ОҢТҮстік қазақстан облысы бәйдібек ауданы мыңбұлақ жалпы орта мектебі



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі351 Kb.
#28039
1   2
МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫ

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

(интеллектуалдық-танымдық сайысы)

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ішінен білімді, оқу-білімге құштар, ізденімпаз, талапты да талантты жасты анықтау

2. Тәрбиелік: Өз елінің патриоты болуға, әрқашанда алға ұмтылуға, білуге, тануға тәрбиелеу, ғылымның пайдалы жақтарын бойға сіңіре білуге баулу.

3. Дамытушылық: Білімге, ғылымға деген талаптарын, ынталарын дамыта білу, құштарлықтарын ояту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Түрі: Топтық.

Әдісі: Сайыс сабақ.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

  • Оқушылардың дайындығын тексеру, әділқазылар алқасын сайлау.

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Бірінші кезең: «Бәйге» – сайысқа қатысушы 6 оқушы пәндер бойынша тест түрінде берілген 10 сұраққа жауап береді. (төмен ұпай алған екі оқушы сайысты аяқтайды)

1. Елбасы Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” Жолдауын қай жылы жариялады?



А. 1995 ж. В. 1997 ж. С. 1999 ж.

2. Қай кезде үшбұрыштың ауданын есептеу үшін Герон формуласы қолданылады?



1. Барлық бұрыштары белгілі болғанда

2. Бір бұрышы, екі қабырғасы белгілі болғанда

3. Барлық қабырғалары белгілі болғанда

4. Тарихта мына кезеңдердің қайсысы жоқ?



А. Темір дәуірі В. Тас ғасыры С. Болат дәуірі

5. Математикада Æ мына белгі нені білдіреді?



А. “Бос жиын” белгісі В. “Шеңбер емес” белгісі

С. Мұндай белгі жоқ

6. Қышқыл ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды не деп атайды?



А. Индикаттар В. Индивидтер С. Индикаторлар

7. Адам денесіндегі сүйектер саны



А. 180-ге жуық В. 250-ге жуық С. 280-ге жуық

8. Компьютер мониторы мен адам көзі арасындағы қашықтық қанша сантиметрден кем болмауы тиіс?



А. 30 см В. 55 см С. 70 см

9. Сұйықтар мен газдарда болатын жылу алмасу процесі



А. Конвекция В. Конвенция С. Конвертация

10. “Тарихи-Рашиди” еңбегінің авторы



А. Қ.А.Яссауи В. Әл-Фараби С. М.Х.Дулати

Екінші кезең: «Жорға» – қалған 4 оқушы әрқайсысы екі пәннен сегіз пәннің сұрақтарына жауап береді. (әр пәнде 5 сұрақтан)

Биология

1. Жасушаның қызметі мен құрылысын зерттейтін биология саласы



Цитология

2. Эволюция ілімінің негізін салушы, ағылшын ғалымы



Чарльз Дарвин

3. Қызыл түсті қан жасушалары



Эритроциттер

4. Ағзаның ауруға қарсы тұра білу қабілеті



Иммунитет

5. Белгілі бір аумақта тіршілік ететін жануарлар жиынтығын қалай атайды?



Фауна

География

1. Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жан-жануарлар енгізілген Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы жарық көрді?



1981 жылы

2. Ең ұзын өзен



Ніл өзені

3. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орын алады?



9-орын

4. Желдің бағытын көрсететін құрал



Флюггер

5. Қазақстан құрлық арқылы неше елмен шектеседі?



Бес елмен: Ресей, Қытай, Қырғызтан, Өзбекстан, Түркіменстан

Информатика

1. Монитор, жүйелік блок, сканер, пернетақта. Осылардың қайсысы компьютердің негізгі құрылғысына жатпайды?



Сканер

2. Микропроцессор жасайтын АҚШ фирмасы



Интел

3. Ең алғашқы компьютер қай жылы, қай елде жасалды?



1944 жылы, АҚШ-та

4. Екілік санау жүйесіндегі 10012 саны ондық санау жүйесіндегі қай санға сәйкес келеді?



9-ға

5. Компьютерді Интернет жүйесіне қосу үшін керекті құрылғы



Модем

Қазақ тілі мен әдебиеті

1. Лексика ғылымы нені зерттейді?



Сөз және оның мағынасын

2. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Айман-Шолпан” жырлары жырдың қай түріне жатады?



Лиро-эпостық

3. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?



1997 жыл 11-шілде

4. Жалғаудың неше түрі бар? Оларды ата.



Төрт: көптік, септік, тәуелдік, жіктік

5. Отан үшін отқа түс, күймейсің,


Арың үшін арпалыс, өлмейсің.

Осы қанатты сөзді айтқан кім?

Бауыржан Момышұлы

Математика

1. “Бастамалар” атты еңбегімен геометрияның негізін салған грек математигі



Евклид

2. Х осьін басқаша қалай атайды?



Абсцисса осьі

3. Квадраттық функцияның графигі



Парабола

4. Жеңіл машина екі сағатта 120 км жол жүреді. Бес сағатта неше км жол жүреді?



300 км

5. Екі қабырғасы тең төртбұрыш



Трапеция

Тарих

1. Тарих неше кезеңге бөлінеді?



Төрт: Ежелгі дүние, орта ғасырлар, жаңа, қазіргі заман

2. Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы қай жылы басталды?



1218 жылы

3. “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” атты еңбегі үшін 25 жылға сотталған қазақ ғалымы



Е.Бекмаханов

4. “Құтадғу білік” еңбегін жазған ғұлама



Жүсіп Баласағұн

5. 1916 жылғы ұлттық-азаттық көтерілістің басталуына не себеп болды?



Қазақтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы

Физика және астрономия

1. Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларымен араласу құбылысы



Диффузия

2. Күн жүйесіндегі көлемі жөнінен екінші орындағы планета



Сатурн планетасы

3. Жарық және жарық құбылыстары туралы физика саласы



Оптика

4. Қазақтар Сириус жұлдызын қалай атайды?



Сүмбіле

5. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең?



7,9 км/с

Химия

1. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы



Аллотропия

2. Атом құрылысы теориясын ұсынған ағылшын ғалымы



Эрнест Резерфорд

3. Қандай металдарды сілтілік металдар деп атайды?



Сумен әрекеттесетін

4. “Иондар” деген не?



Зарядталған атомдар

5. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін қай жылы жасады?



1869 жылы

Үшінші кезең: «Дода» – қатысушы оқушылар белгілі бір кәсіп, мамандық бойынша (әрқайсысына екеуден) қойылған сұрақтарға жауап береді. (5 сұрақтан). Ұпай төмен екі оқушы сайыстан шығады.

Архитектура

1. “Тәуелсіздік монументі” қай қалада орналасқан?



Алматы қаласының орталық алаңында

2. “Айша бибі” кесенесі қай қаланың жанында



Тараз қаласының

3. Астана қаласындағы “Оттық” (зажигалка) деп аталып кеткен кешен қандай мақсатта пайдаланылады?



Бизнес орталығы ретінде

4. “Тәж-Махал” кесенесі қайталанбас сәулет ескерткіштерінің бірі екені мәлім. Осы кесене қай елдің қаласының маңында орналасқан?



Үндістан астанасы Дели қаласында

5. Астанадағы аса көрікті осы ғимарат қалай аталады?



Президенттің әкімшілік үйі “Ақорда”

Бейнелеу өнері

1. Жеміс-жидек салынған ыдыс бейнеленген сурет қалай аталады?



Натюрморт

2. Адамның кеудеден жоғары жасалған мүсіні



Бюст

3. Атақты қазақ суретшісі, “Түрксіб”, “Амангелді сарбаздары” картиналарының авторы



Әбілхан Қастеев

4. Бояусыз, тек қалам көмегімен салынатын бейнелеу өнерінің саласы



Графика

5. Табиғи заттарды пайдалана отырып жасалатын жасанды өсімдік түрі



Икэбана

Ғылым

1. Шоқан Уәлихановтың атын әлемге әйгілі еткен ғылыми еңбегі

Қашқария очерктері”

2. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Қазақстанның геология ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым



Қаныш Сәтбаев

3. Ежелгі қалалардың орнын қазып, онда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым саласы



Археология

4. Палеонтология ғылымы нені зерттейді?



Ежелгі жан-жануарлардың қазбаларын зерттеумен

5. Метерология нені зерттейді?



Ауа-райын

Кино

1. Қазақстанда жыл сайын өткізіліп тұратын кинофестиваль

Шәкен жұлдыздары”

2. АҚШ-тың кино түсіру орталығы қалай аталады?



Голливуд

3. Бұл фильм қасқырдың жас бөлтірігін асырап өсіріп, кейін сол бөлтіріктің талауына ұшырайтын бала жөнінде түсірілген. Сонымен қатар бұл фильм көшпенді қазақ тұрмысының көрінісіне арқау болған. Осы фильм қай жазушының романының желісі бойынша түсірілген?



Мұхтар Әуезовтың “Көксерек” романы

4. “Көшпенділер” – қазақ киносын әлемге таныту мақсатында шетелдің әйгілі актерлерінің қатысуымен түсірілген кинолардың бірі. Осы фильмде жоңғар қоңтайшысының ролін ойнаған белгілі қазақ актерін атаңыз.



Досхан Жолжақсынов

5. Эстрада әншісі Роза Рымбаева жас шағында қандай комедиялы киноға түскен еді?

Қош бол, Медеу!”

Музыка

1. Үш әншіден құралған музыкалық топ



Трио

2. Қазақстанда жыл сайын жас әншілерді таныту мақсатында өткізілетін ән байқауы

Жас қанат”

3. “МузАрт” тобы орындайтын осы әнді жазған композитор



Нұрғиса Тілендиев

4. Ауданымыздың әнұранына айналған “Алғабасым” әнінің авторы



Нышан Төлегенов

5. ҚР еңбек сіңірген артист, композитор, дирижер, “Халық қаһарманы”



Нұрғиса Тілендиев

Саясат

1. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған ел



Түркия

2. ҚР Конституциясы алғаш рет қай жылы қабылданды?



28-қаңтар 1993 жылы

3. Қазақстандағы облыс саны



14

4. Мәжіліс депутаты, белгілі ақын



Мұхтар Шаханов

5. Облыстың бұрынғы әкімі Нұрғали Әшімов қазір қандай қызмет атқарады?



Қоршаған ортаны қорғау министрі

Спорт

1. Оңтүстік Қазақстан облысының футбол командасы

Ордабасы”

2. Екі адамның ат үстінен бір-бірін түсіріп тастауға тырысатын қазақтың ұлттық ойыны



Аударыспақ

3. “Г” әрпіне ұқсас жүріс жасайтын шахмат фигурасы



Ат

4. Ең ұзақ қашықтыққа жүгіруді қалай атайды?



Марафон

5. Волейболда үзіліс жасауға берілетін уақыт



Тайм-аут

Экономика

1. Біздің ауданымыздың экономикасының өркендеуіне үлес қосып отырған компания

ҚазАтомПром” ұлттық компаниясы

2. Қазақстан қанша экономикалық зонаға бөлінген?



Бес: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық

3. Ақша құнының құлдырауын қалай атайды?



Инфляция

4. Қытай валютасы



Юань

5. Тауардың өзге елден әкелінуі



Импорт

Төртінші кезең: «Аламан» – Қалған екі оқушыға әрқайсысына 15 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға 1 минутта тездетіп жауап беру қажет.

Аламан (1-оқушы)

1. 1200019 саны үшке бөліне ме?



Бөлінбейді

2. Молекулалық физиканың дамуына зор үлес қосқан орыс ғалымы



М.В.Ломоносов

3. Сөз құрамын зерттейтін тіл саласы



Морфология

4. “Ер Төстік” ертегінің қай түріне жатады?



Қиял-ғажайып

5. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар



Оксидтер

6. Жылу бөле жүретін реакция



Экзотермиялық

7. Органикалық заттардың тотығу процесі



Фотосинтез

8. Басқа ағзалардың есебінен өмір сүретін ағзалар



Паразиттер

9. Күннен санағанда төртінші орналасқан планета



Марс

10. Көлемі жөнінен екінші материк



Африка

11. Түркияның астанасы



Анкара

12. БҰҰ қай жылы құрылды?



1945 жылы

13. Гректер сақтарды қалай атаған?



Массагеттер

14. Бүкіләлемдік компьютерлік желі



Интернет

15. Астананың Ақмоладан бұрынғы атауы



Целиноград

Аламан (1-оқушы)

1. 2011104 саны тоғызға бөліне ме?



Бөлінеді

2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы



И.Ньютон

3. Дыбыстарды зерттейтін тіл саласы



Фонетика

4. “Түлкі мен арыстан” қай ертегі түріне жатады?



Хайуанаттар

5. Металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын заттар



Тұздар

6. Жылу эффекті көрсетілген реакция



Термохимиялық

7. Оттексіз ортада өмір сүретін ағзалар



Анэробтар

8. Жерде тіршілік шамамен қай кезде пайда болды?



3,5 млрд жыл бұрын

9. Қазақтар Юпитер планетасын қалай атаған?



Есекқырған

10. Көлемі жағынан үшінші мұхит



Үнді мұхиты

11. Ашхабад қай елдің астанасы



Түркіменстан

12. Қазақстан 2009 жылдан бастап қандай ұйымға төрағалық етуде?



ЕҚЫҰ (Еуропалық қоғамдастық-ынтымақтастық ұйымы)

13. Қазақ хандығының негізін салушылар



Керей мен Жәнібек

14. “www” сөзі не мағына білдіреді?



World wide webбүкіләлемдік желі өрмегі

15. Астана күні қай күні мерекеленеді?



6-шілде

ІІІ. Қорытынды.

Ұпай санын есептеп, жеңімпаз оқушыны анықтау, марапаттау. Қорытынды сөз сөйлеу.
Каталог: materialy -> informatika
informatika -> Шымкент қаласы Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің
informatika -> «тапқыр информатиктер» атты сайыс сабағы Салқымбек Гүлмира Камалқызы, Молдабекова Тұйғын Ергенқызы «Информатика»
informatika -> Сабақтың тақырыбы : Паскаль тілі. Тілнің алфавиті Сабақтың мақсаты : Паскаль туралы түсінік алу, тілнің алфавитін білу
informatika -> Түркістан-2014ж Сабақтың тақырыбы
informatika -> Сабақтың тақырыбы: Пішін және басқару элементтері Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақтың тақырыбы : Нысандарды өшіру, өшірілген файылдар мен бумаларды қалпына келтіру. Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақ 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар Физика және информатика пәнінің мұғалімі: Ермекбаева Балнура К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектебі Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 8 а Пәні: информатика Сабақ тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері Сабақ мақсаты
informatika -> Сабақтың тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет