдау, маневр жұмыстарын атқару, тиеу-түсіру жұмыстары ж/е сақтау барысында жаралыстың, өрт шығуының, химиялық ж/е басқа улану түрлерінің н/е техникалық құралдар, құрылғылар, басқа да нысандардың зақымдануының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің себебі бола алатын жүк.

1 класс – жарылғыш материалдар

2 класс – сығылған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдар

3 класс – оңай тұтанатын сұйықтар

4 класс – оңай тұтанатын қатты заттар, өздігінен жанатын заттар, сумен әрекеттескенде тұтанатын газдар бөліп шығаратын заттар

5 класс – тотықтырғыш заттар ж/е органикалық пероксидтер

6 класс – улы заттар және жұқпалы заттар

7 класс – радиоактивті материалдар

8 класс – күйдіргіш ж/е коррозиялық заттар

9 класс – басқа қауіпті заттар .

Қауіпті жүктерді тасымалдауға қабылдау және беру ережелері қандай?

Контейнерге тиелген ж/е ұсақ жөнелтіліммен жібірілетін қауіпті жүктер тасымалдауға ортақ пайдаланымдағы ж/е ортақ пайдаланымдағы емес орындарда қабылданады. Ал басқа жағдайда қауіпті жүктер тасымалдауға тек ортақ пайдаланымдағы емес орындарда қабылдануы тиіс. Ортақ пайдаланымдағы орындарда қауіпті жүктерді қабылдау ж/е беру, әдетте, «автомобиль-вагон», «вагон-автомобиль» схемасы бойынша тікелей нұсқамен жүргізіледі. Жүкқағазында жүкжөнелтуші «Жүктің атауы» графасында Алфавиттік көрсеткішке сәйкес қауіпті жүктің дәл атауын ж/е апаттық карточканың нөмірін көрсетуі тиіс (Акванит АК-611). Жүк жөнелтуші жүкқағазының жоғарғы бөлігіне осы жүкке қатысты қызыл түсті мөртабан басуға міндетті: « Улы», «Күйдіргіш», «Қалқалау 1/0-1-3-1», «Дөңестен түсірілмесін». Қауіпті жүктері бар ұсақ жөнелтілімдер мен контейнерлерді жүк алушы жүктің келгені туралы хабар алған сәттен бастап 24 сағат ішінде стансадан әкетуі тиіс. Жүк алушының өзінің атына келген қауіпті жүктерді қабылдаудан бас тарту құқығы жоқ.

Қауіпті жүктердің қаптамасына қандай талаптар қойылады?

Қорап пен орам (ыдыс, қаптама) берік, ақаусыз, жүк төгілмей жақсы сақталатын және қауіпсіз тасымалданатын болуы тиіс. Сондай ақ қорап пен орам жасалатын материалдар өзінің ішіндегі жүкпен реакцияға түспеуі, яғни инертті болуы керек.

Оңай тұтанатын, улы, күйдіргіш, тотықтыратын газдар мен бу бөліп шығыратын қауіпті жүктер, сондай-ақ тотықтырғыш қасиеттері бар заттар герметикалық ыдысқа салынуы тиіс.

Шыны ыдыстағы қауіпті заттар мықты жәшіктерге салынып, арасындағы бос кеңістікті жанбайтын төсеніш және сіңіргіш материалдармен толтырады. Жәшіктердің қабырғалары аузы тығындалған бутылка мен банкалардан 5см жоғары болуы тиіс. Металл немесе полимер банкадағы, бидондағы және канистрадағы қауіпті жүктер ағаш жәшіктерге немесе торкөздерге қосымша орналастырылуы тиіс.

Қаптамаға қойылатын қауіптілік белгілері, оның түрлері және қойылатын орны

Жүк жөнелтуші әрбір жүк орнына көліктік таңбадан басқа, жүктің қауіптілік түрі мен дәрежесін сипаттайтын таңба түсіруге міндетті. Таңба мыналардан тұрады: - қауіптілік белгісі -Алфавиттік көрсеткішке сәйкес МемСТ 19433-88 бойынша ; - жүк атауы – Алфавиттік көрсеткішке сәйкес;

- жіктелу шифры - БҰҰ нөмірі. Қауіптілік белгілер қойылады: - жәшіктер мен тасымалдау пакеттеріне – үш жағына (бүйір, жақтау, жоғары бетіне); - бөшкелерде – бір түбіне және цилиндр бөлігіне;

- бумалар мен теңдерде – жақтау және бүйір бетіне; - басқа ыдыстарда (баллондарда және т.с.с.)-вагонға орналастыруда жақсы көрінетін қолайлы жерлеріне. Қауіптілік белгілері негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Бірінші түрі қауіптің негізгі түрін және жүктің тиісті класын(класс тармағын) сипаттайды, ал екіншісі- қосымша қауіп түрін білдіреді. Бұлар Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің әрбір класындағы қауіпті жүктерді жіктеу кестелері бойынша анықталады. Оларда бөлшек түрінде – алымында негізгі қауіптілік таңбасының, бөлімінде қосымша қауіптілік таңбасының нөмірі көрсетілген.

1 класқа жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

1-кластық қауіпті жүктерді, яғни жарылғыш материалдарды (ЖМ) стансаға жеткізгенге дейін жүк жөнелтушінің жауапты өкілі станса бастығынан ЖМ-ды көрсетілген мерзімде тасып жеткізу мүмкіндігі және дәл уақыты туралы растама алуы тиіс. Жүкті стансаға бұл мерзімнен ерте жеткізуге тыйым салынады. ЖМ-ды тиеу орнына жеткізгенге дейін жүк жөнелтуші тиеу жұмыстарына қажет құралдарды, сондай-ақ жүк орындары бүлінетін н/е апаттық жағдайда олардың зардаптарын жоюға арналған құралдарды алдын ала жеткізуге міндетті. ЖМ-ды стансаға бөліп тасып жеткізуде жүктің алғашқы тобымен бір мезгілде жүкті тиейтін жұмысшылар (әскери команда) да келуі тиіс. ЖМ-ды тиеу-түсіру жұмыстары жол бөлімшесінің өрт күзеті өкілінің қатысуымен жүк жөнелтуші н/е жүк алушының өкілінің басшылығымен жүргізілуі тиіс. Жүкқағазын толтыруда оның жоғарғы бөлігіне жүк жөнелтуші қызыл түсті «ЖМ», «Қалқалау», «Дөңестен түсірілмесін» деген мөртабан басады. Бұдан басқа қосымша мөртабандар басылуы мүмкін: «Тежеуіш ажыратылсын», «Секция. Ағытылмасын», «Маман бірге жүреді», «Қорғаныс министрлігінің күзетінде», «Жүк жөнелтушінің күзетінде», « ІІМ күзетінде». ҚР ҚТЖ-ы ведомстволық күзетінің көмегімен тасымалданатын ЖМ үшін « Т.ж. күзеті» деген мөртабан басылады.

2 класқа жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

2-кластық заттар қашан да қысыммен сақталатын, ерекше берік ж/е герметикалық ыдысты қажет ететін сығылған, сұйытылған н/е ерітілген күйде тасымалданатын газдар болып табылады. Температура көтерілгенде қысымының тез артуы осы заттардың жалпы қауіпті қасиеті болып саналады. Ал бұл ыдыстың бүлінуіне, сөйтіп газы бар ыдыстың жарылуына себепші болады. Сұйытылған газдар жүк жөнелтушіге н/е жүк алушыға тиесілі арнаулы цистерналармен тасымалданады. Мұндай әрбір цистерна белгілі бір газды тасымалдауға арналады. Оны басқа газдарды құю үшін пайдалануға тыйым салынады. Цистерна қазанында жүктің атауын көрсететін трафарет, сұйытылған газды сипаттайтын негізгі қауіптілік белгісі - 2, оның астыңғы жағындағы тікбұрышты қызғылт- сары кестешеде БҰҰ нөмірі, қосымша қауіптілік таңбалары, «Дөңестен түсіруге болмайды» н/е « Дөңестен абайлап түсіру керек» таңбалары, цистерна иесі - кәсіпорнының ж/е тіркелу стансасының атауы көрсетілуі тиіс. Жүк жөнелтуші жүкқағазына «Жүктің атауы» графасына газдың дәл атауы мен апаттық карточканың нөмірін көрсетуі, жоғарғы бөлігіне тиісті мөртабандар басуы тиіс. Мысалы, «Пропан АК-206», «Сұйытылған газ», «Оңай тұтанады», «Дөңестен түсірілмесін», «Қалқалау 0-0-3-0» мөртабандары басылады. Жүк алушы цистерналардың дер кезінде келуін қадағалауға ж/е бұл мерзім бұзылатын жағдайда – оларды іздестіру шараларын қолдануға міндетті.

3 класқа жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

3 кластық – оңай тұтанатын сұйық заттардың басым бөлігі тек арнаулы н/е жүк жөнелтуші жалға алған сары түсті вагондармен тасымалданады. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтушінің маман бригадалары ілесе жүруі тиіс. Стандартта көзделген шыны ыдысқа құйылған метанолды ғана жабық вагондармен тасымалдауға рұқсат етіледі. Ыдыстың кездейсоқ зақымдануынан вагоннан өнімнің ағуына жол бермеу мақсатында вагон еденіне кемінде 100мм қабатпен құм төселуі тиіс. Ыдысқа құйылған метанол ведомстволық күзеттің ілесе жүруімен тасымалдануы тиіс. Метанол оңай тұтанатын, қауіпті ж/е өте улы, түссіз мөлдір сұйықтық. Түсі, иісі, дәмі жағынан метанол шарап спиртіне ұқсайды, бірақ оның болмашы мөлшерін ішудің өзі толық соқырлыққа кейде өлімге душар етеді. Ол астыңғы жағынан құйылмайтын, люк қақпағының үстіне сақтандырғыш құндақ орнатылған ж/е құю стансасына тіркелген цистерналармен тасымалданады. Цистерна қазаны сары түске боялады. Қазанның бойымен екі жағынан ені 500мм қара жолақ салынады. Қазанға «Метанол», «Дөңестен түсірілмесін», « Х» жазулары, тіркелу трафареті, заттың қауіптілік белгісі-3, оның астыңғы жағына тікбұрышты қызғылт-сары түсті кестешеге – БҰҰ нөмірі 1230 ж/е қосымша қауіптілік таңбасы «6а» жазылады. Метанолды ж/е одан босаған цистерналарды қара жолағы бар сары

түсті арнайы жүкқағазымен тасымалдайды (ГУ-27а, ГУ-27б).

4 класқа жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

4 кластық - оңай тұтанатын қатты заттар, өздігінен жанатын заттар, сумен әрекеттескенде тұтанатын газдар бөліп шығаратын заттарды тасымалдау кезінде сыртқы тұтандыру көздерінен, сумен н/е ауа ылғалымен әрекеттесуден, өздігінен өтетін химиялық реакциялардан, қызудан тез жануы мүмкін. Оңай тұтанатын (4.1-класс тармағы), жарылыс қаупі бар қатты заттар тасымалдауға герметикалық ыдыспен ғана тапсырылуы тиіс (күкірт). Өздігінен жанатын заттар (4.2-клас тармағы) олар ауада тез тұтанатын пирофорлық заттар, жануға дейін өздігінен қызатын басқа да заттар мен материалдар. Кейбір заттардың ылғалданудан ж/е ауа ылғалымен әрекеттесуден тұтану қасиеті арта түседі. Сары фосфор жану қаупі бар, күшті улы кристалдық зат. Суда ерімейді,ауада тотығады ж/е өздігінен тұтанады. Қою ақ түтін түзе отырып жанады. Жанған фосфорды сумен өшіру оңай. Өздігінен жанудан сақтандыру үшін оны су қабатының астында тасымалдайды. Бұл өнімді цистерналармен тасымалдаған жағдайда олардың төменгі құйып алу құралы болмауы тиіс. Цистернаның қазаны сары түске боялған, ал қазанның периметрі бойымен ені 300мм ақ жолақ салынған. Цистернаға фосфор толтырылған соң жүк жөнелтуші оған су құюға, ал жол-жөнекей сыртқы ауа температурасы 00 С төмендейтін жағдайда – биіктігі 30см кальций хлоридінің қатпайтын ерітіндісін құюға міндетті. Фосфорды температурасы 400 С жоғары аудандарға жөнелтуде су қабатын 60см дейін арттырады.



5,6 кластарға жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

5 кластық заттар - тотықтырғыш заттар ж/е органикалық пероксидтер оттегі бөліп шығаратындықтан, осының нәтижесінде жанғыш заттар өздігінен тұтанады, жанады, өрттің күші артады н/е басқа заттармен бірге жарылғыш қоспалар түзеді. Тотықтырғыш заттардың (5.1-клас тармағы) негізгі қауіптілігі – бұлар жанғыш материалдармен бірге тұтанғыш н/е жарылғыш қоспалар түзеді, әсіресе жанғыш материалдар борпылдақ күйде болса, осындай жағдай қалыптасады (ағаш үгіндісі, сабан, жоңқа, металл ұнтақтары т.с.с.).

6 кластық - улы заттар және жұқпалы заттардың негізгі қауіптілігі-бұлар абай болмаған жағдайда адамдарды н/е жануарларды уландыруы, ауруға шалдықтыруы ж/е өлімге душар етуі мүмкін. Сұйықтардың, әсіресе тез ұшатын сұйықтардың булары тыныс алуда ерекше қауіпті болады. Олардың көпшілігі теріге зиянды әсер етеді. Шаң-тозаң түріндегі қатты заттар ерекше қауіп төндіреді.Этил сұйықтығы, ацетонциангидрин ж/е мышьяк тотығы күшті улар болып табылады. Олардың ерекше қауіптілігі- уландырушы әсері бірден байқалмайды ж/е алғашқы сатысында зардап шегушіге білінбейді.

Этил сұйықтығы - суда ерімейтін, бензинде, керосинде ж/е басқа ерітінділерде жақсы еритін өте улы сұйықтық. Этил сұйықтығына арналған цистерна қазанының сыртқы беті алюминий бояумен, ал ең төменгі бөлігі 250мм биіктікте- майлы қара бояумен боялған, екі жағынан бойлай орта тұсына ені 500мм жасыл түсті жолақ салынады. Қазанның екі жағын бойлай «Этил сұйықтығы», «Х», оның улылығын білдіретін қауіптілік таңбасы жазылады, оның төменгі жағындағы қызғылт-сары кестешеде БҰҰ нөмірі 1649 көрсетіледі. Бұған қоса, қазанның оң жағында «Дөңестен түсірілмесін» деп жазылады.

7класқа жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

Радиациялық орамдардың мөлшері мен массасына ж/е көліктік индексіне қарай радиациялық жүктер контейнерлер мен вагондарда(тежеуіш алаңдары жоқ) вагондық ж/е ұсақ жөнелтілімдермен, брутто массасы 3 ж/е 5 т әмбебап контейнерлермен, жүк жөнелтушілердің арнаулы контейнерлерімен, жүк пойыздарымен, пошта-жүк ж/е жолаушылар пойыздарымен тасымалдануына жол беріледі.

Көліктік индекстерінің жиынтығы (суммасы) 50-ден асатын радиациялық орам, сондай-ақ кез келген санатты орамдар тобын ұсақ жөнелтілімдермен, әмбебап контейнермен, жүк багажымен ж/е тіке халықаралық қатынастармен тасымалдауға тыйым салынады. Радиациялық орамдарды қабылдауда тасымалдаушы оларға бақылау дозиметриялық тексеруін жүргізе алады. Жүк жөнелтуші жүк қағазындағы «Жүктің атауы» графасына «Радиоактивті зат», радиоактивті заттың атауы, орамның көліктік санатын, көліктік индексін және заттың белсенділігін бекерельмен(кюри) көрсетуі тиіс. Жүк алушы радиациялық жинақтардың өзінің атына келуін қадағалауға және олар белгіленген мерзімге келмей қалатын жағдайда тасымалдаушыға оларды тауып, иесіне жеткізу жөнінде талап қоюға міндетті.

Радиациялық жүктер жеткізілетін стансалар жүк келген соң қолданыстағы жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес тез арада жүк алушыны хабардар етуі тиіс. Ал ол орамдардың күйіне қарамастан, жүк келгеннен кейінгі 12 сағат ішінде оны тасып әкетуге міндетті.



8,9 кластарға жататын қауіпті жүктерді тасымалдау шарттары

8 кластық - күйдіргіш ж/е коррозиялық заттардың негізгі қауіптілігі- олардың тірі ұлпаны зақымдап, әр түрлі материалдарды бүлдіре әсер етуі. Бұл заттардың адам ағзасына түскен буы мен шаң-тозаңдары оны уландыруы мүмкін. Сонымен қатар олардың тотықтырушы әсері бар, яғни жанғыш заттар мен материалдарды тұтандыруы мүмкін. Герметикалы жабылған болат баллондарға құйылған сынапты ж/е одан босаған ыдыстарды жүк жөнелтушінің (жүк алушының) пломбасы салынған, арнаулы жәшік табандықтарда ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдайды. 8 кластық жүктерді арнайы цистерналармен ж/е цистерна–контейнерлермен тасымалдаған жағдайда олардың металды тотықтыратын қасиетін ескеру керек. Мұндай цистерналар қазандарының материалы н/е олардың ішкі қорғаныш жамылғысы қауіпті жүктің күшті әсеріне төтеп бере алатын болуы тиіс.

Қышқылдардың қауіпті қасиеттері күйдіруі, жарылыс туғызуы, қазан металын «жеп жіберуі» мүмкін. Қышқылдарды тасымалдайтын цистерналардың мынадай таңбалары болуға тиіс: - цистерна қазанын бойлай екі жағынан ені 500мм сары жолақ, ал жақтау түбіне –сондай бояумен шаршы салынады; -цистернаның қандай қышқылды тасымалдауға арналуына қарай екі жағынан қара бояумен «Күкірт қышқылы», «Меланж», «Тұз қышқылы» т.с.с. трафареттер салынады. 9 кластық - басқа қауіпті заттар белгілі бір жағдайда тұтанады (ауаның жоғары температурасы, жүктің өрт аймағына тап болуы, тұтандыру көздерінің ұзақ әсер етуі тб), ылғаданудан болат, алюминий ж/е басқа металдарды тотықтырады, оларды дұрыс пайдаланбаудан ағзаға зиянды әсер етеді, дымқыл теріні тітіркендіреді ж/е күйдіреді, отқа түссе улы газдар бөліп шығарады.

Қандай жағдайларды апаттық жағдайлар дейді? Апаттық карточка дегеніміз не?

Қауіпті заттардың жануына, ағып-төгілуіне, қауіпті жүгі бар ыдыстың н/е жылжымалы құрамның зақымдануына байланысты жарылысқа, өрттің шығуына, улануға, ауруға ұшырауға, күюге, адамдар мен жануарлардың өліміне, табиғат ортасын ауыр зардаптарға әкеліп соқтыратын, сонымен қатар қауіпті жүктер тиелген вагондар мен контейнерлер темір жол апаты аймағына тап болатын жағдайлар апаттық жағдайлар болып есептеледі.



Апаттық жағдайлардың зардаптарын жою дегеніміз – бұл адамдарға төнген қауіп-қатерді жоюға, табиғатты қорғауға, жүктің, жылжымалы құрамның, құрылыстардың сақталуына, пойыздар жүрісі мен маневр жұмыстарын қысқа мерзімде қалпына келтіруге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралар жиынтығы. Апаттық карточка дегеніміз - бұл қауіпті жүктерді магистральдық теміржол көлігімен тасымалдау кезінде туындайтын апаттық жағдайды жоюға қатысатын теміржол көлігі мен арнайы құрамалар қызметкерлерінің бастапқы жедел іс-қимылдарын реттейтін, ҚТЖ бекіткен белгілі үлгідегі құжат.

Апаттық карточканың бетінде оның нөмірі,қауіпті жүктердің тізбесі, олардың негізгі қасиеттері, қауіптілік қасиеттері және жеке қорғану құралдары көрсетіледі. Карточканың артқы (теріс) бетінде жалпы сипаттағы апаттық жағдайда, өрт шыққанда атқарылатын қажетті іс-қимылдар, алғашқы жәрдем көрсету шаралары баяндалған.



СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ

Мына кестешедегі сан нені білдіреді?

Мына кестешедегі сан нені білдіреді?


0442

БҰҰ белгісі

МЫНА ҚАУІПТІЛІК БЕЛГІЛЕРІНІҢ

ҚОЙЫЛАТЫН ОРНЫН АТА

ҚОРАП ПЕН ОРАМҒА

ВАГОНҒА

МЫНА ҚАУІПТІЛІК БЕЛГІСІ НЕНІ

БІЛДІРЕДІ?

СУМЕН СӨНДІРУГЕ

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ҚАУІПТІЛІК БЕЛГІСІНДЕГІ АҚ ТЕРЕЗЕДЕГІ

САН НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

АПАТТЫҚ КАРТОЧКАНЫҢ

НӨМІРІН

МЫНА БЕЛГІ ҚАУІПТІ ЖҮКТІҢ ҚАЙ КЛАСЫНА

ЖӘНЕ КЛАСС ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС?

4 КЛАСС, 4.2 КЛАСС ТАРМАҒЫ

Тақырыбы: Құйылма жүктердің сипаттамасы. Құйылма жүктерді тасымалдаудың, өңдеудің техникалық құралдары

Тақырыбы: Құйылма жүктердің сипаттамасы. Құйылма жүктерді тасымалдаудың, өңдеудің техникалық құралдары

Жоспары:

  • Құйылма жүктердің жіктелуі
  • Құйылма жүктер тасымалының техникалық жарақталуы

Цистерналармен, арнаулы контейнерлермен және бункерлі ашық вагондармен тасымалданатын сұйық жүктер құйылма жүктерге жатады.

Цистерналармен, арнаулы контейнерлермен және бункерлі ашық вагондармен тасымалданатын сұйық жүктер құйылма жүктерге жатады.


Құйылма жүктер

Мұнай ж/е мұнай өнімдері

Химиялық өнімдер

Сұйылтылған газ

Тамақ өнеркәсібінің өнімдері

Мұнай өнімдері

Ашық түсті

Күңгірт түсті

Сұйық жағармайлар


Мұнай өнімдерінің оларды тасымалдау, сақтау ж/е құю жағдайларына әсер ететін өзіндік қасиеттері болады:

тығыздығы, тұтқырлығы (вязкость), теріс температурада ғана емес, плюс температурада да қатып қалуы , тез тұтанғыштығы, балқу ж/е тұтану температурасы, электрленуі, улылығы, металды тотықтыруы.

Сонымен қатар құйылма жүктер жалпы жағдайдың сақталуын қажет ететін қауіпсіз және ерекше жағдайды талап ететін қауіпті жүктерге бөлінеді.

Сонымен қатар құйылма жүктер жалпы жағдайдың сақталуын қажет ететін қауіпсіз және ерекше жағдайды талап ететін қауіпті жүктерге бөлінеді.

Химиялық құйылма өнімдерді металға әсер етуіне байланысты:

  • қатты тотықтыратын (азот, хлорсульфин қышқылдары)
  • әлсіз тотықтыратын (карбол және күкірт қышқылдары, таскөмір смоласы)
  • тотықтырмайтын деп бөледі.

2. Құйылма жүктер тасымалының техникалық жарақталуы

2. Құйылма жүктер тасымалының техникалық жарақталуы

Мұнай өнімдерін тасымалдайтын цистерналар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • бензин мен ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдайтын;
  • мұнай мен күңгірт түсті мұнай өнімдерін тасымалдайтын;
  • тұтқыр мұнай өнімдерін тасымалдайтын цистерналар.

Цистерна қазанының екі жағынан нөмірінің үстіне қосымша сәйкес трафарет соғылады:

С” - ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған

Т” - күңгірт түсті мұнай өнімдеріне арналған

СТ” - ашық және күңгірт түсті мұнай өнімдеріне

арналған

Х” - химиялық жүктерге арналған

П” - азық-түлікке арналған

Тұтқыр мұнай өнімдері құйылатын цистерналар бумен қыздырылатын құндақпен жабдықталған.

Тұтқыр мұнай өнімдері құйылатын цистерналар бумен қыздырылатын құндақпен жабдықталған.

Мұндағы қыздыру операциясы ыстық бу, су немесе ауа арқылы жүзеге асырылады. Құндақтың шеткі бөліктеріне астыңғы жағынан жылудың берілуі мен шығарылуына арналған келте түтікшелер бекітілген.

Битумды, бу «жейдесін» түзейтін қосарланған қабырғасы бар, бункерлі ашық вагондармен тасымалдайды.

Битумды, бу «жейдесін» түзейтін қосарланған қабырғасы бар, бункерлі ашық вагондармен тасымалдайды.

Әрбір бункердің сыртқы жағында будың енуіне арналған «жейденің» келте түтікшесі болады. Бункердің жоғарғы бөлігін қос жақтаулы қақпақтар жауып тұрады. Төгу пункттерінде келте түтікшелерге жалғанатын шлангілер арқылы қабырғалар арасындағы кеңістікке бу беріледі. Қызған қабырғаға жанасатын битумның жұқа қабаты балқиды да, бункерді төңкергенде ол қабылдау шұңқырына төгіледі.

Спирт, сүт, шарап секілді тамақ өнімдерін тасымалдауға арнаулы цистерналар пайдаланылады.

Спирт, сүт, шарап секілді тамақ өнімдерін тасымалдауға арнаулы цистерналар пайдаланылады.

Мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және беруге қызмет ететін құрылыс кешенін нефтебаза дейді.

Оларды сыйымдылығына қарай бес санатқа бөлуге болады:

І - 100 мың т. жоғары

ІІ - 30-100мың т. дейін

ІІІ - 2,5-30 мың т. дейін

ІV – 0,5-2,5 мың т. дейін

V - 500т. төмен

Нефтебаза ауданы мынадай аймақтарға бөлінеді:

Нефтебаза ауданы мынадай аймақтарға бөлінеді:

  • мұнай өнімдерін құю және төгу аймағы - құйып-төгу эстакадаларының резервуарлары, насос қондырғылары, көбік стансалары (көбікті өрт сөндіруге қолданады)
  • жедел аймақ- мұнай өнімдері ұсақ партиялармен автоцистерналарға, контейнерлерге, бидондарға, бөшкелерге берілетін аймақ.
  • көмекші техникалық құрылыстар – электрстансасы, котельный, насостық, механикалық шеберханалар, қойма т.б.
  • тазарту құрылыстары – төгілген мұнай өнімдерін жинау ж/е жаңбыр суларынан тазарту үшін.

Мұнай қоймалары (нефтехранилище): жерүсті, жартылай жерасты және жерасты болып бөлінеді.

Мұнай қоймалары (нефтехранилище): жерүсті, жартылай жерасты және жерасты болып бөлінеді.

Пішіні бойынша цилиндр және сфера пішінді


Мұнай қоймалары

Жерүсті

Жерасты

Жартылай жерасты

Жаңа тақырыпты бекіту

Ой қозғау. «Құйылма жүк» сөзіне топтастыру

Ой қозғау. «Құйылма жүк» сөзіне топтастыру

   

 


Құйылма жүк

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ

Сөйлемді толықтыр:

Сөйлемді толықтыр:

А) Құйылма жүктер ...............және ...............вагондармен

тасымалданады.

Б) Құйылма жүктер:1).........................

2).........................

3).........................

4).........................болып бөлінеді

В) Мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және беруге

қызмет ететін құрылыс кешенін ....................... дейді.

Г) Мұнай қоймалары: 1).......................

2).......................

3)....................... болып бөлінеді

Цистерна қазанына соғылатын мына трафареттер қандай ақпарат береді?

Цистерна қазанына соғылатын мына трафареттер қандай ақпарат береді?

“С” -

“Т” -

“СТ”-

“Х” -

“П” -

ДҰРЫС ЖАУАБЫН БЕЛГІЛЕ

ДҰРЫС ЖАУАБЫН БЕЛГІЛЕ


р/с

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1

Құйылма жүктер тасымалы ерекше шарттарды талап етеді

2

Барлық құйылма жүктер әмбебап цистерналармен тасымалданады

3

Химиялық құйылма өнімдер металға әсер етеді

4

Мұнай қоймалары пішіні бойынша цилиндр, сфера, эллипс пішінді болады

5

Мұнай өнімдерінің тұтқырлық қасиеті тасымалдау барысына оң әсерін тигізеді.

Қандай жүктерге арналған цистерна ?

Цистернадағы жазбалар қандай ақпарат береді?

Қызыл-түсінбедім Сары- сұрақтарым бар Жасыл- түсіндім

Рефлексия - “Бағдаршам”

АНАГРАММА

АНАГРАММА

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

  • С.Бекжанова - «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері» Оқулық, 2 бөлім 143-148 беттер.
  • Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру
  • Лекция материалдарын қайталау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет