«Өрлеу орталығы» «Білікті педагог» журналы, N3 мамыр 2015 Ш. Айтматов шығармашылығын оқушыларға меңгерту



Дата27.12.2016
өлшемі94,89 Kb.
#5395
«Өрлеу орталығы»

«Білікті педагог» журналы, N3 мамыр 2015
Ш.Айтматов шығармашылығын оқушыларға меңгерту
XX ғасыр әлем тарихында қарама-қайшылығы көп, идеологиялык тартысқа толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай жағдайда әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінің еңбегінің танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінің іс-әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік дүниетанымымен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік мән қосқан ірі қоғам және қалам қайраткері болып табылады.

Жазушының еңбегі әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда, ең алдымен, жазуышылық шығармашылық жолға бет бұруының өзінің осы еңбекке қажеттілігін сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюының себебін білу жеке адам үшін қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушының қалам ұстауына себеп өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы, шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс Бұл туралы классик «Әдебиетке деген аяулы аңсар сезім бала кезімнен басталып еді. Мектепте жүргенде еркін тақырыптарға шығармалар жазатынмын. Ал институттардаға жылдарда көркем әдебиетке деген құштарлық сезім бірте-бірте тереңнен қосарлана келіп, өз тұңғиығына біржолата алып кетті. Сол уақытта ең тәуір деп бағаланган шығармаларынан өзімді толғандырған мәселелерге жауап іздеу негізгі машығым еді. Соғыс туралы, қаһарман халықтың ерлігі хақында адам жанын тебірентерлік дүниелер көп жазылар ма еді дегсн тілек ойымнан бір шыққан емес. Өйткені, ол кездегі қырғыз әдебиетінде бұл тақырып мүлде тың жатқан болатын. Қандай сезім бойымды билегенін қайдам, қырғыз оқушылары да соғыс жайлы, оның ащы шындығы туралы оқуға мүмкіндік алса деген ойдың қамшылауымен, көркем аударманың не екенінің байыбына бармастан, кітаптың қалай, қандай жолмен шығатынын білместен сол кездегі сүйікті шығармалар: «Полк баласы» мен «Ақ қайыңды» аударуға құлшына кірістім. Аудармамды болған соң баспаға әкеп көрсеткенде, ондағылар бұл кітаптар әлдеқашан аударылып қойған, жақында жарыққа шығады десті. Еңбегімнің зая кеткенге қалай ренжімессің, студент кезімде шағын мақала, очерктер жазғаным болмаса, менің әдеби қадамымның басы сол аудармалар еді. [1, 43б].



Институттан соң зоотехник болып қызмет істеп жүрген жылдары жазуға біржолата ден қойдым» деп жазады [3, 80-81б]. Жазушының шығармашылық лабораториясында сирек кездесетін құбылыс – оның өз шығармаларын туған көкейіне түйгендері ойға жетелеуі, одан шығармашылық ой өзегінің тууы, ол ойдың авторды жазу столына алып келуі басқа жазушылардың тәжірибесінде де кездесетіні рас. Ш. Айтматовтың бұл ретте даралығы ойын қозғаған өмірлік құбылыстар негізінде жалпы адамзатқа ортақ ірі де, іргелі, мәңгілік идеяларды көркемдікпен негіздей білуінде.

Ш. Айтматовтың шығармаларындағы адам кейіпкерлеріне жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен әңгімелеріндегі характерлер тұлғалардың өз күрделілігімен тіпті өмірдегі есімдсрімен берілгендігін көруге болады.

Ш.Айтматовтың өзінің өзектілігін жоғалтпаған соғыс тақырыбына жазылған – жалпы адамзат әлемі туралы ойлы да сырлы гуманизмге толы «Жер Ана».

Ш.Айтматов бұл шығармасын жазғанда екі жақты қиыншылықты өте шебер жеңе білген.

Біріншіден, көп жазылған соғыс тақырыбы автордан көркемдік жинақылық пен көркемдік тиянақтылықты талап етсе, екіншіден, бұл тақырыпты жалпы әлемдік, жалпы адамзаттық масштабқа жеткізу қиын да күрделі құбылыс. Бірақ, кемеңгер жазушы уақыт талабына сай бұл екі маңызды да күрделі міндетті өте нәзік сезіммен, асқан шеберлікпен ұштастыра білді.

Ш.Айтматов өзінің қиын да күрделі міндетін Толғанай бейнесі арқылы шешеді. Толғанай – аяулы бейне. Бұл шығармада эпикалық кеңдік, философиялық тереңдік, лирикалық нәзіктік аңғарылады. Толғанай – рухы өте күшті образ. Өз өмірінде адам айтқысыз қайғы-қасірет шегіп, ері мен ұлынан, келінінен ажырап, қаншама күндер мен түндерді ұйқысыз өткерген ана рухына бас иесіз.

Толғанай – бұл натуралистік портрет емес, бұл барлық адамдардың сезімі мен ойын жинақтаған образ. Повесть өткен ауыр да ұзақ өмірін оңашада Жер-Анамен тілдесіп, еске алған қарт Ананың монологына құрылған. Повесть екі Ананың – Әйел-Ана мен Жер-Ана – диалогымен басталып, екеуінің диалогымен аяқталады. Жер Ана мен Адам Ананың табиғи қызметі – нан табу, өмірге перзент әкелу, басқаша айтқанда, өмірді жалғастыру. Шығарманың философиялық пафосы мен табиғатты мағынасыз қирату мен зорлық-зомбылыққа негізделген әділетсіз соғысқа қарсы.



Автор Толғанай образы арқылы бүкіл бір дәуір суретін көз алдымызға келтіреді. Бұл философиялық мәңге ие болған бейне.

Жазушы адам образын жасаған кезде ғана емес, Жер-Ананың образын айшықтаған кезде де халық шығармашылығына, олардың Жер туралы қалыптасқан ұғымына сүйенеді



«Жер-Ана» повесіндегі соғыс кезіндегі ауыл көрінісі прозаның көрнекті беттері болып табылады. Бұл қиын кездегі әйелдердің, қарттардың қаһармандық еңбегінің жемісі. Бригадир Толғанайдың елдің ақырғы астығын алғанда оны себуге дайындағанда, дезертир Жексенқұлдың ісі, ұрыларды қуамын деп оқ тигені, ауыр кезендегі бастан кешкен оқиғаларды адамды толғандырмай, тебірендірмей қоймады.

Повесте халықтың көзқарасы, оның демі болып жатқан трагедиялық оқиғаға Толғанайдың Жер-Анамен арасындағы символикалық диалогынан көрінеді. Жер-Ана қарт қырғыз әйелінің жанын, сырын түсінісіп, оны ауыр да қиын күндері демеп, соғыс жылдары оған күш-қуат, рухани қайрат беріп отырады.

Толғанай соғыстың алғашқы күні туралы айта бастағанда, Жер-Ана былай дейді: « – Мен ештеңені ұмытпаймын, Толғанай. Жарық дүние орнағаннан бергі ғасырлар сыры бәрі менде. Кітапқа сыймайды, адамның есінен шығып жоғалған тарихтың бәрі менде. Сенің де басыңнан өткен тағдырың жүрегімде». Жер-Ана түсінеді, қайғырады. Толғанайдың қайғысына ортақтасып, қуанышын бөліседі.

Ш.Айтматов табиғат әлемі мен адамзат әлемі арасындағы қатынастарды өткір параллельдер арқылы көрсетеді (Танабайдың тағдыры мен Гүлсарының тағдыры, Едіге мен Қаранар). Жазушы табиғатты поэтикалық тұрғыдан жандандырып, оны басты тұлғаға, әрекет иесіне айналдырады. «Ана - Жер-Ана» повесіндегі ұлы да құдіретті бейне – Табиғат-Ана. Жер-Ана бейнесі арқылы табиғат та ойланатын, күрсінетін, қайғыратын, қаһарланатын тірі адамдай суреттелінеді. Ш.Айтматовтың адам мен табиғатты суреттеудегі басты принциптері, оның шығармашылығындағы ең басты және негізгі ерекшелігі – адамагершілік концепциясы болып табылады.



Жер-Ана мен Адам-Ана екеуі де жақсылыққа құштар, екеуі де өмірді туғызушы, жалғастырушы. Жазушы Жер-Ананы реалистік ойлаудың шегінен шығармайды. Жер-Ана бәріне қабілетті емес, ол – Адамға бағынышты. Адам – Жер – Анадан жоғары тұрады.

Повестің соңы бұған дәлел. Кішкене Жанболатқа, бүкіл адамға өз өмірінің тарихын айтуды Жер-Ана Толғанайға тапсырады. « – Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен – Адамсың. Сен бәрімізден биік, бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен – Адамсың » деген жолдар осыған дәлел.[4, 15б].

Шығармадағы екі Ананың образы екі бөлек бейнеленгенімен, олар бірін-бірі толқтырып, оқырман көкірегінде ұлы Ана образына айналған.

Жазушы шығармаларында әйелдер бейнесін жасауға үлкен орын берілген, әйел кейіпкерлер көптеп саналады. «Бетпе-бет» «Құс жолы», «Жәмила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила – көркем образ дәрежесінде биікке көтере жырланған. Жазушы көркем туындыларында жасалған әйелдер бейнесінің қай-қайсында болмасын өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірдей сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлерінің де өмірде прототиптері бар екенін жазушының өмірбаяндық мақалаларынан және «Балалығым» кітабы мен Шекер ауылындағы Күркіреу мәдениет үйі музейіндегі материалдардан және Ү.Б. Құлтаеваның «Тұрмыс шындығы және көркем образ» кітабынан келтіруге болады.

Бұл туралы Ү.Б. Құлтаеваның документалдық негіздегі «Станцияға тасталған бас киім» немесе «Темір жол құшақтаған Толғанай ананың шындық тұрмысынан бір үзім баян» атты мақаласынан толық мәлімет ала аламыз. Авторға баяндаған Толғанайдың қызы Жакеш: «Повестегі оқиғалардың көбісі шындық нақты өмірдің өзіндей суреттелгені ― темір жолға тасталған шәпке» деп әңгімелеп береді [5,37, 16 б.].

Негізінен Ш. Айтматов өз шығармаларында бұл кейіпкерлерінің де портретін даралап бермейді. Бірақ шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс-әрекетінен, яғни ішкі дүниесі мен болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сыртқы кескін-келбетін, бейнесін дәл елестете аламыз.



Болашақ кемеңгер жазушының шығармаларында суреттелген балалық таза махаббат суреткердің өз шындық өмірінен алынған.

Суреткердің ең асыл ойларын жеткізетін кейіпкерлердің бірі де бірегейі «Жан пида» романының бас кейіпкері – Авдий бейнесі. Жазушының өзі «Егер Едіге философиямен қаруланбаған қарапайым ғана халық ойшылы болса, жаңа роман «Жан пиданың» қаһарманы Авдий Каллистратов өзін дін іліміне бағыштады, бірақ олар бір-бірімен туыстас, бұл туыстық олардың өмірге қатынасы, әділдікке құштарлығы, қайырымдылықка жақындығынан көрінеді. Осы жерде әр басқа Авдий мен Едіге түйіседі» [5, 433б]. деп көрсетеді. Қазір қай діннің болсын өз құндылықтарын уағыздауға құқы бар. Философиялық еңбектерде берілген дін тарихы мен оның мақсат-мәніне назар аударатын болсақ: «Дүниені аузына қаратқан айбынды империялардың өмірге келуінс дем беріп, дәнекер болғандығының арқасында және темірдей тәртіпке бағынған міндеткерлерінің дүниеден баз кешкен жанқиярлық әрекеті мен жалынды уағыздары нәтижесінде жер-әлемге кең тарап, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы күнбе-күн үзбестен үгіт жүргізіп келе жатқан бұл діндердің бұлжымас догматтары мен дәстүрлері қальптасып жүйелі арнаға түсті» [2, 40б].

Біз осы айтылғандарды бүгінгі заман талабына орай терең түсіну үшін дін мәселесі толығымен көрінген ғажап туындыны, III. Айтматовтың «Жан пида» романын талдап түсінуіміз қажет. Себебі көркем шығарма, жалпы көркем әдебиет – адамның ой сезіміне ерекше әсер ететін, тәрбиелейтін бірден бір тиімді құрал.

Ең алғаш ақ батасын берген қазақ классигі М. Әусзов пен қырғыз қаламгерінің арасындағы ізгілік жол, әрине, жалғасын тауып, Ш. Айтматовтың драматург Қ. Мұхамеджановпен, М. Шахановпен шығарма-шылық байланыстары «ұлықтауға лайық ұлы достыққа» айналды [9, 2б].

Ш. Айтматов та барлық жазушылар сияқты өз шығармашылығын, ең алдымен, әңгіме жазудан бастады. Бірақ оның даңқын шығарған повестері болды және повестер суреткердің шығармашылығында үлкен орын алады. Соған сәйкес,Ш. Айтматовтың осы туындылары өз кезінде одақ көлемінде аса беделді сыншылар мен әдебиетшілердің талдауларына арқау болды, жалпы одақ деңгейінде болып жатқан әдеби ірі құбылыстар мен жаңалықтарды талдауда В. Распутин, И. Друце, В. Быков, О. Гончар, П. Санги т.б.шығармашылығымен қатар алынып, әрдайым назарда ұсталды.

Ш.Айтматов шығармаларында өзінің шығармашылық позициясы мен өмірге көзқарасын жаңа бір биіктен танытып, адамгершілік негіздерін зерттеуде, адамның табиғи қасиетін танытуда шебер жазушы екенін дәлелдеген жазушы.Ш. Айтматовтың «Боранды бекет», «Ақ кеме» шығармаларында Адам деген кім, ол өмірге неге келіп, неге кетеді, оның болмысының мәні неде деген сияқты философиялық проблемаларды қойып, соны керемет шеберлік деңгейінде шешеді.



Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма еді?! Бастауы мен қайнары көне-көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразылауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне сенеміз.
ӘДЕБИЕТТТЕР
1. Айтматов Ч. Өзім және өзгелер жайлы.//Сөзстан// құраст. Б.Сарбалаев. Алматы, 1980.

2. Исмақова С. Ш.Айтматов 70 жаста// Парасат-1998 – №12.

3. Кәрібекова А.Ж. Ш.Айтматовтың шығармашылық лабораториясы// Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

4. Айтматов Ш. Ақ кеме. Повестер мен әңгімелер. Алматы, 1973.

5. Қабдолов З. Менің Әуезовім – Алматы:

6. Айтматов Ш. Плаха. Алматы, 1988.

7. Айтматов Ш. Боранды бекет. Алматы, 1986.

8. Айтматов Ш. Ақ кеме. Повестер мен әңгімелер. Алматы, 1973.

9. Айтматов Ш. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет. Алматы, 1979.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет