«отдел образования акимата города костаная» Қалалық байкаулардың ереже жинағы сборник положений городских конкурсов



бет1/2
Дата01.06.2017
өлшемі0,86 Mb.
#17411
  1   2
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»



ҚАЛАЛЫҚ БАЙКАУЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕ ЖИНАҒЫ

СБОРНИК ПОЛОЖЕНИЙ ГОРОДСКИХ КОНКУРСОВ

Қостанай қаласы, 2014 жыл

Материал кәсибі байқауларға сапалы дайындалу үшін білім беру ұйымдарының педагогтарына көмек ретінде дайындалған.

Материал подготовлен в помощь педагогам организаций образования для качественной подготовки к профессиональным конкурсам.

© Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің



әдістемелік кабинеті

© Методический кабинет



отдела образования акимата г. Костаная

МАЗМҰНЫ


  1. «Аттестатталушы педагогтың фестивалі»

байқауының ережесі ......................................................................4-8

  1. «Ең үздік жыл педагогы» байқауының ережесі ............................9-14

  2. Жас педагогтардың «Педагогикалық олимп»

байқауы туралы ереже .................................................................... 14-16

  1. «2012 жылғы – МЖМБС логикасында типтік

оқу жоспарының вариативтік компонентін дидактикалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету» атты қалалық

көрме-жәрмеңкенің ережесі............................................................16-17



  1. «Педагогикалық ізденіс» атты мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің қалалық байқауының ережесі.............................18-19

  2. «Ең үздік мектеп психологы-2014»

байқауының ережесі........................................................................20-23

  1. Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбиесі бойынша

ең үздік әдістемелік жұмысқа «Мен-патриотпын» атты

қалалық сырттай байқауының ережесі............................................23-24


СОДЕРЖАНИЕ


  1. Положение о конкурсе «Фестиваль аттестуемого

учителя» ............................................................................................25-30

  1. Положение о конкурсе «Лучший педагог года» ...........................30-35

  2. Положение о конкурсе молодых педагогов

«Педагогический олимп» .................................................................36-37

  1. Положение о городской выставке-ярмарке

«Дидактико-методическое обеспечение

вариативного компонента типового учебного плана

в логике ГОСО-2012 года».............................................................38-39


  1. Положение городского конкурса воспитателей

дошкольных организаций «Педагогический поиск»....................39-41

  1. Положение городского конкурса

«Лучший школьный психолог - 2014».............................................41-44

  1. Положение городского заочного конкурса на лучшую

методическую разработку по патриотическому

воспитанию «Я-патриот»...................................................................44-45



«АТТЕСТАТТАЛУШЫ ПЕДАГОГТЫҢ ФЕСТИВАЛІ» БАЙҚАУЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ.

«Аттестатталушы педагогтың фестивалі» байқауы білім бөлімімен өткізіледі.

  1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ – аттестатталушы мұғалімдер жұмысының

түсаукесері және ұсынған санаттарының сәйкестіктігін анықтау.

БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:

  • Педагогикалық мамандығының дәрежесін көтеру.

  • Қала педагогтерінің белсенділігін, шығармашылық ізденістерін, өзіндік жұмыстарын арттыру.

  • Қызметтестік, ынтымақтастық атмосфера құрайтын, нәтижеге бағытталған тиімді технологиялар мен оқыту, тәрбиелеу, дамыту әдістемелерді іздену.

  • Қала деңгейінде озық педагогикалық пен инновациялық тәжірибені тарату және насихаттау.




  1. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.

Байқауға міндетті түрде жоғары мен бірінші санаттарға ұсынған және осы санаттарды растайтын аттестатталушы педагогтар қатысады.



  1. БАЙҚАУДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ.

Байқауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырушы комитет жүзеге асырады.

«Аттестатталушы педагогтың фестивалі» қалалық байқауы екі кезеңде жүргізіледі:



I кезең : сырттай. Педагогикалық портфолио байқауы. 2014 жылы ақпан айында өткізіледі. 2014 жылдың 17 ақпанға дейін аттестатталушы педагогтар портфолионы жібереді (электрондық нұсқасын HTML немесе Microsoft Office FrontPage форматта). Портфолио құрастыру ұсыныстар 1 косымшада.

I кезеңде жүлделі орын алған қатысушылар, әділқазылардың шешімімен сәйкестің II кезеңіне қатыспай жеңімпаз және байқау жүлдегерлері болады. Қалған мұғалімдер II кезеңге қатысады.



II кезең (сырттай ) 2014 жылдың 3-14 наурыз аралығында өткізіледі.

Жоғары санатты мұғалімдер мастер – класс өткізу жоспарын ұсынады, бірінші санатты мұғалімдер интерактивті тақтамен өткізген сабақ жоспарын ұсынады. Мастер – класс өткізу, ашық сабақтың жүргізу жоспарына талаптар 2 қосымшада.

Екінші кезеңнің материалдарын ұйымдастыру комитетіне қағаз және электрондық түрде ұсыну керек.

II кезеңге қатысудан босатылады:

- соңғы 5 жылдың ішінде (2009 жылдан 2014 жылға дейін) облыстық және республикалық педагогикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері,

- жұмыс өтілі 30 жылдан астам жоғары біліктілік санатын растайтын мұғалімдер.


  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

Байқаудың қорытындысы бойынша және әділқазылардың шешімімен 2013 -2014 оқу жылында ұсынған біліктілік санаттың сәйкестігіне нұсқау беріледі. Байқаудың I - II кезеңдері бойынша жеңімпаздар анықталады. Байқау жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен мараппатталады.

«Аттестатталушы педагогтың фестивалі»

қалалық байқауына

1 қосымшасы

Портфолио құрастыру ұсыныстары.

  1. Портфолиоға мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуі, дәреже жетістіктері

кіреді. Мұғалім төменде көрсетілген тізімнен өз бетінше керек бөлімдерді тандап алады.

  1. Әр жеке материалдың уақыты белгілені керек.

  2. Портфолиоға кіргізілген материалдар мұғалімнің кәсібилігін растауын

дәлелдейтіндей түрінде түсініктемеде көрсетілу керек.


Бөлімдері

Айдарлары

Мазмұны

Портрет

Мұғалім туралы жалпы мәліметтер. Бұл айдарда өзін түйіндеме, өзін-өзі таныстыру түрінде көрсетуге болады.

Аты-жөні, тегі, туған жылы.




Кәсіби жолы (бұл бөлім мұғалімнің жеке дамуын көрсетеді)

  1. Білімі, мамандығы: жоғары оқу орны

(құжаттардың көшірмесі).

  1. Еңбек және педагогикалық өтілі, осы

ұйымдағы жұмыс өтілі (жұмыс орны, кезеңі, қызметі, беретін пәні)

  1. Кәсіби біліктілігін жетілдіру – мекеме, күні, курстың аты, курстың бағдарлама көлемі (кәсіби біліктілігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі).

  2. Ғылыми, құрмет атақтарының болуы.




Аттестация

Біліктілік санаты, күні және берілген бұйрық нөмірі, сертификат (көшірмесі).

Әдістемелік жұмыстар

Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі

Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы және сол тақырып бойынша материалдар.

Конференцияларға, дөңгелек үстелге, семинарларға қатысу (іс-шаралардың тақырыбы, өткізілетін мекеменің аты, қатысу формасы, баяндамасы).

Эксперименттік жұмыстарға қатысу (шығармашылық, жобалау, эксперементті жұмыстардың тақырыбы мен суреттемесі).

Білім жетілдіру курстарында шығармашылық жұмыстар.






Мұғалімнің шеберлігін дәлелдейтін әдістемелік жұмыстар.

  1. Қалалық, білім беру ұйымының

әдістемелік бірлестігіне қатысу (тақырыбы, қатысу дәржесі, баяндамасы).

  1. Оқу бағдарламалар (мемлекеттік,

авторлық).

  1. Сабақ өткізу жоспарлары, конспектілері.

  2. Оқушылардың аралық, қорытынды

аттестациялық бағдарламалары.

  1. Педагогтың өзі құрастырған бақылау,

тексеру жұмыстары, тесттер, зерханлалық жұмыстар.

  1. Мұғалім өзі дайындаған көрнекіліктер және дидактикалық материалдар.

  2. Сабақтың презентациялары және

флипчарттары.

  1. Мультимедиялық жұмыс жоспарлары.




Жұмыс тәжірибесі (шығармашылық есеп, баяндамалар, дайындығы)

Ашық сабақтар өткізу жоспарлары.

Конференция, семинарлардағы баяндамасы.

(Қалалық, облыстық, республикалық) семинарлардағы баяндамалардың тезистері.

Басылымдар.






Сыныптан тыс жұмыс

АКТ қолдануымен жобалар.

Үйірме және факультативтердің

бағдарламалары.

Пәндік апталықтар, олимпиадалар,

сайыстар.

Сыныптан тыс жұмыстарды сценарийлері.

Экскурссиялық жұмыс.


Жетістіктері (мұғалімнің белгілі уақыттағы педагогикалық қызметі нәтижелерінің өсуі)




Мадақтамалар, алғыс хаттар, грамоталардың көшірмелері.





Кәсіби, шығармашылық педагогикалық сайыстар және әдістемелік апталықтарға қатысу.

Әр түрлі сайыстардағы дипломдардың көшірмелері




Тәрбиеленушілерді сайыстарға қатысуға дайындау

Сайыстар, жарыстар және т.б.

жеңімпаздары.

Оқушылардың алған грамоталар

мен дипломдардың көшірмесі.

Оқушылардың жобалау жұмыстары.

Оқушылардың шығармашылық

жұмыстарын суреттеу.

Соңғы үш жылдық оқушылардың

білім сапаларының көрсеткіштері.





Пікір

Оқушылар, әріптестер, ата- аналар, әкімшілік пікірлері.




Диагностика

Мұғалім жұмысының 3 жылдық салыстырма талдауы.




Нұсқалық бөлігі

Мұғалімнің өзінің қалауы бойынша керек құжаттар.



«Аттестатталушы педагогтың фестивалі»

қалалық байқауына

2 қосымша
Шебер – сынып, сабақтың өткізу жоспары бойынша нұсқаулар.

Мастер – кластың сценарийі бір сабақ ретінде құрастырылады. Сценарийге шағын түсініктеме беріледі. Бұнда материалды таңдау және ұйымдастыру принциптері, тәрбие үдірісінде жаңа әдістемелік, ақпаратты технологиялар, қажетті құралдарды қолдануға ерекше дәйектеме беріледі. Оқушының меңгерген немесе мастер-класс барысында жетілдірілген әрекетінің білік, дағдылары мен тәсілдері сипатталады.



I. Шебер – сынып жоспарының жобасы.

1. Мастер – кластың тақырыбы.

2. Аудиторияға мінездеме.

3. Мақсаттар.

4. Міндеттер.

5. Қолданылатын әдістемелер, технологиялар, құрал – жабдықтар.

6. Мазмұнның бөлігі.

7. Күтілетін нәтиже.



II. Шебер- сыныптың бағалау критерийлері:

- мазмұнының инновациялығы (көрсететін әдістеме, тәсіл мен қолданыстың жаңашылығы);

- идеяның жаңашылығы, олардың дәлелдігі мен сенерлігі;

- ақпаратты технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелері мен тәсілдерін нақты суреттеу;

- мазмұнның логикасы мен ізеттілігі;

- жұмыста дәстүрлі және инновациалық тәжірибені байланыстырудың тиімділігі - педагикалық шешімдерінің түп нұсқалығын көрсетеді;

- жұмыстарды тәрбиелеу үдірісінің даму өзекті беталысымен байланыстыру.

III. Ашық сабақ.

Ашық сабақ жүргізу жоспарында көрсетіледі:



  • Сабақ тақырыбы. Сабақтың түрі мен типі.

  • Сабақтың мақсаты.

  • Сабақ міндеттері: өзара іс-әрекет ұйымдастыруы, білім, білік,

дағдыларының меңгеруі, қабілеттерінің дамуы, шығармашылық әрекетәнің тәжірибесі, қарым- қатынасы және т.б.

  • Сабақтың мазмұны (сабақтың барысы): танымды іс – әрекетінің

белсенділігі, оқушылардың үлгі бойынша біліктілігін желілдіру, шығармашылық белсенділігінің дамуы, жеке қасиеттерін қалыптастыру және т.б.

  • Білім сапасын бақылау және түзету.

  • Қосымша.

IV. Ашық сабақтың бағалау критерийлері:

  • жаңашылдығы;

  • педагогтың шығармашылығы;

  • сабақ мазмұнына қосымша материалдардың қолданылуы;

  • педагогикалық әдістер мен тәсілдердің нақты сипаттауы;

  • сабақ нәтижесін көрсету;

  • оқушыларға өз беттерінше білім алуларына, қажетті мысалдарды,

дәлелдерді табуларына, белсенді іс-әрекетіне жағдай жасау;

  • оқушылардың шығармашылық ұжымдық белсенділігі;

  • эаман талабына сай ақпараттық техногияларды сабақта қолдану.

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Үздік педагог» атты байқауын (бұдан әрі - Байқау) «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ өткізіп отыр.


ІІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

  • шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми әдістемелік және ақпарат мәдениетін, қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, балалар мен жасөспірімдердің үздік тілімгерін анықтау.

ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:



  • мұғалімнің мамандық мәртебесін арттыру;

  • қала мұғалімдерін шығармашылық ізденіске, креативті өздігінен

белсенді жұмыс істеуге ынталандыру;

дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру;

  • қала деңгейінде оң педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау мен

тарату.
IV. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР.

Байқау қаланың білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пән педагогтары арасында өткізіледі. Педагогтың өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.



Ескерту: соңғы бес жыл арасында алдыңғы байқаулардан орын алған педагогтар қатыса алмайды.
V. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.

Байқау жыл сайын үш кезеңде өтеді:



  1. І кезең – іріктеу, мектепішілік, 2014 жылдың 28 ақпаннан 28

наурызға дейін мектепте өткізіледі. Әр білім беру ұйымынан Байқаудың ІІ кезеңіне қатысу үшін 1 кандидат ұсынылады.

Білім беру ұйымдары байқаудың ІІ кезеңіне жіберу барысында педагогтың педагогикалық қызметіндегі жетістіктерінде мына көрсеткіштерді ескерсін:



  1. педагогикалық қызметінің жоғарғы нәтижесі (білім беру

мониторингі, оқу жетістіктері мен оқушылардың қорытынды аттестаттаудан өтудің ішкі бағаның нәтижесі, ҰБТ көрсеткіші, білім сапасына тәуелсіз берілген баға, қорытынды емтихандардың, пәндік олимпиада көрсеткіші, ғылыми-практикалық конференция, жобалар, шығармашылық байқаулар, спорттық байқаулардың көрсеткіші );

  1. педагогтың кәсіби құзырлығы (біліктілігін арттыру,

инновациялық (жаңашыл) білім беру технологияларды пайдалануы);

  1. өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін жинақтап, тарату (шебер-

сынып, семинарлар, ғылыми-практикалық конференция өткізуге қатысу, педагогтың қатысымен БАҚ баяндамасы, баспа бетінде жарық көрген әдістемелік еңбегі).

  1. педагогикалық шеберлігі мен педагогтың жеке тұлғасына

берілген баға, марапаттары (алғыс хат, мақтау қағазы, дипломдары).

  1. педагогтың білім беру саласында аймаққа, республикаға

қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу бойынша жұмысы, авторлық бағдарламалар әзірлемесі, оқу-әдістемелік кешені, инновациялық педагогикалық идеяны насихаттау).

ІІ кезеңге қатысуға сұраныс 2014 жылдың 31 наурызына дейін жіберілсін.



  1. ІІ кезең –қалалық, сырттай, 2014 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуірге дейін өткізіледі.

«Педагогтың шығармашылығы» сырттай турдың тапсырмалары:

  • педагогтың шығармашылық портфолиосы;

  • сайыскердің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала;

  • «Ұстаз атына лайық ...» фотокөрмесі.

Келесі турға сырттай бағалау нәтижесінде жоғары көрсеткішке ие болған сайыскерлер жіберіледі.

Байқаудың екінші кезеңіндегі тапсырмалардың мазмұны педагогтың шығармашылық білім деңгейі мен педагогикалық құзырлығының қалыптасуын анықтауға бағытталған:



  • педагогтың креативтілігі, жалпы эрудициясы;

  • рефлексивті-аналитикалық қызметті жүзеге асыру және жүйенің перспективті дамуын болжай алуы;

  • қазіргі сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды жобалап, модельдеу шеберлігі.

  1. ІІІ кезең - күндізгі, 2014 жылдың 15қыркүйегінен 19 қыркүйекке дейін өткізіледі. Байқауға қатысушылар жұмыс жүйесінің презентациясын және ашық сабақ көрсетеді.

Күндізгі турдың тапсырмалары:

  • пән бойынша сабақ (ұйымдастыру комитетінің бекіткен кестесі бойынша) және өткізген сабағын өзіндік талдауы.

Сабақтың тақырыбы пәнді оқыту күнтізбелік жоспарға сай болуы тиіс. Сабақтың ұзақтығы 45 минут.

  • Презентация-қорғау «Мұғадлімнің жұмыс жүйесі» (7 минутқа дейін).

  1. Бағалау критерийлері:

  1. Байқаудың тапсырмасы – презентация-қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі».

  • жұмыс жүйесінің маңыздылығы - қазіргі және болашақ мектеп мәселелері

үшін маңызды шешімдерге бағытталған;

  • жүйенің тиімділігі мен шынайлығы – жүйенің тұтастығы – қойылған мақсатқа жету үшін мазмұны мен әрекеттің толықтығы;

  • ұсынып отырған жүйенің тиімділігі мен нәтижеге жетуі;

  • материалды ұсынудағы мақсатқа негізделгені мен логикалық мазмұны;

  • презентацияның мәдениеттілігі.

  1. Байқау тапсырмасы- сабақ

- бағдарлама материалын білуі;

- өз қызметін ұйымдастыруы;

- оқушылардың қызметін ынталандыра білуі;

- дәстүрлі емес түрі;

- еліктіргіштігі;

- танымдылығы;

- түрі мен әдіс-тәсілдерінің мақсатқа негізделгені;

- сабақтың мақсатқа жетуі;

- оқушылардың шығармашылығын қолдану;

- сабақтың білімнің даму концециясына сәйкес келуі.


VІ. САЙЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Мектепішілік кезең нәтижесі бойынша қалалық кезеңге қатысатын мұғалімдерді тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар өткізіледі:

1. Мектепішілік сайыстың қазылар алқасы хаттамасынан үзінді.

2. Мұғалімнің сайысқа қатысуға жеке өтініші (өтініштің үлгісі 1-қосымшада).

3. Педагогтың шығармашылық портфолиосы (шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі 2-қосымшада).

4. Педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала (көлемі А-4 парағында 10 беттен кем емес).

5. «Ұстаз атына лайық ... » фотокөрмесіне суреттер. 15 фотокөрініс: жеке портрет, мектепте, отбасында, бос уақыттағы сүйікті ермегі. Фотосуреттердің өлшемі: көріністер – 30X40 (см), портрет – 20X30 (cм) электрондық түрде өткізіледі.

Сайысқа қатысушының құжаттары қазақ немесе орыс тілінде MS Word мәтіндік редакторымен терілуі керек:

– жиектері: жоғарғы – 2,5 см, төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ – 2,5 см;

– қаріп: KZ Times New Roman, кегль өлшемі – 14,

– жол аралығы – 1қабат;

– азат жол – 0,78 см;

– құжат атауы бас әріпті қалың қаріппен жазылуы керек.

Өтініш қабылдау уақытынан кешіккен, құжаттар толық болмаған, ресімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда құжаттар қабылданбайды.


VII. БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Байқаудың әділ-қазылар алқасының құрамына Қостанай қалалық білім бөлімінің әдіскерлері кіреді. Сайыс бағалау көрсеткіштері бойынша берілетін ұпайлар:



  • пән бойынша сабақ және оны өзіндік талдауы (25 ұпайға дейін);

  • педагогтың шығармашылық портфолиосы (15 ұпайға дейін);

  • педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала (20 ұпайға дейін);

  • «Ұстаз атына лайық ...» фотокөрмесі (15 ұпайға дейін);

  • Презентация-қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» (25 ұпайға дейін).

Байқаудың 5 бағыты бойынша ұпайдың ең жоғары мүмкін саны: 100 ұпай.

Байқау тапсырмаларын бағалаудың нәтижесі бойынша әділ-қазылар жеңімпазды (Гран-при), жүлдегерлерді (1, 2, 3 орын) және номинация бойынша лауреаттарды анықтайды: «Жаңашыл-мұғалім», «Зерттеуші-мұғалім», «Шығармашыл-мұғалім», «Көшбасшы-мұғалім», «Ұйымдастырушы-мұғалім», «Шебер-мұғалім». Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен лауреаттар марапаттау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар Дипломмен марапатталады.


«Үздік педагог»

қалалық байқауына

1-қосымша

«Үздік педагог – 2014»

қалалық байқаудың

ұйымдастыру комитетіне


Ө т і н і ш (үлгі)
__________________________________________________________

(мектептің толық атауы)


________________________________________________________

(байқауға қатысушының лауазымы мен жұмыс орнының атауы)

(байқауға қатысушының толық аты – жөні)
«Үздік педагог – 2014» қалалық байқауына қатысуға ұсынады.
Директор ______________________ _____________________

(қолтаңбасы) (Т.А.Ә.)



М.О.

«Үздік педагог»

қалалық байқауына

2-қосымша
Шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі



        1. Жалпы мәлімет

Тегі




Аты




Әкесінің аты




Туған күні (күні, айы, жылы)




        1. Жұмысы

Қызметі




Жұмыс орны




Сынып жетекшілік




Педагогикалық өтілі




Біліктілік санаты




        1. Білімі

Білімі (оқу орнының атауы, факультеті, бітірген жылы)




Тілдерді білуі (меңгеру деңгейі)




Ғылыми атағы, дәрежесі




        1. Жетістіктері

Мұғалімнің және оқушының үкіметтік, қоғамдық және халықаралық мадақтамалары (атауы мен жақшада алған уақытын көрсету)







        1. Негізгі басылымдар



Атауы

Басылымның аты, мерзімі, беттерінің саны

Түйін (әр басылымға ең кемі 30 сөзбен)

1










2










  • соның ішінде кітапшалар, бар болса.




        1. Авторлық білім беру бағдарламалар, әдістері және технологиялары



Атауы

Сипаттау (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 30 сөз көлемінде)

Енгізу және нәтижелілігі (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 50 сөз көлемінде)
















        1. Біліктілігін арттыруы

1

Облыстық курстар




2

Республикалық курстар




3

Халықаралық курстар




4

Съездер, конференциялар, семинарлар және т.б.







        1. Қосымша сұрақтар

1

«Үздік педагог-2014» жеңімпазы - бұл … (ойды аяқтаңыз)




2

Өз әріптестіріңізбен қандай инновациялармен бөлісер едіңіз?




3

Сіздің хоббиіңіз?




4

Сахнада қандай өнеріңізбен таңқалдыра аласыз?







        1. Байланыс

Үй телефоны




Ұялы телефоны




Жеке электронды поштасы






ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП»

БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

«Педагогикалық олимп» жас педагогтардың қалалық байқауы (бұдан әрі - Байқау) «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ өткізеді.

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ :

  • талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау;

  • жас педагогтарды жаңа интеллектуалды және шығармашылық іс-әрекеттердің жаңа нысанасын іздендіруге ынталандыру және насихаттау;

  • жас педагогтардың кәсіби қарым-қатынас аясын, тәжірибесін және дүниетанымын кеңейту;

  • қазiргi заманғы жас педагог туралы қоғамда оң пiкiрiн қалыптастыру;

  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.

Байқауда білім беру ұйымдарының 3 жылға дейін тәжірибесі бар ұстаздары қатысады.

Ескерту: өткен байқауларда жүлделі орындарға ие болған жас педагогтар қатыспайды.

  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.

Байқау пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік деңгейінде өткізіледі.

Байқаудың келесі кезеңдері бойынша өткізіледі:



  1. I кезең: сырттай, мектепішілік. 2014 жылдың 3 наурызынан 20

наурызға дейін өткізіледі. Білім беру ұйымдарының ішінде жас мұғалімдердің іс-әрекеті зерттеліп, II кезеңге қатысу үшін үміткерлер іріктеледі.

Байқауға қатысу үшін білім бөліміне міндетті түрде қағаз жүзінде директор қолымен расталған байқауға қатысу сұранысын 2014 жылдың 7 сәуіріне дейін келесі формада ұсыну керек:





Мектеп

Қатысушының аты-жөні, тегі (толық)

Пән

Білімі

Санаты

Жұмыс өтілі

Байланыс телефоны




  1. II кезең: күндізгі, қалалық. 2014 жылдың 10 сәуірінен 18 сәуірге дейін өткізіледі.

Бірінші байқаудың нәтижесі бойынша II кезеңге өткен педагогтар «Менің мамандығым - мұғалім» атты өзін таныстыру презентацияны және «Мен өмір сүретін әлемім» атты шығармашылық нөмір ұсынады. Өзін таныстыру презентациясымен шығармашылық нөмірге қойылатын талаптар қосымшада көрсетілген.


  1. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ.

Барлық іс-шаралар нәтижесінде әділ-қазылар пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігі деңгейінде жеңімпазды (1 орын) және жүлделі орынға ие болғандарды (2, 3 орын) анықтайды. Жеңімпазға және жүлделі орынға ие болғандарға білім бөлімінің мақтау қағаздары ұсынылады.
«Педагогикалық олимп»

жас педагогтар

қалалық байқауына

ҚОСЫМША

  1. «Менің мамандығым-мұғалім!» атты өзін таныстыру

презентациясына қойлатын талаптар.

Сөйлеушінің регламенті – 5 минут, әділ-қазылар сұрақтарына жауап беру үшін – 3 минут. 10 минут ішінде Байқауға қатысушылар озық педагогикалық идеяларды, өмірлік басымдылықтарды, мамандыққа, әріптестеріне, балаларға деген көзқарастардың мәнін ашу керек.



1. 1. Өзін таныстыру презентациясының бағалау критерийлері:

- түп нұсқалығы (дара стиль);

- жалпы интеллектуалды және мәдени деңгейі;

- педагогикалық артистілік;

- презентацияның мәдениеті;

- регламент.


2. «Мен өмір сүретін әлемім» атты шығармашылық нөмірге қойылатын талаптар. Байқауға қатысушылар шығармашылық нөмірді еркін тақырыпқа (ән, әдеби-музыкалық композиция, би және т.б.) ұсынады. Қатысушының өз нөмірін көрсетуге берілген уақыт 3 минуттан аспау керек .

2. 1. Шығармашылық нөмірді бағалау критерийлері:

- артистiлiк;

- ширақтық, бейнелiк, мазмұндаманың эмоционалдылығы;

- шығармашылық жұмыстың даралығы;

- сөз мәдениетi.

Сонымен қатар Байқау барысында әділ-қазылары Байқауға қатысушыладың іс-әрекетін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

- мемлекеттік білім стандартына сай оқыту үрдісінде мазмұнды және технологиялық әдістерді, жаңа амалдар және тәсілдер қолдану бойынша педагогтың іс-әрекеті;

- озық және жаңашыл тәжірбиені, әдістемелік шеберлікті, өзіндік ізденімдерін қолдана білуі;

- қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктері, өзінің кәсіби айқындамаларын көрсете білуі;

- жеке кәсіби мүмкіндіктері; шығармашылыққа бейімділігі; импровизация; жеке шығармашылық қабілеті; адамгершілігі; ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттері.


«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІЗДЕНІС» АТТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақаты:

- мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің кәсіби педагогикалық имиджін және позитивті әлеуетін қалыптастыру;

- олардың шығармашылық потенциалын ашу және мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің кәсіби белсенділігін арттыру.



Байқаудың міндеттері:

- мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің шығармашылық, кәсіби құзыреттілігін анықтау;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша жаңашыл педагогикалық жұмыс тәжірбиелерін тарату;

- тәрбиешілердің өз мамандықтарында өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау.

Байқауға қатысушылар.

Байқауға Қостанай қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бөбекжай-бақшаларының, шағын орталықтарының, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарының қазақ және орыс тілдерінде еңбек ететін тәрбиешілері қатысады. Конкурсанттардың педагогикалық жұмыстарының өтілі -10-20 жыл, жасы 30-45 жыл. Кандидаттарды ұсыну: өзін-өзі ұсыну арқылы, талапкердің педагогикалық қызметімен және оның нәтижелерімен тікелей таныс білім беру мекемелері жүзеге асырылады.



Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі.

Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі . Байқауды өткізу үшін ұйымдатыру комитеті құрылады, ол байқауды өткізу түрін анықтайды, байқаудың тапсырмаларын дайындайды.

Байқау 3 кезеңде жүргізіледі:

1 кезең - іріктеуші (сырттай), 2014 жылдың 17-18 наурызы. Ұсынылған материалдарды талдау, келесі кезеңнің қатысушы – конкурсанттарын анықтау.

2 кезең (іштей), 2014 жылдың 01-03 сәуірі. «Шебер-сынып» - конкурсанттың тілегі бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты қаланың мектепке дейінгі мекемелерінде практикалық оқу-іс әрекеттерін жүргізу . Кезеңнің соңына конкурсанттар-қатысушыларды анықтау.

3 кезең - соңы, 2014 жылдың 11 сәуірі. Кезең:

- «Өз ісінің шебері» (әдістемелік тақырыбы бойынша өз жұмысының тәжірбиесі бойынша презентация), ұзақтығы-8 мин.

- Конкурсанттың шығармашылық құзыреттілігі мен кәсібилігін ашатын тапсырмалар.

Қатысушыларды тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар ұсынылады:

-байқауға қатысуға өтініш,

- конкурсанттың сауалнамасы,

- «Менің мамандығым – тәрбиеші » эссесі,

- Мектепке дейінгі жастағы тәрбиелеу меен оқыту бойынша әдістемелік жинақтарымен педагогтың портфолиосы.

Білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу орталығына 2014 жылдың 14.03.құжаттар тапсыру мерзімі.



Байқаудың әділ-қазылар алқасы.

Барлық кезеңдерде жеңімпаздарды таңдау үрдісінде әділ бағалауда мақсаттарға жетуде үшін әділ-қазылар алқасы құрылады. Оның міндетіне кіреді : бағалау көрсеткіштерін анықтау және дайындау, қатысушылар ұсынылған материалдарды сараптау, конкурсанттардың балалармен жұмыстарындағы кәсіби дағдыларын бағалау, бағалау нәтижелерімен қатысушыларды таныстыру.

Әділ-қазылар алқаының құрамына Қостанай педагогикалық институтының, Қостанай педагогикалық колледжінің, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің өкілдері кіреді.

Байқаудың мазмұны.

Байқауды өткізу барысында ата-аналар мен балалар арасында, мектепке дейінгі білім беруе кәсіби рейтингі жоғары шығармашылықпен еңбек ететін тәрбиешілер шығады.

Байқауды өткізу бағалауды болжайды :

- тәрбиешінің жұмыс жүйесі;

- тәрбиешінің жаңашыл технологияларды игеру деңгейлері;

- балалармен жұмыста ынтымақтастық педагогикасын игеру;

- тәрбиешінің культурологиялық позициясы.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Әділ-қазылар алқасы байқаудың нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтайды , олар мадақтамалар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады .




«2012 ЖЫЛҒЫ – МЖМБС ЛОГИКАСЫНДА ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК КОМПОНЕНТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕНКЕНІҢ ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Мектепке дейінгі мекемелердің , шағын орталықтардың және мектепалды даярлық топтарының «2012 жылғы – МЖМБС логикасында типтік оқу жоспарының вариативтік компонентін дидактикалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету» атты қалалық көрме-жәрмеңкенің нағыз ережесі ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

1.2. Көрме-жәрмеңкені өткізудің мақсаты :

- типтік оқу жоспарының вариативтік компонентін жүзеге асыру және қазіргі заманға сай дидактикалық және әдістемелік дайындау жүзеге асыру үшін барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтарының шығармашылық қызметін құруды ынталандыру ;

- МЖМБС жаңа талаптарына жауап беретін, мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының кәсіби қызметінің жемісін интеллектуалдық-шығармашылығы ретінде дидактикалық және әдістемелік материалдарын ұсыну .

1.3. Көрме-жәрмеңкені өткізудің міндеттері:

- инновациялық педагогикалық тәжірбиесін тарату және қолдау , анықтау,

- педагогтардың шығармашыл қызметінің үздік үлгілерін көрсету және ұсыну үшін жағдайлар жасау: авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер және дидактикалық жинақтар және тағы басқалар;

- әріптестерімен шығармашылық байланыс пен іскерлікті кеңейту және құру;

- жаңашыл әдістемелік материалдар банкін құру.




  1. Каталог: images -> stories -> estet
    stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
    stories -> Емтихан сұРАҚтары
    stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
    stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
    stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
    stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
    stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
    estet -> Инструктивно-методическое письмо об особенностях преподавания основ наук в средних общеобразовательных учебных заведениях республики казахстан
    estet -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 орта мектебі» мм


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет