Орманова Табига Елтайқызы Арыс ауданы, С. Адамбеков атындағы жом тарих пәні мұғалімі



Дата08.09.2017
өлшемі0,77 Mb.
#30652
Орманова Табига Елтайқызы

Арыс ауданы, С.Адамбеков атындағы жом тарих пәні мұғалімі



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 1998 жылдың неліктен ұлттық тарих жылы деп жариялануы туралы былай дейді: «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл – … туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – … әрбір азамат… өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз». Сіздің ойыңыз?



Сабақтың тақырыбы: Қазақ Хандығының басқару жүйесі

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақ Хандығының басқару жүйесін таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру

Тәрбиелік: елінің тарихи даму кезеңіне құрмет ететін патриоттық тәрбие беру

Пәнаралық байланыс: әдебиет, құқық

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа әзірліктерін тексеру.

II Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақты бекіту:

1. Есім ханның билік құрған жылдары (1598-1628ж.)

2. 17ғ. басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:

(Есім,Тұрсын)

3. Есім ханның басты мақсаты

(Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру)

4. 1603ж. 1-ші қазақ-бұхар шайқасы болған жер (Айғыржар)

5. Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі

(Қорғанысты шайқас)

6. Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл (1623)

7. Есім хан Тұрсын ханға ерген қатаған руын түгел өлім жазасына кесуі қалай аталды? (Қатаған қырғыны)

8. Жоңғарлардың қазақ жеріне жорығының басталған жылы (1627ж.)

9. «Қатаған қырғыны» қай ханға қатысты? (Тұрсын)

10. Жалым сұлтанның ұлы кім болды? (Тұрсын сұлтан)

11. Есім мен Тұрсын әскері кездескен жер (Сайрам қамалының түбінде)

12. Есім ханның заңдар жинағы (Есім ханның ескі жолы)



ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

1. Қазақ Хандығының құрылымы

2. Қазақ ханы

3. Қазақ Хандығының әлеуметтік құрамы




Ауыл



Ата аймақ

Ру

Арыс

Ұлыс

Жүз

Хандық


ХV-XVIII ғ. Қазақ хандығының басқару жүйесі



Басқару-дың ұлттық-жүйесі

Бірігудің

түрлері


Басшысы

Басшының міндеттері

Басшының негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас, жақын адамдар-дан н\е бірнеше отбасынан

Ауылбасы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару, көші-қонды белгілеу, салықтың уақыт-ында төленуін қадағалау

Білгір, тәжірбиелі саяси беделге ие, ауқатты

2

Ата аймақ

Жеті атадан қосылатын ауылдан

Ақсақал

Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақыл-кеңесін тыңдап орындау

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 н\е 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірбиелі білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым би-дің билігін орын-дауға міндетті

Әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер, барымта, салық, әскер, көші-қон мәселе-сімен айналыты

Ақсүйек-тер әулетінен

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер, ішкі, сырт-қы тұрақтылық, сот істеріне хан тікелей араласып отырды

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған (ұлы хан)

Үш жүздің жер, даудамай мәселе-лерін шешті

Ақсүйек, шонжар-лар


Топтастыру әдісі арқылы «хан» ұғымын талдайық:


Ханның құқықтары мен міндеттері



Өзіне бағыныш-ты адамдарды жазалауға құқылы

Шет мемлекет-термен келіссөз жүргізу құқығы

Соғыс жариялау-ға билік жасау құқығы



Билік жүргізу құқығы



Міндетті

Міндетті

Міндетті

Міндетті



Елді сыртқы жаудан қорғау

Әскерді басқару

Халықтың бейбіт тұрмысын, тыныш-тығын қамтамасыз ету



Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын бел-гілеп отыру


Қорытындылау:

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,


Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны ерек.
Дамыды, өсті өнер - ғылым, мәдениет
Сызба сызып жазылды тарих, әдебиет.
Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын,
Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.
Міне оқушылар, тарихта өзіндік орны бар Қазақ Хандығының биылғы жылы 550 жылдығы тойлануда.
Жаңа сабақты қорытындылауға арналған тапсырма:

Кестемен жұмыс



келіспеймін

келісемін

Мазмұны






+

Хандық билік мұрагерлікпен беріледі

1




+

Қарапайым халық «қараша» деп аталған

2

+




Феодалдар, ақсүйектер салық төледі

3

+




Арыс бірнеше ұлыстан құрылды

4




+

Ханның бар малын бөлісіп алуды ханталапай деп атайды

5

+




Қазақ хандығының басқару құрылымы бес сатыдан тұрады

6

+




Қараша тобына ишандар,имандар,қожалар жатады

7

Бағалау



Үйге тапсырма: оқу.
Каталог: materialy -> tarix
tarix -> Кенесары Қасымұлы (1802-1847)
tarix -> Сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов-Тәуелсіздік күрескері.»
tarix -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
tarix -> Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
tarix -> Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтардың батыр ұл- қыздарының ерлігі мен қосқан үлесі жайлы түсінік беру
tarix -> Сабақтың тақырыбы: §24. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Сабақтың мақсаты
tarix -> Бауыржан Қазақтың нар перзенті
tarix -> Xv-xviii ғасырлардағы Қазақ
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті саласындағы өзгерістер Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет