ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



бет4/8
Дата04.11.2016
өлшемі2,25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Рейтингті есептеу



Жұмыс түрлері

Ұпай саны

1

2

3

4

Ағымдағы бақылау

ӨЖСӨЖ


СӨЖ

Аралық бақылау



15

15

20



10




Емтихан

40




Барлығы:

100


Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

ҚБ = РИ * 0,6 + Э * 0,4

РИ - қорытынды рейтинг

Э – емтихан бағасы



  1. Курстың саясаты мен процедурасы

Жұмыстың барлық түрін(ең жоғары ұпай, айып және ынталандыру ұпайлары) қамтиды; Сабақты босату – сіздің оқуға ынтаңыздың көрсеткіші, сондықтан курс бойынша қорытынды баға шығаруда есепке алынады. Тапсырма уақытында орындалмаса, әр жолы бағаңыз жарты ұпайға кемітіліп отырады. Оқытушы әрқашан да сабақта кім жоқ екенін біледі. Сіздің міндетіңіз сабаққа қатысу, оқу. Кездейсоқ жағдайлар мен ауырып қалуыңыз ғана себепті деп саналады.

Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз.

Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп болады. Курс бойынша барлық тапсырмалар кестеде көрсетілген сабақтың басталуына дейін орындалуы керек. Белгіленген мерзімнен кейін өткізілген тапсырмаларға қойылатын баға төмендетіледі де өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз және сабақтан қалғаныңыз үшін жазаланасыз.

Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек. Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліну керек. Кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұрыңыз. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек. Курсты игерудің табысты болуы көбінесе сіздің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуыңызға байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсы8рмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан сіздің теориялық біліміңізді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға жауап бересіздер. Емтихандағы барлық тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

Аралық аттестация өтілген материал баршаға міндетті және өтілген тақырып бойынша алынады:



  • біреуден көшіріп алуға;

  • сіз үшін басқа біреудің орындауына;

  • жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге;

  • топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б.

Курсқа деген сіздің қарым-қатынасыңыз ЖОО студентіне лайық болады деп ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ жұмысынызға қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келуіңіз керек.

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.

Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар

Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі

Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы

Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.

Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма

Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.

Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі

Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі

Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу

Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)көркем өнер немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту

Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма

Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғылым.

Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.

Инновациялық әдістеме - инновациялық әдіс-тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.

Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин

Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.

Модуль - оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік.

Модульдік оқу - білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы мен әдісі.

Мәнерлеп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден түрады: өз бен ой екпіні, сөйлеу қарқыны, ритмі (ырғағы), пауза (кідіріс), сазы.

Ү ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

1 дәріс тақырыбы. Озық технологиялық әдістемесі жүйесі



Мақсаты: Озық технологиялық әдістемесі жүйесі пәнін меңгерту.

Негізгі сұрақтар:

1.Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану жолдары.

2.Дәстүрлі және дәстүрлі оқыту үлгісі.

3.Оқытудың жаңа технология түрлері.


Қысқаша мазмұны:

1. Бүгінгі еліміз егемендігі арқасында әлемдік деңгейде танылып отырған қазақ елінің рухани -әдеби қазыналарын ғылыми тұрғыдан пайымдау мен бағалаудың жаңа арналары айқындала түсті.

Қазақ тілі тәрбиелік күш- қуаты жас ұрпақтың жан-жақты өскелең өмір талабына сай ой өрісін дамытып, рухани тұлға болып дамуына әсер, ықпалының мүмкіндігімен ерекшеленеді. Осыған орай қазақ тілін оқытудың негізгі факторлары оқу үрдісінде кешенді түрде жүйемен іске асады.

Әдебиетті оқытудың негізгі факторлары.



  • Біріншіден, ҚР білім заңына, мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттарға сәйкес айқындалады.

  • Стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда берілген білімнің мазмұны мен құрылымы түзіледі.

  • Қазақ тілін оқытуды қалыптасқан дәстүрді ғана басшылыққа алмай, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану іске асырылады

  • Оқушылардың танымдық деңгейі, білімді меңгеру мүмкіндіктері ескеріледі

  • Оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделімен айқындалады.

- Өз бағыт- бағдарын айқындай отырып, өзін -өзі дамыта, жетілдіре алатын, ой өрісін арттыратын, өз бетімен білім алатын, өзгермелі өмір жағдайына бейімделе білетін, қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.

- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу

-Эстетикалық талғамы жоғары, өзіндік ой пікірі мол, ұлттық дүниетанымы бай, шығармашылық қабілеті зор мәдениетті жеке тұлға дайындау.

- Бүгінгі қоғамға кіріккен оны дамытуға тырысатын дара тұлға қалыптастыру

- білім мен әдіс –тәсілдердің терең меңгере отырып, жаңа ақпараттық мағлұматтарды өзіндік көзқарасы тұрғысынан сын көзімен жіті бағалап, талдай білу дағдысын қалыптастыру.

- Жастарды рухани, интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, өз елінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін қастерлеуге баулу, дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне ұмтылдыру.

2.Әдіс – амалдарды бірден – бірге дамытып отыру, әдістемелік проблемеларды әр қырынан қарастырып шешуге, нақты тұжырымдар жасап, ғылыми- теориялық қорытындылар дәйектеуге бағыттайды.

Әдістер ( әрекеттер) әр түрлі болуы заңды. Ең бастысы- «қалай оқыту керек?» Сұрағына жауап іздей отырып, мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетін сабақтастыра айқындайды. Әдіс , тәсілдер, оқытудың түрлері сабақ үстіндегі мұғалім әрекетімен, оқушының пайдаланатын оқу құралдарының тиімділігімен тығыз байланыста іске асырылады.



  1. Пәнді меңгертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің нәтижесіне тікелей байланысты. Оқу үрдісіндегі оқушылардың әдеби білімді біртіндеп түсініп меңгеру қабілеті дамиды.

  2. Оқыту нәтижелері алға қойған мақсат – міндеттерді толық іске асырумен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, сапалы білім беру көкейкесті мәселе болып отыр. Егеменді еліміздің тірегі, болашағы – білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушыларды бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру.

Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болып қалмақ. Қазақ білім беру саласының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу жайы» еңбегінде: «... әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі» деген пікір айтқан болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда күн сайын айқын сезілуде. Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңін – дәстүрлі оқыту түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен елімізде болып жатқан түрлі Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. «Технология » ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология.

Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістігі белгілі. Сондықтан, еліміздегі барлық мектептегі мұғалімдер жаппай жаңа технологияларға көшкені жөн.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру үшін жаңа технологияларды қолданғанымыз дұрыс.

Әрбір педагогтың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, оның көзқарасының жоғарғы сатыға көтерілуі – білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.

Бәріміз де мектептен білім алып, әріп-танып, үлкен өмірге жол бастадық. Жалпы білім беретін пәндерді тиісті деңгейде меңгердік. Дегенмен, көп сабақтар дәстүрлі жүйе бойынша, күнделікті мұғалімнің бағдарлама бойынша теорияларды сұрауымен ғана бағаланды. Мектепте интерактивті тақталар келгенмен, оны пайдалануды көпшілік мұғалімдер білмеді. Осы орайда, бір ғалымның: «Естіген нәрсемді ұмытып қаламын, көрсем есімде сақтаймын» деген сөзі еске түседі. Расымен де, көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсе оңай есте қалатыны рас...

3.Жаңа технологияны енгізу – халықаралық қауымдастық элементі ретінде тарихи үрдіс болып саналады. Бұл үрдіс техника құралдарын адамзат өмірінің бар саласында қолдануын қарастырады. Жаңа оқыту технологиясын еншізу үшін біліктілік, ойлау, басқаша айтқанда, компьютерлік сауаттылық керек. Бізде бұрынғы жүйемен оқыған оқытушылар жетерлік, ол кісілердің кезінде комптьтерлер болмады. Сондықтан, жасы үлкейгендерге техниканы меңгеру қиынға түсетіні анық. Осы ретте, әрбір мектепте компьютерді үйретуге байланысты курстар болса, мәселенің шешімі оңай табылатын еді деп ойлаймын.



Бүгінде ақпараттық технологиялар күннен-күнге дамып келеді. Бүгінде қазақ интернетінде көптеген сайт, порталдар ашылуда. Мұның бәрі де ақпарат кеңістігінің кеңейгенінің дәлелі. Сондықтан, менің ойымша әрбір мұғалім өз сабағында жаңа технологияларды меңгеріп, қолданысқа енгізуі қажет. Оқытушының өз сабағында интерактивті тақтаны, ғаламтор желісін пайдалануы – оқушылардың жан-жақты білім алуына ықпал етеді. Осы ретте, оқушының болашақта қазақтілді контенттің дамуына үлес қосатын азаматтарды қалыптастыруы керек деп ойлаймын. Сонда, еліміздегі интернет саласы дамып, пайдалы ақпараттар көбейетін еді.

  1. Ақпаратты жедел табу, талдау, тиімді пайдалануда оқушыларға электрондық кітапхананы қолдану ұсынылады. Қажетті ақпараттың ізденісін өзіндік жүзеге асыру үшін ғаламтор, автоматтандырылыған оқу, сілтеу жүйесі арқылы қажетті ресурстарға сүйену жүктеледі.

  2. Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді.

  3. Жаңа технологияының білім саласына енуі мұғалімдерге оқытудың формасын, әдестерін, мазмұнын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияны білім саласында қолдану оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруді талпындыруға, болмыс құбылыстарын кешенді зерттеуді қамтамасыз етуге, жаратылыстану, техника, гуманитарлық ғылымдар және өнер арасындағы байланыстардың үздіксіздігіне; оқу мен тәрбиелеудің әдістері мен формаларын тұрақты динамикалы жаңаруына мүмкіндік туғызады.

  4. Мектеп өмірінің айналасына шоғырланған білім жүйесінің орталығы – оқушылар меңгеруге қажетті оқу пәндерінің объективті мазмұны болып саналады. Бала бұл жүйеге бүтіндей дамыған тұлға емес, таным субъектісі ретінде танылады.

  5. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал, оларды дайындау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалана білгеніміз абзал. Жалпы, мектеп тәжірибесінде жаңа технологияны енгізу – оларды қолдануға қажеттіліктен туындайды. Қысқаша айтқанда, жаңа технологияны енгізу – жетістікке жетудің бірден-бір жолы.

  6. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу. Жас жеткіншектерге бүгнгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тарбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек теуелдгі- деген. Ы Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқант түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық техналогиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа техиологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік  меңгеру сонымен катар муғалімнің интелектуалдық. кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі  әсерін тигізеді өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді  ұйымдастыруына көмектеседі Білім берудің даму бағытымен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданып бағыты мен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту Ж.Қарайеетың «Деңгейлеп саралау»,техналогиясы М.М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту» техналогиясы «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу мен жазу арқылы дамыту» техналогиясы т.б Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсеіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.

Өзің-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бүгінгі білім берудегі жаңа бетбұрыс , негізгі талаптар қандай?

2.Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

3.Оқу пәндерінің құрамында қазақ тілі пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары

4.Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі, қарастыратын мәселелері.
2 дәріс тақырыбы. Қазіргі сабақ және технология талаптары.

Мақсаты: Қазіргі сабақ және технология талаптары жайында түсінік.

Негізгі сұрақтар:

1. Оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі, қарастыратын мәселелері

2. Қазіргі сабақ және технология талаптары.
Қысқаша мазмұны: 1.«Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан- жаңаны табатын өнер». Жүсіпбек Аймауытов

Бүгінгі таңда егемен еліміздің оқу-тәрбие ісіне, жалпы білім беру саласының жұмысына байланысты ресми құжаттарында (Білім туралы заң, мектеп түрлеріне, пән негіздеріне арналған әр түрлі құжаттар, оқу жоспарлары мен пәндік оқу бағдарламалары, т.б.) білім жүйесін жетілдірудің сан-салалы жолдары көрсетіліп жүр.

Бұл әсіресе жалпы білім беретін мектеп жұмысын өркендетуге орай жүргізіліп жатқан іс-шараларда ерекше ескеріліп, алда тұрған айқын міндеттер белгіленіп келеді. Оқушыларға білім беруде күнделікті сабақтың орны айрықша. Сондықтан да сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып есептеледі. Оның өзіне тән сипаты ұстаздың өз оқушысының танымдық, білімдік қабілетін қалыптастыруға тікелей ықпал етуімен анықталады. Сыныптан тыс, мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарындағы жас жеткіншектердің танымдық қызметі күнделікті сабақта алатын теориялық білім-білігінің, практикалық дағдысының негізінде тығыз логикалық байланыста өрбиді. Одан оқушы өзіне бағыт-бағдар алады.

Сабақ үстінде оқушылардың ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту тұрғысында көптеген оқу материалдары, өмірлік өнегелер пайдаланылады. Шәкірт өзінің күнделікті тұрмыста байқаған мағлұматтарын, түсінік-тұжырымдарын сабақ барысында белгілі бір жүйеге келтіріп, оны рет-ретімен өзінің ой-санасында бекітеді. Оларды өмірлік тәжірибесінде пайдаланатындай дағды қалыптастырады, бойындағы қабілетін жан-жақты дамытады. Міне, сол себептен де, сабақты оқушының оқу еңбегін ұйымдастырудағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі деп танимыз.

Сабақ ұстаздың оқушылар дербестігін, белсенділігін қалыптастыратын, оларды ұжымдық еңбекке жұмылдыратын алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануы арқылы жүзеге асады. Бұл ретте, орыстың белгілі әдіскер ғалымы, профессор М.А.Рыбникованың "Әдістеме ғылыми сабақ жүйесіне қызмет ететін мұғалімге қажетті материалдардың, мектеп жағдайы туралы білімнің жан-жақты жиынтығы" деген пікірін ескерте кеткен абзал. Оқыту барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп байқайды, олардың білім, білік, дағдыларын тексеріп бағалайды. Сондықтан да әрбір ұстаз сабақты шын мәніндегі нағыз шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, білім-білігін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді өз дәрістеріне сарқа пайдалануы тиіс. Әр тақырыпты өткенде мұғалімнің қай әдісті тиімді деп таңдайтыны — өзінің еркі. Өйткені, ұстаз үшін ең тиімді әдіс — оның өзі жақсы меңгерген, жетік білген әдісі. Әрине, бұдан мұғалім тек бір әдісті ғана меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумаса керек. Өйткені, біздің дәуіріміздің мұғалімі өз әріптестерінің озат тәжірибесінен тек хабардар болып қана қоймай, оны өз жұмысында шығармашылықпен пайдалануы да қажет. Себебі, бүгінгі таңдағы жаңалығымыз ертең үшін жаңалық болудан қалатыны айдан анық. Бұл орайда: "Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі — бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі — түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек; оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек", — дейді қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов "Қай әдіс жақсы?" атты еңбегінде. Бұл — әлі құнын жоймаған ақиқат шындық.

Белгілі бір тақырыпты әр мұғалім әрқалай жеткізеді. Бұл — табиғи нәрсе. Мұнда әр ұстаздың өзіндік әдіскерлік шеберлік икемі, ғылым негізінен алған білімі, талғам-тұшымы байқалады. Кез келген мұғалім өз шама-шарқынша алдына қойған мақсатын орындауға әрекеттенеді. Соған орай, жазушының стилі, актердің орындау мәнері, суретшінің бейнелеу машығы деген секілді ұстаздардың да әрқайсысының өзіне тән педагогикалық шеберлік өрнегі болады. Айталық, белгілі бір ұстаздың белгілі бір тақырыптағы сабағы екінші бір мұғалімнің дәл сол тақырыптағы сабағына сырттай ұқсас сияқты болғанымен, оларда бірін-бірі қайталамайтындай озіндік ерекшеліктер кездесуі заңды. Оның әрқайсысында қайсыбір мәселелердің қамтылмай қалуы мүмкін не қамтылған күнде де екеуінде бірдей әсерлі болуы екіталай. Қайталанбас, таңдай қағарлықтай сәттер сабақтан кейін ұстаз көкейінде қалуы да ықтимал.

Мұғалімнің сабақты жоғары дәрежеде жургізуі үшін еркін қалыпты жағдай, орнықты көңіл күй болғаны абзал. Бұл айтылғандардың өзі сабақтың құрылысы толығымен, кішігірім мәселелерге дейін жан-жақты ойластырғанда ғана жүзеге аспақ. Ол жайттар сабақтың құрылымдық бөлім-дерінен тиісті орын алғаны мақұл. Ал әрбір сыныптық сабақ, негізінен, мынадай бөлімдерден құралады:

1. Өтілген оқу материалын оқу, оны пысықтау.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Өтілген жаңа материалдарды бекіту.

4. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың құрылымын жоспарлағанда, ұстаз мына мәселелерге назар аударуы тиіс:

1. Сабақтың мақсаты.

2. Сабақты ұйымдастыру және оны жабдықтау (көрнекілік, дидактикалық материалдар).

3. Сабақтың мазмұны. Сабақта ескеретін мәселенің ғылыми негіздегі делелдемесі. Оқу бағдарламасына сәйкестігі.

4. Сабақтың құрылысы. Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту әдістері.

5. Оқушылардың өздігінен орындайтын және жаттығу жұмыстары.

6. Сабақтың күнделікті өмірмен, басқа оқу пәндерімен байланысы, онда ескерілетін мәселелердің өмірлік-тәжірибелік мәні.

7. Дәрістің тәрбиелік астарлары.

8. Сабақтың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білімі мен білігін айқындау, дағдысын қалыптастыруға назар аудару, үй тапсырмасын тексеру.

Оқыту үрдісіне, көркем шығарманы талдауға негіздей отырып, сабақтың мынадай түрлерін атайды:


  1. кіріспе сабақ;

  2. жаңа оқу материалынан білім беру сабақтары;

  3. бағдарлы әңгіме сабақтары;

  4. синтетикалық сабақтар;

  5. көркем шығарманы, оның мәтінін талдау сабақтары;

  6. қосымша материалдарды, сын-зерттеу мақалаларды, оқулықты оқып-үйрену сабақтары;

  7. қорытынды сабақтар.

Кез келген сабақ төмендегі дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізілгені дұрыс:

  • оқу-тәрбие ісінің ғылымилық сипаты;

  • оның күнделікті өмірімен байланысы;

  • шәкірттерді оқыта отырып тәрбиелеу;

  • берілген білімді саналы түрде меңгеру;

  • сабақта көрнекілік қолдану мәселесі;

  • сабақтың жүйелілігі.

Сабақтың сыныпта өтілетін түрін сыныптық сабақ дейміз. Ол: кіріспе, әңгіме, баяндау, лекциялық, оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізу сабақтары, бақылау, семинар, пікір-сайыс, рефераттық, сынақ, шолу, конференциялық, монолог сабақтар болып бірнеше түрге бөлінеді.

Сондай-ақ сабақ жүргізілу формасына қарай: концерт-сабақ, кино-сабақ, теле-сабақ, саяхат-сабақ; көркем шығарманың жанрына, тегі мен түріне қарай: оқып-үйрену сабақтары, лириканы, драманы, эпосты оқып-үйрену сабақтары, т.б. болып тарамдалады.

Қазіргі өзгермелі қоғамда әлемде болып жатқан білім саласындағы өзгерістер, өркениетті елдер қатарынан орын алу, біздің еліміздің де білім саласына жаңашылдықты енгізуді қажет етуде. Бүгінгі таңда озық ойымен, өзіндік пікірімен елді елең еткізетін шәкірттер саны көбейіп келеді. Олардың білімін, қабілетін кішкентай кезінен танып, орамды ой айтқызып, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сауаттылыққа, шешендікке жетелеу-әрбір ұстаздың міндеті.

Мұғалімдердің республикалық ІІІ съезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінгі жастарымыз-еліміздің болашағы. Оларды қазірден бастап жан-жақты толысқан адам ретінде тәрбиелеу міндеті тұр»,-деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан ұстаздардың алдында болашақ заманның жан-жақты дамыған, тәрбиелі, ұлтжанды, білімді азаматын даярлау міндеті тұр.

Оқушыларға сапалы білім беруге, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге дәстүрлі технологияның деңгейі жетіспейді. Сол үшін оның орнына жаңа педагогикалық технологиялар қолданылуда. Оқушы білімді сапалы, жүйелі қабылдауы үшін, ұстаздар оқу-тәрбие үрдісінде әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарауы керек. Сабақ үстінде білімдерін, дарындарын дамыта отырып, ойларын өз беттерімен саралауға, түйіндеп бір қорытындыға жетуге, шығармашылық қабілетін дамытуына ықпал жасаған жөн.

Ж. Аймауытовтың: «Бала ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек» - деген қағидасын ұстанып, сондықтан ұстаздар өз сабақтарында әр түрлі технологияларды икемдей, үйлестіре пайдалануы қажет. Олар: модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова), тілдік материалдарды деңгейлеп саралай оқыту, бейіндік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, инновациялық дамыта оқыту, ойын элементтерін пайдалана оқыту және т.б.

Сабақ беру – оқыту үрдісіндегі ең негізгі ой құраушы элементтердің бірі. Оқыту үрдісі мынандай жағдайларда іске асады:


  • мұғалім оқу ақпараттарын жүйелеуде;

  • сабақ құрылымын жасауда;

  • ақпараттарды педагогикалық іс-әрекет арқылы ұсынуда;

  • ақпараттарды қабылдауда;

  • танып игеруде;

  • оқушылармен жұмыс істеу әдісінде.

Оқу үрдісі әрбір оқушының іс-әрекетіндегі жүйелі білім және оларды оқу тәжірибе жұмыстарында қолдану әдістеріне, игеруіне қарай тиімді, нақты міндеттерін ұйымдастырумен басталады.

Оқушының оқуға деген қызығушылығы оянып, оқу бала үшін мәнді, мағыналы болып көрінген жағдайда ғана оқу белсенді бола алады. Оқушының ауызша, жазбаша жұмыстарында, пікірталастарда, шығармашылықпен жұмыс істеуде, талдауда оқушы барлық жұмыстарына өзі сыни тұрғыдан ойлауды енгізу қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – зерттеу әдісін пайдалану. Алдына мақсат қойып, оған жоспарлы жауап іздестіру. 12 жылдық білімге арналған тұжырымдамада: «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің негізінде еркін бағдарлай білуге, өз ойын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - әр сабақта басты назарда ұстайтын ұстаным делінген.

Интеграциялық сабақтың тиімділігі – оқушының шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал жасайды. Интеграциялық сабақта оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем туралы, құбылыс пен заттардың арасындағы өзара байланыс туралы ,көркемдік мәдениет әлемінің сан-салалары туралы кең және нақты түсінік беріледі.

Интеграциялық сабақтың ерекшелігі – үйренуге мүмкіндік туғызады, танымдық көзқарастарын қалыптастырады, құбылысты бірнеше жағынан қарастырады.

Оқушылардың сөйлеу қабілеті жетіледі, ойлауын, салыстыруын, қорытынды жасауын қалыптастырады. Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, жеке басының дамуын қалыптастырады. Интеграциялық сабақтар екі немесе бірнеше сабақтар үшін маңызды проблемаларды ашатын сабақ түрінде және пәнаралық байланыс арқылы да жүргізіледі.

Оқытудың тағы бірі-саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – өздігінен білім алып, дамуға ұмтылатын жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. Сондықтан оның өзіндік іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсенді жүреді. Бұл әдіс білім беру принциптерін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында қабілеті әр түрлі оқушылардың өздігімен дамуына жағдай жасайды. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының артықшылығы:

1. тақырып бойынша модуль құру;

2. әр модульдің соңғы сабағында қорытынды, өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы және қатемен жұмыс, мұғалім мен оқушының шеберлігін ұштайды.

Сабақтың әр кезеңінде, мұғалім өз іс-тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады.

- оқушының өз білімін өзі бағалауға, күнделікті еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндігі бар;

- оқушы өзінің мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай жұмыс істей алады;

- дарынды оқушылар стандартпен бекітілген міндетті деңгейді меңгеріп қана қоймай, одан әрі қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар орындайды.

І деңгей- тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білу.

ІІ деңгей – тақырып бойынша ақпаратты талдай білу керек.

ІІІ деңгей – сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі керек.

Сабақты қорытындылауда әр топқа өз көзқарастарын дұрысқа шығарады деген мақал-мәтел, афоризмдер, нақыл сөздер топтамасы ұсынылып талданады.

Әрбір мұғалім өз жұмыс формасы мен әдіс-тәсілдерін, оқытудың озық технологияларын таңдай отырып, оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында еңбек етуі керек. Мынандай бір қанатты сөз бар: «Мұғалім-өз тауарын өткізе білетін сатушы тәрізді болуы тиіс. Ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сабақ өткізу дегеніміз-мұғалімнің шығармашылық ізденісі, педагогикалық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін икемдеп пайдалану – оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дамытып, пәнге қызығуы мен құлшынысын арттырады. Әрі тіл байлықтарын молайтып, сөйлеу шеберліктерін қалыптастырып, ұстаз бен шәкірттің шығармашылық ынтымақтастығы шыңдала түседі. Оқушылардың оқу еңбегін, білім алу жолындағы өздігінен атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың тың мүмкіндіктері ашылады.

Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан. Яғни олар:1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу; 2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу; 3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу; 4. Диалог жүргізе алу; 5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; 6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1.Сабақ дегеніміз не?

2.Сабаққа қойылатын талаптар.
3 дәріс тақырыбы. Технология талаптары және білім беру үрдісі

Дәріс мақсаты: Технология талаптары және білім беру үрдісі туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Бүгінгі білім берудегі жаңа бетбұрыс, негізгі талаптар

2. Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

3.Оқу пәндерінің құрамында қазақ тілі пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары


Қысқаша мазмұны.

1.Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының негізгі бағыттарының бірі бұрынғы қалыптасқан әдістемелік тәжірибелерімізді дұрыс пайдалана отырып, белгілі әдістерге бүгінгі заман сұранысына сай модификация жасай білу, шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілдіру болып табылады. Пән бойынша берілетін білім мазмұнының тиімді меңгеруі арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, білімнің сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасты көтеру басты мақсат болып табылады.

Гуманитарлық ғылым ретінде әдістеме ғылыми-тәжірибелік дәстүрлер шеңберінде дамиды. Бұл жаңа мазмұнда идеялар, ұстанымдар мен әдістердің дамуына бөгет жасамайды, қайта әдістемелік тәжірибені толықтырып байыта түседі.

Бүгінгі заман сұранысы оқыту ісінде техниканың кең қолданылуына байланысты жаңаша оқыту талабын туғызды. 60-жылдардан бастап білімді «технологияландырудың» ғылыми атауы біртіндеп кеңейтіліп, «әдістер мен құралдар жиынтығы» терминіне айналды.

Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80 жылдары «педагогикалық технология» ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.

Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал жасайды. Технологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде біртіндеп іске асырыла бастады. Оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика ғылымында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектеріндеәр қырынан алынып зерттеллді. В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, С.М.Құсайынов, Г.Нұрғалиева, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова т.б ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

Технология – шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен нәтижеге жету, кәсіби шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқытуға саяды. Технология – білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғылым. В.М.Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - десе, В.П.Беспалько, М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы, оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы», - деген пікір айтады.

Оқудың дәстүрлі оқыту технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдардың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Зерттеуші ғалымдар М.В.Кларин, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко т.б көрсетуі бойынша педагогикалық технология арқылы, біріншіден, білім беру тәжірибесінде оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасын жоспарлап, оны кез келген сыныпта қайталау мүмкіндігінің болуы; екіншіден, педагогикалық технология оқушылардың оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасына негізделуі керек, үшіншіден, педагогикалық технологияның ең маңызды жағы – мақсат қою. Ол оқу мақсатын нақты анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды және тұлғаның дамуы мәселесін қарастыруды қажет етеді.

Оқыту технологиялары:

Окушыларды ғылыми ізденіске баулу, жетелеу мұғалімге де жаңаша ізденісті талап етеді. Инновациялық технология талаптарын терең меңгерген, зерттеуші, ізденуші, жанашыл мұғалім ғана алдындағы шәкіртіне терең білім беріп, кабілетін, дарынын дамыта алмақ. Мұғалімдерге, әсіресе, жас мұғалімдерге көмек ретінде жоғарыдағы технология талаптары туралы сөз қозғасак, енді оның түрлеріне түсінік беріп отырмыз.



Төртіншіден, үй тапсырмасы жеке тұлға мүмкіндігіне сай сараланып беріледі.

Бесіншіден, түзету, коррекция жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру көзделеді. Бүл технологиялық картаның сонғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлікте мұғалім мынадай екі мәселеге назар аударады:

1. Оқушыларға кездесуі мүмкін қиындықтарды болжайды, белгілейді.

2. Сол қиындықтардан шыға білудің нақты шаралары, іс-әрекеттері жасалынып, ұсынылады. Мысалы, көмек-нұскау, әр түрлі үлгілер, сызбалар, кестелер, модельдер т.б

3. Шағын мақсаттарды белгілеуде жеке тұлға біліміндегі кемшіліктер есепке алынады, оны қайталамаудың амалдары ойластырылады. Коррекция-лык іс әрекетте де оқушы-мұғалім бір-бірімен тығыз байланыстағы деңгейде жұмыс жасайды.

4. Ең негізгісі оқушы білімін стандарт талабының деңгейіне жеткізудің амалдары мен тәсілдерін жасай отырып, енді оны шығармашылық деңгей сатыларына көтерудің жолдарын іздеу, оны нақты көрсету болып табылады.

В.Монахов технологиясының окыту, үрдісіндегі ұтымдылығының басты максаты білім беру іс-әрекеті диагностика мен болжамға негізделеді. Мұғалім оқушылардың тіл байлығын кемшіліктері мен жетістіктерін саралай отырып, алдына накты мақсат қойып, оны жүйелі түрде жүзеге асырудың ұтымды әдіс-төсілінен ізденеді. Сонымен бірге, шағын максаттарды жүзеге асыратын тапсырмалар жүйесін диагностиканы басшылыққа ала отырып, мөлшерлеп беруді шығармашылық жүмыстар аркылы тіл дамытудың басты ұстанымы етеді.

Дамыта оқу – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқу теориясы Г.Пестолоций, А.Дистерверк, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Эльконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.

Дамыта оқу идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.

Проблемді оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік, дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды.

Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше жетеді. Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын біріктірген түйін. Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Білім берудегі озық ұстанымдарды негізге ала отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне деген сенімін арттыру, әдеби білім сапасын арттырып дамытуда, ауызша, жазбаша тілін жетілдіруде, т.б. жеке пәндердің ғылыми-әдістемелік сапасын жүйелеуде деңгейлеп оқыту технологиясының орны айрықша. Мұнда білімнің жүйелі, анық берілуі, деңгейлік тапсырмалардың пән бағдарламасының талабына сай болуы, оқу материалының түсініктілігі, деңгейлік тапсырмалардың сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық белсенділігінің артуы, қабылдау деңгейіне назар аударылады.

Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады.

Сонымен, қорыта келе, педагогика ғылымының тиімді дамуының бір жетістігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясының пайда болуына оңтайлы ықпал жасайды. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту технологиялары пайда болуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерімен қарым-қатынасы басты орын алады.



Гуманитарлық факультет
Пән: «қазақ әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту» курс:
Семинар тақырыптары

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет