Оқу -әдістемелік кешен



бет1/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


Философия кафедрасы

Оқу -әдістемелік кешен



Пән бойынша «FIL 1102 ФИЛОСОФИЯ»

пәннің атауы және коды



Мамандықтар үшін «050301- Құқықтану, 050713- ККТжТ, 050510-МжЖБ, 050511-Маркетинг. 050506-Экономика, 050507-Менеджмент, 050508-ЕЖА, 050509-Қаржы, 050203-Тарих, 050601- Математика, 050608 - Экология, 050721-ОЗХТ, 050720-БЗХТ, 050205- АФ, 050708- МІ, 050709- Металллургия»

мамандықтың атауы және шифры



күндізгі оқу формасы 1-2 курс студенттері үшін

Көкшетау қаласы

2011 жыл

І ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ДАЙЫНДАЛЫП, ЕНГІЗІЛГЕН
Орындағандар:

"Философия" кафедрасының

Меңгерушісі, ф.ғ.к. _________ Сәрсембин Ү.Қ.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні



"Философия" кафедрасының

аға оқытушысы _________ Зубайраева Г.Б.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні



"Философия" кафедрасының

аға оқытушысы _________ Макенов С.Қ.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні


« __ » ____________ 20__ ж.
Жауапты орындаушы - кафедра меңгерушісі

Философия ғ.к. ________ Сәрсембин Ү.Қ.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні


« __ » ____________ 20__ ж.

ІІ КАФЕДРАНЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ СЕКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.



ІІІ СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
Ф.ғ.к., аға оқытушы ________ Нұрғалиев Н.А.

лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні


« __ » ____________ 20__ ж.
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.
Ү Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-дың ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛГЕН

хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.


ҮІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20______ж.

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Алматы


«Қазақ университеті»

2005



  1. ҚР БжҒМ 2005 жылдың 30 наурызындағы №200 бұйрығымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен жоғары кәсіптік білім берудің жалпыға білім беру бағдарламасының әлеуметтік-ізгілендіру циклы пәндерінің мазмұнына талқылау жасаған жұмыс тобы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

  2. ҚР БҒжМ 2005 жылдың 11 мамырындағы №289, 12 шілдедегі № 480 бұйрықтарымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

  3. ҚР БҒжМ 10 шілде 2002 жылғы № 541 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-ізгілендіру және жаратылыстану ғылыми пәндерінің циклы бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.

  4. Типтік оқу бағдарламалары ҚР БҒжМ 2004 жылдың 7 шілдедегі №671 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес әзірленген.

  5. Типтік оқу бағдарламалары ҚР БҒжМ 2005 жылдың 20 сәуіріндегі Жоғары және жоғарыдан кейін білім берудегі республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде баспаға (РОӘК) ұсынған.


ФИЛОСОФИЯ
көлемі 3 кредит (135 сағат)
Авторлар:
философия ғылымдарының докторы, профессор А. Қасабек

философия ғылымдарының докторы, профессор М. Сәбит

философия ғылымдарының докторы, профессор А.А. Хамидов

философия ғылымдарының кандидаты Қ.М. Жүкешов

философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ш. Джалилов

философия ғылымдарының кандидаты, доцент З.Н. Исмагамбетова



АЛҒЫ СӨЗ

“Философия” пәні бойынша философиялық емес мамандықтардың студенттеріне арналған типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.



Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мамандар дайындаудағы оның ролі мен мәні.

Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.



Пәнді оқып- үйретудің міндеттері:

  • философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау:

  • болашақ мамандардың философиялық – дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру:

  • пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.

Негізгі құзырлар:

бакалаврдың курстан білетіні:

  • философияның предметі, мақсаты мен міндеттері

  • философия мәселелерінің негізгі шеңбері

  • философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері.

бакалаврдың істей алатыны:

  • нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу

  • адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу

Пәнді оқып- үйрену процесінде бакалаврдың білуі тиіс:

  • философияның негізгі терминдері мен мәселелерін:

  • негізгі философиялық тұғырнамаларды:

  • мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін

Переквизиттер: “Философия” оқу пәнін оқытып- үйрету:

  • оқушыларда білімдердің, істей алу мен ыңғайлардың белгілі бір минимумының болуын:

  • жаратылыстанулық және гуманитарлық ғылымдар облысынан мәлімет беретін орта білімнің бар болуын:

  • керекті әдебиетті іздей әрі таба білу және оны сыни- талдау тезінен өткізіп, игере білу қабілетін:

  • ойлау мәдениеті мен тәртібінің белгілі деңгейінің болуын қалайды.

Бакалавр академиялық дәрежесін алу құзыретті маман және ой-өрісі кең адам хақындағы іс-әрекетке бағдарлануды қажет етеді. Сондықтан кәсіби жағынан алғанда мәдениеттегі философиялық зерттеулердің мәселелері бойынша білім алу маңызды болып табылады. Бұл пәнді оқып- үйренгенде бакалавр ғылыми зерттеулердің әдіснамасы бойынша оның жай-күйі және ең перспективті бағыттары туралы білім алады.”Философия” курсын табысты игеру үшін бұл курсты оқып-үйренуге кіріспес бұрын өтілетін мынадай пәндермен таныстық қажет: “Қазақстан тарихы”, “Мәдениеттану”, “Этнопсихология”, “Экология”, “Экономикалық теорияның негіздері”, “Логика”.

Постреквизиттер: Философия әлеуметтанумен, саясаттанумен, психологиямен, дінтанумен, педогогикамен, кейбір тарихи және құқықтық пәндермен, өнертанумен, қазіргі жаратылыстану тұғырнамаларымен ең тығыз байланыста болады.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Оқу пәнінің оқып-уйрену обьектісі мен предметі: Оқу пәнінің обьектісі мәдени-тарихи дамуында және қазіргі жай-күйінде алынған рухани өндірістің ерекше формасы ретіндегі философия болып табылады. Оқып- үйрену обьектісінің құрамына дүниежүзілік және отандық философияның ішкі бірлігінде алынған негізгі бағыттары мен мәселелері кіреді. Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айрықша формасы.

Пәнді оқып- үйренудің әдістері: Философия курсын оқыту және студенттердің оқып-үйрену процесінде негізгі философиялық әдістер мен принципртер қолданылады:

  • тарихилық пен логикалықтың бірлігі принципі:

  • мәдени- тарихилық принципі:

  • мәдени-релятивизм әдісі:

  • абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі:

  • Философиялық компаративистика әдісі және басқалары.

Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен ролі: Философия рухани өндірістің оның басқа формаларына (дін, ғылым, өнер, мораль және басқа) сайылмайтын ерекше формасы. Философия дүниені практикалық және рухани игерудің нәтижелерін, қоғамдық өмірдің мәдени- әлеуметтік дамуының, мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.

Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытындылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көметеседі. Ең ақыры, философия өмірлік- практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтың игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыптастыруға қатынасады, іс-әрекеттің барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.

Пән дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін қысқаша тарихи очерк:

Адамзатқа дүниетанымдық ізденістер оның пайда болған уақытынан бастап-ақ тән. Ең алдымен философия планетаның үш ареалында – Көне Үндіде, Көне Қытайда және Көне Грекияда – пайда болған.

Философия тарихы – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Әрбір мәдени дәірге философиялық ой кешудің өз тарихи типі, дүниетанымдық қатынасында ең маңызды деген сұрақтарға жауапты рухани іздестірудің өз тәжірибесі тән. Және де мұнда философия тек мәдени аймақтың тұрақтылығын, қоғамдық құрылыстың орнықтылығын қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен бірге өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтардың сақталуына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Философия мәдениет феномені хақысында

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүнетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және философия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философиялық мағынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының – ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.



Мәдени – тарихи контекстегі философия

Философия және филосов. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясын қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.

Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелердің көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.
МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құтылудың жолдарына деген ізденістер.

Шығыс ойынының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метофизикалық өлшемінің формасы ретінде. Карма, реинкорнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.

Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері. Шығыс адамының дүниеге қатынасының қалыптасуына, рухани құндылықтарды таңдауына, өмір салты мен діннің қалыптасуына буддизмнің дүниетанымдық әсері. Күш қолданбаудың буддистік стратегисы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.

Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік – этикалық максималарының прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамдағы маңызды рөлі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның идеологиясы ретінде.

Даостық философия және дүние - әлемнің суреті. Дүние әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. өмірді сақтау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.

Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік – этикалық доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стртагиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына.

Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси - әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары: қоғамдағы тәртіп, тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.



Антикалық мәдениеттегі философия

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек мифологиясының әсері. Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бет бұрысы. Саяси – этикалық сұрақтардың қойылуы көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Парменид: философиялық дәлелдеу қалыптасуының қайнарында.

Платонның білім және құзырлық мәселесін қоюының іргелік сипаты. Платон философиясы табиғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.

Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің міртебелілігі және маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселеленуі. Этикалық құзырлылықтың қатыптасуы және оның зерделі іс-әрекеттер туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органоны ретінде. өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылық пен іске асырудың шарты ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі «полития» - адами қоғамдастықтың мақсаты.

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуризм – жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақытына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскезе мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Римдік мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.

Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының оның табиғатпен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси - әлеуметтік активизмнің қалыптасуының әсері.


ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ ФЕНОМЕНІ
Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени - әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. Христианшылық және антикалық философия «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рационалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылануы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен элленистік философиялар.

Діни дүниетанымға деген философиялық рефлексия стратегиясының қалыптасуы. Неоплатизм дүниетанымдық ізденістердің жаңа сергіген діни бағыттылығының көрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Философиялық ой кешудің жаңа теоцентристік тәсілінің ерекшелігі.

Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегиялары қалыптастыруындағы А.Августинні рөлі. Адамның құндылығы және құтқарылу туралы ілім. Қоғамдағы адамның құқықтық жағдайының иерархиялық тәртіптіленген суретін сомдудағы ортағасырлық философияның рөлі.

Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық – мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен Аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік котоликалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика философиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында.

Рухани құндылықтардың, батыс адамы санасындағы моральдылықтың басымдылығын қалыптастыруға орта ғасырлық діни философияның әсері. Батыс адамының өмірлік таңдауымен стратегиясына христиандық дін мен дүниенің христиандық моделінің әсері арқасында оның дүниетанымдық көкжиегінің өзгеруі.



Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық – мұсылмандық философия

Арабтық – мұсылмандық философияның мәдени - әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүр. «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл – Кинди, Әл – Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.

Ислам мәденитіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі дүние, Құдай және адам туралы ілім. Рухани өрлеу мен жетілудің суфийлік практикасы. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтары. Суфизмнің символизмі мен мистикалық практикасы. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл – Газалидің үлесі. Суфизм және Омар Хайям. Ирандық суфизмнің символикасы мен мистицизмі.

Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселесі. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп – негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени - әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (Неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеуі және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой – желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессаныстық неоплатонизм мен аристотелизм. Ренессанстық скиптицизм мен эпикуреизм.

Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс философиясы және оның экспиременталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Ренессанстық ойлау мен дүниеге қатынастың ерекшеліктері.

Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің писсимистік антропологиясы.

Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «Күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.

Батыс адамының дүниетанымы мен бағдарларының құндылықтар жүйесінің трансформациялануына, әлеуметтік белсенді стратегиясы мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ренессанстық философияның, Реформацияның діни – философиялық және саяси ілімдерінің әсері. Ренессанс пен реформация философиясының дүниетанымдық жаңалықтарының әсері мен батыстық адам мәдени қызметінің жаңа формаларының қалыптасуы.



Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Жаңа уақыт бас кезеңіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі негізгі рухани бағдарлар. Эксперименталдық жаратылыстанудың пайда болуы.Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы.Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы.Жаңа рацоналдықтың қалыптасуы.Ғылым философиялық рефлекциялар «предметі» ретінде.Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүние танымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс - әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері.

18 ғ.екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындағы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы « Коперникандық төңкеріс». Метафизикалық сауалдардың болмай қоймайтындығы. Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралф. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялар императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалкетика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи порцесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.

Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.

Батыс адамының белсенді іс - әрекетінің қалыптасуына неміс философиясының әсері. Мәдениет әлемін жасаудағы адам мүмкіндіктерін іске асырудың потенциалын философиялық негіздеу. Мәдениет әлемі адам Зердесімен құрастырылатын реалдылық ретінде. Неміс идеализмі философиясының неміс халқының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен ұлттық топтасуының қалыптасуына , қуатты орталықтпндырылған мемлекет құруына , ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына әсері.



ХIХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

ХIХ ғ. екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм , шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық қоғам және оның негізгі доминанттары. Техникалық прогресс индустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. ХIХ ғ – ғылымның «Алтын ғасыры».

Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси әлеуметтік философияның қалыптасуы. К.Маркстің предметтік іс - әрекеті туралы ілімі.

Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім. Қосымша құн және қанау. Қанаудың себептері. Айналма форма ұғымы. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси әлеуметтік тұғырнамаларына әсері. Маркс теориясы идеяларының батыстық адамның саяси әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, әлеуметтік оптимизмінің артуына, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік теңдік стратегиясының нығаюына әсері.

Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтік социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпироикретизм мен махизм позитивизмнің жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі «Адам рәміздік жануар ретінде».

А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизм. Христианшылдық пен метафизиканы сынау.Батысеуропалық философияеың Батыс адамының ғылыми – техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтірітін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.



ХIХ ғ – ХХ ғ. басындағы Ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

Орыс философиясының мәдени - әлеуметтік контексті мен идеалық алғы шарттары. “ Мәскеу – үшінші әлем” идеологемасы және оның Ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофилдер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың

Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінің, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс философтарының ( Н.О.Лосский, С.Л.Фран, Н.Бердяев) діни-философиялық ізденістері. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.

Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.



Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығында философиялық сарындар. Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

17-18ғғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. “Жеті Жарғының” философиялық контексті. Космологиялық және антпропософиялық ілімдер ( Доспамбет, Дулати). Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі.

А.Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімінің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. 19ғ-дың аяғы мен 20ғ-ң алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының ( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. 19ғ-да қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

Қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына, өзінің этникалық қауымдастығын сана елегінен өткізуге әсері. Қазақ халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ философиясының ролі.



19ғ кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия.

Маркстік ілімінің эволюциясы. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Марксік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

КОКП 20съезі және рухани саланың либерализациялануы, оның “тоқырау” дәуіріндегі бәсеңдеуі. 20ғ 60-жылдарының соңы – 80-жылдарындағы кеңестік философияның негізгі бағыттары. Диалектикалық логиканың қалыптасуына Э.В.Ильенковтың, Г.С.Батищевтің, П.В.Копниннің және т.б. әсері.

Диалектикалық логиканың Қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері. Қазақстандық философтардың зерттеулерінің негізгі бағыттары: Ж.М.Әбділдин, М.И.Баканидзе, Н.Д.Джандильдин, Т.Жангельдин, Л.К. Науменко, А.Х. Қасымжанов, Г.А. Югай, Қ,Ә. Әбішев, А. Қасабек, Д. Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, Г.Ғ. Ақмамбетов, Қ.Х. Рахматуллин, М.Ш. Хасанов, Қ.Ш. Шүлембаев және т.б.

Кеңестік маркстік философияның коммунистік идеология, кеңестік патриотизм мен ұжымшылдықтың қалыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардың нығаюына әсері.

ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым салған» мұраға бет бұру. Ұлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

Қазақ халқының мәдени және әлеуметтік бірдейлігін іздеу және табу жолдарын ойластыру. Қазақ философиясы мен мәдениеті тарихы бойынша зерттеулердің қалыптасуы: О.А. Сегізбаев, А. Қасабек, М. С. Орынбеков, Ғарифолла Есім, Т.Х. Рысқалиев, Ж. Алтаев, Т.Х. Ғабитов, Қ.Ш. Нұрланова. Ж. Мүтәліпов, Д.С. Раев, Ғ.Т. Телебаев және т.б. Мәдениет философиясы мәселелерін қазақстандық зерттеулерінің қалыптасуы қайнарында: Б.Ғ. Нұржанов, А.А.Хамидов, А.Б. Наурызбаева және т.б. Қазақстандық қоғам тұрақтануының мәдени және өркениеттік тұрғыда маңызды сауалдарын ой елегінен өткізу. Өркениеттік дамудың қазақстандық моделін іздестіру (Ғарифолла Есім, Ә.Н. Нысанбаев және т.б.). Жатсыну феноменін философиялық талдау (Қ.Ә. Әбішев, З.А. Мұқашев, А.А. Хамидов). Ғылыми зерттеу методологиясының мәселелері (Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Сәбит, М.Ш. Хасанов, М.З. Изотов және т.б.). Этникалық қатынастарды нығайту жолдарын және этникалық интеграция мәселелерін ойластыру, рухани құндылықтық бағдарларды іздестіру (Б.Қ. Құдайбергенов, Н.Ж. Бәйтенова, С.Е. Нұрмұратов). Посткеңестік философияның тұрақты қазақстандық қоғам орнатуға деген дүниетанымдық нұсқама мен бағдарлардың қалыптасуына, қазақстандық менталитеттің, қоғамда жүргізіліп жатқан реформаларды рационалды түсіну мен қабылдаудың қалыптасуына, мәдени бірдейлік, ұлттық қауіпсіздік сауалдарының қойылуы мен талқылануына әсері.

ХХғ.-ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

ХХ ғ. батыс еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, ХХғ. Батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э. Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы. М. Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М. Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. ХХ ғ. экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А. Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П. Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс).

Персонализм философиясының діни-философиялық ізденістері. «Құдайға оралу» және «Құдайға деген махаббат»--батыстық діни философтардың дүниетанымдық ұстанымы, батыстық адамның адамгершіліктік жетілуінің және кісілікке қайта оралуының жолы есебінде.

Мәдени талықсытпа және адамның одан шығу жолын іздестіруі. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал. Адам өмір сүруінің қақтығыстары мен драматизмі, «бақытсыз сананың» қалыптасуы (психоанализ).

«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұқаралық мәдениет пен мәдени индустрияның әсерінен бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г.Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылым мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалықпозитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалық-методологиялық мәселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Батысеуропалық мәдениеттегі «адамның өлуі» феномені және адамның қайта оралуының себептері мен жолдарын философиялық қайта ойластыру. Структурализм философиясы. Постструктуралистердің философилық ізденістері. Батыстық қоғамның геналогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М.Фуко.

Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Постмодернистік ойлаудың ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негіздемелерін сыни талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.



ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Болмыс философиясы

«Адам-Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелрі. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тәсілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі стратегиялары.

Болмыс адам болмысы хақында. Адам болмысының заттар дүниесінен принципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М. Хайдеггер). Заттық тәуелділік. Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы, Адамның шынайы емес, жемісті емес, бағдарлануының формалары. «Ие болу» стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайлылығы ретінде. «Болу» стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемісті бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде.

Болмыс емес –феномені. Адам болмысының әрдайым болмыс емеске қарайлылығы. Өлім феномені. Мәдениет пен философиядағы өлімге деген қатынас. Танатос идеясының тууы. Соғыс өлім алдындағы қорқынышқа «табынушылық» және өлімге келудің жасанды формасы ретінде. Өлімнің бейнелері мен архетиптерінің кешені. Өлімді рәміздеу. Неопсихонализ өлім жөнінде. Трансперсоналдық психология өлім феномені жөнінде. Өлімнің діни түсіндірмесі: христианшылдық пен ислам өлім феномені туралы. Неге мұсылман өлімнен қорықпайды? Буддистік тантризм және өлімді қабылдаудың сатылары. Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі өлімге деген қатынас. Өлместік феномені. Трансперсоналдық тәжірибе және өлімді жеңу. Йога мен даосизмнің тәжірибесі. Суфизм тәжірибесі.

Адам болмысының экзистенциалдары. Қорқыныш феномені. Экзистенциализм қорқыныш туралы. Қорқыныш пен қалшыл. Қорқыныш құмарлық хақында. Футурталықсытпа.

Қасірет шегу феномені. Өмір қасірет шегу ретінде. Қасіреттің христиандық түсінігі. Қасірет шегу мен адам өмір сүруінің азаптылығы. Бақытсыздық өмір ережесі ретінде (А. Шопенгауэр). Жалғыздық терең экзистенциалдық күйзелу ретінде.



Философиялық антропология.

Онтологияның антропологиямен байланысы. Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. Тәнилік пен руханилықтың гармониясы. Тән мен рухтың антиномиясы. Тән мен рух үйлесімін іздестіру формалары. Адам өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық және аса қымбат тарту есебінде. Өмір алдындағы игі көңіл-күй. Өмірдің мағынасы. Рахатқа бату бақыты адам өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы: дін мен философиясының тәжірибесі. Бақыт феномені.

Адамның әлеуметтік бірегейлігі. Еркіндік құндылық хақында. Адамның еркіндіктен қашқақтауы. Еркіндік және есерсоқтық. Еркіндік және анархия. Еркіндік және өктемшілдік (авторитаризм). Еркіндік адамгершіліктік императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Конформизм және конформдық мінез-құлық. Деспотизм.

Әлеуметтік философия

Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғамның пайда болуы. Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделенуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Қоғам динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. ТӨндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері. Экономикалық жатсыну феномені. Әлеуметтік жатсыну феномені.

Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және постиндустриалдық қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары мен болашағы.

Мәдениет философиясы

Мәдениет ұғымы. Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Мәдениет және адам. Мәдениеттің негізгі салалары. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және этнос. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Жастар субмәдениеті. Бұқаралық мәдениет феномендері.

Инвективаның мәні. «көргенділік-көргенсіздік» оппозицияныңғ шығу тегі. Көргенсіздіктің формалары. Бейнормативті лексика мәдени-әлеуметтік феномен ретінде. Эротикалық өнер және порнография: ұқсастығы және айырмашылығы.

Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер.



Махаббат философиясы

Махаббат феномені. Махаббат терең экзистенциалдық күйзеліс ретінде. Махаббат философиялық түсіну «предметі» ретінде. Эрос адам құмарлығы хақында. Әртүрлі мәдени дәуірлердегі махаббат бейнесі. Адам өмір сүруінің драмасы. Көне өркениеттер тылсымшықтары (мистериялары). Күнә және өкініс. Агапэ. Романтикалық және тәни махаббат. Махаббаттың түрлі пішіндері. Діни экстаз және пенделік сезім. Құдайға деген махаббат. Суфизмдегі Құдайға деген махаббат.

Махаббат метафизикасы. Ана махаббаты. Әке махаббаты. Аға-іні махаббаты. Еркек пен әйел махаббаты.

Дін философиясы

Дін философиясы предметінің шекаралары. Дін философиясы мен теология. Дін философиясы мен дінтану. Дүниеге діни қатынастың ерекшелігі. Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Дін пайда болуының тұғырнамалары. Теистік және теистік-емес діндер. Анонимдік құдайшалар. Діннің адамгершіліктік мазмұны. Сенім және білім. Сенім және ырымшылдық. Атеизм мен дінге қарсы болушылық. Діни сезім. Киелі нәрселер. Киелі іс-әрекет. Киелі кітаптар. Киелі адамдар. Киелі орындар. Киелі кеңістіктер мен сандар. Діндегі рәміздер рәміздері. Діндегі таңғажайып феномені. Жұмақ және тозақ.

Діншілдіктің конфессиондық формасы. Конфессиялар диалогы мәселелері және діни шыдамдылық. Діни фанатизм, фундаментализм және экстремизм. Дін мен саясаттың байланысы: тарих және қазіргі заман. Діни-саяси терроризм. Халықаралық діни-саяси терроризмнің қаупі: оны тойтарудың дүниетанымдық негіздемелерін іздестірулер.

Тарих философиясы

Тарих философиясы: оның мәні. Тарих философиясының негізгі варианттары. Тарихи процесс мәселесі. Тарихты кезеңдеу мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Адамзаттың табиғи прогресінің жалпы теориясы. Партикуляризм және универсализм. Тарихта прогресс мүмкін бе? Тарихтың бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт тұғырнамасы. «Тарих толқындары». Циклдер және ырғақтар. Тарихтың соңы? Өркениеттер қақтығыстығы. Қазіргі әлемдегі ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі: Қазақстан тарихи диллема алдында. Традиционализм мен модернизмнің синтезі мәселесі. Әмбебап – адами құндылықтар: шындық пен елес.



Саясат философиясы

Саясат философиясының предметі. Саяси философияның генезисі. Билік феномені. Саяси билік. Биліктің метаморфозалары. Билік және мораль. Мақсат пен құрал мәселесі. Саясат пен экономиканың байланысы. Саясат және идеология. Құндылықтарды таңдау саясаты. Дәстүрлік, легалдық, харизматикалық типтер.

Саясат және әлеуметтік мифология. Миф саясат инструменті ретінде. Бұқаралық ақпарат құралдары саясатта. Саясат және бұқаралық психология. Бұқараның көтерілісі. Бұқаралық құбыжық болып көрінуі. Тарихтағы әумесердің, геройлардың бейнелері. Бұқараның стреотиптік ойлауы. Ұқсап бағу эффектісі. Бүлікшілдер мен психопаттар. Манипуляциялау феномені.

Демократия феномені. Либералдық демократия. Демократияның парадокстары. Демократия және адамның құқықтары. Тоталитаризм феномені. Тоталитаризм мәдени-өркениеттік феномен ретінде.

Соғыс феномені. Этатизм және анархизм. Саяси революция феномені. Саяси экстремизм. Саяси авантюризм. Геосаясат феномені. Геосаяси қауіпсіздік. Ұлттық қауіпсіздік.

Оқу-білім философиясы

Оқу-білім философиясының пәні. Оқу-білім философиясы мен педагогикалық теория. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы. Оқу-білімнің институциялануы. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқу-білімдегі жатсыну. Жатсынған білімнің адамға сіңісуі мәселесі.

Оқу-білім ортасы. Білімдегі модельдеу. Даму және білім. Оқу-білімдегі саналылық пен бейсаналылық. Тұлғаның өзін-өзі іске асыруы. Тұлға және оқу-білім. Сұхбат және білім. Таным және оқу-білім. Оқу-білімдегі түсінік. Оқу –білімдегі шығармашылық.

Педагогиканың үш типі: қалыптасу педагогикасы, даму педагогикасы, бірге шығармашылық педагогикасы. Постмодернизмнің сыни педагогикасы. Тәртіптілік және оқу-білім. Ғылыми пән және оқу пәні мәселесі.

Оқу-білім жүйесі мәдени дәнекер ретінде. Оқу-білімнің дәстүрлі жүйесі. Альтернативтік оқу-білім жүйелері. Оқу-білімнің жалпы жүйесі билік пен құзырлыққа қол жеткізудің құралы ретінде (Платон).

Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі консерватизмнің құндылықтары. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Оқу-білімдегі эссенциализм. Оқу-білімдегі аналитикалық философия. Экзистенциализм және оқу-білім. Оқу-білімнің шығыстық моделі.

Психологиялық кәмелеттік үшін оқу-білім. өмірге бейімделу үшін оқу-білім.

Диалектика теориясының мәселелері

Диалектиканың тарихи типтері. Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. ХХ ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектика теориясы бойынша қазіргі кездегі зерттеулер. Диалектиканың механикалық және органикалық модельдерін сынау. Гармониялық диалектиканың моделі (Г.Батищев). диалектика және диалогика (В. С. Библер).

Диалектика жүйе ретінде. Диалектиканың негізгі принциптері. Обьективтік және субьективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.

Эпистемология

Адамның дүниеге қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Білім және сенім. Білімнің құрылымы. Сезімдік және рационалдық таным. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Түсіндіру және түсіну. Ақиқат. Ақиқат және адасу. Ақиқат теориясы.

Ғылыми танымның спецификасы. Ғылыми білімнің архитектоникасы. Ғылыми білімнің динамикасы. Білім-билік. Білім мен билік контаминациясы мәселесі. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама. Ғылыми танымның негізгі әдістері. Философиялық әдістер. Рационалдылық феномені. Ғылым және ғылымның институттандану феномені. Ғылым дамуының перспективалары. Ең жаңа ғылыми жетістіктер мен көне ғылымнан тысқары білімдердің параллелизмі туралы дискуссия.

Глобалдық мәселелер философиясы

Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық моделдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы. Өршіп келе жатқан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесі.



СЕМИНАР САБАҚТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ЖУЫҚТАЛҒАН ТІЗБЕСІ

  1. Адамның дүниетанымдық өзді-өзін анықтауы және философияның ондағы рөлі.

  2. Көне Үнді, Көне Қытай және Көне Грек философиясының дүниетанымдық нұсқамаларының салыстырмалы талдауы.

  3. Августин мен Фома Аквинский ілімдеріндегі Құдай, дүние және адамның арақатынасы.

  4. Араб-мұсылман және батысеуропалық философиядағы сенім мен білім арақатынасының мәселесі:салыстырмалы талдау.

  5. Жатсыну мен оны жеңудің маркстік тұғырнамасы: ия және қарсы.

  6. Софистика, схоластика және диалектиканы салыстырмалы талдау.

  7. Постмодернизмнің батыстық философияны сынауы: ия және қарсы.

  8. Әлемнің мәні мен құрылысының рационалдық-философиялық және оккульттілік түсіндірмелері.

  9. Адам, оның мәні мен өмір сүруі.

  10. Адам мен қоғам болмысындағы табиғилық пен мәдениліктің арақатынасы

  11. Мәдениеттегі материалдылық пен руханилықтың карақатынасы

  12. Пайдалылық пен құндылық

  13. Мәдениеттегі ғылым, өнер, дін және моральдің арақатынасы

  14. Дін, діни фундаментализм және экстремизм

  15. Ғылыми шығармашылық еркіндігі және ғалымның жауапкершілігі

  16. Адам, техника және тарихи прогресс

  17. Оқу-білім мен тәрбиенің философиялық аспектілері

  18. Экономикалық-саяси мақсаттылық пен адам өмір сүруі мағынасының арақатынасы

  19. Глобализм жағдайында мәдени өзіндікті сақтау мәселесі

  20. Авторитаризм мен тоталитаризмнен демократияға өту: транзистік қоғамның философиялық аспектілері (Қазақстан материалында).

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1.Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль, 1969-1972.

2.Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

3.Бердяев Н. О работе и свободе человека // Бердяев Н. Царство Духа и Царство Кесаря. М., 1995.

4.Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах // Дж. Бруно. Избранное. Самара, 2000.

5.Льюис К.С. Любовь, страдание, надежда. М., 1992.

6.Ницще Фр. Веселая наука. М., 2002.

7.Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 1970.

8.Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9.Фромм Э. Иметь или быть? М., 2001.

10.Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11.Шопенгауэр А. Афоризмы житейской мудрости. М., 1990.



Қосымша:

1.Әбішев Қ. Ә. Философия. Алматы, 2000.

2.Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т. Алматы, 2000-2001.

3.Арендт Х. Истоки тоталитаризма. М., 1996.

4.Адорно Т. Исследование авторитарной личности. М., 2001.

5.Альтюсерри Дж., Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. В 8 т. М., 2000.

6.Берн Э. Секс в человеческой любви. М., 1990.

7.Бородай Ю.М. Эротитка. Смерть. Табу. М., 1996.

8.Виилма Л. Светлый источник любви. Саранск, 2000.

9.Галактионов А.А., Никандров П.Ф. Русская философия ІХ-ХІХ вв. История философии. М., 2000.

10.Касымжанов А.Х. Портреты: Штрихи к истории Степи. А., 1995.

11.Кон И. Лунный свет на заре: лики и маски однополой любви. М., 1998.

12.Маньковская Н. Париж со змеями. М., 1995.

13.Многоликая глобализация. Культурное разнообразие в современном мире. М., 2004.

14.Московичи С. Век толп. М., 1996.

15.Норвуд Р. Не будьте рабой любви. М., 1999.

16.Папарин А.С. Философия политики. М., 1996.

17.Сегизбаев О.А. Казахская философия ХҮ- начала ХХ в. А., 1996.

18.Тоффлер Э. Метаморфозы власти. М., 2000.

19.Философия / Под ред. проф. Т.Х. Габитова. А., Раритет, 2005.

20.Философия / Под ред. проф. В.В. Миронова. М., 2005.

21.Философия культуры. М., 2000.

22.Хамидов А.А. Феномен обсценного // Тамыр. 2000, №3; 2004, №3; 2005, №5.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет