Оқу жылы Қазақ тілі мен әдебиеті



Дата06.12.2016
өлшемі107,72 Kb.
#3339
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
Құрметті сырттай оқу мектебінің оқушысы!
Сіз жыл бойында 3 турдың тапсырмаларын орындау керексіз. Әр турдың бірінші тапсырмалары ретінде дәстүрлі түрде шығарма ұсынылады. Шығарманы бағалау өлшемдері жоғарыда берілген. Екі тақырып мектеп бағдарламасы көлемінде, 1 тақырып -еркін тақырып. Оқушылардың басым көпшілігі бағдарламалық тақырыптан ауықтып, еркін тақырыпты таңдап жатады. Тәжірибе көрсеткендей, еркін тақырыпты оқушылардың басым көпшілігі аша алмайды. Еркін тақырыпты ашу өте күрделі, себебі бұл эссе емес, мұнда әдеби материалдарды екшей отырып, қорытып жазу керек. Оқушылардың басым көпшілігі еркін тақырыпты эссемен шатастырып, қысқа ғана ойтолғау жазып береді. Мұндай жұмыстар төмен бағаланады. Шығарманы жазбас бұрын алдымен ойланып барып бастау керек. Жазып отырған тақырыбыңызды ашу үшін шығармадан үздінділер келтіре отырып, дәйекті пікірлерге жүгінген абзал. Кітапты көшіріп жазудың қажеті жоқ, ондай жұмыстар енді бағаланбайды. Мәселен, «Оғызнама» тақырыбындағы жазба жұмысында шығарманың мазмұнын аша отырып, алғашқы эпостық туынды екенін ғалымдар пікірлеріне сүйене отырып, дәлелдеу керек. Ал «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы шығармада мазмұнды баяндаудың қажеті жоқ. Аққудың қасиеті неде? Ана қасіреті, ана трагедиясы, ананың көзсіз махаббаты туралы ойларды өрбітіп, бір-бірімен байланыстыра отырып, әдемі дүние жазып шығу керек. Шығармада жоспар жоғары бағаланады. Мазмұндық жоспар емес, жүйелі түрде рет-ретімен берілген әдеби жоспар болу керек. Грамматикалық тапсырмаларда синтаксистік талдауды сатылай кешенді талдау негізінде орындау қажет. Сөйлем мүшелеріне ажырата отырып, сөйлемге толық сипаттама беріп талдау жеткілікті. Картотека тергенде шығарманың авторы, кітаптың атауы, шыққан жылы, беті толығымен көрсетіліп, маңызды сөздің асты сызылып берілсін. Грамматикалық тапсырмаларды орындағанда көп сөзділікке салынып қажеті жоқ, берілген тапсырманы нақты орындауы қажет. Мәселен, пейзаж және оның көркемдік қызметі деген тапсырмада пейзажға және оның көркемдік қызметіне тоқталып, көркем әдебиеттен 5 мысал келтірсе болғаны.

Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескере отырып, тапсырмаларды ұқыптылықпен, асқан ыждаһаттылықпен орындайтындарыңа сенім білдіремін, құрметті оқушым! Сәттілік жолдас болсын!


Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:

  1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

  2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай

  3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

  4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

  5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50

І тур
Шығарма тақырыптары
8-сынып
1. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі жазушы шеберлігі.

2. Шешендік сөздердегі халық даналығы

3. Ауылым-алтын бесігім.
Практикалық тапсырма
1. Кейіптеу дегеніміз не? Оның көркем шығармадағы рөлі қандай? Кейіптеуге 5 мысал келтір.

2. «Ұнату» түрлерінің көркем әдебиетте қолданылу стилі, ерекшелігі.

3.«Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» айтысындағы Айнұр Тұрсынбаев мен Жандарбек Бұлғақовтың айтысын талдап, пікір айтып көріңіз. Ақындардың көтерген әлеуметтік мәселелері, оны жеткізу жолдары – суырыпсалмалылық, орынды әзіл, терең наз, қалыптасқан стиль, жағымды мақам туралы дәлелді ойларыңызды нақты мысалдармен көркемдеп пікір жазып жіберіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=HJcbvpUS5Wc


9-сынып
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің жәдігерлеріндегі тәрбие тағылымдары

2. Халық ауыз әдебиеті –халықтың асыл қазынасы

3. Биік мұрат-биік мақсат


Практикалық тапсырма
1. Арнау дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

2. «Қуану» сөздерінің көркем әдебиетте түзілуі және оған 5 мысал келтір.

3. «Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» айтысындағы Айнұр Тұрсынбаев мен Жандарбек Бұлғақовтың айтысын талдап, пікір айтып көріңіз. Ақындардың көтерген әлеуметтік мәселелері, оны жеткізу жолдары – суырыпсалмалылық, орынды әзіл, терең наз, қалыптасқан стиль, жағымды мақам туралы дәлелді ойларыңызды нақты мысалдармен көркемдеп пікір жазып жіберіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=HJcbvpUS5Wc


10-сынып

1. Ат – ер қанаты. (Батырлар жыры бойынша).

2. Абайдың ақындық тілі.

3. Алаштың алдаспандары.


Практикалық тапсырма

1. Көркем әдебиет стилі және оған тән белгілер. Мысалдармен дәлелде.

2. Көркем шығармаларда кездесу-келісім түрлерінің түзілуіне 5 мысал келтір.

3. «Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» айтысындағы Айнұр Тұрсынбаев мен Жандарбек Бұлғақовтың айтысын талдап, пікір айтып көріңіз. Ақындардың көтерген әлеуметтік мәселелері, оны жеткізу жолдары – суырыпсалмалылық, орынды әзіл, терең наз, қалыптасқан стиль, жағымды мақам туралы дәлелді ойларыңызды нақты мысалдармен көркемдеп пікір жазып жіберіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=HJcbvpUS5Wc
11-сынып

1. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбие мәселесі

2. С. Дөнентаев мысалдарының тәрбиелік мәні.

3. Өнер алды – қызыл тіл.


Практикалық тапсырма

1. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында көріктеуіш сөздерді қолдану шеберлігі.

2. Көркем шығармалардағы «тез» ұғымын берерлік сөздердің қолданылу өрісіне тоқталып, 5 мысал келтір.

3. «Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» айтысындағы Айнұр Тұрсынбаев мен Жандарбек Бұлғақовтың айтысын талдап, пікір айтып көріңіз. Ақындардың көтерген әлеуметтік мәселелері, оны жеткізу жолдары – суырыпсалмалылық, орынды әзіл, терең наз, қалыптасқан стиль, жағымды мақам туралы дәлелді ойларыңызды нақты мысалдармен көркемдеп пікір жазып жіберіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=HJcbvpUS5Wc
ІІ тур
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:


  1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

  2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай

  3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

  4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

  5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50
8-сынып
1. «Бұл өзі жердегі ме, Көктегі ме? Жолықтым өлең-жардың көктеміне...» Қ.Мырзалиевтің ақындық шығармашылығы бойынша.

2. «Ақырғы тілек немесе туған жерге жетелеген қырық жылдық сағыныш» Қ.Жұмаділовтің шығармаларының желісі бойынша

3. «Менің шешем» жазушы Қарауылбек Қазиевтің әңгімесінің желісі бойынша
Практикалық тапсырма
1. Етістіктің шақтары және олардың стильдік қызметі

2. Ашу түрлерінің көркем әдебиетте түзілуі, қолданылу ерекшелігі.

3. «Тойbestar» теле думанындағы Жандарбек Бұлғақовтың өзімен-өзі айтысуы – қазақ айтыс өнеріндегі өзгеше бір құбылыс деуге болады. Осы туралы өз пікірлеріңізді дәлелдеп айтып көріңіздер. Пікіріңізде ақынның суырыпсалмалылығын, ойының ұшқырлығын, тілінің көркемдігін, логикалық байланысын, сөз оралымдарын дәлел ретінде келтіріп жазыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=4g_4gNLPj2A
9-сынып
1. «Бірінші тілек тілеңіз...» Бұқар жырау толғауларындағы ел арманы

2. Қазақ аңыздарындағы Алдар көсе образы.

3. Аппақ қар, аппақ әлем, ақ дүние...(лирикалық толғаныс)
Практикалық тапсырма
1. Ғылыми стиль және оның қолданылу ерекшеліктері.

2. Көркем әдебиеттегі «қарау» сөзінің контестік қолданысы, 5 мысал келтіру.

3. «Тойbestar» теле думанындағы Жандарбек Бұлғақовтың өзімен-өзі айтысуы – қазақ айтыс өнеріндегі өзгеше бір құбылыс деуге болады. Осы туралы өз пікірлеріңізді дәлелдеп айтып көріңіздер. Пікіріңізде ақынның суырыпсалмалылығын, ойының ұшқырлығын, тілінің көркемдігін, логикалық байланысын, сөз оралымдарын дәлел ретінде келтіріп жазыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=4g_4gNLPj2A
10-сынып
1. Айтыс өнерінің алтын діңгегі - Сүйінбай Аронұлы

2. Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларындағы адамгершілік мәселесі

3. «Айтыстың Ақтаңгері»
Практикалық тапсырма
1. Көркем әдебиеттегі сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру ұғымына 5 мысал теріп жаз.

2. Көркем шығармадағы жауынның жауу түрлерін атап, оған 5 мысал келтіріңіз.

3. «Тойbestar» теле думанындағы Жандарбек Бұлғақовтың өзімен-өзі айтысуы – қазақ айтыс өнеріндегі өзгеше бір құбылыс деуге болады. Осы туралы өз пікірлеріңізді дәлелдеп айтып көріңіздер. Пікіріңізде ақынның суырыпсалмалылығын, ойының ұшқырлығын, тілінің көркемдігін, логикалық байланысын, сөз оралымдарын дәлел ретінде келтіріп жазыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=4g_4gNLPj2A
11-сынып
1. «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін...»

2. Сырбай Мәуленов – лирик ақын.

3. Поэзия менімен егіз бе едің?!

Практикалық тапсырма
1.Метафора дегеніміз не? Оның көркемдік мәні қандай? Көркем әдебиеттен (поэзия, проза) 10 мысал теріп жаз.

2. «Абай жолы» романында сыйлау-құрметтеу түрлерін қолданудағы жазушының тіл шеберлігі.

3. «Тойbestar» теле думанындағы Жандарбек Бұлғақовтың өзімен-өзі айтысуы – қазақ айтыс өнеріндегі өзгеше бір құбылыс деуге болады. Осы туралы өз пікірлеріңізді дәлелдеп айтып көріңіздер. Пікіріңізде ақынның суырыпсалмалылығын, ойының ұшқырлығын, тілінің көркемдігін, логикалық байланысын, сөз оралымдарын дәлел ретінде келтіріп жазыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=4g_4gNLPj2A
ІІІ тур
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:


  1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

  2. Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай

  3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай

  4. Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай

  5. Емле (орфография) – 10 ұпай

Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50
8-сынып
1. Мақал-мәтелдердегі халықтық тәрбие ұғымдары

2. «Баянның батырлығы алашқа аян...» М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесі

3. Мәңгілік мұра

Практикалық жұмыс
1. Төл сөз бен автор сөзінің арасына қойылатын тыныс белгілері.

2. «Күлкі» сөзінің көркем әдебиеттегі контекстік қолданысы, оған дәлел ретінде 10 мысал келтір.

3. Қазіргі қазақ поэзиясының шығармаларынан бір өлеңді алып, сол туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
9-сынып

1. Сөз атасы – мақал.

2. Сара – асқақ өнер иесі. («Біржан мен Сара» айтысы бойынша).

3. Менің сүйікті жазушым.


Практикалық жұмыс
1. М.Өтемісұлының шығармаларында қолданылатын эпитеттердің қолданылу ерекшеліктері. 10 мысал теріп жаз.

2. «Жылаудың» көркем әдебиеттегі контекстік қолданысы, оған дәлел ретінде 10 мысал келтір.

3. Қазіргі қазақ поэзиясының шығармаларынан бір өлеңді алып, сол туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
10-сынып
1. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы Еспенбет батыр бейнесі.

2. М.Әуезов әңгімелеріндегі жетімдер тағдыры

3. Азаматтық – адал іс
Практикалық жұмыс
1. Жыраулар поэзиясында кездесетін метафоралық тіркестердің өзіндік ерекшеліктері. 10 мысал келтір.

2. Шешендік сөздің түрлері, нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

3. Қазіргі қазақ поэзиясының шығармаларынан бір өлеңді алып, сол туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

11-сынып
1.Бейімбет – көркем әңгіме шебері

2. С.Жиенбаев лирикасындағы адам, адамгершілік мәселелері.

3. Кітапхана-рухани байлық
Практикалық жұмыс
1. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы синонимдік қатарлардың қолданысы. 10 мысал теріп жаз.

2. Шешендік өнерді қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыныңыз.



3. Қазіргі қазақ поэзиясының шығармаларынан бір өлеңді алып, сол туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет