Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбекова Салтанат Сатайқызы



Дата05.02.2017
өлшемі136,73 Kb.
#8755
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

«№99 мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Айтбекова Салтанат Сатайқызы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппе!
Мақсаты: Барлық ғылым беташары- Әліппені бітірулеріне байланысты Әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің үйренгендерін, білгендерін, оқығандарын көрсету
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, сыйластыққа, эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Мақатаев, Н.Назарбаев портреттері, гүл шарлар, т.б.

Барысы:

Құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер 1в сыныбының «Қош бол, сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да- Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Мына тұрған кешегі бүлдіршіндер, бүгінгі шәкірттер, ертеңгі ата-ананың ұл-қыздары емес, халықтың ұл-қыздары болсын.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.


Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін міне салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырмақ,

Әліппеден мәңгілік,

Әріптерді таныған.

Өңкей білгіш балдырған.

Құтты болсын тойларың!

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң,

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Ұғып ал білім боларын,

Шам-шырағың жолыңда.

Көлге ойнаған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар «Әліппе»,- деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның ең алғашқы жолы ғана.
Бала деген шіркін-ай балдай екен!

Тәттілігі жая мен жалдай екен!

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай енді кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!



«Мұғалім ол біздің» әні орындалады.

Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан

Оқуға іркілмей,

Тоқуға ұстартқан.

Қамқоры ұл-қыздың

Мұғалім ол біздің
Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл-қыздың

Мұғалім ол біздің.



Мұғалім:

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан.

Қандай кітап тіл ашқан?

Оқушылар: (хормен) Әліппе!

Олай болса өзіміз алғаш рет қолымызға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппе:

Арымысыңдар, жас достар!

Армысыздар, ата-аналар!

Болашаққа жас бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген.

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Мұғалім: Ал, балалар, Әліппе жайлы не білесіңдер? Қане ортаға салайық. Ең алғаш «Әліппе» оқулығын жазып беріп кеткен кім?

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин

Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин деген кім болған?

Оқушылар: Ағартушы, педагог болған.

«Әліппе» оқулығынан қанша әріп үйреніп жаздыңдар?



Оқушылар: 42

Мұғалім: Қанша дауысты дыбыс бар?

Оқушылар: 15 дыбыс.

Мұғалім: Қанша дауыссыз дыбыс бар?

Оқушылар: 25 дыбыс.

Мұғалім: Кейде дауысты, кейде дауыссыз бола алатын қандай дыбыс?

Оқушылар: У дыбысы

Мұғалім: Қанша белгі бар?

Оқушылар: 2 белгі бар.
Әліппе: Сендерге рахмет балалар, мені жақсы меңгеріпсіңдер, сендерге сәт сапар тілеймін. Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды әрқашанда қуантып жүріңдер!
Хор: «Әліппе»

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.
Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.




1-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


2-оқушы: Әліппем менің, әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


3-оқушы: Қош бол құтты, Әліппе!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


4-оқушы: Сөйледі олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды

Тыңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен жұмбақ, жырларды.


5-оқушы: Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан,

Әліппе білім бесігі!


6-оқушы: Арта берді кітапқа,

Бойымдағы қуаныш.

Бірге жүрген қасымда,

Кітап болды сыңарым.


7-оқушы: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол.

Тырысып бақ намысқа.


8-оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


9-оқушы: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тоймадық.


10-оқушы: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды қолдайды.



11-оқушы: Күндерге күн ұласты,

Жылжып-жылжып ой асты.

Ойдағыдай бітірем,

Мен бірінші класты.


12-оқушы: Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.


Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.


13-оқушы: Анам менің, әкем де,

Атам менен апам да.

Шопан, ұшқыш, ғалам да,

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке,

Ашқан алғаш әліппе.


14-оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.


Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге ұшамын мен.


15-оқушы: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


16-оқушы: Армысыздар мұғалімдер әз-жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.


17-оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреттің оны Әліппе


18-оқушы: Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке,

Ырза боп саған жүреміз

Қош бол, сүйікті Әліппе!



19-оқушы: «Әліппе» даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет, ұстаз алғашқы!


20-оқушы: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі,

Соғылған сомдап алтыннан

«Әліппе» білім бесігі!


21-оқушы: Бүгін біздің, балалар,

Әліппе күнгі тойымыз.

Бәріміздің бара-бар,

Бойымыз бен ойымыз.


Кел балалар ойнайық.

Әліппе тойын тойлайық.

Ертең тағы сабақ бар,

Оқуды да ойлайық.


Сәби едік кеше біз

Үлкен болып өсеміз

Көп мұхитты кешеміз,

Көк әлемін кеземіз!


Нұрбол мен Мейірбек: «Атамекен» әні.

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Айдарыңнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсем атамекен

Көкейімде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен.


Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем


Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауын аспанымен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем


Мұғалім: Ал енді балалар Әріптер не дейді екен тыңдайықшы!
А-әрпі: Әліппе менен басталып,

Болған соң өзім бас әріп.

Мереке, дулы жиынды

Жүремін әр кез басқарып.


Ә-әрпі: Бас әріпке інімін,

Дауыстының бірімін.

Ә дегенің - Әліппе,

Бастауы бар білімнің.


Б-әрпі: Басындамын, бал десең,

Бар боламын, бар десең.

Қай әріппін, қанеки,

Ұмыттың ба әлде сен?


Г-әрпі: Өлкеме беріп жарасым,

Құлпыртқан сай-саласын.

Гүлді сүйсең, сен егер,

Мені де тез табасың.

Қане, атымды кім айтар,

Қайсың зерек баласың?


Ғ-әрпі: Ғанибет, ғибрат жанымда,

Ғылым да менде, ғалым да,

Керегіңді алып қал,

Ғажайып мынау шағыңда.


Д-әрпі: Дария, дарқан, даламын,

Дарамын да данамын.

Добы да боп кетемін,

Ойынқұмар баланың.

Айтшы қане, сонымен,

Мен қай әріп боламын?


Е-әрпі: Ер Тарғын, Едіге, Ерасыл,

Елін сүйген ерлерім.

Есімімді шын асыл,

Елдікпен ізде сен мені.


Ж-әрпі: Жалынды жаздың шуағы,

Жаңбырмен жүзін жуады.

Екі орақ пен бір таяқ,

Белін бірге буады.

Ол қай әріп болады?
З-әрпі: Зерделі де, зерек те,

Зиялы да, керек те.

Шатастырып үштікпен,

Тек сен оны жер етпе.


И-әрпі: Инабат пен ибада,

Ол тұрады алдында.

Күллі адамзат сыйлаған,

Имандылық бар мұнда.


Қ-әрпі: Қалам, қағаз, қарындаш,

Құрба құрдас, қарындас.

Қ әріптен басталар

Деп жазсаң да қара қас.


Л-әрпі: Лаулап жанған алауда,

Желбіреген жалауда.

Балада да мен бармын,

Біледі мені әр аула.


М-әрпі: Махамбеттей ерім бар,

Мағжан сүйген елім бар,

Мұқағали жырлаған,

Мақтан етер жерім бар.


Н-әрпі: Нардың нары-үлегі,

Нарын құмда жүреді.

Нартәуекел!-деп атам,

Нарүлекке мінеді.

Мені білген әрқашан,

Нан қадірін біледі.


О-әрпі: Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер

Отан – ана

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел.

Ө-әрпі: Өнермен өрлеп өрге мен,

Өрнек өрем өрмеден.

Өрістімін өнермен,

Өмірлімін өлеңмен.

О-деп қалар кейде тек,

Белбеуімді көрмеген.

Ойлап көрші зердемен,

Қай әріппін сонда мен?


Р-әрпі: «Р»-ға тілің келе ме?

Қырларда құр - деші,

Жайылып жүр, - деші,

Біреуі қарауыл,

Қарайлап тұр, деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р – деші.
С-әрпі: Сәуле болып жарық күн,

Суға да мен қарықпын.

Сөз таппайтын серке боп,

Тай тұяқтай әріппін.


Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.


Ұ-әрпі: Ұя, ұлу, ұшақтың

Басын бастап беремін.

Құс жұмыртқа, бұтақтың

Ортасында келемін.


Ү-әрпі: Үлбіреген самалмен,

Үмітімін сан ардың.

Үлпілдеген үкідей,

Ұяң дыбыс саналдым.


Х-әрпі: Қос жарты айдың арқасы,

Түйіскенде байқалық.

Бас әріпке саналып,

Х туып тұр, жаңалық!


Ш-әрпі: Шананың да, шардың да,

Мен тұрамын алдында.

Менен ғана басталар,

Шұғыла да шалғында.


Ы-әрпі: Ынта менен ырыстың

Алдынан қашан ығыстым.

Ызғарды да ыстықты,

Мен бастауға тырыстым.


І-әрпі: Киім шешсең, ол киеді асығып,

Алып кисең білдірмейді қарсылық.

Қане, мұны қайсы бала шешеді,

Басында оның қандай әріп?-деседі.


Я-әрпі: Қоянда бар, түйеде жоқ,

Шаянда бар, биеде жоқ,

Аязда бар, боранда жоқ.

Ол қай әріп?



Оқушы:

«Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты балаңыз.
Әліппе: Ой, бәрекелді балалар, міне сендер барлық әріпті атап өттіңдер. Бірін жұмбақтап, енді бірін мақалдап, тіпті жаңылтпаш түрінде де шатастырмай, дұрыс айттыңдар! Сонымен сендер «Әліппені» толық аяқтадыңдар.

Рақмет! Ризамын сендерге!

Ал мына жақта келе жатқан кім екен?

Хормен: Ана тілі ғой!

Ана тілі: Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып, мені таза ұқыпты ұстасаңдар, оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі-пәнімін,

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


Қазақ тілі: Балалар мен сауатты жазуға үйретемін. Мені ынталы оқып, көркем, таза етіп жазуларыңа көмектесемін.

Қазақ тілі- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім.

Бұл мәңгі сенің қазақ тілің.



Математика: Есептеуге жүйрік болсын жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар-табылатын қасыңнан.

Балалар мен сендерге санауды, есеп құрастырып шығаруды, көптеген қызықты математикалық жұмбақ шешуді үйреттім.
Оқушы: Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Төртті бөліп екіге,

Жауабын тез табамыз.


Біздің келер шамамыз,

Көбейтуге данамыз.

Төрт амалды тең білер,

Өте зерек боламыз.


Оқушы: Мектептің әдемі ғой әр сабағы.

Қызық-ау, әсіресе ән сабағы.

Гүлдариға Шара болып би билесе

Мадина Күләш болып ән салады.


Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.


Мұғалім: Ал енді шынымен де ән-би сабағын балалар меңгерді ме жоқ па, біз талантты шәкіртпіз бе жоқ әлде түк те ән сала білмейміз бе қане соны ата-аналар мен ұстаздарға, келген қонақтарға көрсетейікші.
Қыздар: «Хафанана» биі.
Нұргүл мен Нұрымжан: «Жайнашы гүлім» әні.
Оқушылар: «Тентегім» биі.
Дариға: «Ауылым әнім» әні.
Айтжан: «Лейла» әні.
Қасым мен Сүндетәлі: «Елім менің» әні.
Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет