Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы



Дата25.08.2017
өлшемі81,91 Kb.
#26046
ОТБАСЫ – ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ

МЕКТЕПТІҢ ОДАҚТАСЫ

Сейдуалиева А.Н.п.ғ.м., аға оқытушы

ҚазМемҚызПУ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», -делінген [1]. Бұл дегеніміз әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенідігің білдіреді. Сондай-ақ, ҚР Білім заңының 49- шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», -деп [2] жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру үдерісінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл нұсқау оқушылардың білім, тәрбие сапасын арттырудағы мектеп пен отбасы одақтастығының қажеттілігін ашып көрсетеді.

Балаға білім мен тәрбие беруде отбасының ролі ерекше мәнге ие.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сондықтан да, отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында, бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген[3].

Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

Ал, отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басты бағыттарының бірі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесіндегі басты бағыттарды анықтап және оны ұзтаздар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды көздеп айтты[4]. Осыған байланысты ұстаздың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы керек.

Отбасында тәрбие мен білім берудің негізгі мәні өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді.

Ал бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.

Мұндай ынтымақтастық қазіргі өмірдің оъективті заңдылығы. Осы міндетті орындауда педагогтарға ерекше талап-тілектер жүктеліп отырғандығы белгілі. Педагогтың ерекше еңбекті қажет ететін жұмысының бірі- отбасымен, ата-анамен жан-жақты байланыс жасау болып табылады.

Мектеп пен ата- ананың тәрбие мен білім беру жұмысындағы одақтастығы жылдан- жылға заман талабына сай нығайту қазіргі заманның басты міндетіне айналып отыр.

Ынтымақтастық қызметі оқушы мен мұғалімнің тепе-теңдік жағдайында дамиды. Мұнда оқушы өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады [5].

Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші рөл атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.


Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. 

Тәрбие қазіргі қоғамның болашақ азаматтарының жеке басын қалыптастыруға зор ықпал етеді. Отбасында, адамдардың мәдени деңгейі үнемі өсіп отыратынына қарамастан, отбасының ересек адамдарының әрқашан педагогикалық білімі жеткілікті бола бермейді, өзара және баламен арадағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білмейді, баланың жеке басын үйлесімді дамыту жөнінде жеткілікті қамқорлық жасай алмайды.Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері педагогикалық білімді жүйелі және белсенді түрде таратып отыруға, отбасында балаларды қалай тәрбиелеуге көмектесуге, қоғамдық тәрбие мен отбасылық тәрбие беру барысындағы сабақтастық байланыстарды жетілдіруге міндетті.

Мектеппен мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгеніп отырғаны жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.

Сондай-ақ, мектептің отбасына үнемі ашық, яғни қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, педагогикалық кенестер алатындай болуы керек.

Педагог ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.

Педагогтар мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.

Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

Жалпы педагог әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзінің ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметінің оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесін ұсына білу қажет. Ал, ата-аналар педагог серіктері болып, мектеппен бірлікте қоғамымыздың негізгі тәрбиелеуші күшін құрайды.

Білім беру үрдісіне отбасынын тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Сонымен қорыта келе, баланы оқыту мен тәрбиелеу жұмысында отбасымен мектептің арасындағы одақтастықтың мəні сөзсіз екендігін және өзара түсіністік болудан жұмысымыздың нəтижелі болуын ұмытпағанымыз жөн.


Пайдаланылған әдебиттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы., - Алматы қ., 1995 жыл 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы., 2007 жылғы 27 шілде



3.Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын бекіту туралы. - Астана, 2009 жылғы 16 қараша.

4. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы. –Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.

5. Берікханова А.Е. Ынтымақтастық технологиясының тиімділігі. // Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, -Алматы, 2007



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет