Оқу-әдістемелік орталықтың 2005-2006 оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытындысы



бет1/3
Дата17.02.2017
өлшемі361,86 Kb.
#9686
  1   2   3
Оқу-әдістемелік орталықтың 2005-2006 оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытындысы.
181 орта мектеп мұғалімдерінің 2005-2006 оқу жылы соңындағы мұғалімдердің білім деңгейінің мәліметі төмендегідей.


Мұғалімдердің біліктілігі.


Оқу әдістемелік орталықтың 2005-2006 оқу жылында жұмысы озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру, В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын оқу, меңгеру, сабақ үрдісіне ендіру мақсатында жүргізілді.



Бұл мақсаттар төмендегі міндеттер негізінде жүзеге асырылды.

  • Мұғалімдердің кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру.

  • Білім беру қызметкерлерінің педагогикалық шығармашылығын дамыту.

  • Оқытудың мазмұнын жетілдіру, олардың нысандары, әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз ету.

  • Оқытуды оқу - әдістемелік әдебиеттермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету.

  • Оқу процесінде компьютерлік техниканы ендіру әдістемесін игеру.

  • Оқу - тәрбие процесінде ғылыми – зерттеу нәтижесін, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияны. озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және пайдалану.

  • Сабақты жетілдіруде оқу тәрбие процесінің негізгі нысандарына жүйелі, жоспарлы түрде қатысып оны талдау.


Барлық мұғалімдерге төмендегі мектеп жұмыс жасайтын тақырыптар таныстырылып, жұмыс барысында басшылыққа алынды.

  1. Әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тақырыптармен жеке жұмыс

  2. Интерактивті сабақтарды жүргізудің әдістемесін меңгеру

  3. Сабақта оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін басқару

  4. Сабақта оқытудың белсенді әдістерін пайдалану

  5. Шағын топта оқыту әдістемесін меңгеру

  6. Оқытудың зачеттық жүйесін практикаға ендіру

  7. Әрбір оқушыға дара қатынас жасау негізі бойынша оқыту моделін жасау

  8. Пәндік-жобалау қатынас негізінде оқушылармен қарым-қатынасты ұйымдастыру

  9. Оқушыларды өз іс-әрекетіне баға беруге және талдау жасауға үйрету

  10. Шағын топтық әдіс негізінде сабақтан тыс пәндік қызметтерді ұйымдастыру

  11. Оқушылардың ББД аралық мониторинг жүргізу

  12. Оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар жүйесін жасау

  13. Пәндік викториналар мен кроссвордтар дайындау.

  14. Үйге тапсырма берудің жүйесін жасау.

  15. Оқу мотивациясы проблемалары бойынша оқушыларға анкета дайындау және жүргізу

  16. Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері тақырыбында өздігінен білім көтеру

  17. Есте сақтаудың қажеті, ерекшеліктері және белсендіру проблемаларын оқып үйрену

  18. «Саралап оқытуға көшуді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру» тақырыбымен жұмыс

  19. «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбымен шұғылдану

  20. Сабақта оқушылардың өздігінен жұмысын ұйымдастыру және өзін және бір-бірін тексеру тәсілін ендіру

  21. Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру

  22. Пәндік жедел жәрдем қызметін құру негізінде ассистент мұғалімдер топтарымен жұмыс

  23. Оқушы үлгірмеушілігінің проблемаларын зерттеу

  24. «Сабақта өзін-өзі талдау проблемасы» тақырыбымен жұмыс

  25. «Оқу материалын қайталаудың тиімді тәсілдері» тақырыбымен жұмыс.

Мектептің жылдық жұмыс жоспары бойынша оқу-әдістемелік орталық, бірлестіктер жұмыстары жоспарланып, 1-11 сыныптардың оқу жоспары жасалып, бекітілді. Оқу жоспарында базалық білім беру жоспарға сай толық игеріліп, қосымша білім беру негізінде «Тіл дамыту» бағдарламасы бойынша 2 сыныпта ана тіліне бейімдей оқыту, 5а, 6а сыныптарында «Абайтану», 1,3а,3б,5а,5б сыныптарында «Шешендік өнерге баулу», 6а сыныбында «Қызмет көрсету ортасы», 7а сыныбында «Коммуникативті тіл» курстары жүргізілсе, 4 сыныпта математикаға бейімдей оқытуға сағат бөлінді. Сонымен бірге 1-11 сыныптарда дене тәрбиесі мен валеологияға, 5-11 сыныптарында әдеп негізі пәніне 1 сағаттан берілсе, 1-4 сыныптарға КЖЕ, 5-9 сыныптарда ӨҚН, 9 сыныпта физика, 10,11 сыныптарда қазақ тілі пәндеріне факультатив есебінен 1 сағаттан беріліп, жұмыс жүргізілді.

Оқу жылы барысында жоспарға сай 4 рет оқу әдістемелік орталық отырысы өткізіліп, онда «Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамыту және жазбаша жұмыстарға қойылатын мектепішілік бірыңғай талаптар», «Математика сабағында әрдеңгейлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың табиғи қабілеттерін ашып, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру», «Мұғалімдердің өзінің және әріптестерінің сабағын талдау, рефлекция жасай білу», «Оқушыны тапсырманы деңгейлеп беру арқылы дамыту, стандарт бойынша міндетті және мүмкіндік талаптардың орындалуы» тақырыбында баяндамалар оқылып, өткізілген мектепішілік шараларға қорытындылар жасалды. Қазан-сәуір айларында пәндер бойынша апталықтар өткізіліп, мұғалімдердің қатысуы қамтамасыз етілді. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, жоспарлы жұмысты жүргізуде политехникалық бәндер бірлестігінің жетекшісі Төлегенованы атап айтуға болады.

Мектептің өзекті тақырыптарын жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарып жүрген мектеп мұғалімдері арасынан 12 мұғалім мектепішілік, 5 мұғалім аудандық ІІІ педагогикалық оқуға қатысын өз тәжірибелерін ортаға салды. Аудандық педагогикалық оқуда сабақ беру әдістемесін, оқушы әрекетін ұйымдастыру түрлерін бағдарламалық материалдың мазмұнын зерттеп, терең меңгеріп, теориялық және әдістемелік дайындықтарының жоғары екендігін көрсете білген мектеп психологы З.Нұрмырзаева ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі М. Биманова мен бастауыш сынып мұғалімі Молдабековалар «Алғыс хатпен» марапатталды.




Р/с

Мұғалімнің фамилиясы

Мектепішілік

пед.оқу


Аудандық

Пед. оқу


Жүлде

1

Нұрмырзаева З

Мектепте болу режимінде оқушы денсаулығы проблемасына диагностикалау, реттеу, түзету жұмыстары.

Мектепте болу режимінде оқушы денсаулығы проблемасына диагностикалау, реттеу, түзету жұмыстары.

ІІІ орын

2

Молдахметова Ә

Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру

-

-

3

Жұмабаев Талғат

Дене тәрбиесі сабағында адамгершілікке тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі сабағында адамгершілікке тәрбиелеу.

-

4

Биманова М

Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі.

Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі.

«Алғыс хат»

5

Молдабекова П

Интерактивті сабақтарды жүргізудің әдістемесін меңгеру

Интерактивті сабақтарды жүргізудің әдістемесін меңгеру

«Алғыс хат»

6

Каденова К

Сабақта оқушылардың өздігінен жұмысын ұйымдастыру және өзін және бір-бірін тексеру тәсілін ендіру

-

-

7

Пірматова К

Мектеп кітапханасы

Мектеп кітапханасы

-

8

Жақсылықова М

Сабақта өзін-өзі талдау проблемасы» тақырыбымен жұмыс

-




9

Мұсабаева Ж

Оқушы үлгірмеушілігінің проблемаларын зерттеу

-




10

Есжанова С

Мектептегі МДС жұмысы

-




11

Қожабекова Х

Оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар жүйесін жасау.

-




12

Молжігітова

Сабақта оқытудың белсенді әдістерін пайдалану


-




Пәндер бойынша өткізіліп жатқан аудандық байқауларда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Т.Жұмабаев І орын, география пәнінің мұғалімі Г.Медетова ІІ орын, математика пәні мұғалімі С.Төлегенова ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі Қ.Жүсіпова ІІІ орын алып, жасап жатқан жұмыстарының нәтижесін көрсетті.



Мұғалімдердің аудандық байқауға қатысу көрсеткіші.



Мектеп мұғалімдері жаңалықты, жаңашыл идеяларды үйренумен қатар оларды ұжым арасында талқылап, ой бөлісу барысында жұмыстар жасады. «Оқу әрекетінің және оқыту әрекетінің психологиясы» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық семинарлар, «Оқушыны белсенді оқытудың рефлексивті әдістемесі» тұрақты семинардағы проблемалы тақырыптар мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге қызмет етті. Сонымен бірге барлығы 21 мұғалім білім көтеру курстарынан өтті.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет