Оқу жылы бойынша Ушаков орта мектебінің тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі



Дата20.06.2018
өлшемі69,75 Kb.
#43548
2014-2015 оқу жылы бойынша Ушаков орта мектебінің тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі.

Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Егіндікөл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрық хаттарымен, мектептің тәрбие жоспарын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы, басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар.

Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері;

Тәрбиенің мазмұны:

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көшбасшы, еңбекші, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

Мектептегі тәрбие беру жұмысының тақырыбы:

Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру.



Мектебіміздегі тәрбие жұмысының мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.



Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

  • қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 12 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуалді мәдениетті дамыту

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу,әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу.



Тәрбие жұмысы жөнінде кеңестерде қаралған мәселелер:

10.09.2012 жылы педагогикалық кеңесте «Жалпыға бірдей міндетті Білім Заңы аясында аз қамтылған отбасылар мәселелері және шешу жолдары.», 10.12.2012 жылы «Ыстық тамақпен қамту», 6.12.12 жылы ұжымдық кеңесте «Мектеп жанындағы асхана жұмысының ұйымдастырылуы.», «« Мектепке жол» акциясының орындалуы», 03.10.12 жылы мектеп директоры орынбасары жанындағы кеңесте «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастырылуы: мәселелер мен шешу жолдары», 09.11.12 жылы «Класс журналдарын жүргізілу ережелерінің сақталуы», «Жолда жүру ережелері сабақтарының берілуі», 13.12.12 жылы әдістемелік кеңесте «Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бойынша жүргізілген жұмыстар», сәуір айында әдістемелік кеңесте «Оқушылардың қызығушылығы бойынша ұйымдастырылған үйірмелердің оқытылуы»қаралды.



Алдын алу кеңесінде қаралған мәселелер:

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі құрылып, жылдық жұмыс жоспары жасалынды. 19 қыркүйек күні өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Балалар түнгі уақытта» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар талқыланды. 17 қазан күнгі алдын алу кеңесінің отырысында білім алушылардың сабаққа қатысымы туралы мәселелер қаралып, талқыланды. 15 қараша күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысында «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» ұранымен 2014 жылдың 1-19 қарашасында жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді. Кеңесте акция аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы мектепішілік тәртіп мәселесі қаралды. Яғни сабақтан қалатын, сабақтан кешігетін білім алушылардың есімдері анықталып, сол білім алушылармен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.Желтоқсан айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Балалардың денсаулығы өз қолымызда» темекі шегу, ішімдік, токсикалық және есірткіге қарсы алдын алу жұмыстары- бойынша медбике Жадрина Б. есебі тыңдалды.

16 қаңтар күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысы болып, онда бір мәселе талқыланды. Яғни себепсіз сабақтан қалатын білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс. Мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылып, мектеп психологы ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Кеңес отырысында сабақтан жиі қалатын білім алушыларды дер кезінде анықтап,ата-аналарымен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы сынды айтулы шараларды тойлау жоспары қарастырылды.

20 ақпан күні «Мектеп ережесін бұзған білім алушылармен жұмыс» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып, тәртіп сақшылары жалпы мектептегі білім алушылардың тәртібіне тоқталды. Соның ішінде кейбір сабақтан кешігу, үзіліс кезінде жүгіру сияқты гимназия ережесін бұзған білім алушыларды атап, жүргізген жұмыстарға тоқталды.

21 ақпан күні « Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» тақырыбында ата-аналарға кеңестер берілді.

Мектеп психологы Какишев Бекболат «Құқықбұзушылықтың қоғамда алатын орны» тақырыбында жоғары сынып білім алушыларына баяндама оқып, талқылады.

Наурыз айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Тұлғаны ізгіліктендірудегі отбасының міндеті» туралы, білім алушылардың көктемгі каникул кезінде бос уақытын ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды. Ата-аналарға арналған сауаланамалар жүргізу керектігі айтылды.

17 сәуірде «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығының қалыптастыруына отбасының рөлі» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста білім алушылардың жұмыспен қамтылуы туралы айтылып, осы орайда отбасылармен жұмыс жүргізу мәселесі қаралды.

15 мамыр күні өткізілген кеңестің отырысында «Білім алушылардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру», кеңестің жұмысын қорытындылау мәселелері қаралып, талқыланды. Келесі оқу жылына жұмыс жоспары құрылды.


Сынып жетекшілер кеңесінде қаралған мәселелер:

3 қыркүйек күні бірлестіктің отырысы болып өтті. Бұл отырыста сынып жетекшілер 2014-2015 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып жетекші жұмысының мазмұны,сынып жетекшісінің портфолиосымен таныстырылды. Сонымен қатар ашық тәрбие сағаттарын өткізу кестесін толтырылды. 8 қазанда «Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу»мәселелері талқыланды. 5 қарашада «Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету проблемалары: құқықтық, педагогикалық және психикалық аспектілер» тақырыбында семинар отырысы болып өтті. 3 желтоқсанда өткен бірлестік отырысында «Білім алушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары» тақырыбында баяндама оқылды. 3 қаңтар күні «Тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі» тақырыбында жиналыс болып, онда «Мониторинг және бағалау»,«Қамқор» қамқорлық акциясы туралы айтылып талқыланды. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы сынды айтулы шараларды тойлау жоспары қарастырылды 4 ақпанда бірлестік отырысында «Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы», 25 наурызда «Білім беру ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында, 8 сәуірде «Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау схемасы», 13 мамыр «2015-16 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарын бекіту»мәселелер қаралап талқыланды.



Ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау:

27 қыркүйек күні «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлығы - 20 ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупбекова Д.Б «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында баяндамамен таныстырды. Мектеп директорының м.а Туртжарова Ш.Ж мектеп білім алушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі туралы айтып, мектеп ережесімен , жаңа нормативтік құжаттармен таныстырды. Соңғы мәселе бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы болып Жандаулова Мереке көпшіліктің дауыс беруімен сайланды.

31 қазан күні «Ата-аналар және мұғалім: ынтымақтасып жұмыс жүргізуді үйренеміз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиіс тігі айтылды. Сынып жетекшілер «Нағыз ата-ана кодексі», «Ата-аналарға арналған тоғыз өсиетпен» таныс болып, өзара пікіралысты.

5 желтоқсан күні 11 сынып жетекшісі Фазылова Г.З және Трысбаев Қ.Ж «Діни қауіпсіздікті нығайтуға байланысты мектептің отбасымен жұмыс жүйесін қалыптастыру бойынша» ата-аналармен отырыс жасап, ұсыныстар жасады.

Қаңтар айында «Қамқор» қайырымдылық акциясы болып өтті. Осы айда дінтану пәні мұғалімі Оспанов А.А ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында ұсыныстар берді.

Ақпан айында ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» кеңестер берілді.

Наурыз айында балалардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды.

Сәуір айында мектеп психологы «Өзара түсіністік негізі неде?» тақырыбында тренинг, «Балалар тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында аз қамтылған отбасылармен отырыс өткізді. Сонымен қатар «Көктемгі ізеттілік» акциясы аясында аз қамтылған отбастарына көмектер берілді.

18 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып, жылдық қорытынды жұмыстар, «Балаларды жазғы демалысқа жіберудің жағдайларын қарастыру»,«Балалар қауіпсіздігін қадағалау»,«Алдымызда жаз» сияқты мәселелер талқыланды.

Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі;

Білім алушылар үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

13 қыркүйек күні Ушаков ОМ «Ұланбасы» сайлауы болып өтті. Салтанатты сайлауға сынып жетекшілер, білім алушылар, қатысты. Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен «Ұланбасы» болуға білім алушылар өз кандидатураларын ұсынып, мәлімдемелер берді.

Нәтижесінде:

Самет Мадина /9а сынып/-«Ұланбасы»

Мажит Диана /8а сынып/- мәдениет министрі

Котов Дмитрий/10б сынып/-тәртіп министрі

Артықбай Анара/9а сынып/-білім министрі

Костюкевич Карина/8б сынып/-денсаулық министрі

Акимбай Айнұр/8 сынып/-ақпарат министрі

Баковец Манат /9б сынып/спорт министрі

Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-7, «Жас қыран» ұйымында- 22 бала бар.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларының отырысы болып өтті. Отырыста қыркүйек айында жүргізілген жұмыстар талқыланып, қазан айында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, министрлерге жұмыстарымен таныстырылды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік сынып бұрышы» байқауы болып өтті.

Байқаудың нәтижесі бойынша бастауыш сыныптар арасында :

І орынға- 4 «б»сынып,



5-11сыныптар арасында

І орынға – 9 « а»сынып ие болды. Жеңімпаз сыныптар грамоталармен марапатталды.

29 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды. 29 қараша күні «Президент күні-халықтың күні» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 2 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылдынды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тұңғыш президент күніне құттықтаулар айтылды.

14 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, барлық бастауыш сынып білім алушылары «Жас қыран» балалар ұйымына қабылданып, 4 білім алушы «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылданды.



Сынып жетекшілер кеңесінің жұмысының бар болуы және тиімділігі;

Биылғы оқу жылында мектебінде 12 сынып жетекшісі жұмыс жасады.Оның 1 мектепалды даярлық тобы, 3 бастауыш сынып жетекшілері, калганы орта және жоғары буын сынып жетекшілері.Сынып жетекшілерінің ішінде жас мамандар да бар.Олар тәжірибелі сынып жетекшілерінен көмек ,ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алып отырады.

"Өнеге" сынып жетекшілер бірлестігінің жүргізілген жұмыстарына тоқтала кетсек, жоспар бойынша бірнеше бірлестік отырыстары және бірнеше семинар ұйымдастырылды.

Оқу жылының басында бірлестік отырысында тәрбие жұмысының меңгерушісі Жакупбекова Д.Б "ҚР Білім және ғылым министрінің "Білім жүйесін жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты" атты білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзін таныстыра отырып,сынып жетекшілерімен талқылады.Сонымен бірге осы отырыста жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарымен, нормативтик құжаттармен таныстырып, "Мектепке жол"қамқорлық акциясына шақырды.

Қыркүйек айында жас мамандарға арналған бірлестік отырысында тәрбие жұмысының меңгерушісі Жакупбекова Д.Б. "Сынып жетекшісі нені білу керек?" атты ақыл кеңестер мен көмекші нұсқаулар берді .

Сынып жетекшілерінің құқықтары :оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру, сынып оқушыларының сабаққа қатысымы және ата-аналармен тығыз байланыста болуды түсіндірді.

Қазан айында бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің арасында "Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу "атты үлкен мәселе талқыланды.Сонымен сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстағы ұстанымы атты баяндаманы Бальцева Л.Н.оқып шықты.Сынып жетекшілері өз ойларын ортаға салды.

Қараша айында кезекті "Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықты түзету проблемалары :педагогикалық- психикалық аспектілер" атты семинар ұйымдастырылды, Мицуля Е.А интерактивті тақта арқылы "Бала көңіліне шуағымызды аямайық"атты тақырыпта слайдтар көрсетті.

Желтоқсан айында Оспанова Г.С."Діни экстремизм дегеніміз не?" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Бастауыш сынып жетекшісі Оспанова С.Ж. "Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері " тақырыбында іс-тәжірибесін сынып жетекшілерімен бөлісе отырып, шығармашылық есеп берді.

Қаңтар айында "тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі" тақырыбы аясында семинар болды.Бұл семинарда "Мониторинг және бағалау" және "Қамқор" қамқорлық акциясы тақырыптарына баяндамалар оқылды. Семинар барысында В.А. Сухомлинскийдің "Өз балаңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз" даналық сөзін ортаға салып, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мәселесінде сынып жетекшілері өз ойларын ортаға ортаға салды. Мектеп психологы бірнеше тренингтер өткізді.

Ақпан айында 9-11 сынып жетекшілерінің арасында "Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы" тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.Бұл тақырыптарда сынып жетекшілері Фазылова Г.З. және Трысбаев Қ.Ж өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Мектеп психологы Какишев Б.Б бірнеше тренингтер , пайдалы кеңестер ұсынды.

Наурыз айында "Білім беру ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу "тақырыбында семинар өткізілді. Бұл тақырыпта тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрмұрат Ә.Т. баяндама оқыды.

Сәуір айында "Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау схемасы " тақырыбы аясында бірлестік отырысы өткізілді.Бірлестік жетекшісі тиімді ұсыныстарды ұсынды.

1.Сынып ұжымы мен жеке оқушының қысқаша мінездемесі.

2.Өткен оқу жылында қойылатын тәрбиелік мақсат-міндеттер.

3.Тәрбие жұмысын ұйымдастырылу формасы

4.Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары.(мазмұны).

5.Қоғамдастық және ата - анамен жұмыс.

6.Тәрбие барсында қолданылатын әдістер мен тәсілдер.

7.Тәрбие жұмысының нәтижесі.



Мамыр айында өткізілетін бірлестік отырысында "Педагогикалық диагностика әдістемесі" тақырыбында Нұрмұрат Ә.Т. баяндамамен таныстырады. Сынып жетекшілерінің жұмыстарына қорытынды жасап, келесі оқу жылында қаралатын мәселерге тоқталады.
Оқушылардың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы;


Жылдар

«Зерде» шығармашылық жұмыстар

Дарын ҒЖЖ

2014-2015

2

3

Оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайлары (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар)
Тәрбие бағыты бойынша үйірмелер

2014-15 оқу жылы


Мұғалімдер

































10

11

Барлығы

Абдуалиев А.Е

Тоғызқұмалақ






















5

4

1

























10

Абдуалиев А.Е

Шахмат






















5

4

1

1




4




2

1

1

1

20

Акимбай А.Б

Волейбол































3

2

5

2

2

2

3

5

24

Нұрмұрат Ә.Т

Робототехника































1




5




2




1




9

Оспанов А.А.

«Зимний сад» үйірмесі











































2

1

2

2

7



Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқушылардың денсаулығы және олардың әртүрлі спорттық- сауықтыру қызмет түрлерімен қамтылуы, валеологиялық қызмет жұмысы);

Ушаков ОМ 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары, 2014-2015 оқу жылында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары, 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген. Білім күніне арналған салтанатты жиыннан кейін 1- 4 сыныптарда Қазақстан Республикасының Президентінің 2010жылдың 29 қарашасындағы № 1113 Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын іске мақсатында 5-7 сыныптарда « Денсаулық сабақтары » өткізілді. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі. 2014 жылдың 3-8 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Президентінің 2011-2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан »   мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ушаков ОМ денсаулық апталығы болып өтті. 8 қыркүйек күні

« Мен, сен және ол — біз саламатты ел!» атты ұранымен « Денсаулық фестивалі — 2012» өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға ұстаздар,білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытты. Денсаулық фестивалінің ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимн орындалып, ұлттық рух шарықтады. Денсаулық фестивалінде гимнастикалық жаттығулар жасалынып, түрлі спорттық шаралар өткізіліп,жеңімпаздар диплом, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аталған шараға ұжым 100% қатысты.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жылдық жұмыс жоспары құрылып , жоспарға сәйкес осы апталық барысында медбике Жадрина Б. 9-11 сынып білім алушыларына «Нашақорлық және оның зардабы.», «Нашақорлық туралы сөйлесейік » тақырыбында әңгіме өткізді. Алдымен нашақорлық туралы бейне фильм көрсетті. Содан соң білім алушылардың пікірлерін тыңдап, көптеген кеңестер бере отырып, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Білім алушыларды салауаттылыққа шақыру мақсатында Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай онкүндік ұйымдастырылды. 20 қазан күні айлықтың жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. «Құбылнама» ақпараттық клубы салауаттылыққа шақыратын көптеген деректер бойынша ақпарат бұрышын дайындады.

1 қараша күні «Жаңа АИТВ-инфекциясы –нөл» тақырыбында ЖИТС-ке қарсы айлықтың ашылуына байланысты жұмыс жоспары ілініп, хабарлама жасалынды.

2 қараша күні денсаулық клубының мүшелері 5-11сынып білім алушыларымен «ЖИТС –ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында ашық әңгіме өткізді. АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу байланысты мектеп медбикесі Жадрина Б. 5-8 сынып білім алушыларынан сынақхат, 9-11 сынып білім алушыларынан сауалнамалар алды.16-17 қараша айларында 5-7 сынып білім алушылары арасында пионерболдан, 19-20 қараша аралығында 8-9 сынып білім алушылар арасында дойбыдан спорттық ойындар өткізілді. 21 қарашада өзін-өзі басқару ұйымы «Жоқ! Деп айта біл!»тақырыбында зиянды заттарға қарсы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.23 қарашада 9-11 сынып білім алушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шарада алдымен ЖҚТБ туралы бейне фильм көрсетілді. Содан соң тақырып бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікіралысты. 28 қараша күні ата-аналарға «Жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында жаднамалар таратылды. 29 қараша айында «Есірткі және қоғам» тақырбында жоғары сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында «Социальный ролик о подросковый наркомании» тақырыбында бейне фильм көрсетіліп, осы бейне ролик бойынша ой қозғалды.Осы күні денсаулық клубының мүшелері үндеулер таратты. Айлық барысында тәрбие сағаттары өткізіліп, білім алушыларға АҚТҚ/ЖҚТБ туралы мәліметтер берілді. Айлық соңында «АҚТҚ/ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты акция болып өтті.

22 қаңтар күні мектеп медбикесі Жадрина Б. білім алушыларға «Тұмау белгілері, емделу шаралары, алдын алу» тақырыбында кеңестер беріп, алдын алу шараларын жасау мақсатында 23 қаңтар күні санбюллетень шығарды.24 қаңтар күні 5-6сыныптар арасында «Көңілді эстафета» ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.



11-16наурыз аралығында тәрбие жұмысының дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру бағыты бойынша апталық болып өтті. Медбике ұстаздарға «Туберкулездің алдын алу шаралары-ахуалды жақсарту кепілі» тақырыбында дәріс оқыса, наркобекет тобының мүшелері «Біздің мақсат – туберкулёздің алдын алу!» тақырыбында жаднамалар ілді. Апта барысында спорттық ойындар өткізіліп, тәрбие сағаттары өтті. Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, қайтыс болу жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен орны толмас зардабын тигізуде. 16 наурыз күні «Ұрпақ саулығы өз қолыңызда» атты дөңгелек үстел болып өтті.

3сәуір күні «Құбылнама» ақпараттық клубы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» ақпараттық бұрыш шығарды.4сәуір күні 1-5сынып білім алушылары арасында «Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан!» тақырыбында сурет байқауы болып, үздік жұмыстар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. 6сәуір күні бастауыш сынып білім алушылары арасында «Көңілді мәре» ойыны өткізілді.



Патриоттық тәрбиелеу және білім беру ұйымының кеңістік-пәндік ортасын ұйымдастыру (мемлекеттік нышандар, тақырыптық стендтер, плакаттар т.б.);

Ушаков ОМ Білім күніне байланысты «Білім әлеміне қош келдіңіздер!» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға 20-ға жуық ата-ана, 73 білім алушы, қонақтар, ұстаздар қауымы қатысты.

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер мерекесіне орай фестиваль болып, фестивальға 33 білім алушы, сынып жетекшілер қатысты. Аталған шарада өзге ұлт өкілдерінің билері орындалып, Абайдың қара сөздері , сонымен қатар бірқатар ақындардың өлеңдері оқылды.

29 қазан күні «Тәрбиелі тәртіптің құлы» тақырыбында «Ұлағат» ер балалар клубының отырысы болып, онда «Тәртіп деген не?, Б.Момышұлының «Тәрбиелі –тәртіптің құлы» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Қоғамда тәртіп талаптарына қарамай өмір сүруге бола ма? Неге?» тақырыптар төңірегінде мәселелер талқыланды.

30 қазан күні «Мемлекеттік рәміздер- біздің мақтанышымыз» атты акция болып өтті. Аталған шараға ұстаздар, білім алушылар қатысты. 24 қараша күні «Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы» тақырыбында 9-10 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел болып өтті.

30 қараша күні барлық сыныптарда тұңғыш президент күніне орай тәрбие сағаттары өткізіліп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты акция болып өтті. Акция барысында ұстаздар, білім алушылар еліміздің тұңғыш Президенті күніне құттықтаулар айтып, әндер шырқалды. Аталған шараға ұстаздар, білім алушылар қатысты.

10 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай қабырға газеттері шығарылып, құттықтаулар ілінді.Тұңғыш Президентіміздің күніне орай 10-11 желтоқсан күндері білім алушыларға онлайн режимінде ұлы мақсатқа бастар жолдағы Елбасының арманға толы бал балалығы мен жалынды жастық өмірі қамтылған «Балалық шағымның аспаны» атты ғұмырнамалық фильмі көрсетілді. Режиссері:  Рустем Абдрашов. Апта барысында «Тұғырың берік болсын, туған елім!» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары бойынша кітапханашы Майорова Е.И жоғары сынып білім алушыларына 20 желтоқсан күні «Қазақстан -2050» – еліміздің индустриялық дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы сынды айтулы шараларды тойлау жоспары қарастырылды.

24 желтоқсан күні 7-8сынып білім алушыларымен даңқты қолбасшы , қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлын еске алу мақсатында «Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы» тақырыбында ерлік сағаты болып өтті.

10 қаңтар күні «Бұл біздің Гимн» атты патриоттық акция болып өтті. Бұл мереке мемлекеттік Гимн күніне орай өткізілді.Акцияға 5-11сынып білім алушыларымен қатар, ұстаздар қатысып, мемлекеттік Гимн орындалды. Аталған акцияның мақсаты жастарды қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

5 ақпан күні «Ауған соғысы» тақырыбында «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері ақпараттық бұрыш жабдықтады. Бұл шара 15 ақпан күніне орай жасалынды.

7 ақпан күні «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері «Ауғанстан естеліктері» тақырыбында оқырмандармен кеш өткізді. Кештің мақсаты тұлғаны жоғары құлықтылық қасиеттерге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылардығ бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік, Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.

8 ақпан күні оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында Ұланбасы Ғани Арайлым 10 сынып білім алушыларымен «Ерлік –ұрпаққа мұра» атты ерлік сағатын өткізді.

19 наурыз күні Наурыз мейрамын барынша тойлап, дастархан жайып, мерекелік іс-шаралар, спорттық жарыстар өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиыны болып өтті. Алдымен салтанатты жиында мемлекеттік Гимн орындалып, әр топтың топ басшылары жиынға дайындығы туралы мәлімет тапсырды. Салтанатты жиынның соңында «Жас Ұлан» балалар ұйымының әнұраны орындалды.

30 сәуір 1мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ақпараттық бұрыш шығарылды.Барлық сыныптарда мерекеге байланысты тәрбие сағаттары өтті.

Осы күні мектепішілік «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты фестиваль болып өтті. Фестивальдің ережесі бойынша әр сынып берілген ұлтты таныстырып, өнерін, тағамдарын ұсыну керек болатын. Тапсырманы барлық сынып өте жақсы орындап шықты . нәтижесінде І орынға 11а сыныбы, ІІ орынға 7-8 а сыныбы , ІІІ орынға 1-4 б сынып ие болып , алғыс хаттарымен марапатталды.

5-11сынып білім алушылары арасында «Сайыпқыран сарбаздар» атты саптық байқау болып өтті.

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі-айбынды қазақ әскері» атты жиын болып өтті.

Тимуршылар тобы тың ардегрелеріне жәрдем беріп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Мереке қарсаңында «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері «9 мамыр- Жеңіс күні» атты ақпараттық бұрышты жабдықтады.

9 мамыр күні мектеп ұжымы аудандық шараға қатысып, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. Соғыс ардагерлеріне арнап ескерткіш жасалынды.



Соңғы қоңырау салтанатты жиынына Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Жақанов Ж. қатысты. Осы оқу жылының қорытындысы бойынша ұстаздар, білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Орындаған: Нұрмұрат Ә.Т.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет