Қостанай облысы Амангелді ауданы. Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Ғылыми жұмыс тақырыбы



бет1/9
Дата03.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#8629
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қостанай облысы

Амангелді ауданы.
Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі


Ғылыми жұмыс тақырыбы:

Қалам қашан және қалай пайда болды?”



Орындаған: 2 «Ә» сынып оқушысы
Бодешов Өмірсерік Арманұлы


Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық.
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Қуанышова Гүлжайна Бердібекқызы

2014-2015 оқу жылы

Мазмұны:


  1. Абстракт ________________________________________________4-

  2. Кіріспе

  3. Зерттеу бөлімі:

Теориялық бөлім

Практикалық бөлім.
3.5 . Қалам қалай жасалады?

    • 3.6.Қаламнан жасалатын заттар

3.7. Қалам туралы әзілдер, мақал-мәтелдер, эссе, аңыз-

әңгімелер, жұмбақтар, суреттер

(оқушы шығармашылығынан)

  • 4. Қорытынды

  • 5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • 6. Аннотация

  • 7. Ғылыми жетекшінің пікірі



  1. Абстракт


Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу. Қалам түрлерін зерттеу арқылы, көпшілікке насихаттау, материалдар (коллекциялар) жинақтау.


Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау.
Қойылған міндеттерді шешудің әдістері:

  • Теориялық зерттеу

  • Тәжірибе жасау

  • Бақылау әдісі

  • Салыстыру

  • Сызба


Зерттеу жұмысының нысаны:
Қазіргі кездегі қолданыста жүрген қаламдар түрлерін анықтау, салыстыра отырып зерттеу.

Зерттеу жаңалығы:

  • Қалам туралы аңыздармен таныстым.

  • Қалам түрлерінен коллекциялар жинақтадым.

  • Қаламнан әр түрлі заттар жасауға болатындығын білдім

  • Қаламды түрлі бағалы заттардан жасауға болатындығын білдім

  • Қалам туралы мен білмейтін көптеген жаңа ақпараттармен таныстым

  • Қалам туралы өз шығармашылығымды жинақтадым. (эссе, өлеңдер, суреттер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, жұмбақтар)


Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:
Жұмысты жазу барысында ең алғаш пайда болған қаламдар мен қазіргі кездегі қаламдардың артықшылығын, пайдасымен зиянын зерттеп, сияны киімге төгіп алған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақыл - кеңестер берілді.


Зерттеуге қажетті құрал - жабдықтар:
Ғаламтор желісі, өмірлік тәжірибе, ақпарат құралдары.

Цель исследования:

Исследовать историю появление ручек, пользу, вред и необходимость в быту. Исследовать виды ручек, пропагандировать и коллекционировать.


Принцип исследования:

1. Исследовать историю появление ручки.

2. Виды ручек

3. Узнать как правильно держать ручку.

4. Выявить пользу и вред ручки человеку.
Методика практической работы:


  • Исследовать теоретически.

  • Делать опыт

  • Способ контроля

  • Сравнивать

  • Черти


Объект работы исследования:

Выявить виды ручек, которые исползуеть в наше время, сравнить и исследовать.


Новизны исследования:

  • — Познакомился легендами о ручке.

  • — Коллекциянировал виды ручек.

  • — Узнал много разных вещей которые можно сделать из ручки.

  • — Узнал что ручку млжно сделаь из дорогих камней.

  • — Узнал много новых информации о ручке.

  • — Мое творчество о ручке. (эссе, песни, рисунки, пословица-поговорки, легенды, загадка)


Заключение исследования:

В ходе исследовании я сровнил первые ручки которые появились и ручки нашего времени, их пользу и вред.





  1. Кіріспе

Б.з.д. шамамен 1300 жылы римдіктер балауыз қолданды. Балауыз арқылы жазатын құрал «стилус» деп аталады. Ал қытайлықтар бұл кезде қола стилустарды қолданды. Б.з.д. 600-1800 жылдары қаздың қауырсыны қолданылды. Қауырсын рекордты түрде XVIIІ ғасырға дейін өмір сүрді. Шамамен 1790 жылы австриялықтар және француздықтар қаламға арналған гриель ойлап тапты. 1803 жылы қаламсапқа арналған қауырсын пайда болды. 1884 жылы Левис Эдсон Ватермен сия құюға болатын қаламсапты ойлап тапты. 1888 жылы Джон Лоуд АҚШ-та шарикті қаламсап жасады.

1945 жылдың қазан айында Нью-Йорктегі жәрмеңкеден кейін шарикті қалам­сап үлкен сатылымға ие болды. 1953-1983 жылдары АҚШ-та 7 миллиард қаламсап сатылған. Әдемі жаза білу үшін қаламсап түрлерін өзгертіп, қолдың еттері жақсы жаттығу үшін әртүрлі форма­дағы қаламсап түрлерін пайдаланған жөн. Мысалы, ауыр, жеңіл, жұқа тағы басқа. Арзан бағадағы қаламсапты қолданбау керек. Қаламсап түрлерін алмастырып тұру ләзім.

Қаламсап дегеніміз - біздің күнделікті өмірімізде қолданып жүрген жазу құралы. Ойлап қарасаңыз қаламсапсыз өмір өте қиын болар еді. Мысалы біз құстың қауырсынымен әлі күнге дейін жазатын болсақ маңызды құжат жазу кезінде сияны төгіп алуымыз мүмкін. Сондықтан қаламсапты ойлап тапқан адамдарға үлкен алғыс айтуымыз қажет.

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.

Қаламсаптың аудармалары:

Қазақша - қалам



      • Ағылшынша: pen

      • Жапонша: ボールペン(bo:rupen)ペン(pen)

      • Орысша: ручка

_____________________________________________________________________________________


fgbbhgfnbgfn


3.Зерттеу бөлімі:


    1. Қаламның шығу тарихы

Бұрынғы кездe жазу құралдары қауырсыннан басталмаған еді. Ең басында адамзат жазу үшін 4000 жыл бұрын дымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазған. Одан соң Римде балаyызға жазуды ойлап тапқан. Осы әдіс англосакстардың пергамент ойлап тапқанынша 18-шы ғасырға дейін қолданылған еді. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты.



Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, Жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды.


1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды.

Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист болды) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады. Неліктен қаламсаптарды да типография сиясы секілді тез кебетін сиямен толтырмасқа? Сонда автоқаламмен жұмыс істеу өте ыңғайлы болар еді. Журналист бұндай сияның қою болу керек екенін түсіндi. Бірақ сия қою болса ол автоқаламның капилляр системаларын бітеп тастайды. Сондықтан ол басқа бірдеңе ойлап тапқысы келді. Дипломы бар химик ағасымен ақылдасады. Осылай Биро қауырсынды бос айналатын шармен алмастырады.



    • 3.2. Ласло Биро мәңгілік қауырсын








Аты-жөні:

Ласло Биро

Атқарған қызметі:

Журналист, ғалым

Туған күні, айы, жылы:

29 қыркүйек 1899 жыл

Туған жері:

Будапешт, Венгрия

Елі:

 Венгрия

Қайтқан күні:

24 қараша 1985 ж (86ж)



1938 жылы алғашқы қаламсап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында Венгриядағы жағдай Ласло Биро секілді либеральды журналисттер үшін қауіпті болды. Сондықтан Ласло Бироға Парижге, Парижден Испанияға ақыр соңында Аргентинаға көшеді. Парижде болған кезде ол өз қаламсаптарының шығарылуына патент алады. Ал Аргентинада ол өзіне қаражат жағынан көмектесетін финансистты табады. Осында Ласло Биро қаламсап құрылысын жақсартып, шарлы өзек жасап шығаратын машинаны өңдейді.

Биромен құрастырылған шағын фабриканың алғашқы бұйымдары Аргентинада 1943-інші жылы сатылымға шығады. Олар бұрынғы сияға толтырылатын қауырсынды автоқаламға карағанда қымбаттырақ болды. Ең алғашқы сатып алушылардың бірі ұшқыштар болған еді. Ұшқыштар үшін бұндай қаламсаптар ыңғайлы. Себебі ауада ұшу кезінде атмосфералық қысым төмен болады. Биро ойлап тапқан қаламсаптар сиясы ұшу кезінде құс қауырсынды автоқаламның сиясындай ағып кетпейтін еді. Бұл каламсаптар туралы АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне дейін жетеді. Ол ең күшті қалам фабриканттарына Ласло Бироның автоқаламсаптарымен танысып, сондай қаламдарды американдық ұшқыштарға шығаруға бұйрық берді. 1944-інші жылы Биро АҚШ патентімен өз қаламсаптарын қорғады және екі үлкен американдық компанияларға лицензия сатты. 

1947-інші жылы Ласо Биро Ватерман автоқаламсаптар жұмысынан алыстады және өзін живописьқа арнады. Басында шарлы өзектер технологиясы қымбат болды. Бірақ 1953 жылы француз предприниматеелі Марсель Бич арзан шарлы өзегі бар және бір қолданбалы қаламсаптар шығаруға қаражат енгізді.

Қаламсап бағасы түскені соншалықты, ол барлығына қолжетімді болды. Осылай шарлы өзегі бар автоқаламсаптар бүкіл әлемге тарады. Ал сосын біздің үстелімізге де түсіп, таптырмайтын затқа айналды.


_______________________________________________________________


Каталог: uploads -> doc -> 09e0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e0 -> Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
09e0 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Күні,айы,жылы: 28. 11. 2016 Білім беру саласы
09e0 -> Күні: 30. 12. 2015ж. Тобы: «Бүлдіршін». Жүргізген тәрбиеші
09e0 -> Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Сынып: 5 Ә Пән мұғалімі: Асылбекова Д. Б сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет