Өсу мен даму кезеңінде қандай өзгерістер жүреді?



Дата25.01.2017
өлшемі24,47 Kb.
#8017
  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
  • (1845-1904) 

Өсу мен даму кезеңінде қандай өзгерістер жүреді?

  • Өсу мен даму кезеңінде қандай өзгерістер жүреді?
  • Ағзаның ұрықтық даму кезеңіне сипаттама беріңдер.
  • Нәрестелік кезеңнің ерекшелігі неде?
  • Кемелденген жастың ерекшелігі?
  • Акселерация дегеніміз не?
  • Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым?
  • Жасөспірімдік кезеңді сипатта.
  • «Кім жылдам» ойыны.
  • Үй тапсырмасына арналған сұрақтар.
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Абай: «Адамның мінез-құлқы және психикасы»

Өз ойларын еркін айтуға,жаңа сабақты өз беттерімен түсінуге,топпен жұмыс жасауға,топпен талқылауға мүмкіндік беру.

  • Өз ойларын еркін айтуға,жаңа сабақты өз беттерімен түсінуге,топпен жұмыс жасауға,топпен талқылауға мүмкіндік беру.
  • Ақпараттық құзіреттілік- оқушыларға адамның мінез-құлығы, олардың түрлері туралы білім беру.
  • Коммуникативті құзіреттілік- әңгімелесу, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты түсіндіру.
  • Проблеманы шешу- мінез-құлық тақырыбына байланысты туындайтын проблемаларды өз беттерімен шешуге тәрбиелеу.

1. Адамның тіршілігінде едәуір таралған негізгі қажетсінулеріне: _______ және_______ белсенді қозғалыс, жылу сақтау жатады.

  • 1. Адамның тіршілігінде едәуір таралған негізгі қажетсінулеріне: _______ және_______ белсенді қозғалыс, жылу сақтау жатады.
  • 2. Адамның мінез-құлқы ________ және
  • ________ процестердің тығыз байланысы болып табылады.
  • 3. ______ - биологиялық қана емес , әлеуметтік организм.
  • 4. ______ - адамның ішкі дүниесі, оның түйсігі мен қабылдауы, жады мен түсінігі, ойлауы мен қиялдауы, сезімі мен еркі
  • тамақ
  • су ішу
  • психикалық
  • Адам
  • физиологиялық
  • психика

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса , оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенінде ит үрседе, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге үйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі- жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.

  • Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса , оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенінде ит үрседе, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге үйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі- жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.
  • Дүниенің көрінген не көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жан болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп, жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған, ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
  • Абайдың жетінші қара сөзі
  • Темперамент (латын тілінен аударғанда – сәйкестік)- әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік.
  • Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

  • Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады

  • Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. 

  • Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. 

Еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адаммен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді.

  • Еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адаммен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді.
  • Тест тапсырмалары
  • 1. Организмнің тіршілікті қолдау және оны дамыту үшін талабы не деп аталады?
  • А) психика В) қажетсіну С) мінез-құлық Д) рефлекс Е) адам
  • 2. Адамның ішкі дүниесі, сезімі мен еркі не деп аталады?
  • А) қажетсіну В) мінез-құлық С) психика Д) адам Е) рефлекс
  • 3. Физиологиялық қажетсінуге қандай қажетсіну жатады?
  • А) жұмыс істеу В) оқуды қажетсіну С) қоғам үшін іс-әрекет ету
  • Д) жаңа білім алу Е) жылу сақтау
  • 4. Әлеуметтік қажетсінуге ше?
  • А) жұмыс істеу В) аштық сезімі С) шөлдеу Д) жылу сақтау Е) белсенді қозғалыс
  • 5. Мінез-құлық неден қалыптасады?
  • А) дағдыдан В) сөйлеуден С) жұмыс істеуден Д) психикадан Е) өзінен
  • 6. Адамның мінез-құлқы қандай процестерге тығыз байланысты?
  • А) әлеуметтік В) қажетсінушілік С) психикалық
  • Д) моральдық Е) физикалық
  • 7. Жағымсыз жағы – ұстамсыздық, қаталдық, ашу, ыза. Бұл қай темпераментке жатады?
  • А) сангвиник В) меланхолик С) флегматик Д) өт Е) холерик
  • 8. Жағымды жағы - ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Қай темперамент?
  • А) меланхолик В) сангвиник С) холерик Д) сөл Е) флегматик
  • 9. Жағымсыз жағы - қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Қайсысы?
  • А) мінез В) сангвиник С) холерик Д) меланхолик Е) флегматик
  • 10. Жағымды жағы - бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Қай темперамент өкілі?
  • А) флегматик В) холерик С) мінез-құлық Д) сангвиник Е) меланхолик
  • Тест жауаптары.
  • 1. В
  • 2. С
  • 3. Е
  • 4. А
  • 5. А
  • 6. С
  • 7. Е
  • 8. В
  • 9. Д
  • 10. А
  • Жауап критерийлері: 10-9 = «5»
  • 8 - 7 = «4»
  • 6 – 4 = «3»
  • 3 – 0 = «2»
  • Кім? Не?
  • Зат есім 1 сөз
  • 2. Қандай?
  • Сын есім 2 сөз
  • 3. Не істеді?
  • Етістік 3 сөз
  • 4. Сөйлем.
  • Бес жолды өлең
  • 5. Алғашқы сөздің
  • синонимі

Тақырыпты мазмұндау, қосымша деректер жинақтау.

  • Үй тапсырмасы
  • Тақырыпты мазмұндау, қосымша деректер жинақтау.

Каталог: uploads -> doc -> 0eb2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb2 -> Шұбалаң негізгі мектебі Ділмағанбетова Индира Алшынбайқызы
0eb2 -> Абуталина Айнур Калиоллиевна
0eb2 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушыларға үй құстары, олардың ерекшеліктерімен тіршілік ету әрекеттері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет