Өтілетін күні: 29. 01. 16 Өтілетін орны: 607 дәрісхана Өтілу түрі



Дата28.01.2018
өлшемі38,82 Kb.
#35141
Тақырыбы: «Бақытты сәт» экологиялық сайысы
Мақсаты: Туған өлкеміздің табиғаты, тыныс тіршілігі, экологиясын оқушылардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген экологиялық сайыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация мен слайдтар

Өтілетін күні: 29.01.16

Өтілетін орны: 607 дәрісхана

Өтілу түрі: ойын түрінде

Өтілу барысы:
Мұғалім
: Ойынға 1, 2, 3-курс студенттері екі топ болып қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады. (Интерактивті тақтадан көрсетіледі).

1-топ «Ғаламат»
2- топ «Атамекен»

І- гейм
«Бой сергіту»
2 топқа да экологиялық сұрақтар беріледі, қай топ мүшесі бірінші белгіні берсе сол топ жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақстан Елтаңбасында белгіленген жануар? (жылқы)
2. Қандағы қанттың мөлшерін реттеп отыратын гормон? (инсулин)
3. Ерте кезде сабын жасайтын сахарды қай өсімдіктен алған? (адыраспан)
4. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын қалай атайды? (эпидемия)
5. «Сулы жер - нулы жер» сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
6. Құс атына байланысты қыздар мен ұлдарға қойылған қандай есімдерді білесіңдер?
7. Ағаш отырғызудың қандай пайдалы жақтары бар?
8. Қазақтың тұңғыш академигі кім? (Қ.И.Сәтбаев)
9. Күн баласы атанған қай өсімдік? (мақта)
10. Табиғатқа байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
ІІ- гейм
«Атам айтқан даналық сөздер». Қане, кім көп біледі?
Табиғатты қорғауға байланысты мақал- мәтел, тыйым, өсиет сөздер сайысы. 2 топ бір- бірімен алма кезек айтысады.

  1. «Мектеп кеме, білім теңіз»

  2. «Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ»

  3. «Жалғыз кірпіш қорған болмас,

Жалғыз ағаш орман болмас»

  1. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»

  2. «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы»

  3. «Мақтаның анасы жер, атасы - су»

  4. «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

  5. «Құлан құдыққа құласа,

Құлағында құрбақа ойнайды»

  1. «Бабалар еккен шынарды, балалары саялар»

"Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ", "Көкті жұлса" көктей соласың" деп жамандыққа жориды", "Суға түкірме, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді", "Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады" деген көптеген өсиет сөздерді айтқан.



ІІІ — гейм
«Жорға жарыс» топ басшылар сайысы.
Екі топ асықтары иіріледі. Қай топ асығы алшысынан түссе сол топ бірінші болып жауап береді.
1 – топ «Ғаламат» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Экология сөзінің аудармасы (
2. Социалистік Еңбек Ері, әйгілі күрішші кім? (Ы.Жақаев)
3. Алматы облысының орталығы. (Талдықорған)
4. Тіршілік таралған ғаламшар.
5. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар.
6. Ауаның құрамы .
7. Қазақстанда қанша қорық бар? (6)
8. Қымыз қандай жануардың сүті?
9. Арқасында тауы бар жануар?
10. Мәңгі жасыл өсімдік. (шырша)
11. Ауа райын сипаттайтын карта. (климат картасы)
12. Сусыз өмір сүре алмайтын жануар.
ІІ топ- «Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Ауа құрамындағы газ.(5-еу)
2. Жыл басы болатын жануар.
3. Ең кіші құс (колибри қазақша аты - шірнежегі)
4. Ең ұзын өзен (Ніл)
5. Ең үлкен жануар (піл)
6. Ең үлкен құс (түйеқұс)
7. Аң аулауға салынатын құс (бүркіт)
8. Шылымның құрамындағы улы зат (никотин)
9. Қанша материк бар? (6)
10. Күн баласы аталған өсімдік (мақта)
11. Ең жылдам өсетін өсімдік (бамбук)
12. Жүректі зерттейтін ғылым? (кардиология)


IV- гейм «Асыл - тастан шығады, ақыл жастан шығады»
«Егер де мен ……..»

2 топқа 2 конверт беріледі. І топқа «Егер де мен ауыл әкімі болсам …….», ІІ- топқа «Егер де мен табиғатты қорғау министрі болсам ….» экологиялық ой толғау жазу тапсырылады.
(5 минут уақыт беріледі)
V – гейм
«Мен- саған, сен- маған» деген атпен
2 топ бір – біріне екі – екіден экология тақырыбында сұрақтар қояды.
Сайыс соңында қай топ экология тақырыбында жақсы ой қозғағанын шешетін әділ қазыларға береміз. Ең жақсы қатысқан топ марапатталады.

Оқытушы: Е.Т.Игишов



Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Биология және салауаттылық негізі» ғылыми–педагогикалық журнал

№3 2015жыл.

  1. «Қоршаған орта және адамзат» -М.: Наука, 2006.

  2. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.

Каталог: uploads -> doc -> 10fc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10fc -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 “А” Г.ғ. м.: Бугенбаева С. С. Үй тапсырмасын тексеру
10fc -> Сабақтың тақырыбы : Антонимдер Сабақтың мақсаты: Антоним сөздерге түсінік бере отырып, сөз мағыналарынан алған
10fc -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары
10fc -> Сабақ тақырыбы Оқып үйренудің негізгі мақсаттары Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқып үйренудің нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет