Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі253,3 Kb.
#25295
  1   2
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы

С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп

Микробиология


Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі

11 сыныптарға арналған қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламасы.
Жаратылыстану- математикалық бағыт.



Биология пәнінің мұғалімі:

Исмагулова Акзия

2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Н.Кәттебеков

1 қыркүйек 2015 ж

Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі

11 сыныптарға арналған қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламасы.

Жаратылыстану- математикалық бағыт.

Биология пәнінің мұғалімі Исмагулова А

Түсінік хат

Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік ету жағдайларын, қалыпты жағдайда және патологияларда адамдардың өмірінде және табиғаттағы рөлін зерттейді.

Микробиология - өзара тығыз байланысты бірқатар пәндерді - бактериологияны, вирусологияны, микологияны, аронтозоологияны және иммунологияны біріктіретін интегральды пән, сондықтан оларды зерделеу рациональды кешенді жүргізу керек.

Медициналық микробиология адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогенділік факторларын, жасушалық және молекулалық-генетикалық деңгейде олардың іске асырылу механизмін зерттейді.

Оқыту процесі барысында пәнді клиникалық тұрғыдан зерделеудің маңызы зор. Мысалы, макроорганизм мен микроорганизм арасында, микробтардың өндіруімен және қоздырғыштың басқа биологиялық қасиеттерінің аурудың белгілеріне тікелей байланысты екеніне көңіл аудару керек.

Микробиологиябиологияпәнінің бір саласы ретінде оқушылар жалпы мәлімет білуі тиіс. Микробиология ғылым жағынан теориялык биологияның маңызды мәселелерін шешеді.

Микробиология бағдарламасы болашақ биолог мамандарды дайындауда ғылымның қазіргі жетістігін, теориялық білімнің негізін қамтамасыз ететін биология ғылымның маңыздылығын айқындайды.

Микробиология базалық жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.



Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиология іргелі және қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысандары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар болып табылды.

Курстың мақсаты:

  • Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі тгеретін мамандыққа баулу.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

  • Оқушыларды теориялық білім мен тәжірибелік дағдыға баулу.

  • Микроорганизмдердің жасушасын ядросыз, яғни анциттер прокариоттарды зерттейтін ғылым екендігін түсіндіру.

  • Микроскоп арқылы ғана көрінетін күрделі бөліне алмайтын жеке бөлшек түрінде бөлінетін механизмді оқыту.

  • Микробиология туралы үғымды үйрету.


Пәннің міндеттері:

  • микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері және жіктелуі жөнінде мағлұмат беру;

  • зерттеу материалынан таза дақыл алу әдістерін, жіктеу принциптерін, микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауды үйрету;

  • макро- және микроорганизмнің молекулярлық әрекеттесу механизмдері туралы түсінік, микроорганизм тудырған аурудың белгілері негізінқалыптастыру;

  • инфекциялық агенттерден макроорганизмнің негізгі қорғаныш механизмдеріне және иммунологиялық реакция түріне сипаттама беру;

  • микробтар тудырған аурулардың белгілері, инфекциялық иммунитет қалыптасу негізі, арнайы емдеу және ауруды емдеу принциптерін жайында түсінік беру ;

  • жүқпалы және жұқпалы емес микробтық этиологиялы аурулардың таралуында қазіргі кездегі микробиологиялық әдістерімен таныстыру;

  • микробиологиялық зерттеуге арналған биологиялық материалды алу ережесі жайында түсінік беру.


Каталог: uploads -> doc -> 0dd4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd4 -> СабақТЫҢ мақсаты : Білімділік: "теледидар" тақырыбына әңгіме жүргізу. Теледидар туралы
0dd4 -> Сабақ Тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет