Өсімдіктердің классификациясы



бет1/2
Дата09.11.2022
өлшемі23,44 Kb.
#157348
  1   2
Байланысты:
7-лекция
1 рубежный контроль

Өсімдіктердің классификациясы.
Классификациялық өсімдіктер систематикасы әр түрлі өсімдік организмдерін ұқсастық және ерекшеліктеріне қарай таксон деп аталатын топтарға жіктейді. Классификациялық зерттеулерінің негізіне «түр» таксоны алынады. Бір-бірімен туыстық тегі жақын түрлер туысқа, ал бұлар тұқымдасқа біріктіріледі. Мысалы, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, атқонақ, бетеге, қоңырбас т,б,) бір тұқымдасқа топталынады. Бір-бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, ал қатарлар бұдан ірі топ - класс және бұның өзі бөлімге біріктіріледі. Өсімдіктер систематикасыжетік болуы үшін белгілі бір таксон ішіндегі топтты ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан да көп тармаққа топтап жіктеледі. Мысалы, түр құрамында түр тармағы, географиялық нәсіл, туыс таксонында туыс тармағы т.с.с. болады.

  • Дүние: Өсімдіктер

    • Бөлім: .......

      • Класс: .......

        • Қатар: .......

          • Тұқымдас: .......

            • Туыс: ......

              • Түр: ......

Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз - өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда оларды ұқсастығына байланысты кластарға бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды : экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық топтарға бөледі.
Фитоценоздардың экологиялық классификациясы.
Экологиялық классификацияны өңдеуді Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910) жалғастырды. Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың сыртқы жағдайға әсіресе су режіміне қатысы алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфалары алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей : ассоциация, формация, формациялар класы тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері. Е.Вармингтің классификациясы төрт типтен тұрады.
1). Гидрофиттер
2). Ксерофиттер
3) Галофиттер
4). Мезофиттер
Б.А.Быков (1978) 1). Гидрофиттер, 2). Гигрофиттер, 3) Мезофиттер, 4) Ксерофиттер деп өзінің классификациясын ұсынды.
Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы.
Бұған Б.А.Быковтың (1963) жер бетіндегі өсімдіктер классификациясы мысал бола алады. Ол классификация 7 бөлімнен тұрады.

  1. Бактерия өсімдіктері қауымы

  2. Балдырлар өсімдіктері қауымы

  3. Қына өсімдіктері қауымы

  4. Мүк өсімдіктері қауымы

  5. Папоротник тәрізділер өсімдіктер қауымы

  6. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер қауымы

  7. Жабық тұқымды өсімдіктер қауымы

Бөлімдер ішіндегі бөлшектеу формациялар доминанттарының белгілі – бір экоморфаларға жататындығын негізге алып жүргізілді.
Фитоценоздардың динамикалық классификациясы.
Өсімдіктер жабындарын классификациялауға динамикалық концепция тұрғысынан қарау туралы пікірлер негізінен американ ғалымы Ф. Клеменстің өсімдіктер қауымдарының сукцесиясы туралы еңбектерінде қалыптасты. Ф.Клементс әрбір өсімдіктер қауымына олардың сукцессия процессіндегі ролі, сукцессия қатарындағы тұрғысынан қарады. Соның нәтижесінде ол сериялық климакстық фитоценоздарды ажыратты. Сериялық қауымдар өсімдіктер қауымының даму стадиялары өкілдері ретінде, барлық өсімдіктер қауымдарын – пионерліктен бастап белгілі – бір тіршілік ету орны типіне тән ақырғысына дейін қамтиды. Әрбір сукцессиялық қатардың ақырғы стадиясы – климакс. Ф.Клементс климаксты – структурасы тұрақталған және климатпен тепе – теңдікке жеткен ең орнықты қауым деп түсінеді.
Өсімдіктер жабындарының классификациялары ішінде өсімдіктер қауымдарының динамикалық күйіне талдау жасау негізінде Е. Айхингер (Грибова, Исаченко бойынша 1912) классификация түзді. Бұл жүйеде ең төменгі бірлік болып динамикалық тип даму типі саналады. Бір динамикалық типке флоралық және структуралық бірдей белгілері бар тіршілік ететін орындарға ұқсас, сукцессиялық қатарда бір стадияға кіретін физиономиясы жақын қауымдар жатады. Динамикалық топтар ары қарай әртүрлі белгілеріне қарай (генетикалық,флоралық, экологиялық) байланысты жүйеге келтіріледі. Генетикалық белгілерінің ұқсастығына қарай динамикалық типтер сукцесиялық комплекстерге топтастырылады, ал соңғылары –сукцессиялық комплекстерге. Динамикалық тип дегеніміз ол сукцессиялық қатардың бір стадиясы. Флоралық белгілердің ұқсастығына байланысты динамикалық типтер топтарға біріктіріледі, ал олар өз кезегінде жоғарғы сатыдағы топтарға біріктіріледі.
Фитоценоздардың генетикалық классификациясы (филогенетикалық).
Фитоценоздарды генетикалық классификациялау туралы алғашқы пікірді Россияда А.Н. Красновтың (1888) И.К.Пачоскидің (1891)С.И. Коржинскийдің (1899) В.Н. Сукачевтің (1915) еңбектерінде кездестіруге болады. В.Н.Сукачевтің пікірі бойынша ассоциацияның шығуына және тарихына негізделген. Яғни ғылыми классификацияға ғана ғылыми болып саналады. Белгілі фитоценоз типтерінің қалыптасу процесін В.Н.Сукачев алғашқыда ассоциация филогениясы; кейінірек – филогенез деп атады. Филогенез өте жай мың немесе ондаған мың жылдар ішінде жүреді. Флорогенез дербес (автономдық) процесс емес филоценогенездің құрамдық бөлігі филоценогенез процесі кезінде өсімдіктер түрлерінің экологиялық, биологиялық және генетикалық қасиеттері қалып тасып : олардың бір фитоценоздар және биоценоздар құрамына кіретін қасиеттілігі жетілуі нәтижесінде тиісті экологиялық таушаларға (ниша) орналасуы мүмкін болды. Фитоценоздардың генетикалық синтаксономиялық иерархияның жоғарғы бірліктерінің бірі болып формация фратриясы саналады мыс : Сочова (1944) жер шарын 98 фратияға бөледі. Олардың әрқайсысы біздің планетамыздың белгілі бір ландшарфтың бөлігін сипаттайды. Формация фратриясы құрамына бір кейде бірнеше доминанттармен бөлінетін формациялар кіреді. Олардың барлығы классификацияның алғашқы қадамдары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет