«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С. МӘуленов атындағы гимназия»ММ



бет2/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,66 Mb.
#15053
1   2   3   4

Баяндама № 3
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

Бала болсаң балғындай бол.



Айналаңа қорғандай бол» - деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам» деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет - ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке танытады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз  ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің, үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» - дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмірді аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру – шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді.

Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты – ортақ, міндет – біреу.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. 

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 

Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.  Отбасы барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үймендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым 



Баяндама № 4
Салт - дәстүрлердің бала  тәрбиесіндегі алатын орны
       «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.

      Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған  тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық - практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат - болмысын шыңдайды.»

        Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.»  Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу – халқымызда бесік – қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер – алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол заттардың әрқайсының, мысалы, ел қорғайтын батыр болсын деген сияқты тілек - жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.»

        Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді.

      Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл – біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ жүретін адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.»

      Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ жол тілейді:

                                            Қаз-қаз балам, қаз балам

                                            Қадам бассаң, мәз болам.

                                            Тағы - тағы баса ғой

                                            Тақымыңды жаз балам

                                            Қаз баса ғой қарағым,

                                            Құтты болсын қадамың. 

   

        Үлкендер мен балалардың қатысуымен болатын салт-дәстүрлердің мағынасы терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді адам болуы тиіс. Бала аяғынан тұрып, есін білгеннен кейін әке-шешесі, туған-туыстары  «сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған тартып ширақ болдың, ол білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көрсетеді. Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Баланы бағып-қағып, тәрбиелеу, өсіру – ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.



         Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс.

        «Қазақ халқының этнопедагогикасы» курсының бағдарламасында «Халқым қандай десең, салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті мен әдет-ғұрыптарының туатындығы»















 

 

 














































































 

 

 



 

               

Бала келешегі













 

       Ұстаздың, тәрбиенің әрбір игілікті ісі баланың жан әлеміне, рухани қалыптасуына бағытталады. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақыттарда әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, баланың танымдық қызығушылығын дамытатын әдістерді пайдалануға болады. Этнопедагогика негізінде балалардың танымдық белсенділіктерге арттыру мақсатында тәрбие сағаттарын ұйымдастыру – оқушының шығармашылығын дамытудың бір әдісі. «Бесікке салу» мен «Тұсау кесу» үлгісін тәрбие сағаты барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар оқушы есінде ұзақ сақталады. Оқушылар алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің жанында кимешек киген әже, - жанды көрініс үлгісі. Әже нәрестені бесікке салмас бұрын оқушыларға бесікті не үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді. Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, тербетеді.

          Бесік – киелі, әр баланың  ата-анасы қастерлейтін атадан балаға келе жатқан отбасының алтын қазынасы. Әженің маңына жиналған оқушылар көріністі көзбен көріп, өзінше танымдық, тағлымдық ой, көзқарасын қалыптастыра алады. Сабақты ұйымдастырушы мұғалім немесе тәрбиеші оқушыларға бағыт беріп, салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз, ертегілермен түсіндіреді.

        Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің патриоты болып қоғамның жеке  тұлғасына айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.

 


Каталог: uploads -> doc -> 10dc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10dc -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік
10dc -> Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша
10dc -> Конспект занятия в старшей группе по фэмп с использованием логических блоков Дьенеша и палочек Кюизенера Тема: «В поисках сокровищ»
10dc -> Тақырыбы: Мінез жайлы теориялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет