Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Республика жоғары оқу кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» Республикалық семинардың материалдары


Web of Know­ledge (Thomson Reuters), Springer



бет12/14
Дата02.04.2018
өлшемі4,59 Mb.
#40044
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Web of Know­ledge (Thomson Reuters), Springer ғылыми-техникалық ақпа­рат­тардың әлемдік ресурстарын қолдану үшін келісім шартқа қол қойылды.

Web of Knowledge платформасындағы Springer толық мәтінді элек­трон­ды ресурстарын оқырмандардың пайдалануына мүмкіндік алдық. Springer компаниясы өз пайдаланушыларына on-line жүйесінде Ұлттық лицензия аясында қызмет көрсетеді. Жуырда «Ғылыми-техникалық ақпа­рат­тардың ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы арқылы Elsevier ком­паниясының SciVerse ScienceDirect толықмәтінді мәліметтер базасын те­гін пайдалануға келісім шартқа отырдық. Ғылыми басылымдар индуст­рия­сында ерекше орын алатын Elsevier толықмәтінді жүйесінде 2 500 ғылыми журнал, 11 000 онлайн-кітап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жә­не т.б. мәліметтер базасымен топтастырылған.



Университетің ғылыми кітапханасы негізінде үстіміздегі жылдың сәуір айында «Ғылыми – техникалық ақпарат Ұлттық орталығы» АҚ өкіл­де­рі­нің Thomson Reuters компаниясының Web of Knowledge платфор­ма­сын қолдану туралы семинары болып өтті (7-сурет).
7-сурет. Thomson Reuters компаниясының өкілдері өткізген

Web of Knowledge платформасын қолдану туралы семинар.

Семинарға университет проректорлары, факультет декандары мен оқытушылары, магистранттар, ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты. Оқыту семинарына қатысушыларға сертификат берілді.

Семинарда ең қызық мақалаларды іздеу, жоғары импакт-фактор жур­налдарына мақалаларды топтастыру тақырыптары бойынша оқыту жүр­гізіледі. Сондай-ақ, Web of Science: осы облыстағы ең қызықты мақа­ла­ларды іздеу, іздеу нәтижелерін тіркеу, есеп берулер;

- EndNote Web: WOS с EndNote Web бағдарламасымен байланысып, жеке кітапхана мен библиографиялық тізімдерді құру; интерактивті мәліметтер базасын құру және бүкіл әлемдегі кітапхана каталогын құру;

-Web of Knowledge платформасы: жаңалық мен біліктілікті арттыру; әртүрлі базаларды іздеу (WOS, Medline, DII Dervent Innovation Index, JCR), табылған мәліметтерді экспорттау және жазу;

- Journal Citation Reports: мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау, импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын қалай құру; Journal Citation Reports мәліметтерінен қа­лай экспорттау керектігі; Импакт-факторды өзінше түсіндіру және қалай қол­дану керектігі туралы көптеген мәліметтер берілді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Веб-сайты университеттің бір жүйелі ақпа­раттық ортасы болып табылады (7-сурет). Ішкі сайттағы ғылыми кі­тапхана беттерінен студенттер мен профессор оқытушылар құрамы қыс­қа­ша аннотациясымен көрсетілген толық ақпаратты алуға мүмкіндіктері бар. Олар:

-кітапхана тарихы, құрылымы, жаңалықтар, жұмыс кестесі, ­оқыр­ман­дардың кітапхананы пайдалану ережесі;



-электронды кітапхана: библиографиялық көрсеткіштер (ғалымдар­дың еңбектері), атаулы күндер тізбегі, жаңа әдебиеттердің бюллетені, атаулы күндердің библиографиялық көрсеткіші, виртуалды көрме және электронды ресурстар.
7-сурет. М.Өтемісов атындағы БҚМУ сайтындағы

ғ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет