Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ



Дата27.12.2016
өлшемі42,75 Kb.
#6098
Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі.
Мұқан А.Қ.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы.

aziza.mukanova@list.ru

Ғылыми жетекші:



І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға-оқытушысы Жантилеуова Г.К.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында түрлі амалдарды қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде диалогтік жаттығуларды қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мұндай жаттығулар оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. Сонымен, диалог дегеніміз не? Оның бірліктері мен құрылымына тоқтала кетсек.



Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалог- ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланыс жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды,түзейді, жақсартады. Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.

Бірліктері: Сұрақты, мәселені талқылауға қатысу және жеткізе білу; Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу; Сөйлеушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру.

Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін. Диалогта келесі айтылғандар орын алады: Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау; Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану; Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану. Диалог арқылы адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас құрып, мәдени байланыс орнатып, күнделікті өмір тіршілігімен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Роман жанрын зерттеуші М. Бахтин айтқандай : «Шындықты іздеудің диалогтік әдісі дайын шындыққа ие болғысы келетін нақты монологизмге, сонымен қатар, қандайда да бір шындықты білеміз деп ойлаған адамдардың сенімділігіне де қарсы қойылады. Шындық жеке адам басында туындамайды және болмайды, ол шындықты іздеуші адамдар арасында олардың диалогтік сөйлесуі кезінде туындайды»[1,26 б]. Орыс тіл білімі ғалымдарының типологиясы негізінде жас ғалым Иманғалиева «Типология диалога» (На материале казахскогои русского языка) атты кандидаттық зерттеу жұмысында төмендегідей көптеген диалог түрлерін атап көрсеткен:

Диалог үлгілерін ғалым үлкен үш топқа бөліп қарастырады:



  1. Ақпараттық диалог (информативный). Бұған: диалог-сұхбат, диалог-тергеу, хабарлама диалог және диалог – түсінуді жатқызады [2, 64 б].

  2. Прагматикалық диалог (прагматический). Бұл топқа : диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – ой-толғау, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой – түрткіні топтастырады. [2, 74 б].

  3. Модальдық диалогқа (модальный): диалог – үндестік, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу сынды түрлерін топтастырады [2, 88 б].

Ағылшын көркем әдебиетіндегі диалогтардың мағыналық түрлері айтылғанымен, шығармадағы диалогтік бірлікке баса назар аударылған. Диалогтың тар мағынасында оған тән белгілері көрсетілген: әңгімелесуші кейіпкерлер саны екіден кем болмау керек; сөйлесушілер өзара кезектесіп отыруы керек; диалогтың қандай тілде жүріп жатқанын диалогқа қатысушылар түсінуі керек; диалогқа қатысушылар бір-бірін көреді; ең кем дегенде бір-бірін естиді. Атақты жазушы Антуан Сент Экзюпери айтқандай «... қарым-қатынас адам баласына тиесілі дәулеттің бірі болып саналады». Ал қарым-қатынас мәселесі диалогқа келіп тірелетіні анық [3, 415 б]. Сонымен қатар, Қ.Әбдікова Ж. Аймауытов шығармашылығын қарастырған кандидаттық диссертациясында «романдағы («Ақбілек») храктер сомдаудың, оны даралаудың тәсілдерінің бірі - диалог» деп жазады[4, 59-60 б].

Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлін зерттей келе, диалогтік сөйлеуді барлық жағынан қарастырдық. Нәтижесінде, сөйлеу – ол тілдің сһйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс. Мысалы: 1. Оқушы өзінің басынан өткен оқиға жайлы баяндайды; 2. Үйге берілген тақырып жайлы мұғалімге жауап береді; 3. Әңгімені оқып, мәтіннің мазмұнын айтып береді.

Кейде сабақ барысында сөйлеудің диалог түрін пайдаланамыз: 1. Қысқа сұрақ-жауап; 2. Қысқартылған формаларды үйрету: мұғалім – оқушы ұайталайды. 3. Кейбір қысқартылған сөзді пайдалану: мұғалім – оқушы жауап береді.

Ендеше, диалогтік құрылымдар да әр түрлі. Олардың негізгі түрлері: 1. Сұрақ – жауап;

2. Сұрақ - сұрақ;

3. Хабарлама – хабарлама;

4. Хабарлама – сұрақ.

Диалогтік сөйлеуге үйрету кезінде осы төрт түрін де қолдануға болады. Сабақ барысында диалог, әңгіме, мәтіндер тек сөйлеу әрікеті арқылы жүзеге асатын процесс екенін естен шығармауымыз қажет.



әдебиеттер:

  1. Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского. 7-е изд. –М.: Современная Россия, 1979. -26 б.

  2. Иманғалиева Г. Типология диалога: Дисс.: канд. филол. наук:10.01.01.- Алматы, 1999.-64,74,88 б.

  3. Андреева Г. Социальная психология.-М-:МГУ,1988,-415 б.

  4. Әбдіқова Қ.Ж. Аймауытов туындыларындағы тұлға: филол.ғ.к.дисс.:10.01.02.-алматы,1998.-142 б.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта мектеп математика курсында туындыны оқытуда тарихи материалдарды пайдалану сыдықова Айгерім Суатқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет