Қосымша Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз



Дата02.07.2018
өлшемі54,32 Kb.
#45706
Қосымша 1.
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері қандай?

  • Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келу себептерін түсіндіріңіз

  • Оларға қандай айыптар тағылды?



Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі.

А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  жөне  өнер  институтының музыка  бөлімі,  Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың  мемлекеттік  филармониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы  халық аспаптары  кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды.

Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады. А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған  ғылыми экспедиция  сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған.

1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.

Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер  Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек,  Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.

А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.



Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері қандай?

  • Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келу себептерін түсіндіріңіз

  • Оларға қандай айыптар тағылды?


Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультені жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институның ауыстырылады. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Асыра сілтеу, бұрмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты.

Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді.

Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысыШу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды.

Екі айға жуық тергеу жұмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды.Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.

Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген:

"Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек". Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті.

Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады",- деп жазады. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады.



Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері қандай?

  • Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келу себептерін түсіндіріңіз

  • Оларға қандай айыптар тағылды?



Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов – әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы (1957), профессор (1958), ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Алғашқы ғылыми мақалалары мен өлеңдер жинағы 20 ғ-дың 30-жылдары жарық көрді. Ысмайылов әдеби-сын мақалаларымен қатар қазақ әдебиетінің тарихы жөніндегі “Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы”, “Қазақ совет әдебиеті”, “Әдебиет теориясы мәселелері”, “Абайдың ақындығы туралы”, “XX ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты ғылыми еңбектердің авторы. Ысмайылов Абайдың, Жамбылдың толық шығармаларының бірқатар академ. басылымдарын құрастыруға қатысты және олардың редакциясын басқарды.



  • «Тұлпар жыры» (1933 ж)

  • «Жігер» (1934 ж)

  • «Жаз еркесі» (1936 ж) секілді жыр жинақтары жарыққа шықты.

Ғылыми жұмыстары

1943 жылы «ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғайды.



  • 1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монограпиясының негізінде) докторлық диссертация қорғайды.

  • Е.Ысмайылов Қалижан Бекхожинмен бірігіп 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Алғы сөзі мен түсініктемесін жазған. Көлемі 30 баспа табақ (ҚазКСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, №1328 бума). Қазақ ертегілерін жинау, жүйелеу, жариялау және зерттеу істеріне белсене араласқан.

  • 1940 жылы «Әдебиет теориясының мәселелері» дейтін оқу құралын жариялады.

  • Сәкен, Қасым, Тайыр, Жұмағали поэзиясы жөніндегі зерттеулерінде және «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), «Әдебиет жайлы ойлар» (1968) атты еңбектерінде сыншылық, ғалымдық қабілеттерін көрсете білген.

  • Есмағамбет Ысмайылов Абайтану іліміне де атсалысқан. Мысалы, «Абайдың поэтикасы», «Абайдың өлең өрнектері» (бұл екеуін З.Шашкинмен бірлесіп жазған)ң «абайдың ақындық шеберлігі», «Абай өлеңдерінің сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» сияқты мақалаларында Абайдығ поэтикасына қатысты біраз жайдың бетін ашады.

  • Кеңес үкіметінің солақай саясатының тырнағына да іліккен Есағаң А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөздер айтылды. Кейін осы ұшқары шешімнің салдарынан ғалым ағамыз 25 жылға лагерге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты.[4]


Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері қандай?

  • Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келу себептерін түсіндіріңіз

  • Оларға қандай айыптар тағылды?



Қажым Жұмалиев (Қажығали) – жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961),Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі).

Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды. “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы ,“Шабуыл” (1933) Қанды су” (1934) .“Өмір жыры” (1938),“Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942). Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеу. Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.



  • 1958 – 60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері”

1-томына“Қобыланды батыр”“Алпамыс батыр”“Ер Тарғын”“Қамбар батыр”“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”“Қыз Жібек”“Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.

Әдебиет теориясына қатысты еңбектері

Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. СейфуллинМайлинЖансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.[1]


Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:


  • Бұл ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері қандай?

  • Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келу себептерін түсіндіріңіз

  • Оларға қандай айыптар тағылды?

СУЛЕЙМЕНОВ БЕКЕЖАН СУЛЕЙМЕНУЛЫ


 Сулейменов Бекежан Сулейменулы (1912-1984) - ученый-историк, доктор исторических наук, профессор, член-корреспондент академии наук Казахской ССР, заслуженный деятель науки Казахстана, лауреат премии имени Шокана Валиханова академии наук Казахской ССР.

Родился в Челкарском районе Актюбинской области. Окончил исторический факультет Московского государственного педагогического института имени Карла Либкнехта.

В 1938 1942 годы - старший преподаватель кафедры истории СССР Казахского педагогического института (Казахский национальный университет имени Абая). В 1942-1943 годы - ректор Алматинского педагогического института иностранных языков (Казахский университет Международных  отношении и мировых языков имени Абылай хана). В 1943-1946 годы - заместитель директора по научной работе Института языка, литературы и истории Казахского филиала академии наук СССР. В 1946-1952 годы работал старшим научным сотрудником, заведующий сектором, заведующий отделом Института истории, археологии и этнографии академии наук Казахской ССР.

Бекежаном Сулейменовым исследованы проблемы истории и национально-освободительной, и революционного движения в Казахстане. Он поддержал Ермахана Бекмаханова в трактовке национально-освободительного движения под предводительством Кенесары Касымова. В 1952 году был арестован на 25 лет. В 1954 году реаблитирован. В 1954-1957 годы работал научным сотрудником Института истории , археологии и этнологии имени Шокана Валиханова. В 1957-1984 годы - заведующий отделом Института истории, археологии и этнологии имени Шокана Валиханова.

В конце ХІХ и начале ХХ века поднимал аграрные вопросы и опубликовал научные статьи о революции 1916 года, общественной мысли и просветительских идеях Казахстана. Под его руководством защищено более 20 кандидатских диссертаций. Автор работ: «Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX и начале XX в.» (Москва), «Реформы 1867-1868 гг. в Казахстане», «Казахстан в составе России в XVIII - начало XX века», «Амангелді Иманов - Қазақстан азаматтық соғысының батыры», «Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Қазақстандағы 1905-1907 жылдардағы революция», «Қарағанды көмір бассейінің тарихы», «Қазақ батырлары».

Бекежан Сулейменов исследовал творческое наследие Ыбрая Алтынсарина, под его руководством издано 3-томное собрание сочинений Ыбрая Алтынсарина. Участвовал в создании 5-томной «История Казахской ССР: с древнейших времен до наших дней».



В 1980 году - удостоен премии имени Шокана Валиханова академии наук Казахской ССР.

Скончался 30 июня 1984 года в Алматы.
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет