«Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев



бет9/24
Дата04.11.2016
өлшемі4,05 Mb.
#348
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

2. Қалдырған із
Иә, мына жарық дүниеге келген әрбір адамның өмірдегі өз орны бар. Халқымыз «Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Сол өмірден өз орнын ойып тұрып алып, өзгелерге үлгі-өнеге болып жүрген жандардың бірі де осы Секең.

Ол бұдан дәл жетпіс жыл бұрын қыстың қақаған аязды күні көршілес Челябі жерінде, қалың қыпшақ елінде дүниеге келді. Ата-анаға серік болар тұңғышқа Серікбай деп ат қойды. Кейін оның қарындастары Күләш, Гүлбарам, Гүлбану, Кенжегүл соңына ерді.

Мектеп бітіріп, бұғанасы қатып, болашақты ойлай бастаған Серікбай Қорған ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне түсіп, оны ойдағыдай бітірді. Сол оқу орнында қатар оқыған Марат Мағажанов, Сапар Талдыбаев, Диас Жаманқұлов және басқа азаматтармен достасып кетті. Сол институтта жүріп өмірлік жарын тапты, талай жігіттердің арманы болған Биға сұлу Серікбайды қалады. Әкенің туған күні 28 желтоқсан болса, жас жұбайлардың тұңғышы Қайрат та дәл сол 28 желтоқсанда туды. Өтіп бара жатқан уақыт-ай десеңші, сол ұлдары Қайрат та өткен жылдың соңында 45 жасқа толды. Отанасы Биға Біралықызы Серікбайы мен Қайратына мерейтойылық тамаша тарту жасады. «Берега одной реки» атты өмірбаяндық хикаят жазып сыйлады. Сол кітапты оқып шыққан әрбір адам, Бисетаев әулетінің өткені мен бүгінгісіне қанығады, олардың өнегелі өмір жолынан үлгі алады.

Кейін Махаббат атты қыздары туды. Бүгіндер Қайрат та, Махаббат та заман ағымына сәйкес бизнеспен айналысады. Қайратты да, Махаббатты да Қостанай жұртшылығы жақсы біледі. Қайрат кезінде облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы, облыс әкімінің орынбасары, «Биско» Холдинг компаниясының басшысы сияқты лауазымды қызметтер атқарды, Махаббат болса біздің өңірде ресторан бизнесінің көшбасшыларының бірі болды. Қостанайдағы «Дидар» атты ұлттық мейрамхананы басқарады.

Секеңнің өзі болса, Қостанайда «Падишах» атты көңілашар-сауда кешенін тұрғызып, жерлестеріне тамаша сый жасады. Оның ашылу салтанаты қаланың, тіпті облыстың өміріндегі ерекше бір есте қаларлықтай оқиға болды. Ал Биға жеңгеміз болса, «Перцевские колбасы» серіктестігінің басшысы. Нағыз жеңсік ас осында дайындалады. Жылқының етінен жасалған деликатестердің нешетүрі осында. Қақталған, ысталған шұжықтар тіл үйіреді. Бұл фирманың өнімдерін жұртшылық іздеп жүріп алады. Сөйтіп Биға Біралықызы қазақ қыздарының да өндіріс саласында биікке көтеріле алатынын іскерлігі мен ізденісі арқылы дәлелдеп жүрген айтулы кәсіпкерлердің бірі.

Ал Бисетаевтар немерелері мен жиендері туралы сөз болса жадырап шыға келеді. Ата мен әженің көз қуаныштары, өмірінің жалғасы Олжас, Дәлел, Кәмилә мен Дияр өз заманының лайықты ұл-қыздары болып өсіп келеді. Немеренің үлкені Олжас Англияда, Лондон қаласында жоғары бизнес мектебінің соңғы курсында оқып жүр, Дәлел де сол Лондонда, болашақ дизайнер, институтта оқиды. Махаббаттан туған жиендері – Дидар Москва мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 3 курсында оқиды, болашақ дипломат, ал Кәмилә болса «Мирас» мектебінің 9 сынып оқушысы.

Енді Секең өмірбаянының негізгі деген деректеріне тоқтала кетейін. Ол Челябі облысында «Варна» бірлестігінің директоры, Уральск аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болады. Атамекенге оралған соң Қарабалық ауданындағы «Мағынай» кеңшарын басқарды, ал 1985 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды, кейін «Биско» Холдинг компаниясын құрды, бертін келе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2004 жылы Бисетаевтардың отбасын құрғанына 40 жыл толды. Осынау мерейлі күнге байланысты шығарылған буклетке ағамыз былай деп жазды:

«Қол ұстасып,

Судай тасып,

Әнге басып,

Қырық жыл бойы жарасып,

Өрге ұмтылып келеміз,

Ұл өсіріп, қыз өсіріп,

Қуанышын көреміз.

Қайратжаным – азамат,

Гүліміз біздің – Махаббат,

Соларды берген тағдырға,

Қанағат жаным, қанағат!

Төрт немере – төрт қазық,

Құдай берген өріс қой,

Олжас пен Дәлелім,

Кәмилә мен Диярым,

Бар бақытым, тірегім,

Солар деп соғар жүрегім,

Амандығы солардың,

Бүгінгі менің тілегім!»

Сол тілек орындала берсін, Секе!


3. Достарсыз бұл күнде,

күн кешу мүмкін бе?..
Бисетаевтар әулетінің достары да көп. Ұзақ жылдар бойы сыйлас-сырлас болған сол абзал жандар пікірінің кейбірін келтіре кетсем артық болмас:

«Уважаемый юбиляр, Вы не теряли времени даром. И не отступали перед трудностями. Вас недаром коллеги в Парламенте называли «политическим тяжеловесом», потому что Ваше слово многое там весила. Вы хорошо воспитали детей, а теперь с радостью помогаете учить уму-разуму внуков. Вы замечательно относитесь к своей уважаемой супруге Биге Бралиновне, а она – к Вам. Ваша супружеская чета по праву считается одной из самых дружных, гостепримных и приветливых в Костанайской области. И петь, и танцевать, и смеяться, и шутить Бисетаевы умеют замечательно. Мы все надеемся, что так будет еще много-много лет».



Шерхан МУРТАЗА,

член Союза писателей РК.

(P.S. Бұл пікір Шер-ағаңның Биға Бисетаеваның орыс тілінде шыққан «Берега одной реки» атты кітабынан алынды).


***

«Бисетаев Парламент қабырғасында ауыл шаруашылық серіктестіктері, өсімдіктері әлемі, жер туралы заңдардың жобасын жасауға белсене ат салысты, осы заңдарды қабылдау жөніндегі жұмысшы тобының құрамында болды. Ол көптеген депутаттық сауалдар қойды. Серікбай Бисетаев ірі шаруашылық басшысы ғана емес, қоғам қайраткері».



Жармахан ТҰЯҚБАЙ,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

экс-төрағасы.

***


«Серікбай Жумабекович преданный друг, очень интересный собеседник, он прекрасный исполнитель казахских, русских, украинских песен. После любой встречи с ним на душе становилось теплее».

Бертран РУБИНШТЕЙН,

почетный гражданин города Костаная.
***

«Серікбай Жұмабекұлы адамдарды тани біледі. Ақыл айтқанда, мәселен, бір жігітті көрсетіп, оның адамгершілігі жоғары екенін, оған сенім артуға болатынын нұсқайды. Ал кейбір адамдарды сөзі мен ісіне қарап, одан қашық жүруімізді, оның ертеңгі күні алдап кетуі мүмкін екендігін ескертеді. Өмірдің ағысын, қоғамның тынысын анық сезіне білген жан.

Серікбай Жұмабекұлы ақ жарқын мінезімен әрдайым өз ортасына сыйластықтың шуағын, ынтымақтың ырысын, татулықтың тынысын сыйлап жүретін адам. Осы қасиеті әрдайым оны үлкен абыройға бөлеп келеді».

Жанат ҚҰСАЙЫНОВ,

кәсіпкер.

(P.S. Жанат Серікбай Жұмабекұлының ұлы Қайраттың досы).


***

«Еңбек еткен жылдарындағы асу-белестеріне көз салсақ, тұла бойындағы ерік-жігері, күш-қуаты өмірді сүйе біліп, еңбек етуге деген ерекше құлшынысы оны үнемі алға жетелеп отырғаны анық байқалады.

С.Ж.Бисетаев өз ортасына сыйлы жан. Ұлттық салт-дәстүрімізді де жақсы біледі».

Дәулет Қауазұлы ТӘЖІМАҚИН,

кәсіпкер, Қайраттың досы.
***

«Әрбір елдің еркесі, еліне елеулі, халқына қалаулы, топ алдында сөз бастайтын, жораулы аттай ойқастайтын серкесі болады. Олар елдің қамын ойлайды, алдына мақсат қойса, соған жетпей қоймайды. Ойына алған шаруасын орындамай тынбайды. Осындай ер азаматтардың бірі – Серікбай Бисетаев».



Ақылбек ШАЯХМЕТ,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.

Ел мерейі – ер мерейі

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты,

Қостанай қаласының құрметті азаматы

Серікбай БИСЕТАЕВПЕН сырласу


Құрметті Секе!

Бүгінде Сізді Қостанай жұртшылығы, бүкіл республика жақсы біледі. Бірақ Сіздің Ресейде туып, сонда өсіп, сонда білім алғаныңызды, сонда шаңырақ құрып, тамыр жайғаныңызды, еңбек жолын бастап, басшылық қызмет атқарғаныңызды екінің бірі біле бермейді.

Ата-бабаңыз осы Қостанайдың Қарабалығының қазақтары болатын. 1929-30 жылдарғы ұжымдастыру салдарынан қиыншылық көрген қазақтар, қара қазан сары баланың қамымен атамекеннен үдере көшіп, жан сауғалаған бір кез еді ғой ол. Колхоз құрылысындағы асыра сілтеу, одан кейін қолдан жасалған аштық көптеген жандарды туған жерден кетуге мәжбүр етті. Қолдағы малдан айырылған олар Қостанай облысымен шекаралас Челябі облысына ағылды, Троицк, Челябі, Магнито­горск сияқты өндірісі дамыған қалалардан бақыт іздеді.

Ал өндіріс ошағы бар қалаларға жете алмаған пенделер орыстарға батрак болып жалданып, бала-шағаны асырау үшін небір қиын жұмыстарды атқарды. Осындай қиын-қыстау сәтте Сіздің ақылды да қайратты, шешімді әжеңіз Ажар он жастағы Жұмабегін, Сіздің әкеңізді алып, Челябі облысының Новые Кулевчи деревнясына атбасын тірейді. Жүкең марқұм осында ер жетіп, үйленіп, тамыр жаяды. Ұлы Отан соғысы жылдары Златоуст пен Шұбаркөлдің әскери заводтарында еңбек етеді.

"Жас өспей ме, жарлы байымай ма” деген, ақыры Жүкең мен анасының үміт артар ұлы Сіздің де мектепке барар кезіңіз келеді. 1947 жылы бірінші сыныпқа барғанда мектептегі бойы ең кіші, өзі жұп-жұқа әлжуаз бала Сіз болыпсыз. Сонда тәжірибелі ұстаз Александра Алексеевна Аристова ата-анаңызға кеңес беріп, баланы биылша мектепке бермеңіздер, бір жыл үйде болсын, өссін, күш жинасын деп ақыл қосады. Сөйтіп Сіз бірінші сыныпқа 1948 жылы келіпсіз. Анаңыз Жұматай марқұмның қара сәтен матадан тігіп берген көйлек, шалбарын және сөмкесін Сіз әлі ұмытқан жоқсыз.

Немерелеріңіз Олжас, Дияр, Дәлел, Кәмила мектеп табалдырығын аттағанда сол қара сөмке хикаясын оларға жыр қылып айтқаныңызды да білеміз. Әрине, ондағыңыз бүгінгі заман мен кешегі өткеннің айырмашылығын жас буын құлағына құю ғана емес, білім де оңайлықпен келмейтінін, барды бағалай білу керектігін ұғындыру болса керек.

Айта кетейік, Сіздің сол алтын ұя мектебіңізге, ұстаздарыңызға деген көзқарасыңыз, шәкірттік пейіл-ықыласыңыз да тым ерекше. Мектеп бітіріп, Қорған ауыл шаруашылық институтын тәмамдап, қызметке ілініп, тіпті совхоз директоры, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болған күндері де Сіз сол мектепті ұмытқан жоқсыз. Ескі мектеп үйінің орнына 1973 жылы жаңа мектеп салдыңыз.

“Туған жердің түтіні де ыстық” деп халық тегін айтпаса керек. Сіз қолыңыз қалт етсе мүмкіндік тауып сол балалықтың бал дәурені өткен, сол бір Ресей аумағындағы шап-шағын деревняға асығып тұрасыз. Бұдан бір-екі жыл бұрын да жаныңызға жолдас-достарыңызды алып, Новые Кулевчиге тартып кеткеніңіз бар. Сізбен бірге барған жолдастарыңыз бүкіл аудан болып, өз баласын құшақ жая қарсы алғанын жыр қылып айтады, Ресейдегі азаматтар Сізді “Сергей Евгеньевич” деп атайды екен.



Сергей Евгеньевич қайда екен, бір көріп, рахметімізді айтайық, деген жандардан толас болмапты. Өзіңізде кезінде қоян-қолтық, араласып, сырласып, бірге еңбек еткен жандарды іздепсіз. Қайсысы болса да құшақ жая қарсы алып, төріне шығарып, сый-сияпат көрсетіпті.

Сүйікті ұстазыңыз, орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген Екатерина Илларионовна Ильинамен кездесуіңіз жан тебірентіпті. Кейін Сіз сол ізгі жан туралы “Образ ее молодой, стройной, красивой, строгой, со строгой гладкой прической, великолеп­ной дикцией, исключительно правильной и образной речью, душевной, как в этой же песне "простой и сердечней”, живет в моей памяти. Сейчас ей уже за 80, но она по-прежнему энергична, нисколько не изменился голос, такая же дикция” деп ерекше бір сүйіспеншілікпен жаздыңыз.

Өмір жолында кездескен, кезінде аралас-құралас болған, кейде көмек қолын созған жандарды құрмет тұтып, айта жүру, оларға ілтипат-көңіл білдіру Сіздің бойыңызға біткен қасиет. Оны біз де жақсы білеміз.

Кезінде біздің ұстазымыз, қарымды қаламгер, қайраткер ағамыз Бақытжан Жангисин 75 жасқа толғанда редакциядағы салтанатқа келіп, Бәкеңнің мерейін асырғаныңыз есімізде. Газетіміздің алғашқы нөмірінің шыққанына 75 жыл толу салтанатына келіп, сол бір тұста қаржыдан қиыншылық көріп жүрген басылымды өзіңіздің қомақты қаржыңызбен демегеніңіз де ұмытылған жоқ.



Қазақтың “Сыйға сый, сыраға бал” деген ерекше бір мағыналы сөзі бар. Сіздің жұбайыңыз, біздің жақсы көретін жеңгеміз Биғаның мерейтойында сол даналықтың өміршеңдігіне көз жеткізгендей болып едік. Сол бір әдемі тойға еңбек жолдарыңызды бастаған Челябі облысынан талай жандар келіп, ең бір ізгі тілектерін айтып, азаматтық, кісілік қырларыңызды ашып, құшақтарыңызды гүлге толтырып еді-ау. Сонда сонау Ресей жерінде жүріп, абырой-беделге бөленген жұрттың ықыласы мен сенімін арқалаған өздеріңізге ерекше риза болған пенделердің бірі біз едік.

Сол той үстінде сахнаға көтеріліп, ұлы Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін шырқағаныңыз да есімізде. Және Абайдың өлеңіне өзіңіздің жүрегіңізді жарып шыққан бірер шумақты да қосып жібергеніңіз бар. Ұлыңыз Қайрат, қызыңыз Махаббат та, өмірлік серігіңіз Биға-ханым да, өзіміз де ерекше толқып тыңдап едік оны:

Қайратым ұланым,

Мөп-мөлдір бұлағым.

Махаббат қызыл гүл,

Қуаныш шырағым!


Қайраттың анасы,

Махаббат санасы.



Мәуелі Биға бақ,

Ошақтың панасы”, деп қайырғанда барша жұрт дуылдата қол соғып еді-ау, Секе!

Сол бір сәт Сіздің әдебиет пен өнерге деген құштар көңіліңізді айғақтағандай еді. Өнерге құштарлық жанның нәзіктігі. Ал жаны нәзік жан жан баласына жамандық ойламайды, қайта қайырымдылық көрсетіп, қолдап, демеп жіберуге дайын тұрады. Мұны Сіздің бүкіл ғұмырыңыз да дәлелдеп келеді.

Әдебиет пен өнерге деген құштарлык, нәтижесі болар, Сіз “Мағынай” кеңшарының директоры болып жүргенде де, кейіннен облыс ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жүргенде де, Парламент Мәжілісінің депутаты кезіңізде де ақын-жазушылар мен өнер адамдарына жақын жүрдіңіз. Шерхан Мұртаза ағамыздың “Серікбай сенімді жігіт. Өнер адамдарының нағыз досы, өзі де өнерпаз азамат” дегенін өз құлағымызбен естідік.



Расында да, Сіздің бұдан он шақты жыл бұрын шыққан “Земля моя, добрая” атты кітабыңыз соның дәлелі. Бұл өмірбаяндық кітап қана емес, замана сырын дөп басып, тұтас бір дәуірдің суретін салған тамаша шығарма. Ол жөнінде осы кітаптың тұсаукесерінде талай дуалы ауыздар айтты да. Ал Парламент Мәжілісінің сол кездегі төрағасы Жармақан Тұяқбай мырза осы кітапқа жазған алғысөзінде былай деді ғой. Секе: “Особое достоинство книги заключается не только в том, что авто­ру, как говорится, “есть что сказать”: он живет активной, насыщенной событиями жизнью. Но, по-моему, самое главное многоцветная палитра родной земли Серикбая Бисетаева, разнообразие и красота человеческих характеров. Именно опи­сание взаимоотношений с людьми “солью Казахстанской земли” наибольшая удача автора”.

Осынау пәтуәлі сөзге Сіздің кітабыңызды оқып шыққан әрбір адамның қосылары хақ, Секе. Кітаптың да мінезі, өзіндік болмыс, қалпы болады. Оқырман сол арқылы оның авторына да баға бере алады. Олай болса, бұл туындының болмыс-бітімі, өзінің авторын көзге елестетеді, Секеңнің өзі сияқты жайдары, жаймашуақ қалыпта, кең көсіле отырып, бүкпесіз, риясыз сыр сабақтайды. Ешкімнің намысына тиіп, жаға жыртуға бармайды, тіпті өмірде кездескен кейбір адамдардың жөнсіз істері мен жағымпаздық қылықтарына да кешіріммен қарайды, кеңпейілдікке, адамгершілікке үндейді. Өзі туралы емес, өзге туралы айтады. Жақсы жандардың шырайын шығарады, жалпы өмір туралы, ел мен жер, ата-ана алдындағы парыз, достық пен махаббат туралы ағынан жарылады.

Құрметті Секе! Сіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болдыңыз. Халық Сізге еліміздің ең жоғарғы органына мандат берді. Сол жолғы сайлау да жеңіл болған жоқ. Сізбен бірге дауысқа түскен жандар да нағыз марқасқалардың өзі болатын. Бірақ жеме-жемге келгенде халық Сізге сенді, сенім артты. Сіз, құдайға шүкір, халық сенімінен шықтыңыз. Айта кетейік, Сіз Мәжілістегі Аграрлық Комитеттің мүшесі болдыңыз. Сіз депутат болып сайланған 1999 жыл ел өміріндегі ерекше бір қиын кезең еді. Ауыл экономикасы құлдырады. Дәл сол сәтте экономиканың осы саласына құқықтық база ерекше керек еді. Сіздер “Астық туралы, Тұқым шаруашылығы туралы”, “Өсімдік қорғау туралы”, “Ветеринария тура­лы” және басқа көптеген экономикалық заңдар блогын қабылдадыңыздар. Бұлар селоға жаңа бір серпін беретін негізгі құжаттар еді. Тек бір ғана “Астық туралы” заңды алайықшы. Ол астық рыногына қатысатын барлығы үшін бірыңғай ереже белгіледі, екі арадағы делдалдарға тежеу салды. Осы заңда тыңайтқыш пен жанар-жағар май бағасын арзандату, егіс пен егін орағына жеңілдетілген несие беру жөніндегі ережелер белгіленді, астық инспекторлары институты енгізілді. Депутат-аграршылар экономикалық заңдардан басқа “Ауыз су”, “2010 жылға дейін селолық аумақтарды дамыту бағдарламасына” бастамашы болды. 2003 жылғы маусым айында Сіздің басшылығыңызбен осы мәселелер жөнінде парламенттік тыңдау өтті. Екі жүздей адам шақырылып, халықаралық эксперттен барлық деңгейдегі әкімдер, мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдері қатысты. Сол тыңдаулар нәтижесінде селолық аумақтарды дамыту бағдарламасының негізіне алынған орнықты нұсқау-кеңестер қабылданды. Мұның бәрі, Секе, Сіздің ауыл шаруашылығын жақсы білетін осынау маңызды салаға шын мәнінде жаны ауыратын адам ретінде мүмкін болды.

Парламент Мәжілісі депутатының ең басты міндеті – заң шығарушылық. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі Парламент атқарған жұмыста ұшан-теңіз.

Құрметті Секе! Сіздің Парламенттегі жұмысыңыз Тәуелсіз Қазақстанның “Құрмет” орденімен аталып өткенін де біз жақсы білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Сізге арнайы алғыс хат жолдап: “Еліміздің астықты өңірі – Қостанай облысында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Сіздің ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесіңіз сүбелі. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде Сіздің алдағы уақытта еліміздегі заң шығарушылығына, жер қатынастары туралы заңнаманы жетілдіруге лайықты үлес қосатыныңызға сенім мол”, – деп атап көрсетті. Сіз сол сенім биігінен көрінген жансыз, Секе!

Еліміз жыл сайын өрге басып, өркендеп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарғы қиыншылық атаулы қазір жойылды. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы өсіп келеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі арналған Даму стратегиясында көрсетілген міндеттер, Елбасының Жолдауындағы міндеттер дәйектілікпен жүзеге асырылып жатыр. Болашаққа деген сенім зор, Қазақстанның Орта Азияның барысы болары күмәнсіз. Өйткені ел экономикасының серпінді дамуы соны айғақтайды. Осындай түбегейлі істерді тындырымды атқаруға Сіздің, Сіз сияқты сан мыңдаған қайраткер азаматтардың қосқан үлесі орасан. Сіздердің өкшелеріңізді басып, қаулап өсіп келе жатқан, қолдарынан іс келетін, жан-жақты білімді, нарық заңын жете ұғынған талай ұландар да бар. Алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер сабақтастығы, жарасымды жасампаздығы жалғаса бергей. Ел мерейі асып, ер мерейі тасысын, ертеңіміз бүгінгіден жарқын болғай, құрметті Секе!

Сіздің де, біздің де, жалпы барша ағайынның да ең басты тілегі осы болса керек-ті.

«Қарабатырдың» қас батыры

Білікті басшы Жәзит Құдайқұлға

академик Манаш Қозыбаев осылайша баға берген еді
1. Алғашқы қарлығаш
«Қарабатыр» агрофирмасының бас директоры Жәзит Кәрімұлы Құдайқұлды көпшілік біледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жәкең басқаратын ұжымды жаңа нарықтық қатынастарды қолдаушы «алғашқы қарлығаш» деп бағалады. Сол «алғашқы қарлығаш» өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бұрынғы іргелі шаруашылықтар жекешелендіру кезінде тоз-тоз болып, берекесінен айырылса, «Қарабатыр» сол қатты дауылға қарсы тұрды, төтеп берді. Тек совхоздың бұрынғы байлығын сақтап қана қойған жоқ, оны еселей түсті, өндірісті кеңейтті, әлеуметтік саланы дамытты, елді мекенді дәулетіне сәулеті сай құт қонысқа айналдырды. «Қарабатырды» алғаш көрген адам аузын ашып, көзін жұмады. Мұнда ауыл адамының өнікті еңбек етіп, бейқуат тіршілік құруына не қажеттің бәрі де бар. Қызмет көрсету саласы қаладағыдан бір кем емес. Жаңа тұрпатты ауыл осындай болса керек-ті.

Мұның бәрін жасаған сол Жәкең Жәзит Құдайқұл. Сондықтан да болар ел тәуелсіздігінің 16 жылдығы қарсаңында бас директор Елбасының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Жәзит Кәрімұлының бұдан бұрын да алған марапаттары аз емес, ал тәуелсіз Қазақстанның «Барыс» ордені «Қарабатыр» қас батырына көрсетілген әділ құрмет, берілген әділ баға, әрине.


2. Академик іні тұтқан
Біздің даңқты жерлесіміз, туған елдің тарихын жазған ғұлама, академик Манаш Қозыбаев ағамыз «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған бір мақаласында Жәзит інісін колхоз құрылысының даңғайыр ұйымдастырушысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновпен теңей келе «Ел намысына мінген елін, халқын Жәзиттей сүйген ерлер ауыл тынысын кеңейтсе деп армандайсың»деп жазды. Жәкең академиктің сол арманын жүзеге асырды, Жәкеңнен үлгі алған басқа да тігзін ұстаған тұлғалар ауыл тынысын кеңейтіп келеді. Міне, соның арқасында биыл облысымыз алты миллион тоннадан астам алтын дән жинап, рекордтық көрсеткішке жетті, тың байлығын еселей түсті, оның болашағының зор екенін тағы бір дәлелдеді.

Жәзит Кәрімұлының академик ағасымен достығы ертеден тамыр тартады. Жетпісінші жылдардың басында басталған таныстық, білістік кейін аға мен інінің жарасымды қарым-қатынасына, сыйластыққа ұласты.

Академик Қозыбаев өзінің 70 жылдығына орай шығарылған кітапқа:

«...Жетпіс деген белес екен,

Өмірдегі елес екен.

Армысың, Қостанайым,

Мен сүйген Атамекен!

Бұл кітап та Жәзит кітапханасына барсын! 17.12.2001 ж.» деп қолтаңба жазып сыйлапты.

Тағы бірде «Тарих зердесі» кітабына былай деп қолтаңба қалдырыпты:

«Бауырым, ел баласы Жәзитке!

Елің, халқың, бағалап,

Ұлтқа болдың азамат.

Ту ұстаған бауырым,

Інімсің жүрген ағалап.

Сендей берген ініні,

Қанағат, Алла, қанағат.

Өтпелі өкпек жерлерде,

Болғайсың сау-сәламат.

Елде, түзде бір болу,

Саған, маған аманат!»

Академиктің Жәзит інісін көрген сайын: «Халың қалаң, Қарабатырдың қас батыры!» деп құшағына қысуының өзі не тұрады.

Жәкең де Манаш ағасы туралы тебірене сөйлейді:

– Қазақта «Жақсыдан – шарапат» деген мақал бар. Манаш аға үлкен жүректі, қайырымдылығы мол жақсы адам болғанын мен ғана емес, онымен сырлас болып, жақын араласқан азаматтардың көбі айтып отырады. Ол алдына барған адамның бетін қайтармай, әрқашан көмектесуге тырысатын. Қазір ойлап отырсам, Манаш аға көптеген адамдарға жақсылық жасапты. Солардың ішінде туған елінде еңбек етіп жүрген біз секілді інілеріне де қамқоршы болып, ақыл айтып отырушы еді, жарықтық...

Иә, Мәкең өз саласының нағыз білгірі, тарихты тереңінен қопарған ғұлама болса, Жәкең де өз саласының нағыз білікті басшысы, көпшілік таныған дала академигі ғой. Аға мен інінің достығының сырында да осындай бір үйлесім жатқаны ақиқат.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет