Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығының «Менеджмент және жаңартылған білім беру мазмұны»



Дата04.07.2018
өлшемі59 Kb.
#46984
Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығының

«Менеджмент және жаңартылған білім беру мазмұны» бөлімінің шағын жинақты мектептер әдіскері

Орынбасар Данияр Шәріпұлы

Тірек мектебін (ресурстық орталық) ашу – ауылдық жерде білім беру сапасын көтеру мәселесін шешу жолы
Қазіргі жағдайда мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар қоғамдық-экономикалық қатынастардың ғаламдануы, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену, оны сапалық тұрғыда қайта құруға бағытталған. Бүгінгі күні тарихи, географиялық және басқа да жағдайларға байланысты басым көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беретін мектептер үшін бұл өте қажет. Сондықтан қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру барысында ауыл мектебіне баса назар аударылуда. Ауыл мектебінің мәселесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл – ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты құндылық.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек ғана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді», - деп атап көрсетті.

Елбасының білім беру жүйесіне қойған талаптарын жүзеге асыруда ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан шағын жинақты мектептердің қызметін дамыту мәселелері қолға алынып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жоғарыда аталған міндеттерді ескеретін болсақ, бүгінгі таңда еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – ауыл мектептерін дамыту.

Қазақстандағы ауыл мектептерінің көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Ал білімін әлемге танытқан талай саңлақтар мен жүйріктер санаты ауыл мектептеріндегі шағын жинақты мектептер үлесінде. Сондықтан қазіргі таңда ШЖМ мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге, оқу-тәрбие үдерісіне шығармашылықпен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау қажет.

12 жылдық білім беруге өту кезеңінде мекеме басшыларын шағын жинақты мектептің (ШЖМ) білімділік үдерісін ұйымдастыруға қажет жағдайларды жасау толғандырып отыр. Бүгінде бұл мектептер көптеген проблемаларды бастан кешіп отыр. Материалдық-техникалық базасы төмен, қаржыландыру жағы жеткіліксіз, білікті педагогикалық кадрлар жоқтың қасы.

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептердің арнайы дидактикалық базасы жасалмаған. Бұл мектептегі оқытудың ерекшеліктері – оқу-әдістемелік кешендер құрылымы мен мазмұнында ашылмайды. ШЖМ оқу жоспарларының дәстүрлі құрылымы, дәстүрлі оқу бағдарламалары басымдылық танытады. Барлық пәндер бойынша білікті мамандар жетіспейді. Мұғалімдерге бірнеше пәндерді жүргізуге тура келеді. Бұл оқушылар білімінің сапасын төмендетеді.

Бүгінде ШЖМ білімділік үдерісті ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірбиесі бар. Бұл – оқу үдерісін дәстүрден тыс құру, ШЖМ ерекшелігін ескеру.

Алайда, мұның бәрі тұжырымдамалық өңдеуді қажет етеді. Нақтырақ айтсақ, ШЖМ сабақ қандай болуы керек, педагогикалық «жалғыздық» жағдайында қалай жұмыс істеуге болады, балалардың демалысы мен тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыруға болады, мектептің оқу-материалдық базасы қандай болуы керек, бірнеше пәнді бір уақытта жүргізетін мұғалім қандай болуы керек және т.б.

Ауыл жағдайындағы ШЖМ сақтау мен дамытудың бір моделі – Ресурстық орталық – тірек мектебі болып табылады.

ҚР «Білім туралы» заңның 53 бабының 2 тарауында (2011 жыл) тірек мектебі (ресурстық орталық) – негізінде шағын жинақты мектеп оқушыларының сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтар, оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясын өткізу мақсатында жақын орналасқан шағын жинақты мектептердің білім беру ресурстары шоғырланған жалпы орта білім беру ұйымы болып табылады.

Электронды, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрлерін қолдану, даралай оқытуды ұйымдастыру – Ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруының негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тірек мектебінің білім беру жүйесі күтілетін нәтиже есебінде аймақтың ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-аналарының қажеттіліктерін ескере отырып, педагогикалық іс-әрекеттерге бірегей талап қоятын тұтас мақсатты қарастырады.

Мұндай парадигмалық жүйе ауылдық жердегі шағын жинақты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық пен әлеуметтенуіне бағытталған білім беру ісінде педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға көмектеседі. Тірек мектебінің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін, атап айтқанда, мақсатты дараландыру, саралау, білім беру үдерісін нақты технологизациялау ерекшеліктерін зерттеу 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектептер құрудағы өзекті мәселе болып табылады.

ОҚО әдістемелік кабинетінің 18.04.2018 жылғы 336 н/қ бұйрығының негізінде 2018 жылдың сәуір айының 27-не Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта мектеп лицей-интернаты базасында Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандық білім бөлімдерінің шағын жинақты магнитті мектептердің Ресурстық орталық жұмысына жауапты әдіскерлері, Ресурстық орталық директорлары, шағын жинақты магнитті мектеп директорының орынбасарларына арналған «Шағын жинақталған мектеп проблемаларын Ресурстық орталықтар арқылы шешу механизмдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары өткізілді.



Мақсаты: Отырар ауданындағы шағын жинақты магнитті мектептерінің Тірек мектебі (Ресурстық орталық) Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта мектеп лицей-интернатының іс-тәжірбиесін облыстың Тірек мектептеріне тарату.

Міндеттері:

  • Тірек мектептердің қызметін жетілдіруде және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің қызметін дамытудың мониторингін құру;

  • Ресурстық орталық, шағын жинақты магнитті мектептердің білім беру үдерісін

ұйымдастыру;

  • Тірек мектебінде (РО) нұсқаушы, аралық және қорытынды сессиялық сабақтар ұйымдастыру шараларын іске асыру.

Тәжірибелік семинар төмендегі бөлімдерді қамтыды:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Пленарлық;

  3. Тәжірибелік;

  4. Сыныптан тыс іс-шаралар;

  5. Қорытынды.

Пленарлық отырыста баяндамалар оқылды.

  1. Ресурстық орталық (тірек мектебі) білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері (Баяндамашы: Ө.Жәнібеков атындағы №4 ЖОМ лицей лицей-интернаты директоры Ә.Әріпбеков);

  2. Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) дамыту – сапалы білім берудің кепілі (Баяндамашы: ОҚО ӘК әдіскері Д.Орынбасар)

  3. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мәселелері (Баяндамашы: Отырар АББ бастауыш сынып әдіскері Р.Есенәлі);

  4. Шағын жинақты магнитті мектеп оқушыларын жаңа сынып ұжымына әлеуметтік-психологиялық бейімдеу (Баяндамашы: Ө.Жәнібеков атындағы №4 ЖОМ лицей-интернатының психологы Г.Амангелді);

Баяндамашылар тарапынан шағын жинақты мектептердің жай-күйі және негізгі проблемаларын шешу мақсатындағы шағын жинақты мектептерінің Тірек мектебі (Ресурстық орталық) маңыздылығы, тірек мектептерінің іс-әрекеттерін басқару және ұйымдастыру, құжаттармен жұмыс жасау бойынша ақпараттар берілді.

Сонымен қатар «Сарыкөл», «Сырдария» шағын жинақты негізгі орта мектептерінің Тірек мектебі (Ресурстық орталық) Ө. Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта мектеп лицей-интернатындағы сессия және сессияаралық т.б. білім беру үрдісін ұйымдастырылу мәселелері бойынша сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар, тірек мектебі аясындағы жұмыс жүйесі меселелерін айқындауда практикалық-семинар сабақтар барысы:



  • Ашық сабақтар мен іс-шаралар, жобалау, интербелсенді әдістер;

  • Сессиялық және сессияаралық кезеңдегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы практикалық әрекеттер;

  • Оқу сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу туралы шебер-класстар;

Тірек мектеп базасында өтілген практикалық сабақтар ресурсық орталықтың білім беру үрдісінің ерекшеліктерін – сессиялық және сессияаралық кезеңдерде білім беруді түсінуге ұйытқы болды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында барлық аймақтарында ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру міндеті тұр. Бұл міндетті шешудің маңыздылығында еш күмән жоқ, өйткені шағын жинақты мектептердің мәселесін шешудегі Тірек мектебін (РО-ты) ашу – әрбір жекелеген оқушы, білім беру жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге тұтастай еліміз үшін аса маңызды.


Пайдалынылған әдебиет:


  1. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.

  2. «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы. – Алматы, 2011.

  3. 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында Ресурстық орталық – тірек мектебінің білім беру үрдісін ұйымдастыру республикалық семинар-тренингтің мануалы. – Қарағанды, 2011.

  4. Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2011.

  5. Қонтаев С.С.Тірек мектептерінің (ресурстық орталық) білім беру қызметін жобалау. – Қарағанды, 2013.

Каталог: materialy -> adisteme
materialy -> Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі
materialy -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
materialy -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
materialy -> Сабақтың тақырыбы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
adisteme -> Сабақ жоспары байқауы туралы Тағаева Гулмира Батырханқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет