Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады


Емдеу мекемелеріндегі өрт қауіпсіздік сараптамасы



бет3/14
Дата07.05.2017
өлшемі2,24 Mb.
#16180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.5 Емдеу мекемелеріндегі өрт қауіпсіздік сараптамасы
Емдеу мекемелерінде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде.Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:

  • отпен дұрыс қолданбау;

  • электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;

  • электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;

  • құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

  • өртеу.

Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады. Емдеу мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин). Емдеу мекемелерінің ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,5 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді, ол тіркеу орынында 80-100 кг/м2, палата бөлмелерінде 40-50 кг/м2, басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2 құрайтын өрт ауыртпалығы куәландырады.

Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.

Ауруханалардағы өрт ең алдымен науқастарға қауіп төндіреді. Көбінесе қауіп рентген кабинеттеріндегі, дәріханалардағы, дәрі-дәрмек қоймаларындағы, фармацевтикалық бөлмдердегі әртүрлі улы газдар мен булардың бөлінуі мүмкін жану өнімдерінен төнеді.

ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, науқастарды көшіру бойынша, көшіруге жататын науқастардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын науқастарды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды.

3. Жедел-тактикалық жағынан объекттің сипаттамасы
3.1 Объекттің жалпы сипаттамасы
Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасының аумағында ғимараттар және кұрылыстардың кешені орналасқан, нақтылағанда: әкімшілік корпус, стационар, инфекциялық бөлімше, шаруашылық блогы, мұрағат, ас блогы, морг, оттегі сору кабинеті, гараж, (қойма), екі трансформаторлы қосалқы станциялар.

Стационар ғимаратында (638 тосек) жеті қабатты, жертөлемен қосқанда, үш жабық өткелімен экімшілік корпусқа екінші қабат деңгейінде жэне жерасты өткелмен жэне ас блогы өткелімен, морг және экімшілік ғимаратқа баруға болады.

Стационар ғимаратының отқа тозімділігі II -ші дәрежелі, қабырғалары және ара қабырғалары кірпіштен, қабат аралық қабырғалары темірбетонды, шатырдың жабыны жануға бейімді битумді мастиктен жасалған, жылу сулы, орталықтандырылған, жарық электрлі, шамдары жарық.

Электрмен қамту ғимараттың оң және сол жақ бөлігі әр түрлі трансформаторлы қосалқы станциясынан қамтылады. Электржелісін ажырату аурухана аумағында орналасқан трансформаторлы қосалқы станциялары арқылы жэне жертөледе жер асты өткеліне жақын бөлігінде, ас блогына және моргқа бару жолында жүзеге асырылады. Қолда бар күзеттік-өрттік сигнализациясы жұмыс істейді.

Емхана күніне 1200 адам қатынайтын, төрт қабатты жертөлемен қосқанда, II- дәрежелі отқа төзімділігі, қабырғалары және ара қабырғалары жанбайтын кірпіштен, қабат аралық ара қыбырғалары темірбетонды, шатыры жанатын битумді мастикте рубероидтан, жылу сулы орталықтандырылыған, жарық беру электрлі, ажырату емхана жертөлесінде орналасқан электрқалқаншасы арқылы жүзеге асырылады.

Қалған аурухана аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстар құрылымдық элементі бойынша ұқсас, барлық ғимараттардың отқа төзімділігі II -ші дәрежелі, қабырғалары және ара қабырғалары жанбайтын, кірпіштен, қабат аралық ара қабырғалары темірбетонды, шатыры жанатын битумді мастикте рубероидтан жылу сулы орталықтандырылыған, жарық беру электрлі, сөндіру емхана жертөлесінде орналасқан электрқалқаншасы арқылы жүзеге асырылады.

Медициналық қызметкерлермен аптасына 1 рет азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы сабақ өткізіледі.

Электрэнергиясын толық ажырату яғни инфекциялық корпусты, ас блогын, оттегі ғимаратын, аурухана ғимаратын және әкімшілік корпусты электрэнергиясынан ажырату инфекциялық корпустың жанында орналасқан №43-6 қосалқы трансформаторлы станциясы арқылы жүзеге асырылады. Емхана ғимаратын, морг және қойма ғимаратын және де шаруашылық корпусты электрэнергиясынан ажырату қойма жанында орналасқан №43-7 трансформаторлы қосалқы станциясы арқылы жүзеге асырылады


3.2 Архитектуралық жоспарлау шешімі
Фундаменттер – жиналған темір-бетонды және жиналған бетонды блоктардан ленталы, столбты.

Ішкі және сыртқы қабырғалары силикатты кірпіштен.

Аралықтары - қалыңдығы 120,99 мм силикатты кірпіштен.

Аражапқыштары – жиналған темірбетонды плиталар.

Прогондары – жиналған темірбетонды.

Перемычкалары – жиналған темірбетонды.

Сатылары жиналған темірбетонды марштардан және алаңдардан.

Кровля жұмсақ битум негізіндегі 5 қабатты руберойд.


Желдеткіш жүйелеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

 

Ауа жүретін жолдардағы от жалынын бөгейтін түтіктер (жапқыштар, клапандар, шиберлер), өрт сөндірудің немесе өрт дабыл қаққышының автоматты қондырғысы бар желдету жүйесінің тосқауыл қою жабдығы және өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін түтіктер белгіленген уақытта тексеріліп, жарамды жағдайда болуы қажет.



Ауаны салқындату және желдету жүйесін пайдаланған кезде:

1) желдеткіш камерасының есігін ашық қалдыруға;

2) сорғыш каналдарды, тесіктерді және темір торларды жабуға;

3) ауа келтірушіге газ жылу аспаптарын қосуға;

4) ауа жүретін жолдарда жиналған шөгінділерді, шаңдарды және басқа да жанғыш заттарды күйдіруге тыйым салынады.

Желдеткіш камералары, циклондар, сүзгіштер, ауа жүретін жолдар өндірістің жанғыш тозаңдары мен қалдықтарынан ұйым бұйрығымен белгіленген уақытта тазартылады.

Жарылыс және өрт қаупі бар бөлмелер үшін ұйым (кәсіпорын) басшылары желдеткіш жүйесін қауіпсіз әдістермен тазалаудың тәртібін әзірлеуі қажет.

Желдеткішке жанғыш шаңдардың, талшықтар мен басқа да қалдықтардың түсудің алдын алу үшін олардың алдында тас аулағыш, ал металл заттарды шығарып алу үшін магниттік сепараторлар орнатылуға тиіс.

Ауа жолдары мен пневматикалық көліктің құбырларындағы жергілікті сорғыш жүйелерінде оларды үнемі тазалап және өрт болған жағдайда оны сөндіру үшін мерзімді қарап тұруға арналған терезе орнатылуы қажет.

Бақылау люктерінің арасы 15 м аспауы, сондай-ақ бұрылыстарда, үш тармақта, қабырғалар мен жабындар арқылы өтетін құбырлар қасында орнатылуы қажет.

Машиналар мен агрегаттардың тозаңдану құрылғыларындағы ауаны тазалауға арналған сүзгіштер жекеленген бөлмелерде орналастырылуы қажет.

Жабдықтан шығарылған тозаң көтерген ауаның қайта айналымы кезінде екі баспалдақты сүзгіштің көмегімен тартылуы қажет.


Көшіру жолдары
Көшіру жолдары мен есіктерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша (оның ішінде жарықтандыру,саны, өлшемі мен көшіру жолдары мен есіктерінің көлемді-жоспарлы шешімдері бойынша, сондай-ақ көшіру жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы) жобалық шешімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау қажет.

Көшіру жолдарындағы есіктер еш қиындықсыз, шығу бағытына қарай ашылуы қажет.

Көшіру жолдарының есік ілмектері ғимарат (құрылыс) ішіндегі адамдар қажет болған жағдайда кілтсіз аша алатындай болуы қажет.

Көлемді, электр торабынан автономды қоректенетін, өздігінен жарық беретін, көшіру жолдарында пайдаланылатын өрт қауіпсіздігінің белгілері (оның ішінде жарықтық көрсеткіштер «Көшіру (қосалқы) есігі», «Көшіру жолының есігі»), барлық уақытта жарамды жағдайда және іске қосылулы болуы қажет. Ойын-сауық, демонстрациялық, көрме және басқа да залдарда олар тек адамдар жиналып, іс-шаралар өткізу кезінде ғана іске қосылады. Эвакуациялық жарықтандыру жұмыс жарықтандыру электрқорегі тоқтаған кезде автоматты түрде қосылуы қажет.

Көшіру жолдары мен есіктерін пайдалану кезінде:

1) көшіру жолдары мен есіктерін (оның ішінде өту жолдарын, дәліздерді, тамбурларды, галереяларды, лифтілік холлдарды, сатылы алаңдарды, саты марштарын, есіктерді, көшіру люктерін) әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндіріс қалдықтарымен, қоқыстармен және басқа да заттармен бөгеуге, сондай-ақ көшіру есіктерін жауып тастауға;

2) тамбурға шығар жолдарда (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерден басқа) киім кептіретін және ілетін орындар, киім ілгіштер дайындауға, сондай-ақ құрал-саймандар мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтауға;

3) көшіру жолдарының табалдырығында (есік ойықтарының табалдырықтарынан басқа) жылжымалы және көтерілмелі-түсірілмелі есіктер мен қақпалар, айналмалы есіктер мен түрнектер, сондай-ақ адамдарды көшіруге кедергі келтіретін басқа да заттарды орналастыруға;

4) қабырғалар мен төбелерді, сондай-ақ көшіру жолдарындағы сатылы алаңдарды сырлау, қаптау, әрлеу үшін жанғыш материалдарды (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) қолдануға;

5) сатылы алаңдардың, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық түрде бекітуге, сондай-ақ алып тастауға;

6) түтінденбейтін сатылы торларда ауа аймағының жалюзиін шынылауға немесе жабуға;

7) армерленген шыныны әдеттегі шыныланған есіктерге және фрамугқа алмастыруға тыйым салынады.

Технологиялық, көрмелік және басқа да құрал-жабдықтарды орналастыру кезінде бөлмелер көшіру жолдары жобалау нормаларына сәйкес сатылы торлармен және басқа да көшіру өткелдерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Адамдар көптеп келетін объектілерде электр энергиясы сөнген жағдайда қызмет етуші тұлғаларда электр шамдары (фонарь) болуы қажет. Объект басшысы кезекшілер санын ескере отырып, әр кезекшіге бір шамнан келетіндей етіп анықталады.

Қабаттардан персоналдарды және науқастарға келушілерді көшіруге саты торлары, сыртқы өрт сатысы сонымен қатар негізгі кіру және шығу есіктері және корпустар арасындағы өтпелер қарастырылған.

Науқастарды көшіру ауруханадан 200 м қашықтықта тұрған ғимаратына жүргізіледі.


Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

 

Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын жобалау, монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін тексеру ЭҚТН, тұтынушылардың электрқондырғыларын техникалық пайдалану нормаларына, тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.



Электр қозғалтқыштар, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттеуші, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері ЭҚТН бойынша аймақ класына тиісті қорғау қабаты болуы қажет.

Барлық электрқондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталудан және басқа да дұрыс емес режимнен сақтайтын аппараттармен қорғалуы қажет. Сақтандырғыштардың балқыма қоспаларының нақты тогы таңбада көрсетіліп, калибрленген болуы қажет (таңбаны дайындаушы-зауыт немесе электр-техникалық зертхана қояды).

Барлық тоқ жүретін бөліктер, бөлу қондырғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ жарылғыш үлгідегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде құрастырылуы қажет (мрамор, текстолит, гетинакс).

Cымдар мен кабельдерді жалғау, тармақтау және түйіндеу жұмыстарын өртке қатысты қауіпті ескере отырып, дәнекерлеу көмегімен жүргізу қажет.

Электр желілерін уақытша пайдалануға және қондыруға болмайды. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарында иллюминациялық қондырғылар мен электр сымдары уақытша қойылуы мүмкін.

Тасымалды шамдар қорғаушы шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталуы қажет. Бұл шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін осы мақсатқа арналған, механикалық әсерді есепке ала отырып, иілгіш кабель мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.

Бөлмелерде жұмыс соңына қарай кезекші қызметкердің болмайтындығына байланысты электр қондырғылар мен тұрмыстық электр құралдары тоқтан ажыратылуы тиіс, бұдан басқа кезекшілік жарық көздері, өрт сөндіру мен өртке қарсы сумен қамтамасыз ету қондырғылары, өрт және күзет сигналдары ғана тоқ көзіне жалғанады. Басқа да электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдар (оның ішінде тұрғын үйлерде де) тек қана олардың қызмет ету мақсатына және (немесе) пайдалану нұсқауына сәйкес болса ғана тоқ көзінен ажыратылмайды.

Электр тасымалдаудың (оның ішінде уақытша және салынған кабельмен) ауа жолдарын жанғыш жабынның, шатырдың, сондай-ақ жанғыш заттар, материал мен бұйымдар сақтайтын ашық қойманың (қатарлар, маялар) астымен пайдалануға және орнатуға тыйым салынады.

Жарық беруші электр желісі жанғыш құрылысты ғимараттар мен жанғыш материалдарға тимейтіндей етіп жөнделуі қажет.

Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:

1) дайындаушы ұйымдардың нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес келмейтін немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен сәйкес өрттің шығуына әкеп соғатын жарамсыз электр қабылдағыштарды пайдалануға, сондай-ақ зақымдалған немесе оңашалаудың қорғағыштық қасиетін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерді пайдалануға;

2) бұзылған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электр қондырғыш бұйымдарды пайдалануға;

3) электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен немесе басқа да жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ құрылымда қарастырылған шырақтарды қалпақсыз пайдалануға;

4) өрт қаупін болдырмайтын жанбайтын жылу оқшаулағыш материалдан жасалған тіреуі мен жылу қорғағыш қондырғысы жоқ электр үтіктерін, плиталарын, шәйнектері мен басқа да жылытқыш құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Құрылымда қарастырылған термореттегіші жоқ немесе жарамсыз электржылытқыш құралдарын пайдалануға;

5) стандартқа сай келмейтін (қолдан жасалған) электр жылытқыштарды қолдануға, қысқа тұйықталу мен артық салмақтан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға;

6) электр қалқандарында, электр қозғалтқыштары және іске қосушы аппаратуралардың жанғыш (оның ішінде тез тұтанғыш) заттар мен материалдарды орналастыруға (жинауға);

7) транзиттік электрсымдары мен кабельдік желілерді қойма бөлмелері арқылы, сондай-ақ ЭҚТН бұзылған жарылыс және өрт қаупі бар аймақтар арқылы орнатуға;

8) электр жылытқыш құралдарын барлық жарылыс және өрт қаупі бар орындарда пайдалануға тыйым салынады.

Софитаны орналастыру кезінде тек жанбайтын материалдарды пайдалану қажет, ал олардың қаңқалары зақымданушы арқандардан оқшаулануы қажет.

Прожекторлар мен софиталарды жанғыш материалдар мен құрылыстардан кемінде 0,5 м, ал линзалық прожекторларды кемінде 2 м қашықтықта орналастыру керек. Прожекторлар мен софиталарға арналған жарық сүзгіштер жанбайтын материалдардан болуы қажет.

Қысқа тұйықталу мен ұшқын шығаратын, кабельдер мен сымдарды қыздыратын электр желілері мен аппараттары тез арада кезекші тұлға арқылы қауіпті жағдайға жеткізбестен сөндірілуге тиіс. Ақауы бар электр жүйесі өрт қауіпсіздігі жағдайына келтірілгенше ажыратылуға тиіс.
Жылу беру жүйесіне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

 

Жылу беру маусымы басталар алдында пештер, қазандықтар, жылу генератор және калориферлік қондырғылар, басқа да жылу құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.



Машинистер, от жағушылар жыл сайын жылу беру маусымы алдында өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

Өндірістік және басқа да бөлмелерде пеш жағуды жылу беру құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқау алған арнайы белгіленген тұлғалар (от жағушылар) іске асырады.

Пештер мен басқа да жылу беру құралдарының белгіленген норма бойынша жанғыш құрылысты өртке қарсы шегінісі болуы тиіс, сондай-ақ ауданы 0,5х0,7 м кем емес, ешбір ақау мен мүлтіксіз қаңылтыр(ағаш немесе өзге де жанғыш заттан жасалған) төселуі қажет.

Жылу беру маусымы алдында пештер мен түтіндіктерді күйеден тазарту керек, ал бүкіл маусым бойына:

1) жылу пештері үшін үш айда бір рет;

2) үздіксіз қозғалыстағы ошақ пен пештер үшін екі айда бір рет;

3) үздіксіз жағылатын ас үй плиталары мен басқа пештер үшін айына бір рет тазартылуға тиіс.

Отын құбырындағы қазандықтың әрбір тозаңдатқыш құралында және жылу генератор қондырғыларында екі бұрамадан (вентиль): біреуі - пештің оттығында, екіншісі - отынды сыйымдылықта болуы қажет.

Ұйымдар мен елді мекендерде қазандықтар мен жылу өндіргіш қондырғыларын пайдалану кезінде:

1) арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәлігін алмаған тұлғаларды жұмысқа жіберуге;

2) автоматтандырылмаған қазандықтарда жұмыс істейтін тұлғалар ауысым кезінде жұмыс істеп тұрған қазандықтарды қадағалаусыз қалдыруға;

3) қазандықтар және жылу генераторлары орнатылған бөлмелерде 1м3 астам ТТС пен 5м3 ЖС отын сақтауға;

4) өрт болған жағдайда құрылғысыз бактарды отынды авариялық сыйымдылыққа (қауіпсіз орындарда) аудару үшін пайдалануға;

5) құралдарды пайдалануда техникалық жағдайы қарастырылмаған мұнай өнімдері мен тез тұтанғыш және жанғыш материалдар қалдықтарын отын ретінде қолдануға;

6) жылу беру жүйесінен сұйық отын (газдың кемуі) тамшылап тұрған кезде жылу өндіргіш қондырғыларын пайдалануға;

7) газ жанарғылары мен тозаңдатқыш құралдары сөндірулі кезінде отын беруге;

8) қондырғыларды олардың алдын ала үрлеп алмай от жағуға;

9) дайындаушы-кәсіпорында қарастырылған ақауы бар немесе ажыратылған бақылау және реттеу құралдарынсыз жұмыс істеуге;

10) қазандықтар мен бу өткізгіштерде жанғыш материалдарды кептіруге рұқсат берілмейді.

Пеш арқылы жылу беру кезінде:

1) пеш алдындағы қаңылтырға жанғыш заттар мен материалдарды және жанармайларды орналастыруға;

2) пештерді тұтандыру үшін бензин, керосин, дизельдік жағармайларды және басқа да тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

3) пештерді отынның бұл түрлеріне арналмаған газдармен, көмірмен және кокспен жағуға;

4) отқа оттықтың мөлшерін арттыратын ұзын ағаш салуға болмайды;

5) пешке отынды, киімдерді және жанғыш заттар мен материалдарды кептіруге және қоюға;

6) бөлмелерде жиналыс немесе басқа іс-шаралар өткізіліп жатқан кезде пеш жағуға;

7) газ және желдету каналдарын түтіндеткіш ретінде қолдануға;

8) пешті шамадан тыс қыздыруға тыйым салынады.

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) пеш жағу жұмысы аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал ауруханалар мен адамдар көптеп келетін басқа да орындарда жатар уақыттан екі сағат бұрын тоқтатылуға тиіс.

Балалар күндіз келетін балалар мекемесінде пешті жағу балалар келерден 1 сағат бұрын тоқтатылуға тиіс.

Пештен шыққан күл мен қоқысқа су құйылып, арнайы қауіпсіз жерлерге төгілуге тиіс.

Қазандық қондырғыларының қатты отынмен жұмыс істейтін түтін құбырлары ұшқын өшіргішпен жабдықталуға және айына 3 рет күйеден тазартылып тұруға тиіс.

Шатырдағы түтін каналдары өтетін түтін құбырларын және қабырғаларын әктеу қажет.

Сауда мекемелерінде орнатылған қазандықтарды қатты отыннан сұйық отынға ауыстыруға болмайды.

Отын (өздігінен жанатын көмір және торф) тез жанғыш құрылыстан 8 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлмелерді немесе арнайы белгіленген алаңдарда сақталуға тиіс.

Өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтін металл пештерді орнатуға рұқсат етілмейді.

Жатақханаларда, әкімшілік, қоғамдық ғимараттарда және кәсіпорындардың қосалқы ғимараттарында, тұрғын үйлерде зауыт дайындаған металл және басқа да пештерді қондыру кезінде тұрғын үйлерде осы өнімдерді дайындаушы мекеменің нұсқауы, сондай-ақ жылу беру жүйесіне ұсынылған жобалау нормасының талаптары орындалуға тиіс.

Металдан жасалған түтін құбырын терезеден шығарғанда құбырда кемінде үш диаметрлік бөлуді ауыстыратын темірден жасалған табақша орнатылуы қажет. Құбырдың соңын ғимарат қабырғасының артына қарай 0,7 м кем еместей етіп шығарып, 0,5 м биіктікпен аяқтау қажет. Жоғары қабат терезесінен шығарылған келте құбыр карнизден 1 м жоғары болуға тиіс. Келте құбырда қақпақ орналастырылуы қажет.


3.3 Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау
Өрт сөндіруге арналған су құбырының желілері жарамды жағдайда болуы және талап етілген өрт сөндіруге қажетті судың мөлшері бойынша қамтамасыз етілуі қажет. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру жылына екі рет (көктемде, күзде) жүргізіледі.

Өрт сөндіру гидранттары жарамды жағдайда болуы, ал қыста қапталған және қар мен мұздан тазартылған болуы қажет. Өрт сөндіру гидранттары құдығының қақпағы үстінде автокөліктердің тұруына тыйым салынады. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздеріне барар жол мен өткелдер өрт техникалары үшін жылдың кез келген мезгілінде бос болуы қажет.

Учаскелердің су құбыры желілері мен гидранттары сөнгенде немесе қысымы азайғанда бұл туралы өрт сөндіру қызметіне жедел хабарлау қажет.

Кәсіпорын өрт сөндіргіш сорғыштардың электр қозғалтқыштарын электрмен үздіксіз қамтамасыз етуі тиіс.

Өрт сөндіру гидрантын орналастыру орнында әріптік индекспен «ӨГ» деп жазылған жарықтық немесе флуоресцентті көрсеткіш орнатылып, гидрант пен көрсеткіш аралығы сандық маңызда метрмен және құбырдың ішкі диаметрі миллиметрмен өлшенуі қажет.

Өрт суатында «ӨС» әріптік индексі бар, судың қоры метр кубпен және өрт сөндіру автокөліктерінің саны көрсетілген осыған ұқсас көрсеткіш орнатылады.

Ішкі өртке қарсы су құбырларының өрт сөндіру шүмектері 1,35 м биіктікте орнатылып, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарында бекітілген жеңдермен және оқпандармен жинақталуы қажет. Шкафтың есігінде «ӨШ» әріптік индексі, реттік нөмірі және жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің телефоны көрсетілуі қажет. Шкаф есігінің ішкі безендірілуі қызыл түсті болуы қойылатын талаптарға жауап беруі қажет. Өрт сөндіру жеңдері құрғақ, әрі жақсы оралған және шүмек пен оқпанға жалғасқан болуы тиіс. Алты айда бір рет «ӨШ», судың іске қосылу және жеңдерді жаңадан шиыршықтап бүктеу жұмыстарына тексеру жүргізіліп тұру қажет.

Сорғыш станцияларының бөлмелерінде өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің және сорғыштарды орап байлаудың жалпы кестесі ілінеді. Әрбір ысырма мен өрт сөндіргіш ілінетін-сорғышта олардың белгілері көрсетіледі. Ілінетін-сорғыштың қосылу тәртібі техникалық нұсқаумен анықталады.

Елді мекендердің өртке қарсы су құбырларының сорғыш станцияларында өрт сөндіру қызметімен тікелей телефон байланысы болуы қажет.

Су өлшегіш қондырғылардың айналма бағытында орналасқан электр жетектегіш ысырмалардың жұмысқа қабілеттілігі жылына бір рет, ал өрт сөндіру сорғыштары ай сайын тексеріледі.

Көрсетілген жабдық жарамды жағдайда болуы қажет.

Объектілердің аумағында немесе оның айналасында (радиусы 200 м) табиғи немесе жасанды су көздері (көлдер, өзендер, бассейндер, градирнилер) болса, өрт сөндіру автокөліктері жылдың кез-келген уақытында су алуы үшін бара алатын жолдар және аумағы 12х12 м кем емес жаппасы қатты алаңдар болуы қажет. Жасанды суаттардың су көздеріне баратын жолдарының және су қоймалық қондырғылардың үнемі дайын жағдайда болуы тиісті кәсіпорындарға жүктеледі.

Суды қысыммен ағызатын мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт техникаларымен су алуға ыңғайлы болуы қажет.

Өрт сөндіру қажеттілігіне арналған су қорын шаруашылық және өндірістік мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілмейді.

Аурухананы өртке қарсы сумен жабдықтау желісі сақиналы, диаметрі 150 мм. Аумағында 3 өрт сөндіру гидранты бар. Жақын ӨГ 15м қашықтықта. Нысан сумен қамтамасыз етілген.
3.4 Өрт сөндіру құралдарын таңдау
Өрт сөндірудің нормативті параметрлері болып табылады:


  • берілген жанғыш заттар мен материалдарды сөндіруге әртүрлі өрт сөндіру заттарының жарамдығы;

  • берілген әдіспен берілген заттар мен матреиалдарды сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру заттарының үдемелі мөлшері;

  • сөндіру уақыты;

  • өрт сөндіру заттарын берудің интенсивтілігі.

Ауруханалардағы өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру құралдары пайдаланылады. Суды және ылғалдандыру сулы ерітінділерін шатырдағы, көрші бөлмелердегі, науқастардың палаталарындағы, дәрігерлер кабинеттеріндегі, коридорлардағы және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.

Ауа-механикалық көбікті дәріханаларда, дәрі-дәрмек, рентген пленкалары қоймаларында, рентген және тексеру кабинеттерінде және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.

Өрттерді сөндіру үшін, ереже бойынша, РСК-50 және РС-50, шашыратқаш және тұтас ағатын оқпандарын қолданады, ал өрт дамыған жағдайларда, әсіресе отқа төзімділігі IV дәрежелі ғимараттарда аса күшті оқпандарды қолданады. Өрт сөндіру үшін қажетті оқпандардың санын 0,1 л/(м2 с) кем емес су берудің қажетті интенсивтілігін ескеріп анықтайды.

Қалыптасқан жағдайға және күш пен құралдарға байланысты ӨСБ бір мезгілде адамдарды құтқару бойынша және өрт сөндіру жұмыстарын жүргізе алады. Егер күш пен құралдар бір мезгілде екі жұмысты жүргізуге жеткіліксіз болса ӨСБ барлық күш пен құралдарды адамдарды көшіруге пайдаланады немесе өртті тез сөндіріп адамдарға қауіпсіздікті қаматамасыз етуге сенімді болса оқпандарды беруге және науқастардың үрейін басуға пайдаланады.



ӨСБ және жауынгерлік аймақтардың командирлері сөндірумен бірге бір мезгілде қымбат тұратын қондырғылардың, дәрі-дәрмек қорларын, рентген пленкаларының, газбен баллондардаң, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың санын тез арада оларды өрттен, түтіннен және төгілген судан қорғау үшін күш пен құралдарды енгізеді, ал қажет жағдайда оларды көшіруді ұйымдастырады.

4 Өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің күштері мен құралдарының есебі
4.1 Инфекциялық бөлімнің 2-ші қабатында орналасқан палатада өрт сөндіруге қажетті күш пен құралдар есебі
Өрт 2-ші қабаттағы палатада пайда болды, келесі өрттің даму шарттарын қабылдаймыз:

  • өрт түнгі 22:50-де басталды;

  • сыртқы ауа температурасы + 100;

  • әртүрлі қабаттардағы адамдар бар;

  • өрт тарауының сызықтық жылдамдығы л = 1 м/мин;

  • өрт бөлменің ортасында пайда болды.

Объектті жедел-тактикалық қатынаста меңгеру қорытындысында келесілер анықталды, палатада өрт пайда болған кезде қатты түтінденуден аса қиын жағдай туындайды және ғимаратқа үлкен материалды шығын әкеледі. Өрт ауыртпалығы 30-50 кг/м2 дейін құрайды.

Өрттің үлкен ауданы өрт бөлменің ортасында пайда болған жағдайда болуы мүмкін, өрт әртүрлі материалдармен максималды жылдамдықпен тараған кезде.

1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз (оттың пайда болу уақытынан сөндіруге оқпандарды бергенге дейін). (4.1.1)

tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР

мұндағы: tОБН - өртті табу уақыты, мин.;

tСООБөрт туралы хабарлау уақыты, мин.;

tОБР.ИНФақпаратты өңдеу уақыты, мин.;

tСБжиналу уақыты (1 мин. деп аламыз);

tБРжауынгерлік қанат жаю уақыты, мин. (ӨСД нормативтері бойынша).

tСВ = 3 + 1 + 0,5 + 1 + 3 + 5 = 14 мин.

мұндағы: L - өрт бөлімінен объектке дейінгі арақашықтық, км;

Vсл - ӨА жылдамдығының орташа жылдамдығы, км/сағ;

сл60 *1,8мин.



2. Өртің еркін даму уақытындағы отпен өтілген жолды анықтаймыз:



L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1 + 1*4 = 9 м (4.1.2)

мұндағы:tСВ-t1=14-10= 4 мин.

Оқпандарда берген уақытқа дейін от келесі бөлмеге тарайды және өрттің даму пішіні тік бұрышты болады.


3. Өрт ауданын анықтаймыз: (4.1.3)

SП = nа(5*Vл+ Vл* t2 )

мұндағы:

а – өрт шебінің ені;

n– жанудың бағыттарының саны.

SП = 1*7(5*1+ 1* 4 ) = 63 м2

Қол оқпнадарының аса эффективті сөндіру тереңдігі hm = 5 м, а лафетті опан - hm = 10 м.
4. Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз: (4.1.4)

SТ = а*n*һ т= 7*2*5= 70 м2
5. өрт сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарының (су) қажетті шығынын анықтаймыз: (4.1.5)

QТТР = Sт * JТР = 70 * 0,1 = 7л/(м2*с)

мұндағы, Jтрсу берудің қажетті интенсивтілігі, л/(с м2),

Jтр = 0,1 л/(м2*с)
6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз: (4.1.6)

QЗТР = SЗ * JТР/4 = 500*0,1/4=12,5 л/(м2*с)
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз: (4.1.7)

Q
Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет