Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады


Қауіпсіздік бекеті мен бақылау-өткізу бекетін ұйымдастыру



бет2/14
Дата07.05.2017
өлшемі2,24 Mb.
#16180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1.5 Қауіпсіздік бекеті мен бақылау-өткізу бекетін ұйымдастыру.
Бақылау-өткізу пункті өрт орнында тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын басқару, қауіпті аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру және олардың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Тыныс алуға жарамсыз ортаға өту режимі өрт орнында газ-түтіннен қорғаушылар қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан өткізу режимі өртте жедел штабтың лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен ұйымдастыру іс-шараларының кешені болып табылады.

БӨП құру, оның орналасу орны мен қызмет ету аясына жайлы шешімді ұйымның нақты орналасуына, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуіне, объектінің жедел-тактикалық сипаттамаларына сәйкес өрт сөндіру басшысы қабылдайды.

Тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын өткізу тәртібін белгілейтін шектеулер мен ережелерді реттеу үшін БӨП құрылғанға дейін де және ол жұмыс істеп тұрған кездегі де барлық қауіпсіздік бекеттері БӨП бастығының қарамағына беріледі.

Қауіпсіздік бекеттері барлық жағдайларда, ӨСЖ өрт орнында ГТҚҚ звеноларын құру туралы шешім қабылдағанда қойылады. ГТҚҚ әрбір құрылған және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберілген звеносына қауіпсіздік бекеті қойылады. Ерекше жағдайларда егер тыныс алуға жарамсыз ортаға кіру жолы екі звеноға біреу болатын болса, бір мезгілде жұмыс істейтін ГТҚҚ екі звеносына бір қауіпсіздік бекетін қоюға болады.

Қауіпсіздік бекетінің таза ауада тыныс алуға тыныс алуға жарамсыз ортаға барынша қауіпсіз жақындау мүмкіндігі оның орналасу орнын таңдау үшін негізгі жағдай болып табылады.

Өрт немесе АҚЖ жүргізу орнында БӨП қызмет көрсету аймағын қауіпсіздік бекеттерінің орналасу кестесін ескере отырып, өрт сөндіру жетекшісімен келісілген жағдайда БӨП бастығы белгілейді.

Газдануы жоғары болған жағдайда тұтас өрт сөндіру және АҚЖ жүргізу мерзімінде қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері құрылады. Мұндай жағдайларда оларға өрттің (аварияның) өршу сипаты мен шешілетін міндеттерді ескере отырып, тыныс алуға жарамсыз орталы аймаққа жіберілетін тұлғаларға нұсқаулық өткізу жүктеледі.

3 және одан астам ГТҚҚ звеносын құру кезінде, әдетте, БӨП ұйымдастырылады. Тыныс алуға жарамсыз ортаға жіберілетін ГТҚҚ звеноларының санын ӨСЖ анықтайды.

Өрт сөндіруді ұйымдастыру және АҚЖ жүргізу кезінде бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекеті мынадай негізгі мәселелерді шешеді:

ГТҚҚ звеносының құрамына кірмейтін кез келген тұлғаны түтін аймағына кіргізбеу;

ГТҚҚ звеноларын басқаруды және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберуге рұқсат алуды жүзеге асыру;

ГТҚҚ звеноларының тыныс алуға жарамсыз аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру;

қолда бар құралдарды қолдана отырып, ГТҚҚ звеноларымен байланыс жасау;

қауіпсіздік деңгейін төмендететін қатерлер мен әлеуетті қауіпті жайларды дер кезінде анықтап, ГТҚҚ звеноларын жедел хабардар ету;

ГТҚҚ резервті звеноларының орналасу орнын анықтау және ӨСЖ бұйрығы бойынша шұғыл әрекеттерге дайындығын қолдау.

Бақылау-өткізу пункті қосымша ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін қажет жағдайларды жасау, ауа баллондарын толтыру және медициналық-санитарлық бақылауды ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Өткізу режимін ұйымдастырудың негізгі іс-шаралары өрт-тактикалық дайындық жүйесінде (жаттығу, сабақ, оқу-жаттығу) жасалады.

БӨП жабдықтары мен жарақтарына мыналар жатады:

тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звенолары құрамында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылардың жағдайын бақылау құралдары;

байланыс және хабарлау құралдары;

жарықтандыру құралдары;

ГТҚҚ құралдарына техникалық қызметті қамтамасыз ету, ауа (оттегі) баллондарын толтыру үшін қажетті құралдар мен құрылғылар,

ГТҚҚҚ звенолары жұмысының нәтижелерін есепке алу құжаттары;

Газ-түтіннен қорғаушыларды қорғау құралдарына дозиметриялық бақылау, дегазация, дезактивация жүргізуге қажетті арнайы құралдар мен құрылғылар;

қоршаулар, тосқауылдар (таспамен немесе тосқауылдармен қоршау);

алғашқы көмек көрсету үшін қажетті материалдар мен арнайы құралдар;

БӨП жұмысын қамтамасыз етуге арналған мүлік пен материалдық құралдар.

Қауіпсіздік бекетінің жабдықтары мен жарақтандыру құрамына мыналар кіреді:

тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звенолары құрамында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылардың жағдайын бақылау құралдары;

байланыс және хабарлау құралдары;

жарықтандыру құралдары;

қауіпсіздік бекетінде күзетшінің қол жең белбеуі;

сағат;


ГТҚҚ звеноларын есепке алу журналы;

ТОЖҚҚ жұмыс параметрлерін есептеу әдістемесі бар планшет немесе нақты ТОЖҚҚ жұмысы параметрлерін анықтау үшін экспонометр;

қауіпсіздік бекетінің орнатылған ӨСЖ, аварияларды жою жөніндегі жұмыстың басшысымен, БӨП және өрт сөндіру учаскесінің бастығымен байланысының кестесі.

Өрт (авария) орнында БӨП құрылмаған жағдайда өткізу режимін ұйымдастыру және ГТҚҚ звеносының қауіпті аймақта болу уақытын бақылау жөніндегі негізгі іс-шараларды өрт сөндіру жетекшілері, аварияны жою жұмыстарының басшылары, қауіпсіздік шараларын сақтауға лауазымды тұлғалар мен осы Тәлімдеменің осы бөлімінің қолдануына қатысты бөлігінде және қауіпсіздік бекетіндегі күзетшілер жүргізеді.




2 Емдеу мекемелеріндегі өрт сөндіру тактикасы
2.1 Емдеу мекемелеріндегі өрт сөндіру

 

Ауыр халдегі үлкен адамдар мен балаларды көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастыру қажет. Мекемелерде қызмет көрсетуші тұлғалар мен тұрғындардың тұруына тек ғимараттың басқа бөліктерінен жеке тұрған жанбайтын жабынды, қабырғалы немесе қалқанды бөлігінде және жеке сыртқа шығу есіктері бар бөлімдерінде жол беріледі. Үлкен жастағы ауру адамдар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пеш жағылатын каркас-қамысты және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.



Елді мекендерде орналасқан емдеу мекемелерінде әр ғимаратқа бір саты есебінен қосалқы (жалғамалы) саты болуы тиіс.

Емдеу мекемелерінің басшысы күнде жұмыс күнінің соңында өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратында қалған аурулардың санын хабарлайды.

Ауруханалар, адамдар үздіксіз келетін басқа да мекемелер өздері жүре алмайтындарға (мүгедектерге) арналған зембілдермен (бес ауруға бір зембіл есебінен алғанда) қамтамасыз етілуі тиіс. Ауруханада ауыр халдегі аурулар мен балаларға арналған палаталар төменгі қабаттарда орналастырылуы тиіс.

Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасы 0,8 м, ал орталық негізгі жолдың ені 1,2 м аз болмауы қажет. Орындықтар, тумбалар және басқа да жиһаздар эвакуациялық шығу есіктері мен жолдарды бөгемейтіндей болуы тиіс.

Палаталарға оттегі ережедегідей жеке тұрған баллонды қондырғыдан орталықтандырылуы (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттекті пункттан (10 баллоннан көп болуы) жіберілуі, олар жеке орындарда, аурулар үнемі көптеп келетін ғимараттан 20 м кем емес қашықтықта орналастырылуы тиіс.

Орталықтанған оттегімен жабдықтау болмаған жағдайда оттегі жастығын пайдалану мекеме бұйрығы бойынша белгіленеді. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бір оттекті баллон орнатуға болады.

1) емдік процесске қатысы жоқ аурулар жатқан палаталы корпустарды қоныстандыруға (белгіленген жобалау нормасынан басқа) немесе оларды басқа маңыздағы жалға беруге;

2) кереуеттерді дәлізде, холлда және басқа эвакуациялық жолдарда орнатуға;

3) аурулар мен қызмет етуші персоналдар орналасқан жерде терезелерге жалюзи мен металл шілтер орнатуға;

4) ағаш қабырғалар мен төбеге тұсқағаздар жабыстыруға немесе майлы және нитролық сырмен сырлауға;

5) жану кезінде бөлінетін улы заттарды ғимараттарды әрлеу материалы ретінде қолдануға;

6) оттекті баллондарды емдеу мекемелерінде сақтауға және орнатуға;

7) аурухана палаталарына баллондардан оттегін жіберу үшін пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;

8) емдік жарамсыз электр жабдықтарын пайдалануға;

9) аурухана палаталарында пештік тесіктер орнатуға;

10) емдеу мекемелерінің жертөлелері мен астыңғы қабаттарында шеберхана, қойма орналастыруға;

11) аурухана палаталарында, аурулар жайғастырылған басқа жайларда үтік, электр плиткаларын және басқа да электр құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Ғимараттарда су қайнататын және ысытатын қондырғылар мен титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ, озокерита мен парафинді қыздыруға тек арнайы жабдықталған орындарда рұқсат етіледі. Аспаптар мен төсемдерді қайнату үшін жабық спиральді бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатпен керосин, керогаз және примустарды қолдануға жол берілмейді.

Ауруханадағы дәріханалар бірінші қабатта, жанбайтын қабырғалары, қалқанды және сыртқа шығатын жеке есігі болуы, сондай-ақ басқа маңыздағы жайлардан оқшау тұруы тиіс.

Басқа маңыздағы ғимараттардағы дәріханалардағы тез тұтанғыш және жанатын сұйықтықтар саны 100 кг аспауы тиіс.

Дәріханаларда сақталатын оттегі толтырылған баллонның саны екіден аспауы және олар арнайы орынға тігінен тұрғызылған жағдайда тұруы, сонымен бірге, қамытпен немесе басқа құралмен тығыз бекітілуі қажет.

Зертханаларда, бөлімдерде, дәрігерлер кабинетінде дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (ТТС және ЖС қатысты - спирт, эфир) арнайы жабылатын металл шкафтарда, үйлесімділік есебінен 3 кг көлемінде сақтауға рұқсат беріледі.

Аурулар мен балалардың саны пешпен жылытатын ағаш ғимараттарда 25-тен аспауы тиіс.

Сыйымдылығы 300 кг асатын рентген пленкалары сақталатын мұрағат-қойма жеке ғимаратта, ал сыйымдылығы 300 кг жетпейтін болса сол ғимараттың өзінде сақтауға рұқсат беріледі. Мұрағат-қойма мен ғимараттың арақашықтығы кемінде 15 м болуы тиіс.

Мұрағат-қойманың бір бөлмесінде шамамен 500 кг пленка сақтауға болады. Әр секцияда керілмелі желдеткіш болуы тиіс. Есігі сыртқа қарай ашылуы керек. Терезе мен еден алаңының арақатысы 1:8 кем болмауы қажет.

Мұрағат-қойманың есігінде «Рентгендік архив», ал шығарда «От қауіпті Темекі шегуге болмайды.» деген жазу ілінеді.

Мұрағат-қойманың жылу жүйесі орталықтан орындалуы тиіс. Оларда бумен жылытатын жылу жүйесіне, металл пештерге, сондай-ақ металл құбырлы дәліздің болуына рұқсат берілмейді.

Мұрағат-қойма ғимараттарында электр қалқандарын, сөндірілген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдік байланысты орнатуға рұқсат етілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмауы тиіс.

Ғимаратта рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда 4 кг дейін сақтауға болады, ал металл шкаф, жылыту құбырларынан 1 м қашықтықта орналасуы тиіс. Ғимартта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекі шегуге және кез-келген түрдегі қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.

Рентген пленкаларының мұрағат-қоймасы тереңдігі мен ұзындығы 50 см аспайтын секцияларға бөлінген металл (ағаш болса, онда беттері қаңылтырмен қапталуы тиіс) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейінгі арақашықтық 0,5 м кем болмауы тиіс.

Қазыналық және дәрілік қоймалары бар ғимараттардағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, сондықтан ТТС басқа материалдармен бірге сақтауға жол берілмейді.

Оттегі мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрілік қоймаларда, сондай-ақ бірге сақтауға болмайды. Оттегі мен жанғыш газды баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерінен (жылу бергіш құралдар, күн сәулесі) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиіп кетуінен қорғалуы қажет.



Емдеу мекемелерінде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:

  • отпен дұрыс қолданбау;

  • электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;

  • электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;

  • құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

  • өртеу.

Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.

Емдеу мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 минутқа дейін (орташа мағынасы 12 мин).

Ауруханалардағы өрт ең алдымен науқастарға қауіп төндіреді. Көбінесе қауіп рентген кабинеттеріндегі, дәріханалардағы, дәрі-дәрмек қоймаларындағы, фармацевтикалық бөлмдердегі әртүрлі улы газдар мен булардың бөлінуі мүмкін жану өнімдерінен төнеді.




2.2 Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдар көп келетін ғимарат бұл бір уақытта 50 және одан көп адамдар болатын ғимарат. Бұған театрлар, мәдениет сарайлары, кинотеатрлар, клубтар, концерт залдары, оқу орындары, сауда орындары, әкімшілік мекемелер, ауруханалар, көрмелер, мұражайлар жатады.

Адамдар көп келетін ғимараттардағы коридорлар қабат көлемінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлденең коммуникация болып табылады, сонымен қатар бөлмелерден сатыға бару жолдары.

Қөзғалыс көп коридорлардың минималды ені 1,5м (тазалықта) және екінші дәрежелі (ұзындығы 10м) 1,25м. Емдеу профилактикалық ғимараттарында коридорлардың ені 2,2 м кем емес. Оқу бөлмелерінің есіктері кіретін коридорлар коридорға ашылатын есіктермен ені 1,8 м кем емес етіп жасалынады.

Адамдар көп келетін ғимараттарда тік коммуникация ретінде баспалдақтар, кезеңді және үзіліссіз қозғалыстағы көтергіштер, ададар және жүк лифттері және экскалаторлар қолданылады.

Адамдардың өліміне немесе есінен тануына әкелетін өртте шынайы жағдайда негізгі факторлар болып табылады: жалынмен тікелей байланыс, жоғары температура, оттегі детіспеушілігі, түтін құрамындағы көмртегі тотығы және басқа улы заттар, механикалық әсер ету. Ең қауіптісі оттегі жәтіспкушілігі мен улы заттардың бар болуы, өиткені өлімнің 50-60% түншығудан және уланудан болады.

Өрт пайда болғаннан бастап 1-2 минут ішінде жабық бөлмелерде оттегі концентрациясы төмендеуі мүмкін. Мысалы, театрларда көрермен залы мен сақынаның көлемі 25000 м3 декорация жанған кезде оттегі концентрациясы 2-3 мин ішінде қауіпті мағынаға дейін төмендеді.

Өрттерде адам өміріне аса қауіп төндіретін жану өнімдерінің құрамында улы заттар бар түтінді газдар және әртүрлі заттар мен материалдардың бөлінуі. Көміртегі тотығының концентрациясы түтінде 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.

Кейбір жағдайларда түтінді газ құрамында күкірт газы, азот тотығы, күкірт қышқылы және басқа улы заттар болады, олар адам ағзасына аз уақыт әсер еткен кезде (күкірт газы 0,05%; азот тотығы 0,025%; күкірт қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.

Адам өміріне синтетикалық полимерлі материалдардың жануы төтенше жоғары қауіпті.

Қауіпті концентрациялар тіпті термиялық тотығу кезінде және синтетикалық полимерлі материалдардың аз көлемде бұзылуы кезінде де түзіледі.

Осыны ескере отырып, қазіргі кездегі бөлмелердегі синтетикалық полимерлі материалдар 50% жоғары, өрт жағдайында адам үшін олар қандай қауіп төндіретіні белгілі.

Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда адам өміріне қауіп төнуі оданда жоғарылайды. Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда жану өнімдері ғимараттың қабаттары бойынша 2-3 мин ішінде тарайды. Сол уақытта адамдарды көшіру үшін, тіпті жақсы жағдай кезінде, 1,-15 мин кем емес уақыт керек, кейде оданда көп.

Сонымен қатар адам өміріне жану өнімдерінің жоғары температурасыда қауіпті. Қыздырылған газдар температурасы адам денесінің температурасынан асып кетсе мұндай жағдайда жылу соққысына әкеледі. Температура 42-46оС жоғарылаған кезде-ақ суыру сезімдері сезіледі. Қоршаған орта температурасы 60-70оС болғанда адам өміріне қауіпті болып табылады, көбінесе мәнге сәйкес ылғалдылық және ыстық газдарды шығарған кезде, ал температура 100оС кезінде есінен танады және бірнеше минуттан кейін өлім келеді.

Жоғары температурадан кем емес адам денесінің ашық жерлеріне жылулық сәуле әсері қауіпті болып табылады. Жылуылық сәуленің интенсивтілігі 1,1-1,4 кВт/м2 болғанда адамда 42-46оС температура кезіндегідей әсер тудырады. Критикалық сәулелену интенсивтілігін 4,2 кВт/м2 тең интенсивтілігін санайды.

Адамдарға тағыда үлкен қауіп жалынмен тікелей байланыста төнеді, мысалы, құтқару жолдары отпен кесілген жағдайда. Кейбір жағдайларда өрттің тарау жылдамдығы жоғары болады, бұл кезде өртке шалдыққан адамды құтқару өте қиын немесе арнайы қорғаныссыз құтқару мүмкін емес. Адам үстіндегі киімнің жаныуда аса қауіпті. Егер уақытында киімнен жалынды сөндірмесе адам өлімге әкелетін күйіктер алуы мүмкін.

Өрттегі ең қауіптісі ол үрей, ол көп адамда болатын кенеттен, есепсіз, ұстамсыз қорқыныш әкеледі.

Ол кенеттен қауіп төнгенде пайда болады. Адамдардың есі мен еркі өрт елесімен басылып қалады, содан туындаған жағдайдан тез арада шығу есігін таба алмайды.

Адамдарды құтқару үшін ең алдымен қысқа және қаупсіз жолдар таңдайды.

Адамдарды құтқару әдісі адамдар мен өрт жағдайына байланысты анықталады. Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылатындар: адамдардың өз бетімен шығуы, адамдарды өрт сөндірушілердің көмегімен шығару; адамдарды көтеріп шығару; құтқарушыларды жоғарыдан түсіру.

Көп жағдайларда қауіп төнгенін байқап адамдар бөлмеден өрт бөлімдері келгенге дейін шығады.

Құтқару жолдары қатты түтінденген болса және құтқарушыларға жол белгісіз болса, сонымен бірге құтқарылушылардық жағдайы мен жасы өз беттерімен қауіпті аймақтан шығуларына күмән келтірсе (адамдар қатты қобалжыған болса немесе бұлар балалар, қарттар, аурулар болса), онда құтқарылушыларды шығару ұйымдастырылады.

Адамдарды қауіпті аймақтан көтеріп шығару олар өз беттерімен жүре алмаған кезде (есінен тану немесе жатқан науқастар, төмен жастағы балалар, мүгедектер және т.б.) жасалады.

Адамдарды жоғарыдан түсіру құтқару жолдары отпен қиылған жағдайда және басқа әдістерді қолдануға болмаған жағдайда орындалады. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, стационарлы, жылжымалы және тасымалы сатылар, көтергіштер, құтқару жібтері және т.б. құралдар қолданылады.

Шақыру орынына ӨСБ келісімен объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатуы керек және жанып жатқан бөлмедегі адамдар саны туралы мәліметтер алуы керек (кейде бұл мәліметтер өрт туралы хабарлаған кезде жеткізіледі), содан кейін түтінденген бөлмелерде жақсылап барлау жүргізеді.

Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін.

Адамдарды бөлмелерде іздеу кезінде дауыстап айғайлау керек. Үлкендерді есік, терезе маңынан, коридорларда, яғни бөлмеден шығу жолдарында іздеу керек. Балаларды төсек астынан, пеш артынан, столдардың астынан, қызмет көрсету бөлмелерінен іздеу керек.

Бөлмелер тексерісін барлық жағдайларда жүргізеді, оны жанып жатқан ғимаратта адамдар жоқтығына көз жеткізіп толық тексергеннен кейін тоқтатады.

Өртті барлау кезіндегі алынған мәліметтер негізінде ӨСБ адамдарды құтқару бойынша шешім қабылдап қажетті бұйрықтар береді. Бұл кезде әртүрлі мүмкін бөлімдер әрекетінің нұсқалары:



  • егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе және құтқару жұмыстарын жүргізу қажетті болса, ӨСБ тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға міндетті. Бұл кезде ӨСБ құтқару жұмыстарын өзі басқаруы керек, сонымен қатар өрт сөндіруді басқаруы керек;

  • егер адамдарға өрт қауіп төндірсе және құтқару жолдары отпен қиылған болса адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті;

  • егер өртке күш пен құрал жеткілікті келсе және адамдарға тікелей қауіп төнбесе, ал ӨСБ өртті өрт тарау жодарында енгізілген оқпандармен сөндіруге сенімді болса және бұл кезде адамдар үшін қауіпіздік қамтамасыз етілсе, бөлімдердің әрекеті үрейді басуға және бір уақытта өрт сөндіруге бағытталады;

  • адамдарды құтқару мен өртті сөндіру жұмыстарына бір уақытта күш пен құралдар жеткіліксіз кезде, барлық өрт бөлімдерінен келген жеке құрам құтқару жұмыстарына жіберілуі мүмкін, өртті содан кейін сөндірумен. Бұл жағдайда адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті, адамдарға өрт тікелей қауіп төндірген кезде және өрт тарау орындары мүмкін жерлерге.

Адамдарды құтқару кезектігі адам санына байланысты емес, ал олардың өміріне қауіптілік дәрежесінен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды өте кауіпті жерлерден құтқарады. Қауіптілік дәрежелері бірдей кезінде алдымен балаларды, науқастарды және қарттарды құтқарады.

Құтқару жұмыстарын жргізген кездегі барлық жағдайларда ӨСБ күш пен қралдарды жаю кезінде сонымен бірге жедел жәрдем шақыруы керек. өртке медицина персоналы келгенге дейін алғашқы көмекті жарақаттанғандарға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көрсетуі керек.


2.3 Жарақаттанғандарды көшіру
Барлық емдеу мекемелері адамдар көп келетін объектке жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификасының барымен үлкен қиындық ұсынады.

Көшіруге қажетті уақыт - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары.

Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.

Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.

Көшіру жолдары мен есіктерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша (оның ішінде жарықтандыру,саны, өлшемі мен көшіру жолдары мен есіктерінің көлемді-жоспарлы шешімдері бойынша, сондай-ақ көшіру жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы) жобалық шешімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау қажет.

Көшіру жолдарындағы есіктер еш қиындықсыз, шығу бағытына қарай ашылуы қажет.

Көшіру жолдарының есік ілмектері ғимарат (құрылыс) ішіндегі адамдар қажет болған жағдайда кілтсіз аша алатындай болуы қажет.

Көлемді, электр торабынан автономды қоректенетін, өздігінен жарық беретін, көшіру жолдарында пайдаланылатын өрт қауіпсіздігінің белгілері (оның ішінде жарықтық көрсеткіштер «Көшіру (қосалқы) есігі», «Көшіру жолының есігі»), барлық уақытта жарамды жағдайда және іске қосылулы болуы қажет. Ойын-сауық, демонстрациялық, көрме және басқа да залдарда олар тек адамдар жиналып, іс-шаралар өткізу кезінде ғана іске қосылады. Эвакуациялық жарықтандыру жұмыс жарықтандыру электрқорегі тоқтаған кезде автоматты түрде қосылуы қажет.

Көшіру жолдары мен есіктерін пайдалану кезінде:

1) көшіру жолдары мен есіктерін (оның ішінде өту жолдарын, дәліздерді, тамбурларды, галереяларды, лифтілік холлдарды, сатылы алаңдарды, саты марштарын, есіктерді, көшіру люктерін) әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндіріс қалдықтарымен, қоқыстармен және басқа да заттармен бөгеуге, сондай-ақ көшіру есіктерін жауып тастауға;

2) тамбурға шығар жолдарда (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерден басқа) киім кептіретін және ілетін орындар, киім ілгіштер дайындауға, сондай-ақ құрал-саймандар мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтауға;

3) көшіру жолдарының табалдырығында (есік ойықтарының табалдырықтарынан басқа) жылжымалы және көтерілмелі-түсірілмелі есіктер мен қақпалар, айналмалы есіктер мен түрнектер, сондай-ақ адамдарды көшіруге кедергі келтіретін басқа да заттарды орналастыруға;

4) қабырғалар мен төбелерді, сондай-ақ көшіру жолдарындағы сатылы алаңдарды сырлау, қаптау, әрлеу үшін жанғыш материалдарды (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) қолдануға;

5) сатылы алаңдардың, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық түрде бекітуге, сондай-ақ алып тастауға;

6) түтінденбейтін сатылы торларда ауа аймағының жалюзиін шынылауға немесе жабуға;

7) армерленген шыныны әдеттегі шыныланған есіктерге және фрамугқа алмастыруға тыйым салынады.

Технологиялық, көрмелік және басқа да құрал-жабдықтарды орналастыру кезінде бөлмелер көшіру жолдары жобалау нормаларына сәйкес сатылы торлармен және басқа да көшіру өткелдерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Адамдар көптеп келетін объектілерде электр энергиясы сөнген жағдайда қызмет етуші тұлғаларда электр шамдары (фонарь) болуы қажет. Объект басшысы кезекшілер санын ескере отырып, әр кезекшіге бір шамнан келетіндей етіп анықталады.




2.4 Емдеу мекемелерінде өрттің даму және сөндіру ерекшеліктері
Аурухананы, ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Аурухана корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Аурухана сыйымдылығы 100-ден 3000 орынға дейін болуы керек, ал биіктігі 3-тен 5-ке дейінгі қабатта болуы керек. Қазіргі уақытта аурухана корпустарын 800-1000 орынға дейін 9-дан 12 қабатқа дейінгі биіктікте тұрғызып жатыр. Жаңа ауруханалардың қабаттарының биіктігі 3,3 м.

Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыстағы ауруханалар мен поликлиникалар көп.

Аурухана ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда дәрігерлердің, емдік, рентген кабинеттерін, 25-30 орынды секцияға қосатын науқастарға палаталарды, дәріханаларды, тіркеу орындарын, рентген пленкаларын, дәрі-дәрмектерді сақтау орындарын, сонымен қатар аурухананың қызмет көрсетуі бойынша әртүрлі бөлмелер (тамақтандыру орындары, киім ілгіштер т.б.) орналастырады.

Аурухананың көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, телевидение және т.б. кеңінен қолданылады. Ауруханаларда өрт ауыртпалығы бірдей емес, тіркеу орындарында ол 80-100 құрайды, палаталарда 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2.

Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады.

I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғарыорналасқан қабаттарға тез тарайды және науқастарға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Ауруханалар мен поликлиникалардың жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.

Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі ауруханалардың ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, қоймалардағы дәрі-дәрмектер және т.б. әсер етеді.

Ауруханалардағы өрт кезінде ең алдымен науқастарға қауіп төнеді. Көбінесе қауіп рентген кабинеттерінен, дәріханалардан, дәрі-дәрмек қоймаларынан, фармацевтикалық бөлімдерден әртүрлі улы булар мен газдар бөлінетін жерлерден төнеді.

ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, науқастарды көшіру бойынша, көшіруге жататын науқастардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын науқастарды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез науқастарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.

Барлық жағдайда құтқару жұмыстарына медицина персоналы қатыстырылады, әсіресе адамдарды перзентханадан, инфекциялық емханадан, жүйке-психиатрлық ауруханадан, операциядан кейінгі бөлімдерден және т.б. көшіру кезінде қатыстырылады. Бұл жағдайларда құтқарудың әдіс-тәсілдерін медицина персоналының ұсыныстары бойынша анықтайды. Инфекциялық және тұра алмайтын науқастарды көшіру кезінде негізгі жұмытарды медицина персоналы орындайды, ал өрт сөндірушілер немесе осы мақсатқа қатысушы әскери бөлімдер науқастарды тасу кезінде көмек көрсетеді, оларды өрт сатысымен томен түсіру және басқа жұмыстар. Ең алдымен ауыр науқастарды төсегімен бірге носилкаға салмай шығарады. Оларды дәрігерлердің көрсетуімен ғана носилкаға салады. Жүретін науқастар өздігінен медицина жұмыскерлерінің және өрт сөндірушілердің көрсетуімен сыртқа шығады. Қатты түтіндеген кезде бөлмелерден науқастарды ГТҚҚ буынымен және бөлімімен жүргізеді.

Науқастарды көшіріп болғаннан кейін ӨСБ олар жүргізілген жолдарды, бөлмелерді тексереді, ал қызмет көрсету перслналы науқастарды тізім бойынша тексереді. Іздеу-құтқару жұмыстары барлық адамдар құтқарылғаннан кейін тоқтайды.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының және қызмет көрсету персоналының жылдам және жинақы жұмыстары үшін алдымен әкімшілікпен қызмет көрсету персоналының әрекеттері көрсетілген науқастарды көшіру жоспары жасалады, аурухананың персоналымен бірге тактикалық жаттығуларға жоспар жасалады және оның бір нқсқасын өрт сөндіру жоспарының құрам бөлігіне кіргізеді.

Өртке бару кезінде аурухана ауданында және әсіресе емдеу мекемелеріне жақындаған кезде "дабыл" дыбысын қоспаған жөн, ал өрт машиналарын аймақ сыртында орналасқан су көздеріне қойған жөн.

Магистралды жең сызықтарын ғимарат артындағы қосымша шығу есіктеріне жаю керек, стационарлы өрт сатыларымен, ал егер өрт туралы науқасатар білсе негізгі шығу есігінеде беру керек. Ғимарат ішінде жұмыс сызықтарын науқастардың көшіруіне бөгет жасамайтындай етіп жаю керек. ӨСБ үрейді басу туралы шаралар қолдануы керек, әсіресе перзентханаларда, жүйке-психиатрлық емханаларда, инфекциялық аураханаларда, травмотологиялық бөлімдерде және т.б.

Ауруханалардағы өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру заттарын қолданады. Суды және сулы ерітінді ылғалдандарғышты шатырлардағы, науқастар палаталарындағы, дәрігерлер кабинеттеріндегі, коридорлардағы және т.б. өртті сөндіргенде қолданады.

Ауа-механикалық көбікті дәріханаларды, дәрі-дәрмектер қоймаларын, рентген пленкаларының қоймаларын, рентген және емдеу кабинеттерін және т.б. сондіру кезінде қолданады.

Өрт сөндіру кезінде РСК-50, РС-50 оқпандарын, шашыранды және компактті ағындарды қолданады, ал IV өрт төзімділік дәрежелі ғимараттардағы өрт кезінде оданда күшті оқпандарды қоданады. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын су берудің қажетті интенсивтілігін ескеріп анықтайды, 0,1 л/(м2 с) кем емес. ӨСБ және жауынгерлік аймақтардағы командирлер өрт сөндірумен бірге қымбат қондырғылардың, дәрі-дәрмек қорының, рентген пленкаларының, газдармен баллондардың, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың бар екенін анықтайды, оларды оттан, түтіннен және құйылатын судан қорғау үшін тез арада күш пен құралдарды жібереді, ал қажет жағдайда оларды көшіруді ұйымдастырады.


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет