Қош келдің, қазағымның Наурыз тойы! Жауапты мұғалімдер : М. Б. Торина. Б.Қ. Исаинова



Дата12.03.2018
өлшемі56,5 Kb.
#38742
73 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП


Қош келдің, қазағымның Наурыз тойы!
Жауапты мұғалімдер :

М.Б.Торина. Б.Қ.Исаинова.

Қарағанды қ. 2012ж.

Қош келдің, қазағымның Наурыз тойы!

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне, әдет ғұрпында ерекше орын алған –Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын, бұл мейрамда әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе наразылары болса бәрін кешіруге, салт-дәстүрімізді естен шығармай қайта жаңғыртуға, оқушыларды қазақтың ұлы мен қыздарына тән қасиеттерге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өтілу әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: суреттер, ұлттық бұйымдар, наурызға байланысты слайдттар.

Тәрбие сағаттың барысы:

1. Әнұран орындалады.

2.Мұғалімнің құттықтау сөзі.

Анатолий :

Ел-дәстүрі арымыз

Той бастығы- кәріміз

Қыдыр баба той бастар,

Ал тыңдайық бәріміз.

Виктория : Күн

Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Қызыр баба аман ба?

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу ақты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне наурыз келеді,

Әсемденер жер енді.


Виктор : Қыдыр баба

Ау, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қарандар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрындар.

Галина : Наурыз

Сәлем анам-алтын Күз,

Сәлем қарты халқымның.

Уақытынша риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Ашық болса күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

3. Хор: Наурыз жыры.

Альфир :

Жаңғырар дәстүр- салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз жыл басы. – деп наурыз тойына тұсауын кестіруге әкелген мына бүлдіршіннің тұсауын кесейік.

4. Тұсау кесу салт-дәстүрін көріп тамашалайық.

Галина мен Надежда.

Надежда : Қане мына қызымыздың тұсауын кесу үшін мұнда аяғын жіппен байлап, қазыққа бекітіп қояйық.

Галина :Бұл жіптен босатып алу үшін жүйрік деген 4 бала ортаға шықсын. Ат жарысында кім 1-ші болып мәреге жетсе сол баланы жібінен босатып, тұсауын кесуге жол ашып береді.

Надежда : Ал ендеше жарыста жеңген ағамызөзі сияқты жүйрік болсын деп қызымыздың жібін шешіп тұсауын кесуге дайындап берсін.

Бала: Жарайды ендеше мен сияқты жүйрік бол қарындасым.

Галина : арамыздан жасы үлкен үлгі болардай әжелеріміз немесе аналарымыздан 1-кісі ортаға шығып қызымның тұсауын кесіп берсе жақсы болар еді.

Әже: Тұсау кеседі.

Дарья мен Лариса:

Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз қаз балам, қаз балам

Тақымыңды жаз балам

Күрмеуінді шешейік

Тұсауыңды кесейік

Қадамына қарайық

Басқаныңды санайық.

Анна:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы Наурызымның

Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Деп Мадина айтқандай енді қыздарымыздың биін тамашалайық.

5. Би: «Наурыз биі»қыздар.

Константин :

Амансыздар ма?

Ұлыс оң болсын.

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Николай :

Ашық болсын қас қабақ,

Тас пен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрдебас қонақ.

Никита :

Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.

Жаңадан келген мына жаңа жылды

Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.

6. Мұғалім –оқушылар сұрақ-жауап.

Мұғалім: сонымен балалар наурызда қандай ұлттық тағамдар дастарханға қойылады екен?

Наурыз көженің құрамы неден тұрады?

Оқушылар жауап береді.



Сергей :

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша қуанып,

Жадырайды күніміз.

7. Ұлттық ойын: қыз қуу.

Галина :

Уа, халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Яғни, ақ түйенің қарны жарылған күн-Наурыз мейрамы. Өнерлі өрендеріміздің өнерін тамашалайық.

8.Би:«Қаражорға»

Игорь :

Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз.

Қатыгездік жоқ болсын,



Ырысымыз көп болсын
1-жүргізуші:Ұлыс бақты болсын !
2-жүргізуші:Әр күніміз жақсы болсын !
1-жүргізуші:Достығымыз берік болсын !
2-жүргізуші:Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
1-жүргізуші Келер жылға дейін сау болыңыздар!

Тәрбие сағатын қорытындылау.

Мұғалім: Шағын салтанатты ертеңгілігімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер және балаларымыздың наурызға жайған дастарханына шақырамыз.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет