Орындаған: Жетекшісі: Жоспар



бет4/4
Дата13.12.2016
өлшемі1,02 Mb.
#3765
1   2   3   4

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға “Түлкі мен тиін” мысалын  оқып, мазмұнын түсіндіру, Әбдірахман Асылбековпен таныстыру. Мысалды мәнерлеп оқыту,рөлге бөліп оқытуды       үйрету. Сурет бойынша әңгімелету.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Психологиялық дайындық.

Мұғалім қызметі. Мұғалім тақтаға іледі. Имандылық-адалдық,”Ала жіптен аттама” Ойлама еш жамандық, досың түгіл жатқа да.

Оқушы қызметі. Оқушылар айтады.

3. Өз мүмкіндігіңді пайдалан.

Мұғалім қызметі. Өткен тақырыпты қорытындылай отырып, сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақпен байланыстырдым. Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1.Өткен тақырыпта не туралы айтылған?

2.Қапқа құйылып алынатын зат.

3. Сүттің бетіндегі қою зат.

4. Піскен сүттің бетіндегі зат.

5. Сүт қалай  «ұйықтады»? Ертегі ме? Мысал ма?

6. Сүзбеден не жасайды? Сүт қай жануардан алынады? Сүтке бір күні не болады? Ұйытқы деген не?  Сызбадағы-қызыл жолақшадағы сөзді оқысаң, сабақтың тақырыбы ”Түлкі мен тиін” шығады.

4.Ой қозғау

Мұғалім қызметі. Балалар,”Түлкі мен тиін” туралы қандай ертегілер білесіңдер ?

Оқушы қызметі. “Арыстан мен түлкі”, “Ешкі мен түлкі”, “Жақсылық пен жамандық” т.б

5. Жаңа мағынаны игеру.

Мұғалім қызметі. -Балалар,біз жаңа тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашып алдық. Оның авторы Әбдірахман Асылбеков Асылбеков 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында туған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрді. Қазір “Көзқарас” және “Заңғар” журналында жауапты қызметкер. Өлеңдері “Көктем “ ,”Кәсіптер иесі”.

6.Оқулықпен жұмыс .

Оқушыларға мысалды өз бетінше оқыту тапсырылады.

Мысал ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді сұрау. Мұғалім сөздік жұмыс жүргізеді

Оқушы өз бетінше оқып шығып, танысады. Өздеріне түсініксіз  сөздерді айтады.  7. Жеке оқушымен жұмыс.

«Түлкі мен тиін» мысалын рөлге бөліп оқытуды тапсыру. (Оқушылар мысалды рөлге бөліп оқиды).

8. Дәптермен жұмыс, сипаттама беру.

1. Түлкі мен тиіннің қасиеттерін 3 топқа бөліп,  дәптерге жазуды тапсырамын.

2. Тақтаға әр топтан оқушы шығып,берілген тапсырманы салыстырып жазады. Музыка қосып қоямын.

Оқушы қызметі.

1 топ. Түлкіге сипаттама — қу, айлакер,арам,өтірікші,мақтаншақ.

2 топ. Тиінге сипаттама – жуас,қорқақ,пысық,үркек.

3 топ. Ортақ қасиеті – аң, орманда болады, жүнінің түсі бірдей.



9. Шығармашылық тапсырма.

Мұғалім қызметі. Оқушыларға ой тудыру мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алу. Түлкі мен тиіннің тағы да қандай ерекшеліктері бар? Мысалы: олардың құйрығы не үшін керек? -Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып,аңдарға сипаттама беріңдер. Ал,енді мысалдан көрініс көрсетейік.

Оқушы қызметі. Түлкіге құйрық жауын алдау үшін керек. Ол жүгіріп келе жатқанда құйрығын оңға бұрса, өзі солға кетеді.Сөйтіп құтылып кетеді екен. Тиінге құйрық ағаштан – ағашқа секіргенде тепе-тендікті сақтау үшін керек. Ұйықтағанда жастық қылып жастанып жатады.

11. Сахналық көрініс.

Мұғалім қызметі. — Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып, аңдарға сипаттама беріңдер. Ал,енді мысалдан көрініс көрсетейік.

Оқушы қызметі. Түлкі мен тиін кейпіне еніп,мысалдан көрініс  көрсету.

Бекіту тест.

Бағалау.

Үйге тапсырма. “Түлкі мен тиін” мысалын мәнерлеп оқып келу, мазмұнын айту (түлкі мен тиіннің суретін салу)

Ақымақ қасқыр

Бір күні жайылып жүрген түйенің қасына түлкі келіп:


— Әй, бүкір! Саған менің жерімде жайылуға кім рұқсат берді? Тез арада бұл жерден табаныңды жалтырат! — деп айқайлапты.
— Бұл жер неліктен сенікі болуға тиіс? — деп ашуланыпты түйе.
— Өйткені, ол маған әкемнен, ал әкеме атамнан мұраға қалған. Егер сенбесең, куәгерді шақырамыз, — дейді түлкі. Сөйтеді де, куә болу үшін қасқырды шақырады.
— Оңбаған түйе! Өзгенің жерінде жайылуға қалай батылың барды? Сен кінәлісің, сондықтан, мен сені жеймін! — деп қатуланады қасқыр.
— Дұрыс, дұрыс, сен оны жеп қой, — дейді өзіне де олжа түсіп қала ма деп үміттенген түлкі.
— Онда неғып тұрсың? Ендеше, ең тәттісінен — тілімнен баста, — деп, түйе ауызын ашады.
Қасқыр басын түйенің аузына сұғып, тіліне жармаса бергенде, түйе жағын қысып кеп қалады. Сол кезде қасқырдың басы шіріген жаңғақша тырс ете түседі. Мұны көрген түлкі алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Көргендердің айтуынша, түлкі әлі күнге түйеден қашып жүр дейді.

Екі лақ



Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

-        Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, мағдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

-        Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.

-        Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.

-        Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:

-        Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.

Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.

-        Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр.

-        Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.

-        Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:

-        Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді.

-        Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді.

Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.

-        Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

Қорытынды

Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.



Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;

- Мәтінді мәнерлеп оқуға;

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;

- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.

Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені

жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.



Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.

Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді.



Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын



педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л.В. Игнатенко, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова. Шымкент 2006 ж.

2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп. 2001 ж.

3. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті. І бөлім.

«Фолиант» баспасы. Астана. 2007 ж.

4.А.Байтұрсынов «Ақ жол». Алматы. «Жалын» 1991 жыл.

04/03/2011



  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1998 ж. С.рахметова

  2. Ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра»- 1998 ж

  3. Мәнерлеп оқу Алматы «Мектеп» 1982 ж Х. Қожахметовыа

  4. Бастауыш сынып №3,4- 2002 ж

  5. Бастауыш сынып 5-2004 ж

  6. Тәрбие құралы, №1 2005 ж

  7. Ана тілі оқулығы (1,2,34, сынып)

  8. Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»

  9. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы 2003 ж

  10. Интернет

  11. Мөлдір бұлақ журналдары





Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын



педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л.В. Игнатенко, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова. Шымкент 2006 ж.

2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп. 2001 ж.

3. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті. І бөлім.

«Фолиант» баспасы. Астана. 2007 ж.

4.А.Байтұрсынов «Ақ жол». Алматы. «Жалын» 1991 жыл.

04/03/2011




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет