Қорықбаева Б.І №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Тіл дамытудың тиімді әдістері



Дата31.01.2018
өлшемі112,79 Kb.
#36736
Қорықбаева Б.І

9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет



пәнінің мұғалімі.

Тіл дамытудың тиімді әдістері

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі- тіл, бірі-ділің жүректегі.

Жүсіп Баласағұни.

Тәуелсіздік туы желбіреп, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы, қазақ тілін жан-жақты үйрету, мәнерлі тіл құралының барлық байлығын игерген болашақ жастарды тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Осыған орай бүгінгі жастарымыздың қазақ тіліне деген ынтасын, құштарлығын арттыру,құрметтеу, алған білімін практикалық істе пайдалана білуге үйрету міндет болып табылады.

Тіл дамыту дегеніміз-оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Адам ойын ауызша не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамытуда ауызша не жазбаша бағыттар бір-бірімен байланысты жүргізіледі.

Тіл дамытуда дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру,қазақ тілінің орфоэпиясын меңгеру жұмыстары жүргізіледі. Бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады. Бөгде ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағының негізгі арқауы-тіл дамыту жұмысы болуға тиіс.

Орыс мектептерінде орыс тілді оқушылардың қазақша тілін дамытуда мынадай әдістермен жұмыс жүргізуге болады:

1.Сөздік жұмсын жүргізу арқылы оқушының тілін дамыту.

2.Мәтінді оқу арқылы тіл дамыту.

3.Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тіл дамыту.

4.Жаттығулар арқылы тіл дамыту.

Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады.

Сондықтан да оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі-сөздік жұмысы. Сөздік ұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар, дұрыс жазуға дағдыландыра аламыз. Оқушылдарға үйрететін жаңа сөздің мағынасын мына жолдармен меңгертуге болады:

1.Затты көрсете отырып, оның атын алдымен қазақша соңынан орысша айту.

2.Сөздің орысша баламасын беру.

3. Сөздердің мағынасын антоним сөздер арқылы түсіндіру.

4.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, алдыңғы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме арқылы жаңа сөздің мағынасын ұғындыру.

Және де осы жаңа сөздерді тек сол сабақта ғана пайдаланып қана қоймай, күнделікті өмірде қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру, оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай жұмыстар жүргізілуі керек:


  1. Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға анық түсіндіру.

  2. Жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету.

  3. Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру.

  4. Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.

Жаңа лексикамен таныстыру барысында оқушыларға жаңадан меңгертілуі тиіс сөздердің аудармасымен бірге сөйлем ішінде қолдана білудің үлгілерін де қоса жаздырту, жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, құрылысы жеңіл сөйлемдер ойлатып жаздыру, байланыстырып сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.

Жаңа сөздерді оқушылар санасында ұмытылмастай негіздетудің бір тәсілі-сөздік жат жазуын өткізу.Алдыңғы сабақтарда жаздырылған жаңа сөздерді аудиторияның түгел меңгеру деңгейін анықтау мақсатымен әрбір сабақта 5-6 минуттық жазбаша бақылау жұмысын, сөздік жат жазуын өткізуге болады және тексерудің мұндай түрін сабақ сайын бір әдіспен қайталамай, түрлендіріп жүргізу керек. Оқушы бір сабақтың көлемінде 10-15 тарта жаңа сөздермен танысып отыруы тиіс. Ол сөздер есім сөздер, етістік және басқа сөз таптарынан да болуы мүмкін.Оқушының сөздік қорын дамыту үшін түрлі сөз таптарынан

бірнеше сөздерді беріп, орыс тіліндегі баламасы арқылы оқушылардың сөздік қорына еңгізіп алып, оның оқушы санасында қалыптасып қалуы үшін, олардың өздеріне белгілі бір тақырыпқа осы сөздерді қатыстырып, шығарма жазуды ұсынған жөн.Сөйтіп оқушы есінде жаңа сөздердің сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән беру керек.Міне, сондықтан да орыс тілді оқушының қазақша ойын жеткізуде, яғни тілін дамытуда сөздікпен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.

Екінші бір тілді үйретуде, оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті.Мәтін оқушыға білім береді.Оқушыны оқуға үйрететін басты құралы, ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мынадай жағдайлар қарастырылуы керек.

1.Шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап салыстыру.

2.Мәтінің мазмұнын түсіну.

3.Мәтіндегі басқы, ортаңғы,соңғы ойларды анықтау.

4.Мәтінді толықтыру не қысқарта білу.

5.Мәтінді баяндай білу, басталар,аяқталар ойды дұрыс жеткізу.

6.Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.

7. Мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру.

Мұндай жүйелі жұмыс оқушының қазақша ойлау қабілетін және тілін дамыту мақсатында үлкен нәтиже береді. Мәтінмен жұмыс оқушының тілдік іскерлігімен қатар, оның жалпы дүние танып білуін қалыптастыруда да ерекше ықпал етеді.

Жеке сөздермен сөз тіркестері құралады.Осылайша жаңа тіркес, сөйлеу, мәтін есте сақталады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін дамытуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндірген тиімді.Сабақты көрнекі құрал арқылы түсіндіргенде,оқушылардың 91пайызы ұқса, тек құрғақ сөзбен түсіндіргенде 24 пайызы ғана ұққан.Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

а/оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

б/сабақты түсіндіру арқылы оқушының ынтасы артады;

в/ тіл дамыту жұмысы ерекше жүргізіледі.

Оқушының сөздік қорын байытып, тілін дамытудағы тиімді жолдардың бірі-суретпен жұмыс.

г/сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады.

Сондықтан тілге үйрету,тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және оларды меңгеру жаттықтырудан, жаттығудан басталады.Жаттығулар екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Жаттығулар тілдік материалдардың негізінде оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі.

Оқушының сөздік қорын молайта отырып, жүйелі сөйлеуге үйретуде жазу жұмысының мәні зор. Өйткені жазу жұмысы арқылы оқушының тілін ұстартып, сауатты жазуға үйрету мақсаты көзделеді. Оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып, оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады.Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа жауап беру,өзі сұрақ қоя білу,тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға ауыстырып, тақырып бойынша шығарма жазу т.б жатады. Сөйлеу жаттығуларын орындау барысында қазақша сөйлеуге оқушылар әбден жаттығады. Сөйлеудің, сөйлесудің барлық түрлерін меңгерген оқушыны қазақ тілі дамыған деп санауға болады.Ондай оқушылар ойын барлық жағдайда толық жеткізіп, қазақша еркін сөйлей алады.Қазақ тілін үйренген сөздік қоры оған негіз болады.Оқушы тілін дамытуда тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып саналады. Сондықтан бұл жұмысты оқтын-оқтын жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар диалог та тіл дамыту үшін, тілдік орта туғызу үшін қолданылатын басты методикалық әдістердің бірі ретінде сабақтарда ерекше орын алуы керек. Диалог-ауызекі сөйлеудің негізгі формасы.Диалогтер арқылы сөйлеуге үйрету кезінде тілдік нормаларды сақтап, олардың қолдануларына да назар аудару керек.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін әрі өз ойларын жинақтап жеткізе білуге жаттықтырумен мақсатымен түрлі тақырыпқа әңгімелесуге, пікір алысуға, сюжеттік әңгімелер жүргізуге тырысу керек. Сабақтарда қоршаған өмірге жақын жағдайлар туғызу, оқушыларды ауызекі сөйлесуге жаттықтырып отыру ең қажет нәрсе. Қазақ тілін нашар білетін оқушылармен жұмыс жүргізгенде ең бірінші күнделікті қарым-қатынаста қоладылып жүрген сәлеметсіз бе? рұқсат етіңіз, қалыңыз қалай? деген сияқты сөйлемдерге көңіл аударып отыр керек.

Тіл дамытудағы ең тиімді әдіс-сұрақ-жауап әдісі. Осы әдісті жиі қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болады. Монолог-диалог құрау әдісі. Басты мақсат- өз білімі деңгейінде өз ойын айтқызып, әңгімедегі немесе мәтіндегі оқиғаны ілуге ұмтылу,ынталандыру. Ситуацияға немесе мәтінге байланысты монолог, диалог құруға үйрету. Екі жұп бір-біріне сұрақ-жауап тәсілі арқылы өздерінің білген жауаптарын айтады.

Тіл дамыту, тіл жаттықтыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілетін, ойын дұрыс жеткізудің тиімді жолы екені даусыз. Жоғарыда айтылған тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері оқушылардың оқуына, сөйлеуіне, жазуына, ойлау қабілетінің дамуына әсері мол.



Ақтауова Г.Ж.

9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет



пәнінің мұғалімі.

Оқытудың жаңашыл әдісі

Қазақ тілі мұғалімдері-біздердің алдымызда тұрған үлкен міндет: орыс мектебіндегі оқушыларды қазақ тіліне үйретіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу; қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Сондықтан мен өз алдыма «Қайткенде оқушыларды сөйлетуге болады»- деген мәселе қойдым.Оны шешу үшін не істеу керек?

1.Дәстүрлі оқулық материалдарын жүйелеп, мазмұндас тақырыптарды біріктіріп, блок құру керек.

2.Әр блок соңында нәтиже сабақ өткізілу керек, ауызша, не жазбаша түрде қорытынды жасалуы керек.

3. Қорытындылаған кезде міндетті түрде мемлекеттік стандарттың талабы- тіл әрекетінің 4 түріне:

-түсініп тыңдау;

-оқу;


-жазу;

-сөйлеуге көңіл бөлініп, нәтижесі көрсетілуі керек.

4.Тақырыпқа байланысты тыңдалып алынған белсенді сөздер саны көрсетілуі тиіс.

5.Оқыту барысында оқытудың әр түрлі формалары, түрлері қолданылуы тиіс.

6.Әр блокта грамматикалық материал жүйелі түрде өткізіледі.

7. Әр блокта диалогтар, әр түрлі жағдаяттар ұйымдастырылады.

8.Бір блоктан екінші блоққа белгілі бір белсенді сөздер қорымен, сөз тіркестерімен,сөйлеммен өтеді.

9.Етістікпен жұмысқа ерекше көңіл бөлу керек.Мысалы:француз тілінің әдістемесінде етістікті меңгеру бірінші орында екен.Тіл дамыту етістік және оның түрлерін білуге байланысты. Сондықтан бар етістіктерді есепке алып жүйеге келтіріп, оларды блоктарға бөліп, шағын, мезгілін, райын, етісін анықтап, сызба құру керек.

Мысалы: ромашка түрінде құруға болады,

10. Әр блоққа түрлі тапсырмалар нұсқасымен тест құру керек.

Бұл, әрине, үлкен еңбек, сонда ғана нәтижеге жетуге болады. Қорыта айтарым, оқу үрдісі мына жүйеде құрылуы тиіс.

Стандарт-Бағдарлама-Оқулық-Оқудың жаңа технологиясы. Қазіргі таңда білім берудің ескі жүйесі-Ян Амос Коменскийдің дәстүрлі объект-субъектті педагогикасының орнына жаңа жүйе қалыптасуда. Бұл жүйе оқушыға түбегейлі бет бұрған. Ол оқушыны жан-жақты дамитын, ізденгіш, өз бетімен білімге талаптанатын жеке тұлға ретінде қарастырады.Олай болса, бұл жүйеде мұғалім рөлі де өзгереді. Яғни, оқушыларға білім беріп қана қоймайды, оларды жан-жақты зерттеп, танымдық қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастырып, оларды ұйымдастырушы

( фасилитатор) рөліне ие болады.

Жаңа жүйенің айнымас бөлігі- бұл оқытудың жаңа технологиясы.

Біраздан бері кеңінен танымал болған Д.Д.Эльконин-В.В.Давыдов, Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов,В.М.Монахов технологияларымен қатар қазақстанда Ж.А.Караевтың,

А.А. Жүнісбековтің, М.М Жанпеисованың технологиялары қолданып келеді.

Қазқастан Республикасының «Білім туралы Заңы» оқытушыларға өз қалауы бойынша оқытудың ең тиімді әдісін, технологиясын таңдап алып жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып отыр. \Осыған орай қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің сапасын арттыру үшін мектептердің мұғалімдері жаңашыл әдістерді игеруге талаптанулары керек.

Оқып,үйреніп, басшылыққа алынып отырған жаңашыл әдіс-интерактивті әдіс., яғни

жоғары белсенділікті дамыту әдісі. Бұл әдіс кез-келген дәстүрлі сабақтың да, жаңа технологиямен құрылған сабақтың да айнымас, құрамдас бір бөлігіне айналуы тиіс.

Бұрын жалпы бұл әдістеме осылай аталып, білім беру жүйесінде пайдаланылмағанмен, кейбір оқытушылардың тәжірибесінде сирек те болса қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар тағы басқа ойын түрлері осы интерактивті әдістеменің белгілері болып табылады.

Сонымен, жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы ұтымдылығы неде?

Жоғары белсенділікті дамыту әдісі деген не? Бұл оқытушы үшін ең қасиетті, ең керек түсінік. Бұл әдістеме тілдік таным, қатысымдық танымды тудырады, адамдар қатынасының негізі болып саналады. Екеуара және топ болып бір мақсатқа жету үшін бір-бірімен сөйлеседі, түсінеседі. Сондықтан тілді үйренудегі ерекше жол-ол интерактивті қатынас құру. Коммуникативті қарым-қатынас жоғары белсенділікті дамыту әдісіне екпін жасайды, себебі бұл әдіс белгілі бір проблемалық сөйлеу жағдаятында мәселені шешу үшін әртүрлі сөйлем құрамында тілді қолдана алады. Ал тілді үйретудің ең алғашқы кезеңінде-ақ үйренушілерге интерактивті жағдайға дағдыландыру керек. Жоғары белсенді қатысым арқылы сөздің қорын байытады, сөйлеуге үйренеді, алған білімін дамытады, өзіне-өзінің сенімі артып, білімге деген құлшынысы жоғарылайды. Мұндай қарым-қатынас тілдің икемдігін орнықтырады.

Дәстүрлі әдістемеде оқушы оқытылатын объект түрінде болады, ал интерактивті әдіс бойынша оқушылар қарым-қатынасқа түседі, бірін-бірі сыйлауға, дұрыс бағалауға, білмегені білгенінен үйренуге тырысады.мысалы, 10 класта өтілген «Шоқан Уәлиханов» тақырыбы бойынша нәтиже сабағы кезінде сөзжарыс өткізуге болады. Ол үшін мұғалім сөз жарысын тудыратын сұрақ қоюы керек. «Шоқанның ғалым болуына қандай жағдайлар себебін тигізді?» Бұл сабаққа дейін мұғалім Шоқанның ата-тегі, балалық шағы, қызметі туралы қызықты деректер береді.Класс 2 топқа бөлініп, әр топ көсемдері сайланады.

Жарыс басталысымен оқушылар 3 минут Шоқан туралы білетіндерін еске түсіріп, қайталайды. Содан соң 2 топ кезектесе отырып Шоқан туралы айтып шығады, бірін-бірі толықтырады. Ал топ көсемдері қарсы топтан естіген кейбір қызықты деректерді жазып алады, естіген пікірлерді жинақтап, ой түйеді. Сөзжарыс соңында әр оп көсемдері қойылған сұраққа байланыста тұжырымдамасын айтады. Кімнің жауабы дұрыс, дәлелді болса, сол топ «жеңімпаз» атанады.

Немесе осы тақырыпқа пікірталас жүргізуге болады.Бұның артықшылығы-сөйлеу 1-ші орында тұрады. Оқушылар қойылған сұрақты талқылайды,сөздеріндегі грамматикалық форманы бұзып айту қателерін мұғалім не білетін бала жөндейді. Демек, лингвистикалық материал қайталанады. 2-ші артықшылығы-ойлау қабілеті дамиды, лексикалық, грамматикалық дағды қалыптасады.

Әрбір топ өз пікірін дәлелдейді, ортақ пікірді оқытушы өзі жасайды.

Оқу процесінде лексикалық, грамматикалық тақырыптар түрлеріне қарай ойындар, сөйлеу жағдаяттарын пайдалануға болады. Мысалы, морфологияны өткенде мынадай коммуникативті ойындар ұйымдастыруға болады:

«Танысу», «Кім не істейді?», «Суретшілер», «Мамандық», «Сыншылар», «Сиқырлы қоржын», «Сөзді көркемде», «Затты тап», «Қалаға саяхат», «Эстафета», «Сиқырлы қоржын», «Бәйге». Сонымен қатар мынадай күрделі ойындарды пайдалануға болады:

« Көңілділер, тапқырлар клубы», «Брейн-ринг» т.б. Осындай ойындар арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеті, іздену қабілеті артады, сөйтіп, жоғары белсенділігі дамиды.

Жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің негізгі принциптері мыналар:

1.Өзінен-өзі пайда болатын ұстаным( автоматизация). Негізгі идеясы грамматикаға көңіл бөлмей, тақырыптың мазмұнына көңіл аударылады.

2. Ішкі сезім уәждемесі. Негізгі идеясы-оқушылар сөйлескенде өздерін еркін сезінеді.

3. Стратегиялық, қуаттылық.Негізгі идеясы-стратегиялық білімін қолдануды талап етеді.

4.Тәуекелге бару. Интерактив белгілі бір тәуекелге бел байлауды қажет етеді.

5. Тіл мен мәдениет арасындағы байланысы. Негізгі идеясы-жоғары белсенділікте сөйлеу мен жазу мәдениеті тіл мәдениеті ерекшеліктерін сақтауды талап етеді.

6.Тіл үйрену жолында көптеген қателерден кейін таза және дұрыс сөйлеуге дағдыланады.

7. Коммуникативті принцип.

Негізгі идеясы-жоғары белсенділік өзара қарым-қатынаста коммуникативтік принциптің барлық элементтерін қамтуы тиіс. Олар: грамматика,сөйлеу, лингвистика.



Интерактивті әдістің дұрыс ұйымдастырылуы, оқытушылардың шеберлігіне байланысты.

Ол әрі бақылаушы, әрі жетекші, әрі ұйымдастырушы.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет