Орындалуы туралы есеп



Дата08.09.2017
өлшемі180,16 Kb.
#31582


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҰРАҒАТ ІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ 2013 ЖЫЛДЫҢ ТОҚСАНЫНДАҒЫ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат істерін дамыту концепциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ақпарат және мұрағаттар комитетінің нормативтік-құқықтық актілерін, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының», «XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттар көшірмелерін іздестіру және сатып алу бағдарламасының», «Шығыс Қазақстан облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының», «Мұрағат құжаттары мен басылымыдарының жарияланған тақырыптары тізбесінің», «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінде электронды мұрағат құрудың 2007-2010 жылдарға арналған жоспарының» жоспарларын және салалық бағдараламаларын іске асыруға бағытталған. Мұрағат ісі, құжаттандыру және құжатты басқарудың нормативті құқықтық және әдістемелік қорын құруға үлкен назар бөлінді.

«Шығыс Қазақстан облысның кейбір мемлекеттік мұрағат мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы және Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2013 жылғы 22 ақпандағы №12 бұйрығына сәйкес ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ филиалдар құру туралы ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен мемлекеттік мұрағат мекемелері қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Ақпараттар және мұрағаттар комитетіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттiк есебi туралы нұсқаулығы», «Мемлекеттік мұрағаттарда техника қауіпсіздігін және еңбегін қорғау ережесі», «Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерін аттестациядан өткізу шарттарының ережесі» мазмұндары бойынша ұсыныстар жіберілді.

Семей қаласының әкімшілігіне ҚЗТО мұрағатшыларымен Семей облысының экономикасы мен мәдениетін дамытудағы рөлі татар диаспорларының құжаттарын анықтап ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын орындауға орай ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып және іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыстың мұрағат мекемелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөнінде бірқатар шаралар өткізді: лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне арналған азаматтар үндеулері үшін жәшіктер орналастырылды, жәшіктерді ашуға жауаптылар тағайындалды. Басқарманың «ШҚО мұрағат қызметі» веб-сайтында «Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» тарауы бар, мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы материалдар тұрақты жарияланып тұрады.

«Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың сұрақтарын, үндеулерін қабылдауды қамтамасыз ететін және оларды жауапты тұлғалар өңдейтін электронды қызмет – виртуалды қабылдау жұмыс істейді.

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру іс-шаралары жоспарын іске асыру мақсатында облыстың мұрағат мекемелері ұжымдарында Жолдау ережелерін оқып, талдау ұйымдастырылды. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығы Жолдауды түсіндіру және насихаттау жөніндегі облыстық ведомствоаралық ақпарат-насихат топтарының басшысы ретінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының елді-мекендеріндегі тұрғындармен кездесулер өткізді.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына 70 жылдығын мерекелеу бойынша облыс мұрағатшыларымен іс-шаралар жоспары жасалынды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылдың 18 қаңтарында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы базасында облыстың мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісі өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі сайтының және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-сайтының құрылымдық рубрикаларын жаңарту үшін «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары», «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің 2012 жылы орындалуы туралы есеп» облыстың мұрағат мекемелері бастықтарының қатысуымен өткізілген облыстық мәжілістер туралы ақпараттар, облыстың мұрағат мекемелерінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі жылдық жоспары және т.б. ұсынылды.

Есеп беру кезеңінде 2012 жылға арналған жұмыстар жоспарын іске асыру мақсатында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету саласындағы облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды тігу, картондау, жаңғырту, өшіп бара жатқан мәтіндерді қайта қалпына келтіру, қағаз және пленкалы тасмалдағыштардағы құжаттардың қолда барлығын және табиғи жай-күйін тексеру, аса құнды құжаттарды анықтау және оларға пайдалану қорын құру жөніндегі жұмыстар жүргізілді, «Электрондық мұрағатқа» арналған құжаттарды сканерлеу жөніндегі жұмыс жалғасты. Сондай-ақ, облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік есепке алу жұмыстарын жүргізді: жаңаларын жасау, қолдағы бар парақтарын жалғастыру, қорлар карточкаларын, қорлар құрамы мен көлеміне өзгертулер еңгізу туралы мәліметтерді жалғастыру жұмыстарын жүргізді. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат қорының паспорттары жасалды.

ҚР ҰМҚ құру саласында облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді, ұйымдарға, мекемелерге істер номенклатурасын, сараптама комиссиялары мен ведомстволық мұрағатттар туралы ережелерді, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, елтаңбалық бланктерді әзірлеуге әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсетілді. Мемлекеттік емес формадағы ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп іс-қимыл жасауға келісімшарттар жасалды және ұзартылды. Ұйымдарда іс жүргізу жөнінде семинарлар, дәрістер өткізілді.

2013 жылдың 1 тоқсандағы мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау саласында басқарманың сараптау-тексеру комиссиясы облыстық отырыстарында басқару құжаттамасының 13.411 сақтау бірлігі, жеке құрамы бойынша 5.602 сақтау бірлігі, 346 сақтау бірлігінде жеке бастекті құжаттары, 2 АҚҚ ісі, 25 сақтау бірлігінде киноқұжаттар, 264 сақтау бірлігінде фотоқұжаттар, 48 сақтау бірлігінде бейнеқұжаттар.

Облыста ақпараттық-іздеу жүйесін құру аясында облыстың мемлекеттік мұрағаттары басқару құжаттарын, жеке шығу тегі құжаттарын, бейне және фото құжаттарын, істер тізбесін қайта өңдеумен құжаттарды каталогтаумен айналысты.

Есеп беру кезеңінде облыстық мемлекеттік мұрағаттарымен республикалық және аудандық баспа БАҚ мақалалар дайындалып жарйаланды.

Облыстық мұрағат мекемелерімен облыстық мұрағат мекемелерінің қызметтеріне Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын; Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелерін; Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын; Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін тәжірибелі енгізуіне үлкен мән берілді.

Облыстық мұрағат мекемелерімен іс құжатпен жұмыс істейтін мекеме, ұйымдар қызметшілері үшін семинарлар, консультативті-әдістемелік көмектер көрсетіледі.

Облыстың мұрағат мекемелері бюджет қаражатын, соның ішінде мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаражатты дер кезінде игерді. Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заң талаптары әрекетіне түсетін мұрағат мекемелеріндегі мемлекеттік сатып алулар электронды тәсілмен жүргізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекетті мұрағаты», «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ақпараттық сайттары табысты қызмет етіп үнемі жаңа ақпараттармен толықтырылып отырады, ақапараттық сайттарда байланыс мәліметтерінен, анықтамалық ақпараттардан, мұрағат тарихынан басқа мәліметтер қоры, анықтамалар, құжаттар жинағы, кітапшалар, баяндама мәтіндері, сканерленге құжаттар орналасқан, мұрағат қызметі бағыттары, жеке текті қорлар бойынша қажетті тармақтар қарастырылған, Электронды қызмет орталығының виртуалды қабылдауымен интеграция ұйымдастырылған, Орталық электрондық қызметі виртуалдық қабылдау интеграциясы ұйымдастырылған.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
2013 жылдың 1 тоқсанында облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сумен, жылумен және электрмен қамту жүйесінің жұмысына бақылау тұрақты жүргізілді. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін 30.814 мұрағат қоймаларында (арнайы қызметтердің көмегімен) желдету және дымқылдап сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды, 52.839 сақтау бірлігі залалсыздандырылды.

Облыстың мұрағат мекемелері қорғау-өрт дабылы мен газды өрт сөндіргіш жүйесіне қызмет көрсетуге шарттар жасады. ДПД құрамы туралы бұйрық жаңаланды, ТЖ кезіндегі әрекет бойынша оқу және практикалық сабақ жүргізілді.

Есеп беру кезеңі ішінде облыстың мұрағат мекемелері құжаттардың табиғи жай-күйін жақсарту мақсатында 2.541 істе қағаз негізіндегі құжаттардың 9.635 беті қалпына келтірілді, 1.850 сақтау бірлігі тігілді, 137 іс тізімдемелерімен тігілді, 454 істер тізімдемесінің мұқабасы хатталды.

Мұрағат мекемелері 14.150 сақтау бірлігін картондады, 1.476 қорап қолдан жасалды, 1.433 қорап қайта шифрленді, құжаттардың мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 647 ескірген жапсырмалар ауыстырылды, 1.013 жаңа жапсырмалар, 4.640 бумалар жасалды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен қайта нөмірленді 20.772 бет, қайта картондалды 186 сақтау бірлігі.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 688 бет өшіп бара жатқан мәтінді, соның ішінде электронды нұсқасын қалпына келтірді.

Аса құнды құжаттарды (АҚҚ) және тарихи – мәдени нысандарының құжаттарын анықтау мақсатында облыстың мемлекеттік мұрағаттары есептік кезеңде 4.299 сақтау бірлігі (468 іс - бет бойынша, 3831 іс - тақырып бойынша) қаралды. Бұл: Өскемен қаласының қаржы басқармасы, Өскемен қалалық маслихаты және т.б. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 67 аса құнды істі анықтады. Анықтау қортындылары тіркеу құжаттарында, тізімдемелерде көрсетілген және қораптарда «АҚҚ» деп белгіленді.

Облыстың мемлекеттік мұрағатында есептеу мезгілі кезінде басқарушылық құжаттарды қолдану қорын құру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Одан әрі сақтау үшін электрондық түрде және «Электрондық мұрағатты» толықтыру үшін мемлекеттік мұрағаттымен №1 «Өскемен қалалық халық депутаттары және оның атқарушы комитеті» қорының құжаттары сканерленді. «Электрондық мұрағатты» базаға барлығы облыстың мемлекеттік мұрағатымен 1927сақтау бірлігі, 186259 скан-бейне (с.қ.АҚҚ) енгізілді.

Келесі құралдарды пайдалана отырып құжаттарға оцифровка жүргізілді: «ЭларПланСкан-А» сканері (А3-Ц форматы), Intel 2 DUO CPU E 6550. 2,33 Ггц компьютері.

«ШҚО электронды мұрағаты» автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ) жұмыс басталды, «Электронды қор каталогы», «Мұрағат тіркеушісі», «Мұрағат қоры» құрылған мәліметтер базасын біріктірді.

«ШҚО электронды мұрағаты» АБЖ үшін сканерленді – 488 сақ.б., 65.187 бет.

Есеп беру кезеңінде 2.692 парақ көшірмесі жасалды (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындаған кезде зерттеушілер оқу залына және т.б.).

2013 жылдың 1 тоқсан ішінде облыстың мемлекеттік мұрағаттары құжатар мен істердің қолда бары мен физикалық жағдайын тексеруді жүргізді – тексерілді 67.447 сақтау бірлігі. Сондай-ақ бұрын 2012 жылы пайдаланылуда болған істер де – 11.131 сақтау бірлігі және 5.425 сақтау бірліктің санитарлық-биологиялық жай-күйі таңдап тексерілді. Тексерулер қорытындысы бойынша актілер жасалды және құжатты есепке алу және оның табиғи жай-күйі карточкалары толтырылды. 162 қордың есепке алу құжаттарын салыстырмалы тексеру жүргізілді.

Сұраныстарды орындау, оқу залында жұмыс істеу, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру, АҚҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан есепті кезеңде 74.168 сақтау бірлігі, оқу залына – 130, 13959 тізімдемелері берілді. Облыстық мемлекеттік мұрағатына уақытша пайдалануға 33 іс дайындалды.

Мемлекеттік мұрағаттар мұрағат қоймаларында оңтайлы орналастыру мақсатында 2.797 іс және 775 бума мен қораптардың орны ауыстырылды.

Облыстың мемлкеттік мұрағаттарымен «Алтайсвинецстрой» ААҚ аз қолданылатың қорлардың 565 сақ.б. сүргі салынды.

Облыстың мұрағат мекемелері қорғау-өрт дабылы мен газды өрт сөндіргіш жүйесіне қызмет көрсетуге шарттар жасады. ДПД құрамы туралы бұйрық жаңаланды, ТЖ кезіндегі әрекет бойынша оқу және практикалық сабақ жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу.
2013 жылдың 1 тоқсанында облыстың мемлекеттік мұрағаттары 2012 жылы өткен құрамға және қорлар көлеміне, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат қорларының төлқұжаттарына өзгертулер енгізу туралы мәліметтер жасалынды.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарында жаңадан 85 парақ қор жасалды, 90 парақ қор жалғастырылды, 10 қорға 45 карточка жасалды, есепке алу кітабына 96 қор енгізілді.




2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмысы.
Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттары басқару құжаттамаларының 10.715 сақтау бірлігін, жеке құрам құжаттарының 6.226 сақтау бірлігін, жекетекті құжаттарының 385 сақтау бірлігін, бейне құжаттардың 15 сақтау бірлігін, фотоқұжаттардың 100 сақтау бірлігін, киноқұжаттарының 25 сақтау бірлігін.

Есеп беру кезеңінде 191 ұйым бойынша құжаттама басқармасы, ведомстволық мұрағаттар қызметтері қызметкерлеріне істер номенклатурасын, ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы ережелерді, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, елтаңбалық бланкілерді, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуге әдістемелік, практикалық көмек көрсетілді.

2013 жылдың 1 тоқсан ішінде облыстың мемлекеттік мекемелері 230 ұйымның істер номенклатурасын, құпиялық ісқағаздарын жүргізу–7, ұйымдардың сараптама комиссиялары туралы ережелерді, , 2 – «ДСП» белгілері бар, іс жүргізу туралы нұсқаулықтары бойынша – 14 ұйымға көмек көрсетілді.

Мемлекеттік емес меншік түрлерінің 12 заңды тұлғаларымен іс жүргізу және мұрағат істері саласындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде келісімшарттар жасалды және мерзімдері ұзартылды: Семей қаласының АО «Альянс банктің» филиалы, жеке нотариустар және т.б.

2013 жылдың 1 тоқсанында облыстың мұрағат мекемелері құжаттандыру және құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері жөнінде 7 семинар өткізді. Семинарларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары на сәйкес құжаттардын ғылыми-техникалық өндеу мәселесі, іс тізімдемелерін жасауындағы және ғылыми-анықтамалық аппартарындағы өзгертулер қарастырылды. Нормативті базалар талаптарының өзгерістеріне сәйкес міндетті құжаттар реквизиттерін жасауындағы және іс номенклатурасын жасауында және құрастыруындағы өзгерістер туралы айтылды.

2013 жылдың 1 тоқсанында жеке текті құжаттарымен облыстың мемлекеттік мұрағаттарында жинақтау бойынша жұмысы жалғастырылды.

Ұйымдармен жұмыс істеу есеп карточкаларына мәліметтерді енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, негізгі есепте орналасқан ұйымдардын бақылаулы істері үнемі толықтырылады.
3.Ақпараттық іздеу жүйесін жасау, ғылыми ақпараттарды

және құжаттарды пайдалану.
2013 жылдың 1 тоқсанында облыстың мемлекеттік мұрағатымен жеке бас текті құжаттарын тізімдеу бойынша жұмыс басталды: Косой А.Г., Өскемен қаласының Цемент зауыттың бұрынғы директоры, СССР министрінің ақылы сыйлықтың лауреаты (29 сақ.бір.), Юфа Э.З., филологиялық ғылымның кандидаты, Қызықбай Т., журналист, Щербаков Б.В., Өскемен қаласының мәртебелі азаматы, Барлығы 376 сақ.б. тізімделді.

Топтама құжаттардың хаттауы 1927-1939 жж. және номенклатуралық жұмысшылардың жеке істері және ШҚО Қазақстанның компартиясының райком жұмыстары басталды.

Одан басқасы, басқару құжаттамасынан 3.250 сақ.бір., жеке құрамы бойынша – 4.406 сақ.бір., киноқұжаттар – 25 сақ.бір., бейнеқұжаттар–15 сақ.бір. және фотоқұжаттар–100 сақ.бірл. хатталған.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен «Шығыс Қазақстан облысының тұтыну қоғамның одағы» қорының іс тізімдемесін өңдеуімен (312 сақ.бір.) жұмыс өткізілген, жұмыс үдерісінде істердің құндылығының парақтық сараптама өткізілген, істердің тақырыптары редакцияланған.

Өскемен қаласының әкімі», «Семей қаласының Калинин аудандық халықтық бақылау комитеті» құжаттар қорларына каталогтауды жүргізу кезінде 3600 сақ.б. қаралды және 484 карточка жасалынды.

«Дидар» облыстық газетінің редакторы, ақын-журналист Т.Нукаевтің жеке тектіт құжаттарын, өскемен қаласының Құрметті азаматы А.С.Куленовтың құжаттарын каталогтауды жүргізу кезінде 100 сақ.б. қаралды, 107 карточка жасалынды. 164 сақ.б. фотоқұжаттамалар, 33 есеп бірлігінің видео құжаттары каталогтау жасалынды.

«Лениногорская правда», «Риддерские вести», «Рудный Алтай», «ЛЗ-Сегодня» газеталарының тематикалық зерттеме барысында 10 карточка жасалынды.

«Атаулы каталог» мәліметтер базасына «Қазақстан Коммунистер партиясының «Шығыс Қазақстан облыстық комитеті» қоры бойынша мәліметтер енгізілді (1 қ. 3т.) – 213 позициялар, «Естелік кітабіне» - Тарбағатай ауданы (936 позициялар), Глубокое ауданы (690 позициялар), Серебрянс қаласы (190 позуиялар және Зырян қаласында (794 позициялар) бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаза тапқан және жоғалған дар туралы мәліметтер. «Видеотека» мәліметтер базасына мәліметтер енгізілген (33 позициялар). «Тарихта өз ізінді қалдыр» мәліметтер базасымен жұмыс басталды (206 позициялар). Барлығы тақырыптық мәліметтер базасына 3062 позициялар енгізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары есеп беру кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық газеттерде төмендегідей 23 мақала дайындады және жариялады: «Зыряндағы балабақша», «Новый детский сад в Зыряновске», «Рудный Алтай» газетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай «Летопись края на страницах «Прииртышского коммунара», ҚР жазушылар одағының мүшесі, журналист Абайтанушы аудармашы, атақты ақын М.Р.Султанбековтың 75 жылдығына орай «сын города на Иртыше».

«Қазақстан мұрағаты» журналына 2 мақала жолданды: Семей оқыту семинарының құрылғанына 110 жылдығына «Имени Его Величества» және жазушы, ақын, философ Шәкәрім Құдайбергеновтың 155 жылдығы.

Мүдделі мекемелерге, мұрағатшыларға естелік және мерейтойлық күндерге 8 бастамалы-ақпараттық құжаттар дайындалып, жіберілді. Семей қаласының өлкетану музейінің 130 жылдығы, М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің 110 жылдығына арналған ҚЗТҚО сақталған құжаттар құрамы туралы ақпараттық хатты мүдделі ұйымдармен мекемелерге жолданды.

Облыста құжаттарды пайдаланып облыстық мұрағаттарымен 3 фотоқұжаттама көрмесі дайындалды: «Век новых технологий», өткен ғасырдағы 1920-1940 жылдардағы әйелдер қозғалысы туралы «Семей әйелдер қозғалысы тарихынан».

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен ҚР «Хабар» АҚ «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттары электрондық түрге ауыстыруда» атты бағдарламаны дайындауға көмек көрсетті.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты мұрағатшылары «Өлкетану оқулары» 2 шығармашылық кешке қатысты, олар «Первый директор Исторической библиотеки» (Н.Н.Яковлев) баяндамамен және мултимедиялық презентациямен, «Жизнь, увиденная через объектив камеры» (М.В.Горовтың жеке қорынан).

«Соңғы монолог» - «Последный монолог» облыстың мемлекеттік мұрағатының директоры А.А.Аубакирвотың тарихи-поэтикалық мултимедиялық презентациясы өткізілді.

1941-1945 жж. арналған Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеуге байланысты Кеңес халқының жеңісі ҚЗТО мұрағатшылары «Прииртышская правда» 1941-1945жж. кезеңінде газет негізінде «Живая память времени» сынып сағаты өткізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «2013 жылға арналған Шығыс Қазақстанның мереке және айтулы күндер тізбесі» дайындалды. Шығыру мақсаты: облыстың саяси, қоғамдық, ғылыми және мәдени өмірі, атақты жерлестердің өмірі және қызметтеріне байланысты атаулы күндер туралы ақпараттандыру.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 306 зерттеуші жұмыс істеді, 359 адам келді. Олар оқытушылар, студенттер, мұражай қызметкерлері, жеке адамдар. Зерттеу тақырыбы әртүрлі: өлкетану, елді мекендердің, көшелердің тарихы, ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуы, жеке үй салуға жер бөлу туралы шешімдер және т.б.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «Мұрағат анықтмаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетілді: әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 12.236 сұраныс түсті, оның 12.551 орындалды (Қазақстан азаматтарынан – 10.860, ТМД елдерінен – 1.691) оның 10.408 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 23 сұраныс түсті.

2013 жылдың 1 тоқсанында 296 тақырыптық сұраныс түсіп және орындалды. Бұл сұраныстар жерлерді жеке пайдалануға беру, ұйымдардың қайта атаулары, шағын, жеке фирмалардың, кәсіпорындардың жойылуы, ғимараттарды сату-сатып алу және т.б. туралы қалалық және аудандық әкімшілігінің, әкімдігінің шешімдерінің көшірмелерін берумен байланысты.


4.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.
Облыстың мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын тындалып талқыланды.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелерінде құқықтық және өндірістік сабақтар жүргізілді. Өндірістік оқу жөніндегі сабақтар жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 қаулысымен бекітілген сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелері жөніндегі тақырыптар енгізілді және қарастырылды.

Облыстың мұрағат мекемелері 2013 жылдың 1 тоқсаны ішінде облыстың мұрағат қызметкерлерін кезекті атестациялауды және жұмысқа жаңадан қабылданғандарды аттестациялауды өткізді.

Кәсіби білім алу жоспарында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты мұрағатшылары «Мұрағат жүргізу және іс жүргізу», «Тарих және мұрағат жүргізу», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім алады.

Облыстың мұрағат мекемелері ұжымдарында 8 наурыз, Наурыз мейрамдарын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Есеп беру кезеңінде облыстың мұрағат мекемелері қажеттілігі шегінде компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын сатып алды, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына қызмет көрсету және жөндеу, локальды есептеу желілерін реттеу, вирусқа қарсы бағдарламалар орнату, қажетті драйверлер орнату, «Тұлғалардың үндеулерін бірыңғай есепке алу» (ТҮБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосу және жаңарту жүргізілді.



ШҚО мұрағаттар және құжаттама

басқармасы бастығының м.а. А.Шаитова
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет