Орындаған: Саулатова Лаура, 6 «А» сынып оқушысы Жетекші: Сағынбаева Ф. М., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 2015 ж «Наурыз мейрамы»



Дата15.09.2017
өлшемі326,78 Kb.
#33438
Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№1 Затобол орта мектебі» ММ





«Наурыз мейрамы».

Қазақ тілі

секциясы

Орындаған:Саулатова Лаура,

6 «А» сынып оқушысы



Жетекші: Сағынбаева Ф.М.,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


2015 ж


«Наурыз мейрамы».

Зерттеудің мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы тарихын жетік білу үшін, білімін терендету. Өткен ғасырда тойланатын салыстыру, қазақ халқының салт дәстүрлерін білу, құрметтеу.

Өзектілігі: Егер,өзіміз қазақ халқының салт –дәстүрлерді, мерекелерді жақсы білмесек, олар біздің өмірімізден жоялады.


Зерттеудің ғылыми болжамы: Наурыз мерекесін өмірде тойлаймыз, отбасымызбен қарсы аламыз.

Зерттеудің міндеті: Қазақтың мейрамы –Наурыз мейрамы туралы білу, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білу, ұйымшылдыққа, өнерге баулу.
Зерттеу жұмысының дерек көздері: Зерттеудің материалдары ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды және халықтық педагогика элементтері кеңінен пайдаланылды.

Әдіс-тәсілдері: зерттеушілік жоба,сұхбат,тәжірибе шығармашылық тапсырмалар, презентация құру, келешекте кітапша жасау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе,зерттеу бөлімі,қазақ тілінің аударма тарихына шолу, қазіргі қазақ тілінің аудармасы, қорытынды бөлім ,пайдаланылған әдебиеттер тізімі,қосымшалар,презентациялар, буклеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе.

 Наурыз- жыл басы.

Жер бетінде ертеден келе жатқан  мерекелердің бірі-Наурыз мерекесі. Бұл мереке жаңару, көктем мерекесі болып саналады. 22 Наурызда күн мен түн теңеледі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша Наурыз мерекесін тойлауды қазақтар, өзбектер, ұйғырлар жалғастырып келген екен. Ертеде Наурыз мерекесін қазақ халқы Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. Халқымыз айтқандай: «Наурыз мерекесін  асқан жомарттықпен қарсы алсаң, жыл бойы  жақсылықта өмір сүресің».



Наурыз туралы түсінік
Наурыз – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз. 22 наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі неде? Оның мәнісі мынау: 21‑нен 22‑не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Сондықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны – жаз. Сол тоқсанның басы 22 наурыз болғандықтан бұл күн « Наурыз» яғни «жаңа күн» деп аталады.

Негізгі бөлім.

Наурыз мерекесінің тарихы.

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі.

Қалай болғанда да, бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген. 

Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды.

Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған.

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.  

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.



Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі . Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған? Ертеде қалай тойлаған?
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21‑і түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял‑ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда себезгілеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшке тұспа‑тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22сі күні таңғы сағат үште қарсы алады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтарын ұсынады. Халқымыз үй ішін, қорасын тазартып, жаңа киімдерін киіп, көршілерді, ағайын-туыстарды Жаңа жылмен құттықтайды. Ер азаматтар қос қолдасып амандасып, төс қағыстырса, әйелдер жағы құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады, арнайы даярланған дастарқаннан дәм ауыз тиюге, наурызкөже ішуге шақырады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, достармен бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз-жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған, жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі.
Ұлыс күні қазақ елі үшін қасиетті. Ол күні қар не жаңбыр жауса, нұр жауды, «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ үлпілдек болады да, «ақша қар» аталады.
Наурыз күні қуанышқа кенеліп, жұрт аппақ көйлек пен жаңа киімдерін киеді.
Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір‑бірімен кездескенде:
Наурыз құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле‑жала жерге енсін! –
деп құттықтап ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады; ал әйелдер болса құшақтасады; ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады.
Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және сәбізден қазан толы наурыз көже пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс‑жидектер) және қызылдан (еттен істелген) жеті түрлі тағамдар қойылады. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурыз көжені тоя ішеді. Жиналған жұрт: «Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақытысымен көрсетсін!» деп тарқасады. Әдетте Наурыз түнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан – тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрі халық ойындарымен (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, айқыш-ұйқыш, ақ серек пен көк серек, алқа қотан, т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, кешке қарай алтыбақан айналасындағы тамашаға жиналады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.


Көрші-көлем, ауыл-аймақ бір-бірімен құшақтаса көрісіп, Жаңа жылды қарсы алады.

Ал қазіргі заманда 22 наурыз қалай тойланып жүр?! 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас-тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытпай жатырмыз. Ұлы мейірімділіктің айын біз дұрыс бағытта тойлаймыз! Наурыз мерекесі дәстүр бойынша шашу шашылып, Наурыз көже ұсынылудан басталады.

Осы Наурыз мерекесін біздің отбасымыз ерекше қарсы алады. Менің анам дәмді тағамдар пісіреді, дастарқанның басты тағамын - наурыз көжені дайындайды. Біздің үйімізге қадірлі үлкен кісілер кіріп шығады, олар дастарқанның дәмін татып, бата береді:

Наурыз- Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІІ. Қорытынды тұжырымдау.

Наурыз мерекесінің тарихы туралы оқушылардан, ауыл тұрғындарынан сауалдама алдым.
Зерттеу нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге келіп тірелдім:
Ауыл тұрғындарынан , оқушылардан алынған сауалдама: (10адам)



Сұрақ

Оқушылар Ауыл

тұрғындары

1

Наурыз мерекесінің тарихын білесің бе?

Иә-2 Иә-4

Жоқ-8 Жоқ-6



2

Қай жылдан бастап Наурыз мерекесі тойланады?

Білемін-0 Білемін-2

3

Сенің отбасың Наурыз мерекесін тойлайды ма?

Иә-7 Иә-9

Жоқ -3 Жоқ-1





4

Наурыз көженің дәмін тарттың ба?

Иә-4 Иә-7

Жоқ -6 Жоқ-3





Мен өз зертеу жұмысымды қорыта келе ой білдіргім келеді:

Егер, біз, өз елінің дәстүрін, тарихын жақсы білсек, келешекте ұрпақтарымызға дұрыс жол ашамыз деп ойлаймын.

Бұл зерттеу жұмысын осы өлеңмен аяқтаймын:

көктем келді жадырап 


жер көгерді нұр жауды 
наурыз келді жарқырап 
көптен күткен той келді 
қара үйлер тігіліп 
қазан ошақ құрылды 
наурыз көже төгіліп 
құт береке мол болды 
алтыбақан ойналып 
ән мен жырлар айтылды 
ақсүйек асық ойнаған 
балалар да көңілді 
осындай жақсы тойы бар 
қазағым қандай бақытты!!! 
қазақтың салт-дәстүрін 
сақтайық әдеп-ғұрыпты!!!

Наурыз мерекесі, қазақ халқының салт дәстүрлері - сан ғасырдың жемістері, сондықтан оларды қастерлеп, сақтауымыз керек.
Каталог: uploads -> doc -> 0626
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0626 -> Сабақ жоспары Күні: 22. 09. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы: «Бидай мен Қаңбақ.»
0626 -> Оқушының аты-жөні: Оқиға, құбылыстың себебін дәлелдейтін мәтіннің түрі
0626 -> Сынып: 8а Күні: 23. 02. 2017 жыл
0626 -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы : 200м- 400метрге жүгіру. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет