Қорқыт Ата атындағы



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі236 Kb.
#45920
  1   2
Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университеті

Ғылыми-техникалық кітапхана

Сыр елінің ғалымдары




ТӘУТЕНОВ ИБАДУЛЛА АЙҒАЛИҰЛЫ
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор


Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университеті

Ғылыми-техникалық кітапхана
Анықтама-библиографиялық

және әдістемелік бөлім
ТӘУТЕНОВ ИБАДУЛЛА АЙҒАЛИҰЛЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

60 жас

Биобиблиографиялық көрсеткіш

Қызылорда, 2015

Редакторы: Абенова Ж.А.

Құрастырушылар: Ержанова А.О.

Оқырманға
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының «Сыр елінің ғалымдары» атты өмірбаяндық биобиблиография сериясының жалғасы болып табылатын көрсеткіш, география ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі Таутенов Ибадулла Айғалиұлына арналады.

Биобиблиографиялық көрсеткіште ғалымның өмірі мен еңбек жолын сипаттайтын мәліметтер, ғылыми, оқу-әдістемелік, публицистикалық еңбектерінің және ол туралы әдебиеттер тізімдері жинақталған.

Көрсеткіш төмендегідей бөлімдерден тұрады:


  1. Арманшыл ғалым - ұстаз 60 жаста. Ә.М. Тоқтамысов

  2. Таутенов Ибадулла Айғалиұлының өмірбаяны;

  3. Ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері;

  4. Ғалымның марапаттары;

  5. Ғалымның ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері;

  6. Ғалым мақалаларының хронологиялық көрсеткіші;

  7. Ғалымның өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер.

Көрсеткіште материалдар хронологиялық тәртіппен орналасқан, әрбір жылдың көлемінде жарияланған еңбектері беріліп отыр.

Көрсеткіш ғылыми-техникалық кітапхананың электронды, дәстүрлі каталогтары мен картотекаларынан, ғалымның жеке архивінен алынған материалдар негізінде құрастырылған.

«Ғылымның ісі - адамға қызмет ету»

Л.Толстой
Арманшыл ғалым - ұстаз 60 жаста
Арман адамға қанат дегендей әр адамның бала күніндегі арманы оны өмір бойы жетелейді. Өскен сайын, дүние таным артқан сайын арманның да ауқымы кеңейе беретіні сөзсіз. Өткен ғасырдың 60-шы жылдардағы ауыл халқының ауыр еңбегі мен тұрмыс-тіршілігін көріп өскен балалардың көпшілігінің арманы, сол еңбекті жеңілдету, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту болды десек артық айтқандық болмас. Сол арманшыл адамның бірі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ибадулла Айғалиұлы Таутенов.

Таутенов Ибадулла Айғалиұлы 1956 жылы 1 қаңтарда Тереңөзек ауданы К. Маркс атындағы колхоздың аумағында қасиетті Сырдың жағасында дүниеге келген. Ол сол замандағы барлық ауыл балалары секілді тал шыбықты ат қылып мініп шапқылап, мал бағып,шөп шауып, бақша егіп еңбекпен есейді. Балалық шағы Сырдарияның сол жағалауын күріш егісіне айналдыру науқанына кез келді, 1966 жылы оның туған ауылы № 1 күріш совхозы атанып, күріш өндірісін қарқынды дамытуға бет бұрды. Жаңа жерлерді игеріп, күріш плантациясына айналдырып, онан межелі өнім алу оңай болған жоқ, мектеп жасындағы балалар жаз бойы күріштің арам шөбін қол орақпен отаумен айналысатын. Күрішшілердің қиын да қызық, ауыр еңбегін көріп өскен жас, сол еңбектің азаматтарға атақ-абырой әперетінін және халықтың тұрмыс-жағдайды жақсартатынын да көрді.

Күріш шаруашылығындағы еңбек адамдарының бейнетін азайтсам, шығынды аз жұмсап, мол өнімге қол жеткізіп, туған жерді Жер-ұйыққа айналдырсам деген арман оны СХИ-дің топырақтану және агрохимия факультетіне жетелеген болу керек. Қабылдау емтихандарын тапсырып, конкурстық комиссияға келгенде факультеттің сол кездегі деканы, бұл күнде елімізге және шет елдерге белгілі ғалым, академик Рақымжан Елешевтің бұл мамандыққа неге келдіңіз деген сұрағына, - «Қызылорда облыстық ауылшаруашылық станциясы күріш институты болып қайта құрылып жатыр, құрамында агрохимия бөлімі бар, сонда жұмыс істеймін» деген жауап сөзді Алла тағала аузына салған шығар, кейін жылдар өте келе, сол институтта бас-аяғы 20 жылдай қызмет атқарды, кіші ғылыми қызметкерден бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне дейін өсті.

Мамандықтың ғылымға біртабан жақын болуы болашақ мамандарға ауыл шаруашылығы өндірісінің сан саласының ғылыми бағыттарын айқындауға жол ашты. Елімізге белгілі А.И. Бараев. В.М. Боровский, А.М. Дурасов, К.И. Имағазиев, А.Алманиязов, И.С.Сүлейменов, А.Т. Пономарева сынды ғалымдардың дәрістерінен соң білім алушыларда ғылымға деген қызығушылық көзқарас қалыптасты. Институтты бітірісімен өндірісте жұмыс істеген жас маман егіске тыңайтқыш қолдану технологиясын жетілдіру үшін ғылыммен айналысу қажет екенін түсініп, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты.

Институтта төрт жылдай жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған соң, әрі қарай білімін көтеру мақсатында Мәскеудегі Д.Н.Прянишников атындағы Бүкілодақтық тыңайтқыш және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына оқуға түсіп, академик Д.А.Кореньковтың азот тыңайтқыштары зертханасында зерттеулер жүргізді. Жетекшісі кандидаттық диссертацияны тез қорғау үшін менің бағытымды жалғастырып, Ресейдің шабындық жайылымдарына азот тыңайтқышын қолдану тақырыбын ал деп ұсынғанда, Ибекең, «Жоқ, мен күріш дақылын зерттеймін, біздің аймақ үшін күріштің маңызы ерекше, еңбегім халқым үшін, ал кандидаттық дәреже алу басты мақсат емес» деп айтқан. Сонан үш жыл эксперименттік зерттеу, екі жыл нәтижелерді өндіріске енгізуді толық аяқтап, 1990 жылы сол институттың Ғылыми Кеңесінде кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты.

Егемендіктің алғашқы жылдары экономиканың барлық саласына ұлттық мамандарға сұраныс артқаны белгілі, осы уақытта И. Таутенов Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына ауысып, «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. Үш айдан соң, жаңадан ашылған «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқара жүріп, жаңа заман талаптарына сай мамандар даярлау ісіне зор үлес қосты. Университет басшылығы сеніп тапсырған оқу бөлімінің бас әдіскері, тестілеу орталығының бас әдіскері, басшысы, кафедра меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып отырды.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы ғылымын оңтайландыру кезінде құрылған «КазАгроИнновация» АҚ-на қарасты Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында алты жылдан астам уақыт бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарғанда И.Таутенов аймақта ауыл шаруашылығы ғылымының өркендеуіне, ғылым мен өндіріс арасында әріптестік байланыс орнатуға және ауыл шаруашылығы өндірісіне білікті мамандар даярлау ісіне көп еңбек сіңірді.

2014 жылдың қыркүйек айынан бері И. Таутенов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

Өмірде қарапайымдылығымен, аспай-саспай, тасымай жүретін азамат туралы марқұм, әріптес ағасы Жарылқасын Жұмабек төмендегі жыр жолдарын арнапты:

Аңқылдаған көңіл бар,

Айқара құшақ ашатын.

Адал да таза жүрек бар,

Айнала нұрын шашатын.

Табиғат берген сезімтал

Арамдардан қашатын

Серіктікке жарамды

Таулардан да асатын,

Көбейсе сұрақ белгісіз

Емес ол ешбір сасатын,

Атпал да, абзал азамат

Бауырға қысып басатын.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі: Ә.М. Тоқтамысов



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Таутенов Ибадулла Айғалиұлының

ӨМІРБАЯНЫ
Таутенов Ибадулла Айғалиұлы 1956 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, К. Маркс атындағы ауылда (қазіргі Н.Ілиясов ауылы) дүниеге келген.

1972 жылы №132 Тельман атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақтың Мемлекеттік ауылшаруашылық институтының топырақтану және агрохимия факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы ойдағыдай бітіріп, ғалым-агроном біліктілігін алып шықты.

1977-1979 жылдары Тереңөзек ауданы Қазақ ССР-ның 50 жылдығы атындағы кеңшарда аға агроном болып қызмет атқарды.

1979 жылы ғылыммен айналысуға бет бұрып, Қызылорда қаласындағы «Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында» кіші ғылыми қызметкер, ал 1980 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

1983-1986 жылдары Мәскеу қаласындағы Д.Н.Прянишников атындағы Бүкілодақтық тыңайтқыш және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында білім алды.

1987 жылы Қызылорда қаласына оралып, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып орналасты.

1990 жылы Мәскеу қаласында Бүкілодақтық тыңайтқыш және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтында «Сырдарияның төменгі ағысындағы шалғынды-батпақты топырақтарда күріш егісінде қолданылатын азотты тыңайтқыштардың түрлері және олардың тиімділігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1992 жылы маусым айында Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы болып қабылданып, оқу орнында жаңадан ашылған экономика факультетінің қалыптасуына зор үлес қосты. Сол жылдың күзінде аймаққа қажетті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасы ашылып, оның алғашқы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарып, кафедраны мамандармен жасақтап, тез арада жұмысты жолға қойды.

1996 жылы оқу бөлімінің бас әдіскері қызметіне ауысып, институтта жаңа мамандықтар ашу ісіне, олардың мемлекеттік стандарттарын және басқа да қажетті құжаттарын дайындауда өз іскерлігін көрсете білді. 1997 жылы Қызылорда политехникалық институтының тестілеу орталығының бастығы, 1998 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тестілеу орталығының бас әдіскері,бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде жоғары оқу орнында студенттердің білімін бақылау мен бағалау рейтингтік жүйеге көшіріліп, білім деңгейін анықтауға арналған 7 компьютерлік кластар ашылды. Бұл жүйе білім алушылардың білімдерін әділ бағалауға, студенттердің өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік жасады. 2002 жылдың қыркүйегінен И.Тәутенов «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауысты. Кафедрада төрт мамандық бойынша мамандар даярланып, оларға үш ғылым докторы және он ғылым кандидаты дәріс берді. Кафедра сол кезеңде ғылыми дәрежелігі жөнінен университетте бірінші орында болды.

2005 жылы Алматы қаласында Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте « Қазақстандық Арал өңірінде күріштің минералды қоректенуі және өнімділігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2008 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ қарасты «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.

И.Тәутенов 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

Ол 110-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 20-дан астам ұсынымдар бар. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 5 сортының шығуына және жаңа технологиялар әзірлеуге үлес қосып, өнертапқыштық патенттер және авторлық куәліктер алды.

И.Тәутенов жоғары білікті ауылшаруашылығы мамандарын даярлау ісіне зор үлес қосып келеді. 2006-2010 жылдары Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті жанындағы Д.18.01.02 диссертациялық кеңесінің мүшесі,еліміздегі басты үш аграрлық университеттерінде- Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы болды. Ғалымның жетекшілігімен үш магистр және бір РHD-философия докторы дайындалды. Қазіргі кезде үш магистрант және екі докторанттың ғылыми жұмысына жетекшілік жасауда.

2007 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2012 жылы облыс әкімі Б.Қуандықовтың Алғыс хатымен, 2012 жылы ҚР Ауылшаруашылығы министрі А.Мамытбековтың Құрмет грамотасымен, 2012, 2014 жылдары «КазАгроинновация» АҚ басқарма төрағаларының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шетелдік ғылыми орталықтармен әріптестік қатынас орнату мақсатында және халықаралық жобаларды орындау барысында 2002 жылы Қытайда, 2009-2014 жылдары аралығында Өзбекстанда, Қарақалпақстанда, Солтүстік Тәжікстанда 6 рет, 2011, 2014 жылдары Ресейде, 2013 жылы Филиппинде ғылыми іссапарларда болды.

И.Таутенов жарасымды жанұяның отағасы, жұбайы Оразалиева Бибіжан екеуі бірге үш бала тәрбиелеп өсіріп, олардан үш немере сүйіп отыр.

Қызы Жаннұр отбасымен Астана қаласында тұрады, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша үздік бітірген, кәсіпкер. Жолдасы Бекенов Нұрбол мемлекеттік қызметте, екеуінің Әділеті мектепте, ал Нұрәлиі балабақшада.

Ұлы Ерділда мен келіні Сәния Астана қаласында, Ерділда Атамекен ҰКП-да сарапшы, Сәния - ағылшын тілі маманы, ұлдары Мардан балабақшада.

Үйдің кенжесі Ердос құрылыс маманы, конструктор, Қызылордада Проектсервис ЖШС мекемесінде қызмет атқарады.



Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

Таутенов Ибадулла Айғалиұлы 1956 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы К.Маркс ұжымшары орналасқан шағын ауылда (қазіргі Н.Ільясов ауылы) дүниеге келді.



  • 1962-1972 жылдары туған ауылындағы №132 Э.Тельман атындағы орта мектепте оқыды.

  • 1972-1977 жылдары Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының топырақтану және агрохимия факультетінде оқып, ғалым-агроном біліктілігін алып шықты.

  • 1977-1979 жылдары Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы Қазақ ССР-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың аға агрономы.

  • 1979-1981 жылдары Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері.

  • 1980-1983 жылдары Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының агрохимия лабораториясының аға ғылыми қызметкері.

  • 1983-1986 жылдары Бүкілодақтық тыңайтқыш және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.

  • 1987-1992 жылдары Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының агрохимия лабораториясының аға ғылыми қызметкері.

  • 1992 жылы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының «АӨК экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы.

  • 1992-1993 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының «Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы.

  • 1993-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының «Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы.

  • 1996-1998 жылдары Қызылорда политехникалық институтының оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері, тестілеу орталығының бастығы

  • 1998-1999 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тестілеу орталығының бас әдіскері.

  • 1999-2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тестілеу орталығының бастығы.

  • 2002-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі.

  • 2008-2014 Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

  • 2014 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры

  • 2015 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры


Ғалымның айрықша марапаттаулары


  1. 2007 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты

  2. 2011 ж. Нұр Отан ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хаты

  3. 2012 ж. Облыс әкімінің Алғыс хаты

  4. 2012 ж. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы

  5. 2012 ж. «КазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасы

  6. 2014 ж. «КазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасы


ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ:
Монографиясы

1

Агроэкологические и морфофизиологические основы минерального питания и продуктивности риса / И.А.Таутенов, К.Н Жайлыбай, К.С Баймбетов .- Алматы: Наука, 2003.- 176с.


Оқу-әдістемелік еңбектері

2

Эффективность форм и способов внесения азотных удобрений на урожай риса на лугово-болотных почвах низовья реки Сырдарьи: Автореферат дисс. канд. с-х.наук.- Москва.-1990.- 23с.

3

Технология производства, хранения, переработки и стандартизация продукции растениеводства и задания контрольных работ : методические указания по изучению дисциплины «Основы земледелия» / И. А.Таутенов , М. М. Жанзаков. –Кызылорда.-1993.

4

Технология производства, хранения, переработки и стандартизация продукции растениеводства и задания контрольных работ: методические указания по изучению дисциплины. Раздел 2. Основы земледелия /И.А.Таутенов, М.М.Жанзаков. –Кызылорда.-1993.

5

Технология производства, хранения, переработки и стандартизация продукции растениеводства и задания контрольных работ: методические указания по изучению дисциплины. Раздел 3. Основы земледелия /И.А.Таутенов //.- Кызылорда, 1993.

6

программа и методические указания по проведению учебной практики по дисциплине «Почвоведение с основами агрохимии» для специальностей «Землеустройство» и «Земельный кадастр» / И.А.Таутенов, Д.Е.Нурымов, М.М.Жанзаков, Г.Е.Дямуршаева.–Кызылорда, 1999.

7

«Земледелие и растениеводство» для специальностей «Землеустройство» и «Земельный кадастр» : программа и методические указания по проведению учебной практики /И.А.Таутенов, Д.Е.Нурымов, М.М.Жанзаков.-Кызылорда, 1999.

8

«Противоэрозиозная защита земель» для специальностей «Землеустройство» и «Земельный кадастр»: методические указания по выполнению курсовой работы дисциплины / И.А.Таутенов, М.У.Абдуллаев.-Кызылорда.- 2000.

9

«Основы научных исследований». /И.А.Таутенов.,Д.Е.Нурымов., Б.К.Байжанова., М.У.Абдуллаев //Методические указания по выполнению курсовой работы для специальности1601 «Стандартизация и сертификация сельскохозяйственной продукции». –Кызылорда,.-2000

10

Стандартизация и сертификация сельскохозяйственной продукции. /И.А.Таутенов.,А.Смагулов//Типовая учебная программа по профессиональной практике для специальности 451740.- Алматы.- 2003

11

Қазақстан күріш егіншілігінде тыңайтқыш қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесі/И.А.Таутенов., К.Н.Жайлыбай.,Б.А.Сарсенбаев.,С.Б.Рамазанова.,К.Шермаганбетов //Ұсынымдар.- Алматы: Бастау, 2002

12

Агроэкологические и морфофизиологические основы применения удобрений в рисоводстве Казахстана. /К.Н.Жайлыбай., Б.А.Сарсенбаев., С.Б.Рамазанова., И.А.Таутенов //Ұсынымдар.Алматы: Бастау.- 2002

13

Рис. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области: /И.А.Таутенов//Рекомендации – Алматы:ТОО Бастау.-2002.-С.512

14

Сорт риса «КазНИИР-5». /И.А.Таутенов.,А.Н.Подольских.,С.М.Байбосынова.,Б.К.Абилханова., С.И.Умирзаков.,У.А.Аймухамбетов //Каталог Научно-технических разработок АО «КазАгроИнновация» «Растениеводство и земледелие».

Т. 1. – Астана. – 2011.– С. 108-109



15

Рекомендации по проведению весеннее-полевых работ в Кызылординской области в 2011 г. /И.А.Таутенов.,С.И.Умирзаков.,К.Бакирулы.,Х.Д.Джамантиков., Л.А.Тохетова.,М.А.Вильгельм.,К.Шермагамбетов.,С.М.Байбосынова., Ж.Абилдаева // Астана: Издательство «Free Flight».- 2011

16

Күріш ауыспалы егісінде экологиялық таза күріш өндіру жайлы ұсынымдар. /И.А.Таутенов.,К.Шермагамбетов.,Л.А.Тохетова., Н.Б.Бодык. //Кызылорда: Издательство «Компас-Кызылорда».- 2011

17

Күріш ауыспалы егісінде күріш және әртараптандыру дақылдарын өсіруде топырақты минималды өңдеу әдісін және жалға егу технологиясын қолдану жөнінде ұсынымдар./И.А.Таутенов., С.И.Умирзаков., К.Бакирулы., К.Шермагамбетов., У.А.Аймухамбетов., М.А.Вильгельм. /Кызылорда: Издательство «Компас-Кызылорда».- 2011

18

Sorghum and Pearl Millet for Crop Diversification, Improved Crop-Livestock Productivity and Farmers Livelihood in Central Asia. PFU-CGIAR Office in Tashkent. 26-29.08.2013. //I.Tautenov.,К.,Toderich.,Z.Khalikulov., V.Popova.,F.Boboev.,K.Azizov.,B.Rafiev.,N.Akinshina.,T.Yuldashev.,T.Kuliev.,

A.Kurbanbaev., R.Zhapaev.,N.Nurgaliyev.,S.Saidov.,Yu Mun.,D.Aralova



19

Күріш ауыспалы егісінде органикалық егіншілік элементтерін енгізу жайлы Ұсынымдар."Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ның ғылыми Кеңесінде (2014ж. 9-қараша №12) бекітілген. //И.А.Таутенов.,Л.А.Тохетова., Қ.І.Ақылбаев., Н.Ш.Нургалиев.-Қызылорда.-2014.- Б.21


Патенттер

20

Способ борьбы с сорняками в паровом поле рисового севооборота. Инновационный патент № 24473, Казахстан, МПК7 А01G 16/00, A01B 49/04. / №2010/0918,1; Заявлено 13.07.2010; Опубл. 15.09.2011, Бюл. № 9 /И.А.Таутенов.,К.Шермагамбетов.,Л.А.Тохетова.,Н.Б.Бодык//Промышленная собственность, Официальный бюллетень. – 2011. - № 9

21

Способ возделывания риса. Инновационный патент № 26831, Казахстан, МКИ7 А01G 16/00, А01B 49/04. № 2012/0907.1; Заявлено 15.08.2012; Опубл. 15.05.2013, Бюл. № 5/ И.А.Таутенов.,К.Шермагамбетов, Л.А.Тохетова,

М.А.Вильгельм, Н.Б.Бодык // Промышленная собственность, Официальный бюллетень. – 2013. - № 5



22

Способ возделывания риса с минимальной обработкой почвы. Инновационный патент № 27406, Казахстан, МКИ7 А01G 16/00, А01B 49/04. 2012/0906.1; Заявлено 15.08.2012; Опубл. 15.10.2013, Бюл. № 10

/И.А.Таутенов.,К.Шермагамбетов.,Л.А.Тохетова.,С.И.Умирзаков., М.А.Вильгельм.,С.К.Кутышев. //Промышленная собственность, Официальный бюллетень. – 2013. - № 10



23

«Сыр-Дешт». Патент на селекционное достижение № 434, Казахстан, Люцерна посевная № 2011/088.4; Заявлено 21.11.2011; Опубл. 15.05.2014, Бюлл. № 5 /И.А.Таутенов.,О.К.Абилтай.,Б.Исмаилов.,Е.К.Шектибай., М.Турсынханов// Промышленная собственность, Официальный бюллетень. – 2014. - № 5


МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
1987 ж.

24

Влияние ингибиторов нитрификации на эффективность азотных удобрении. Научные основы производства риса в Казахстане./И.Таутенов.,Т.Тукенов //Алматы.-1987.- С. 97-102

25

Повышение эффективности азотных удобрений на посевах риса. /И.А.Таутенов //В кн: Тезисы докладов конференции молодых ученых и специалистов по проблемам интенсификации орошаемого земледелия в низовьях реки Сырдарьи.- Кызылорда. - 1987

26

Динамика минерального азота в затопленной рисовой почве в зависимости от форм и способов внесения азотных удобрений. /И.А.Таутенов //В кн: Тезисы докладов конференции молодых ученых и специалистов по проблемам интенсификации орошаемого земледелия в низовьях реки Сырдарьи.- Кызылорда. -1987


1988 ж.

27

Эффективность локального внесения мочевины под рис. /И.Таутенов.,С.Кенжалие. //В кн: Тезисы докладов научно-технической конференции молодых ученых и специалистов по комплексного и рационального использования земельных и водных ресурсов в низовьях реки Сырдарьи, посвященной 70 летию ВЛКСМ.- Кызылорда.-1988

28

Эффективность форм азотных удобрений под рис на лугово-болотных почвах./И.А.Таутенов //Бюллетень ВИУА.- №85.- 1988.- С.70-72


Каталог: ntb -> docs
docs -> Қорқыт Ата атындағы
docs -> Хабарландыру
docs -> 2016 жылдың қаңтар- ақпан айларында кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар туралы ақпараттық мәлімет
docs -> 2018 ж. Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен әдебиеттер туралы ақпараттық мәлімет
docs -> Издатель: ип
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қОРҚыт ата атындағЫ
docs -> 2016 жылдың наурыз- мамыр айларында кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар туралы ақпараттық мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет