ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»



бет7/13
Дата17.06.2018
өлшемі308,2 Kb.
#42748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Науқаста ӨЖЖ кезінде SaO2 = 90%, РаО2 = 60 мм. рт. ст.; FETCO2 = 4.5 об.%, <СО2 = 35°, (РАО2 - РаО2) = 100 кезінде FiO2 = 100%. Респираторлық демеудің адекваттылығын бағалануы кезінде дұрыс қорытындыны анықтаңыз (ӨЖЖ режимі, желдетудің бір ұалыптылығы, оксигенацияның жеткіліктігі, өкпедегі газ алмасу бұзылыстарының бар болуы).

  2. ӨЖЖ жатқан науқаста СО2 концентрациясының көбейгені байқалды, соңғы шығаратын ауадағы FЕТСО2 = 7.2 об%. Капнографияның бұл көрсеткіші нені дәлелдейді?

  3. ӨЖЖ кезінде науқаста SaO2 = 72%, FETCO2 = 8.4 об%. Көрсеткіштер нені дәлелдейді? Мейірбике не істеуі қажет?


7 сабақ
1. Тақырыбы: Тыныс алу және қан айналымның бұзылыуы, олардың алдын – алуы және емдеуі.

2. Мақсаты: Студенттерді тыныстың, қан айналымның бұзылу диагностикасын оқытып, анестезия кезінде ерте алдын алу және емдеуді жүргізуді үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Анестезия кезіндегі тыныстың бұзылу себептерін

  • Премедикадциядан кейінгі гиповентиляцияны және гипоксияны

  • Кіріспе наркоз кезіндегі тыныс алу жетіспеушілігін

  • Кеңірдектің интубациясының асқынуын

  • Анестезияны сақтап тұрған кездегі тыныс алу жетіспеушілігін

  • Анестезиядан кейін ояну кезіндегі тыныс алу жетіспеушілігін

  • Тыныс жүйесі жағынан асқынулардың алдын алу

  • Анестезия кезіндегі қан айналымның бұзылу себептері

  • Жүрек ритмінің бұзылысы

  • АҚК төмендеуі, гиповолемия

  • Перифериялық қан айналым бұзылысы

  • Периоперативті инфаркт

  • Ауалы эмболия

  • Жүрек тоқтауын

  • Қан айналым бұзылуының алдын алуды

Студент істей білуі тиіс:

  • Анестезия кезіндегі тыныстың бұзылу диагностикасын жүргізу

  • Тыныс жолдарының өткізгіштігін қайта қалпына келтіру (сорғыштың, ауа өткізгіштің көмегімен)

  • Ларингеальды бет пердені пайдалану

  • Қалың зонд көмегімен асқазан құрамының эвакуациясын жүргізу

  • Жалғағыш элементтердің, аппаратураның ақаулығын жою

  • Кардиомониторды қосу және берген мәліметтерді қадағалау

  • Әр 5 минут сайын АҚ және тамыр соғысын өлшеу

  • Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

  • Сатурация, капнографты бақылау

4. Өткізу түрі:Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты тур, ми шабуылы, модуль әдістері бойынша жүргізу;

- ситуациялық есептерді шешу

- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар аудитория және интенсивті терапия палаталарында, наркоз барысында науқастарда кездесетін асқынуларды талқылап, презентация түрінде басқа топтарға таныстырады).

- тақырыптың негізгі тесттерін шешу

- оқытудың техникалық құралдарын қолдану

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

- Анестезия кезіндегі тыныстың бұзылуы

- Кіріспе анестезия кезінде және премедикациядан кейінгі тыныстың бұзылуы

- Негізгі анестезия кезіндегі тыныстың бұзылуы

- Ояну кезінде және анестезиядан кейінгі тыныстың бұзылуы

- Анестезия кезіндегі қан айналымның бұзылу себептері

- Қан айналымының және тыныстың бұзылысының алдын алу және емдеу



6. Таратылатын материал:

1. Тесттер

2. таблицалар

3. схемалар

4. ситуациялық есептер

7. Әдебиеттер:

Негізгі


  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша

  1. 1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

.

  1. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  2. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  3. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.

8. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)

Тесттер:

1. Алдағы болатын операцияның алдында науқас қатты уайымдап,үрейлі сезімде отыр.Премедикация жасау үшін қай препаратты қолданасыз:

1.Промедолды

2. Дропериполды

3.Морфинды

4.Элениумды
2.Кіріспе наркоз кезінде болатын гемодинамикалық бұзылыстардың алдын алу үшін гиперволемиялық гемодилюция жүргізіледі. Ол дегеніміз:

2. Ағзадан қан шығарып, сонымен қатар қан алмастырғыш ерітінділерді шығарылған қаннан көп құяды

2.Консервантты қан құяды

3.Қан алмастырғыш ерітінділер құйылады

4.Вазопрессорлар енгізеді.


3. Төменде көрсетілген анестетиктердің біреуін наркоздың компонентері ретінде пайдаланған соң физикалық жақсы дамыған кісілерде кенеттен систолдық және диастолдық артериалдық қысым жоғарылап кетуін орталық жүйке жүйесінің лимбикалық құрылымдарына әсерімен байланыстырады. Төменде көрсетілген қай препаратқа осы қасиет тиісті.

Натрии оксибутиратына



    1. Этомидатқа

    2. Виадрилға

    3. Альтезинға.


4. Интубация жасау барысында кеңірдек пен көмейдің рефлексогенді аймақтарын тітіркендірудің салдарынан жүректің рефлекторлы тоқтауы байқалды. Төменде аталған препараттардың қайсысын бірінші кезекте енгізу қажет:

1.Эуфиллинді

2.Промедолды

3.Атропинды

4.Пипольфенды
5. Іш қуысы мүшелерінің жіті ауруларының салдарынан науқас жедел түрде операцияға алынды.Науқастың сырқаты қосымша патологияның созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, тетрапарез үстінен дамыды.Кіріспе наркозға азоттың шала тотығын оттегімен және седуксенмен , дитилинмен қабат жібергеннен соң науқаста апноэ байқалып оны өз уақытында қалпына келтірді. Кіріспе наркоз кезінде гипоксия мен гиперкапнияға жол берілмеді. Наркоз жүргізудің техникалық қателіктері болған жоқ. Жүрек тоқтауының себептерінің болжамы:
1.Тетрапарезге байланысты кезбе нервтің тонусының жоғарылауына рефлекторлы реакция

2.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда байқалатын кезбе нервтің тонусының жоғарылауына рефлекторлы реакция

3.Гиперкалиемия

4.Метаболикалық ацидоз


6. Наркоз кезінде кездесетін тыныс жолдарының тарылуында кардиальды қыспақ жағынан рефлекторлы реакция байқалып, асқынуды одан бетер ушықтырады. Бұл реакцияның маңызы :

1.Кардиальды қыспақтың кенеттен тарылып рефлекторлы жүрек тоқтауына әкеліп соғады

2. Кардиальды қыспақтың кенеттен тарылуы ауру сезімін жоғарылатып, артериальды қан қысымын ойнамалы етеді

3.Кардиальды қыспақтың толқынды түрде тарылуы бронхоконстрикцияға алып келеді

4.Кардиальды қыспақтың уақытша босаңсып асқазандағы тамақтың тыныс жолдарына түсіп , асқынуға алып келеді.
7. Жартылай жабық контурымен наркоз беріп жатқан наркоз аппаратын дұрыс қолданбай, техникалық қателік жібергендіктен науқаста бастапқыда гипертензия, тахикардия байқалып, кейін брадикардияға алмасып қан қысымы өте қатты төмендеп кетті. ТЕРІ ҚАБАТЫНЫҢ ЫЛҒАНДАНҒАНЫНА БІРДЕГЕННЕН НАЗАР АУДАРЫЛДЫ. Анестезиолог қандай қателік жіберді?

1.Оттегі дозиметрі ашқан жоқ

2.Адсорбер іске қосылмауын

3.Гофирленген шлангы майысып қалуын

4.Аппараттың герметизациясының бұзылуын
8. Кураризацияның қалдығын жою мақсатымен медбике анестезистка күре тамырдан 0,05% - 4мл прозерин ерітіндісін жіберді. Ол бірдегеннен брадикардияға, жүректің тоқтауына және сілекейдің көптеп бөлінуіне алып келді.Айтылған симптоматиканы жою үшін науқасқа қайсы дәріні енгізу керек:

1.Бемегридті

2.Атропинды

3.Норадреналинды

4.Эфедринді
9. Төменде көрсетілген интубациялық наркоздың қайсы түрінде асқазандағы ас қалдығымен регургитация өте қауіпті болады?
1.Үрлемелі манжеткасы бар интубациялық түтікті қолданғанда

2.Манжеткасыз интубациялық түтікшені қолданып,ауыз қуысын дәкелі тампонмен тампонада жасау

3.Манжеткасы бар трахеостомиялық түтікшені қолдану

4.Бронхтарды жеке интубация жасау


10. Маска арқылы наркоз беріліп жатқан науқаста көз қарашығы бірдегеннен ұлғайғанымен жарыққа реакциясы сақталынып, көз жасы аға бастады. Көз қарашығының кеңеюінің себептері:
1. Ағзаға наркотикалық заттардың шектен тыс көп мөлшерде енгізілуі

2. Наркоздың беткейлі жүруі

3.Миокард бұлшық еттерінің фибрилляциясы

4.Жүректің рефлекторлы тоқтауы.


11. Операциядан кейінгі кезеңде кездесетін сананың тежелуінің патофизиологиясы:

1.Дегидратация

2.Гиповолемия

3.Гиперволемия



4.Гипоксия.

Ситуациялық есептер:

  1. Науқас Л – 19 жаста, салмағы 70 кг, бойы – 180 см, кеуде – құрсақ қуысының пышақталған жарақатымен, іштен қан кетуімен, жарақат шогының ІІ – ІІІ сатысымен шұғыл түрде операцияға алынды.Шокқа қарсы қолданатын іс шаралардың кезектілігін және анестезияны атаңыз. Анестезиологиялық іс шаралар мен премедикацияны таңдап негіздеңіз.

  2. Операцияның басында торакотомиядан кейін артериальды қан қысымы бірдегеннен төмендеп кетті. Коллапсқа алып келген механизмді түсіндіріп,онымен күресу іс шараларын атаңыз.

  3. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері пайда болды: көгеру, беткейлі тыныс алу, тахипноэ 32 рет минутына, гипоксемия. Қан анализінде: рН 7,28, PaO2 68 мм сынап бағ.PaCO2 56 мм. сынап баға. ВЕ = -9,5 ммоль/л. Тыныс алу жетіспеушілігінің себебін атап, көрсетілетін іс шараларды атаңыз.

  4. 35 жастағы 55 кг салмақтағы науқас асқазанның пилорикалық бөлімінің созылмалы жарасымен, тарылудың 2 сатысымен Бильрот- 2 жоспарлы операцияға дайындалды. Операция алдындағы дайындық , премедикацияны және анестезиологиялық іс шараларын негіздеп атаңыз.

  5. Анестезия барысында науқаста тахикардия, қарыншалық экстрасистолия пайда болды.Аритмияның себептерін атап, оны жою іс шараларын атаңыз.

  6. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесіне жоспарлы операциядан соң науқас түсті.Операция кезінде жоғалтқан қан көлемі 500 мл, толықтырғаны 800. Гемодинамиканың тұрақсыздығы байқалады: артериальды гипотония, тахикардия, аритмия, орталық веноздық қысымның төмендеуі. Қан айналымның жетіспеушілігінің себептерін атаңыз. Гемодинамиканы қалыпқа келтіру іс шараларын атаңыз.

  7. Науқас 58 жаста, 85 кг жіті аппендицит, шектелмеген іріңді перитонит диагнозымен операция дайындалуда. Операция алдындағы дайындық , премедикацияны және анестезиологиялық іс шараларын негіздеп атаңыз.

  8. Осы науқас операция кезінде көгеріп, жасанды желдендіру аппаратына қарсыластығы жоғарылап қан қысымы көтеріліп, тахикардия пайда болды. Асқынуды диагностика жасап, интенсивті терапиясын атаңыз.

  9. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста ларингоспазм пайда болды. Оның себептерін атап, жою іс шараларын атаңыз.



8 сабақ
1. Тақырыбы: Жаңа детоксокациялық әдістерді қабылдаудағы және жүргізудегі медбикенің рөлі

2. Мақсаты: Реаниматологиялық көмек көрсету кезіндегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру және іске асыру.

3. Тапсырмалар:

  • Детоксиканың заманауи әдістерімен танысу;

  • Реаниматологиялық көмек көрсету кезіндегі мейірбике – анестезистканың функцияларын талдау;

  • Инфузионды – трансинфузионды терапияға және гиповолемияға заманауи көзқарастармен танысу;

  • СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);

  • Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;

  • Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;

  • Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.

4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).

  • реферат

  • презентация

  • кезекшілік

  • есеп беру

  • тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру

  • СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу

6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.

7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.

  • «қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт», 2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.

  14. С.А. Калкабаева Бірінші медициналық көмек. Шымкент, 2008 ж.

9. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

Ең көп волемиялық коэффициентке ие қан алмастырғыш:



  1. Декстран – 70;

  2. Желатинголь;

  3. Гелофузин;

  4. НS – sterill 10%;

  5. Декстран – 40.

2. Жарақат нәтижесінде дамыған гиповолемиялық шок ... қоса жүреді.

  1. Артериалды гипотензия және брадикардия;

  2. Веноздық гипертензия және тахикардия;

  3. Артериалды және венозды гипертензия;

  4. Артериалды және венозды гипотензия;

  5. Артериалды гипотензия және венозды гипертензия.

3. Тікелей емес электрохимиялық тотығу әдісі ... көмегімен жүргізіледі.

  1. 5% глюкоза ерітіндісі;

  2. Рингкра ерітіндісі;

  3. Гелофузин;

  4. Плазманың жаңа мұздатылған;

  5. Натрий гипохлорид ерітіндісі.

4. Қалыпты жағдайда ересек адамда айналып жатқан қан көлемі ... құрайды ( дене массасы мл/кг).

  1. 50-60

  2. 60-70

  3. 70-80

  4. 80-100

  5. 100 - 120

5. Сұйықтықтың (пресперация) сезілмейтін жоғалтуы ...қалыпты жағдайда ... құрайды (мл/ тәулік).

  1. 200;

  2. 300;

  3. 400;

  4. 4; 500;

  5. 600.

6. Су балансы бұзылысының формалары:

    1. де-және гипергидратация;

    2. дигидратция: изо-, гипер-және гисоосмолярлы;

    3. гипергидратация; изо-, гипер-және гисоосмолярная;

    4. дигидратция вне-, клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;

    5. гипергидратация; клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;

    6. су балансы бұзылысының сәйкес формасы.

7. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда орташа су қажеттілігі қаншаны құрайды (мл/кг дене массасы/тәулік):

  1. 100;

  2. 80;

  3. 60;

  4. 40;

  5. 20.

8. Көлем алмастырғыш функциясын атқармайтын инфузиондық заттар

  1. электролитті изотоникалық ерітінділер

  2. декстрандар

  3. плазма

  4. қан

  5. гидрэксилирленген крахмалдар

9. 1 мл ... тамшы бар:

  1. 5;

  2. 10;

  3. 15;

  4. 20;

  5. 30.

10. 50 ... тамшы бар.

  1. 1,4 мл;

  2. 1,5 мл;

  3. 2,5 мл;

  4. 3 мл;

  5. 3,4 мл.


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР


        1. Науқас К., 40 жас, ойық жарадан кейінгі пилоропластикасы операциялық араласушылықтан кейін қатты шөлдегенін айтты. Объективті: тері қабаты құрғақ, көз алмасы қалыпты қаттылықта, қанағаттанарлық параметрлерде, әлсіз гемоконцентрация. Қажет: дисгидрия типін табу, ИТ әдістері.

        2. Мейірбике науқасқа полиглюкинді көк тамырға ташылатып енгізді. Енгізу кезінде науаста кеуде тұсының қысылу сезімдері, тыныстың тарылу, бет гиперемиясы, тахикардия белгілері байқалды. Қандай жағдай орын алды? Мейірбикнің қателігі неде?

        3. Науқасқа натрий гипохлоридін минутына 70 тамшы жылдамдығымен көк тамырға тамшылатып құю тағайындалған. 3 сағат ішінде науқасқа қанша ерітінді енгізіледі?

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ

ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН

Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»

Пәні : Анестезиология және реанимациядағы мейірбике ісі

Пәннің коды:

Курсы : 4

Кредит №3



СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Құрастырған:

А.Ә.Әлдешев.
Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.

1. Тақырыбы: Заманауи деполяриздеуші емес миорелаксанттар, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасы

2. Мақсаты: Қазіргі заманғы миорелаксанттардың жіктелуін, әсер ету механизмін, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын оқыту.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

Қазіргі заманғы миорелаксанттардың жіктелуін

Миорелаксанттардың әсер ету механизмін

Бейдеполяризациялық миорелаксанттардың әсер ету ерекшеліктерін

Деполяризацияланған миорелаксанттардың әсер ету ерекшеліктерін

Миорелаксанттардың әсер ету ұзақтығына сыртқы факторлардың әсерін

Миорелаксанттардың жанама әсері және асқынуларын

Миорелаксанттардың енгізудің әдістері мен мөлшерін.



Студент істей білуі тиіс:

Миорелаксанттардың клиникалық нәтижесін анықтауды

Өмірге маңызды мүшелердің функцияларын бақылауды ( тыныс алу, қан айналым)

Нейробұлшықеттік мониторинг жүргізуді

Препараттың оптимальды дозасын анықтауды;

Бөгеттің түрлерін, миорелаксанттарды енгізу қажеттілігін анықтауды;

Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет