Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары. Бағдарламалық мазмұны



Дата28.01.2018
өлшемі79,02 Kb.
#34543
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

• Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

• Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.

Жұмбақ:

Ұзын мойын, екі ішек,



Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

- Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

- Қандай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер? Он тыңдау. «Қобыз». Б.Қыдырбек.

- Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

- Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

- Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

- Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыка әуенімен қобыздың дыбысын берген.

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.



Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар».

Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.



Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қатты жөне ақырын музыка».

Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиано» деп атайды. Фортепиано (қазақша — күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.



Музыкалық аспапта ойнау: Ұрып ойнайтын аспаптардың көмегімен белгілі бір әуенді ойнау.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет