Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!



Дата05.09.2020
өлшемі25,4 Kb.
#77429
Байланысты:
Аттестат тапсыру кеші


"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!


Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2013 - 2014 оқу жылында 3 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегерлері Үсен Жәнібек,(117), Алпысбаева Махаббат (109) және 100 балдан жоғары жинаған оқушымыз: Тілеген Ахмаржан (102) балмен мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,


Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектебімнің қиынына күйгені,


Табыстарға мәз - мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Қанат Шайхсламұлы Шайхсламовқа беріледі.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «_________________________» әні. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме


Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз ________________________________________ беріледі.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу жөніндегі орынбасарлары Дулат Жунистаевич Тыныбековке және Жайнагүл Абильдиновна Зайнетдиноваға беріледі.
_________________________ орындауында «______________________» әні

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,


Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,


Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте - дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Қанат Шайхсламұлы Шайхсламовқа тапсырылады.


(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
«_________________________» орындайтын ____________________________
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда: Жұмаш Шалхарова мен Орынбасар Беккуловна Қырықбесованы ортаға шақырамыз.
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Анар Аскаровна Самуратова және Монголбай Гулнар
Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан Анар Аскаровна Самуратоваға беріледі.
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас - қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері Асылбек Кабдрашұлы Карымжанов пен Гүлзада Каршыгаевна Миермановаға алғысымыз шексіз.
Келесі сөз кезегі 11 сынып жетекшісі Асылбек Кабдрашұлы Карымжановқа беріледі.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын _______________________________

Ата - ана тәрбиелеп балапаның,


Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата - аналары атынан «Алтын белгі» иегерлері Алпысбаева Махаббаттың ата - анасы __________________________________________________________ және Үсен Жәнібектің ата-анасы ______________________________беріледі.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,


Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. – деп, ___________________________ орындауындағы «_____________________________________» қабыл алыңыздар!


Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз - қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі 11 сынып түлектері мен 9 сынып түлектеріне беріледі.
Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп мектеп түлектеріне арнау мектебіміздің ұстаздары: Зауреш Жақсыбекқызы,Махаббат Ниязбекқызы,Алма Еркеновна, Байдола Фестивал,Құралай Азаматовна, Тұрсын Маржангүл, Елена Шарифуллиновна, Ардабай Елеусыз,Жанар Болатовна,Дана Нурлановна апайларға сөз береміз.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, ана болып та көріндің.
Ән: «Мектеп вальсі» Орындайтын ____________________________________

Қиындықтар мойытпасын сендерді,


Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет