Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласы №87 жалпы орта мектеп Булабаева Эльмира Жумабековна «Өзін-өзі тану» пән мұғалімі Мектеп



Дата13.02.2017
өлшемі62,88 Kb.
#9153
түріОқулық
Оңтүстік Қазақстан Облысы

Шымкент қаласы

87 жалпы орта мектеп



Булабаева Эльмира Жумабековна

«Өзін-өзі тану» пән мұғалімі

Мектеп №87 Мерзім 09.02.2016 Мұғалім Булабаева Э.Ж.

Сынып 6 «Е» Оқушылар саны 31 оқушы

Тақырып: «Өнеге отбасынан»

Құндылық : Сүйіспеншік Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сыйластық, адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімділіктің маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға адам бойындағы сүйіспеншілік, шынайылық қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық: адамдарға деген риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру;

Тәрбиелік: отбасын, отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.




Ресурстар:

Қажетті құрадар

Оқулық

Плакаттар



Маркерлер

Видоеролик



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезең. Тыныштық сәті. Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!


Ескерту: 5 «Т»


Дәйексөз.
«Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ

Бала-жағасындағы құрақ»

Халық мақалы



  1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Неге біз әкені тауға балап тұрмыз?

  3. Отбасындағы татулықты қалай түсінесіңдер?

  4. Ананың балаға деген махаббатын неден көруге болады?

  5. Өз бойыңғы сүйіспеншілігіңді кімге арнайсың?







Оқиғаларды әңгімелеу

ПАТРИЦИЯ СЕНТ-ДЖОННЫҢ«АҚ   ОРАМАЛ»  ӘҢГІМЕСІ

Автобус аялдамасы жанынан өтетiн жол жиегiнде отырған адам жолдағы тастарға тесiле қарап  қалған. Оның қырынбаған бетаузы, салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтiңкесi аялдамада  топталып тұрған адамдардың назарын өзiне аударды, бiрақ әлгi адамның өзiне қадалған  жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңе  елеместен ол өзi және өзiнiң өмiрi туралы қалың ойға батып кеткен едi.

Ол өзінің қызыл кiрпiштен салынған үйде тұрған кiшкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесіедегі гүлді, әкесi бұған құрастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп  үйренген  жолды  сағынышпен  есіне  түсірді.

 Уақыт өте ол ескi велосипедiн мотоциклге ауыстырып, үйiнде  аз  бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар едi. Әкесi мен шешесi бұған кәрi және мезi  қыларлықтай көрiндi, ол көбіне уақытын  сыраханада  көңiлдi  өткізетін еді.

Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды. Бұдан  шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды: бұл әкесiнiң ақшаны қайда сақтайтынын жақсы бiлетiн, ата-анасының  баққа шыққан сәтiн пайдаланып,  әкесiнiң жинаған ақшаларын қолына түсiрдi.  Ол  ата-анасын  ең соңғы рет көруi едi:  өзi iстеген әрекеттен кейiн, ол үйiне келе алмайтын болды. Көп кешiкпей шетелге кеттi.

Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсiп сандалғандығы мен түрмеде өткiзген жылдары жөнiнде ештеңе бiлмедi. Егер әке-шешесi  әлi тiрi болса және мұны  көргiлерi келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесудi қандай  армандады десеңшi!

Жазасын өтеп, бостандыққа да  шықты.Туған қаласына асығыс   бет алды.

Ата-анасына  осылайша, оқыстан,  жетiп баруға  мұның  қандай қақысы бар?

Олар бірақ осы бiр  албажұлба  кезбеден  бiр кездерi өздерi сүйген, бұлардың үмiттерiн қатiгездiкпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Ол күнi бойы дерлiк ағаш саясында отырды. Кешкiсiн өзiне қанша ауыр тисе  де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: "Менi көргiлерiң келетiнiне ешқандай үмiтiм жоқ  екенiн бiлемiн... Шешiм сiздерде. Мен бейсембi күнi көшенiң аяғында таңертең ерте күтемiн. Егер үйге  келуiмдi қаласаңыздар, менiң жататын бөлмемнiң терезесiне ақ орамал iлiп қойыңыздар. Оны сол  жерден көрсем, үйге келемiн, көрмесем ескi  үйге "қош бол" деймiн де, өз жолыммен кетемiн", деген  сөздермен аяқталғанды.

Мiне, бейсенбi күнi де жеттi. Адасқан ұл белгiленген жерге келдi. Өзінің ескi көшесi! Не күтіп  тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзiмi жетпей барады.

Егер терезеден ақ орамалды көрмесе...  Ал ата-анасы  әлi бұрынғыдай осында болып, әншейiн мұны көргiсi келмейтiндей  жағдайда болса..., өзiне не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзiн-өзi  жұбатуда. Шынар ағашының қасына таяғанда көзiн тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзiн ашқанда, оның  жанары  құмарта алға тiгiлдi. Қызыл кiрпiштi үйдiң шатырына күн сәулесі түсiп тұр екен,  оның жүрегі дүрсілдеп  қоя берді....

Әрбiр терезеге  жастықтың тысы, сүлгi,  дастархан, қол орамал және асхана салфеткалары iлiнген. Шымылдық терезе желдеткiшiнен бүкiл  шатырға созылған. Таңғы күн сәулесiнде жарқыраған қар тәрiздi.

 Оқыс қателiкке жол бермес үшiн,  ата-анасы  қолдарынан келгенiнiң бәрiн iстептi! Ақша қардай аппақ болып жарқыраған өз үйiн көрген  ұлдың еңсесiнен ауырлық түсiп, бойы жеңiлдеп, кеудесiн қуаныш кернеді.

Ол орнынан  тұра  жүгiре,   өз  үйінің  айқара  ашылған есiгiне қарай құстай ұшыты.








Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс Балаларды түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлеміз.

1-топ: «Мен және менің отбасым» хат жазу

2-топ: «Отан-отбасыдан басталады» жақсы тілектер жазу

3-топ: «Менің үйім-менің қорғаным» сурет салу

4-топ: «Маған қымбат жандар» биопоэма жазу





Топпен ән айту. «Атамекен»

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.




Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру. Баяу музыка. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Оны жүрегімізде сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдеріміздіалақанға салып, барша әлемге сыйлайық.


Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде!






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет