Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, №44 «Жанар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Мархабаева Улбосын Кошкаровна



Дата07.07.2017
өлшемі44,25 Kb.
#20711
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы, № 44 «Жанар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Мархабаева Улбосын Кошкаровна

Дәрігер денсаулық қорғаушысы

Мақсаты: балаларды мазмұнды рөлдік ойын арқылы тәртіп ережесін мұқият сақтауға, үлкендермен қарым-қатынаста ізет білдіріп сәлемдесуде, дәрігермен сөйлесе білуге, дәрігердің не үшін керек екенін түсіндіруге, алғыс айтуға, қоштасуға үйретіп, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ойын барысында барлық балалардың қатысуын міндетті түрде қадағалап, ойын арқылы балаларды өмірге әзірлеу, сөздік қорын молайту.

Сөздік жұмысы: дәрігер, емхана, дәріхана, ыстық өлшеу құралы.

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме!-деп,

Амандасып аламыз.



Кіріспе әңгіме

Балалар бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелейміз.

Мамандықты қалай түсінесіндер? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрғайсымыз қалаған мамандығымызды айтамыз.

Мамандық дегеніміз адамның еңбек қызметінің түрі.

Балалар белгілі бір қызмет иесі болу үшінарнвайы оқу керек.

Енді тақтаға назар аударындар?(мамандықтардың суреттері ілулі).



  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Сендер ата-аналарыңның қандай мамандық иесі және қайда жұмыс істейтінін білесіңдер ме?

  • Балалар біз кеше қайда бардық?

  • Онда не көрдіңдер?

  • Дәрігерлерді және дәрігерге қажетті құралдар көрдік. (слайд көрсетеді).

Тақпақтар

Әжеме тіс саламын,

Көзіне очки тағамын.

Сондықтанда өскенде,

Мен дәрігер боламын.

Кішкене әлі баламын,

Таудай болар талабым.

Ақ халатты абзал жан,

Мен дәрігер боламын.

Тәрбиеші: Дәрігер-ауруға жәрдем беретін, ауруды емдейтін, мейірбан жүректі жан. Бүгін біз ерекше іс-әрекет жасаймыз. Бізге келген қонақтарға қалай ойнайтынымызды көрсетеміз.

Сахналық көрініс: Емхана

(Балалар кабинетке бөлініп кезекке тұрады).



  1. Бала дәрігерде.

Әсел: Сәлеметсіз бе? Менің басым , тамағым қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Дене қызуын бар сияқты, өлшейін. Иә, қызуын көтеріліпті. Тамағың қызарып тұр, суықтап қалғансың. Тамағынды түймедақ қайнатпасымен күніне 3 рет шайқайсың. Мына дәрілерді дәріханаға барып аласың. Шырынды суды көп ішу керек.

Әсел: Рахмет, сау болыңыз.

Дәрігер: Сау бол.

  1. Бала дәрігерде.

Адия: Сәлеметсіз бе? Менің баламның іші ауырып түнімен ұйықтамай шықты.

Дәрігер: дене қызуы жоқ. Балаңыз жеміс-жидекті жумай жеген, содан іші ауырып тұр. Мына дәрілерді дәріханадан барып алыңыз.

Адия: Рахмет. Сау болыңыз.

Дәрігер: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: балалар, ойын ұнады ма сендерге?

  • Иә.

Тәрбиеші: Мамандық таңдау балабақша қабырғасынан басталады.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан» деген. Сендердің таңдауларың әртүрлі. Біреуін ертең ақын, екіншін инженер, үшіншін құрылысшы боларсыңдар. Жаман мамандық жоқ, мамандықтың бәрі жақсы.


  • Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал-мәтел біледі?

  1. Еңбек түбі-береке.

  2. Еңбек түбі-зейнет

  3. Еріңбей еңбек етсең-ернің асқа тиеді,

Ерініп ілбіп жүрсең-иегің тасқа тиеді.

  1. Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының дауысы сүйкімді.

  1. Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

  1. Шеберді саусағы асырайды,

Қойшыны таяғы асырайды.

Қорытыңды: Денсаулық-ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке, тамыр жүйесі.

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулықты қолдайтын,

Қәне достар кел бері

Болашақты қолдайтын

Біздер елдің ертеңі.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемін біледі.

Түсінеді: баланың бойына жақсы қасиеттердің сіңуі.

Меңгереді: ойын арқылы балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді. Мейірімділік, қамқорлық сезімдері оянады. Қоғамдық тәжірибені меңгереді.

44 «Жанар» бөбекжай балабақшасы



Ашық сабақ

Тақырыбы: Дәрігер денсаулық қорғаушысы



Тәрбиеші: Мархабаева Ұ.Қ.

Шымкент 2017 жыл


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет