Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»



Дата27.02.2020
өлшемі50,36 Kb.
#58642
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Жылымды негізгі мектебі

2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» КММ І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі

2018 жыл


2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» КММ мәселесі: «Оқушы мен мұғалім арасындағы табысты оқудың жолы – сабақта бағалауды тиімді жүргізу»

Мақсаты: Мұғалімдерге сабақта бағалауды тиімді жүргізу, оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыруға бағыттау жолдарын үйрету.

Күтілетін нәтиже: 
1. Мұғалімдер тиімді бағалаудың мақсатын түсінеді; 
2. Өзгерістің не үшін керектігін біледі; 
3. Жұмысты жақсартуға мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың ықпалы тиетінін біледі; 
4. Кері байланыстың нәтижеге бағытталғандығын түсінеді; 
5. Кері байланысты ескеріп, сабақ жоспарына өзгеріс енгізуді біледі; 
6. Оқушылардың идеяларын ескереді; 
7. Өз жұмыстарына рефлекция жасай алады; 

8. Ата-аналар кері байланыс жасауды үйренеді; 
9. «Ата-ана-мұғалім», «Ата-ана-оқушы», «Мұғалім-оқушы» байланыстары нығаяды; 
10. Мұғалімдер бағалау мәселесі бойынша өз пікірін, идеясын айта алады; 

11. Тапсырмаларға нақты критерийлерді қою біледі

12. Оқушылардың білімдерін әділ бағалау үшін, дискрипторларды қолдана алады.

Осындай мәселе мен мақсатты алға қоя отырып 2018-2019 оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымында:

17 мұғалім, 2 тәрбиеші. Барлығы жоғары білімді – 18. Арнаулы орта - 1

Санаты бойынша:

жоғары санатты-1 ұстаз, Г.К.Уакаева;

Педагог – сарапшы – 1 ұстаз, А.Б.Омарова;

бірінші санатты-10 ұстаз, Н.М.Жылқыбай, А.Ж.Омарова, М.Е.Галиева, Б.Қ.Бекишев, Г.М.Шоматова, А.М.Есжанова, А.Қ.Сақтағанова, Ж.С.Байкенова

екінші санатты-2 ұстаз, С.Ш.Омарова, А.К.Жакишева;

санаты жоқ – 5 адам, М.К.Тұрысбеков, А.С.Жетписбаева, А.М.Даирова, Г.С.Айсина, Е.О.Жылқыбай;

Тәрбиешілерден санатты жоқ - 2 адам, А.А.Мейрамова, Б.Қ.Тұрғынбаева;

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында мектеп әкімшілігі және 5 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Олар:



  1. Н.М.Жылқыбай –мектеп директоры;

  2. А.М.Есжанова – ОІМ, информатика

  3. Г.М.Шоматова – бастауыш сынып мұғалімі (3 сынып);

  4. А.Б.Омарова - бастауыш сынып мұғалімі (2 сынып);

  5. А.С.Жетписбаева – ағылшын тілі мұғалімі.

  6. Г.М.Ергожевна- физика пәні бойынша.

  7. Б.Қ.Бекишев – денешынықтыру мұғалімі

3 әдістеме бірлестігі жұмыс істейді. Бастауыш сыныптар бірлестігі – 7 адам, орта буын пәндер бірлестігі – 10 адам, сынып жетекшілер бірлестігі –9 адам.

Әдістемелік кеңес тақырыбы: Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын, ынталарын қалыптастыруда бағалаудың ықпалы.

Мақсаты: Мұғалімдерді бағалаудың түрлерімен таныстырып, сабақта тиімді қолдану әдістерін үйрету, қолдау көрсету.

Мектепте үш әдістемелік бірлестігі кеңесі жұмысын атқаратын жетекшілері.

Бастауыш сынып ӘБ: жетекшісі- Омарова А.Б. еңбек өтілі- 22 жыл, педагог – сарапшы.

Орта буын пәндер ӘБ: жетекшісі- Уакаева Г. К. еңбек өтілі- 23 жыл, жоғары санатты

Сынып жетекшілер ӘБ: жетекшісі- Г.С.Айсина. еңбек өтілі- 0жыл, санатты жоқ.



Жалпы сыныптық бақылау бойынша оқушылардың білім, білгірлік пен дағдылар деңгейі тексеріледі. Барлық 4,9 сыныптарда негізгі пәндер бойынша тест алынды. Оқу жылының басында негізгі пәндерден білім кесінділері (О-дік) алынып, анықтама мен мониторинг жасалды.. Сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, сараптама жасап отырады.

Іс-қағаздардың жүргізілуі жоспар бойынша бақыланып отырылады. Күнде –электронды журналдар, ай сайын оқушылардың күнделіктері, тоқсан сайын дәптерлері (жұмыс, бақылау), тексеріліп отырылады. Тексерістің қорытындысы бойынша анықтамаларда кемшіліктер көрсетілді, отырыстар мен кеңестерге талқыланды.

1-қыркүйектен бастап вариативтік сағаттар мен үйірмелер бекітіліп, кестеге сай уақытымен жүргізілуде.

І жарты жылдыққа бастауыш сыныптарда және «Қуаныш» ШО бірге 21 ашық сабақ өткізілсе, орта буын сыныптарында 20 ашық сабақтар жоспарланып, уақытымен өткізілді. Өткізілгеннен кейін кері байланыс жасалып, ұсыныстар айтылды.

Ақбота” республикалық интеллектуалдық марафонына 3,4 сыныптардан 11 оқушы қатысты. Өкінішке орай жүлделі орындар жоқ.

Жылдағыдай жоспарға сай «Тілдер күні» мерекесіне орай жоспар құрылып онкүндік өз дәрежесінде өткізілді.

Дарынды және қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жоспарлары бекітілді, жұмыс уақытымен жүргізіледі, дәптерге тіркеледі..

Жас мамандар жұмысының жоспары бекітілген, тәлімгерлер тағайындалған, әдістемелік көмек көрсетілуде, бір-бірлерінің сабақтарына қатысады. Күнделікті сабақ жоспарларын мұғалімдер барынша уақытында көрсетеді, дегенменде уақытымен көрсетпегендер - Г.М.Шоматова, Е.О.Жылқыбай. Шара қолданылды.

Мектеп жанындағы «Қуаныш» шағын орталығының жұмысы да ойдағыдай бақыланылып отырылады. Жұмыс жоспарына сай ашық сабақтар мен тәрбие сағаттардың, ертеңгіліктердің өткізілуі және күн тәртібіне сай бүлдіршіндердің уақытылы тәрбиеленуі де қадағаланылып отырылады.

Мектепте оқу жылының басынан 1-9 сыныптарда -47 оқушы, даярлық тобында – 6 бала. Сынып комплектісі-8. 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім мазмұны аясында оқытылса, 4,9 сыныптар бұрынғыдай оқытылуда.

2018-2019 оқу жылында І тоқсанның қорытынды бойынша сыныптардың сапалық үлгерімі төмендегідей:



2 сынып - 25%

3 сынып- 80%

4 сынып- 50%

5 сынып – 25%

6 сынып - 25%

7 сынып - 50%

8 сынып - 29%

9 сынып – 40%



Мектеп бойынша 1 тоқсанның сапалық үлгерім: 41%

Үздіктер саны: 4

Жылқыбай Әділ

Өміртай Шерхан

Сәду Ақерке

Есжан Меруерт

Озаттар саны: 12

Сабит Ұлжан, Шомат Исламбек, Сақтаған Гүлден, Қаратай Саят, Сейілханова Мерей, Наурызбек Мерей, Наурызбекова Назерке, Қоспан Диана, Қожабек Ақнұр, Наурызбек Мейрамбек, Сейлхан Мейіржан, Жылқыбай Ислам.



Ал пәндер 5-9 сыныптарда бойынша көрсеткіш осындай:

Қазақ тілі 95%

Қазақ әдебиеті 95%

Орыс тілі 66%

Ағылшын тілі45%

Математика54%

Геометрия 50%

Физика57%

Химия 50%

Биология 86%

География 91%

Қазақстан тарихы 74 %

Дүниежүзі тарихы 76 %

Информатика 55%


2017-2018 оқу жылын жалпы 57% сапалық үлгеріммен аяқтасақ. 2018-2019 оқу жылының І тоқсанында 41 % төмендеді.

ІІ тоқсан басында 9 сынып оқушылары «Жұлдыз» санаториесіне кетуіне байланысты мектепішілік олимпиада жұмыстары ұйымдастырылмады.

Мектепішілік айлық жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде қадағалануда. Апталықтар жоспары құрылып бекітілді. І жарты жылдықта қазақ тілі апталығы ауданнан келген жоспарға сай он күндік болып өткізілді. Электронды журналдар тексеріліп, кемшіліктер уақытында жойылып отырылады. ӘБ жетекшілері жоспарға сай отырыстарын өткізіп, жұмыстарын бумаға жүйелеп қояды. Әкімшілік тарапынан құжаттары тексеріліп кемшіліктері уақытымен жояды.

Мектептің сайты да уақытылы толтырылады. Әрбір өткен мерекеге сай сценариі, ақпараты, мақаласы мен фоталары жүктеледі.

ББЖ және ТБЖ өткізілу кестелері құрылып, оқушылармен жүргізілген жұмыстары бумаға жүйеленген. Қорытындылары электронды журналға тіркелген.

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар облыстық байқауында қатысқаны үшін Жакишева Алима Көңілашарқызы мен Жетписбаева Аягөз Сұлтанғазықызын сертификатпен марапаттады.

Жалпы сапалыққа тоқталсам:

2018-2019 оқу жылында ІІ тоқсанның қорытынды бойынша сыныптардың сапалық үлгерімі төмендегідей:



2 сынып - 25%

3 сынып- 80%

4 сынып- 62%

5 сынып – 50%

6 сынып - 25%

7 сынып - 50%

8 сынып - 29%

9 сынып – 40%



Мектеп бойынша 2 тоқсанның сапалық үлгерім: 46%

2018-2019 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысы бойынша мектепте

Үздіктер саны: 6

Сабит Ұлжан

Жылқыбай Әділ

Өміртай Шерхан

Сәду Ақерке

Есжан Меруерт

Наурызбек Мерей

Озаттар саны: 12

Шомат Исламбек, Қоспан Мейрамбек, Төлеухан Олжас, Сақтаған Гүлден, Қаратай Саят, Мухамеджанова Шырын, Сақтаған Арлан, Қоспан Диана, Қожабек Ақнұр, Наурызбек Мейрамбек, Сейлхан Мейіржан, Жылқыбай Ислам.



2018-2019 оқу жылы бойынша 5-9 сыныптардың пәндер бойынша сапалық үлгрімі төмендегідей:




1 тоқсан

2 тоқсан

Қазақ тілі

95

95

Қазақ әдебиеті

95

95

Орыс тілі

66

79

Ағылшын тілі

45

68

Математика

54

45

Геометрия

50

50

Физика

57

71

Химия

50

64

Биология

86

57

География

91

95

Қазақстан тарихы

74

86

Дүниежүзі тарих

76

81

Информатика

55

85

Сызу




100

Адам, Құқық негіздері




100

2018-2019 оқу жылындағы І тоқсан 41% сапалық үлгеріммен аяқталса, ІІ тоқсанда 46 % көтерілді.

2018-2019 оқу жылындағы мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:

Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.



Мектепішілік тәрбие жұмысының мақсаты:

- Жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар негізінде жан – жақты және рухани дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

-Әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықты арттыру;

-Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру;

-Оқушыларда көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 8 бағыты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті ел ұланы етіп өсіру мақсатындағы «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламадағы тәрбие түрлері бір-бірімен тығыз байланысты әрі кешенді сипатта жүзеге асырылады. Сыныптағы тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекшілігін жүйелі түрде жүргізу – күрделі де жауапты іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті. Мектепте 9 сынып жетекші бар. Олардың барлығы да жоғары білімді мамандар. Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу-тәрбие әрекетінде өз Отанын сүйіп құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін -өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болды. Оқу – тәрбие жұмысын қалыптастыру мақсатында 13 кыркүйекте педагогикалық кеңестең шешімімен тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 8 бағыты болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті ел ұланы етіп өсіру мақсатындағы сұранысты қанағаттандыратын мемлекеттік құжат. Бағдарламадағы тәрбие түрлері бір-бірімен тығыз байланысты әрі кешенді сипатта жүзеге асырылады

1 қыркүйек «Білім күні» мерекелік іс‑шара ұйымдастырылып, «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру мақсатында «Мен өз отанымның патриотымын» атты ашық сабақтар әр сыныпта өткізілді.

08.09.2018 – «Денсаулық фестивалі» «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» ұранымен өтті. Денсаулық фестиваліне жалғыз оқушылар ғана емес, сонымен қатар ұстаздар да белсенді қатысты.

Өрт қауіпсіздігі айлығына орай 13 –қыркүйек 11 қазан аралығында Жылымды негізгі мектебінде көптеген іс-шаралар өткізілді. Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріліп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатымен 1-9 сыныптарда «Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар» атты дөңгелек үстел, видеофильм мен ролик арқылы таныстыру өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Тили бом загарелся кошкин дом» ертегісі және 5-9 сыныптарда «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында видеолар көрсетіліп, диктанттар жазылды. Сабақ барысында өрттің қаншалықты тілсіз жау екендігі түсіндірілді.Шырпы, электор шамы, газ плитасының қауіпсіздік ережелері және өрттің алдын алу шаралары туралы түсінік берілді. Өрт қауіпсіздігі бойынша тест алынды.Сабақ соңында көрген ертегілері көрініске қойылды. «Өрт – қаламаймыз» тақырыбына суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

04.10.2018 - Бастауыш сынып мұғалімі А.Б.Омарова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С.Жетписбаеваның ұйымдастыруымен «Ұстаз болу-жүрек батырлығы» концерттік бағдарлама жақсы дәрежеде өтті.

Ақмола облысы Әкімдігінің қаулысы негізінде 12-қазан күні «Аман болсын қарттарым» атты мерекелік концерт өткізілді. Сахна түрлі-түсті безендіру, ұлағатты-ұранды жазу тізбесі мен соған сай дайындалған мәдени іс-шаралар да бұл күннің мерейін жылдан-жылға асқақтатып келеді. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік іс-шараға дайындық сыныбынан бастап 9 сынып оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.

Мектебімізде 19 қазан «Алтын күз» атты 0-9 сыныптар арасындағы іс‑шара өткізілді. Барлық сыныптар өз өнерлерін барынша ортаға салды. Іс‑шараның жеңімпаздары 3-сынып және 5-сынып оқушылары.

17.09.2018-11.10.2018 – «Күзгі айлық» жоспарланып өткізілді. Жоспар бойынша «Тазалықты сүйеміз» атты тәрбие сағаттар өткізілді. Сынып бөлмелерді көгілдендіру барлық сыныптарда гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді. Мектеп алаңын тазалап‑жинау мақсатында «Таза бейсенбілік» ұйымдастырылып мектеп алаңы жапырақтардан тазартылды. Бейсенбілікке мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар белсенді қатысты.

29.10.2018- «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп медбикесі Г.Н.Токушева тақырыпты ашып, жан-жақты түсіндіріп берді.

12.11.2018-23.11.2018 аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан өткізілді. Жоспар бойынша «Менің отбасым» 2-4 сыныптар арасында шығарма жазу, «Отбасы жарастығы» 5-9 сыныптар арасында эссе жазу, «Құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тренинг, «Біз зорлық-зомбылықты қаламаймыз!»атты сурет байқауы, «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» мектепшілік акция өткізілді.

14.11.2018- «Темекі тұтынудан бас тарту күні» викториналық ойындар жүргізілді.

16.11.2018- «Ұлттық вальюта күні» атты ақпараттық сағат кітапханашы М.Е.Галиева ұйымдастырылуымен өткізілді.

23.11.2018 – «Әкем, анам және мен» спорттық сайыс өтті. Сайыстын мақсаты: спорттық жарыс ұйымдастыру арқылы ата-аналарды мектеп өміріне араластыру, мектеп жасындағы балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Сайысқа 4-топ қатысты. І-орынға Садуовтар отбасы, ІІ-орынға Жылқыбаевтар отбасы, ІІІ- орынға Омаровтар және Байкеновтар марапатталды.

1 желтоқсан қарсанында барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаттар өткізілді.

7.12.2018- «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» атты ақпараттық сағат 8-9 сыныптармен өткізілді. Мақсаты: сыбайлас – жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, ппайда болужағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып, уақытылы барлығы өткізілді. «Тәуелсіз Қазақстан-Ұлы Отаным» кітап көрмесі, «Астана-қазақтардың тәуелсіздік және бірлік белгісі» дөңгелек үстел, «Тәуелсіз Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» ақпараттық сағаттар, «Мен өз елімнің патриотымын» мәнерлен оқу сайысы, «Жас Ұлан, «Жас Қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиын өткізілді. «Жасай бер, Қазақтың Ұлы жері» атты мерекелік концерт жоғар деңгейде өтті. Жауапты мұғалімдер Ж.С.Байкенова және А.С.Жеписбаева.

Жаңа жыл мерекесі Жылымды негізгі мектебінде өз сән-салтанатымен айырықша әдемі кейіпте аталып өтті. Жаңа жыл кеші 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі сыныптарды мереке құрметіне сай безендіру, Ал, екінші шығармашылық сайыс. Екінші бөлімнің өзі 4-бөлімнен тұрды: таныстыру, ертегілерден көрініс дайындау, ән шырқыраудан және би билеуден.

Жаңа жылдық киім киген балаларға орындар беріліп, сыйлықтармен марапатталды. Ал топтардың арасында бірінші орынды 5-6 сынып оқушылары алды, екінші орынды 1-2 сынып оқушылары алды, үшінші орынға 0-3-4 сыныптар ие болды.



Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

1-сынып оқушыларымен оқу процесіне оқушылардың даярлығын анықтау үшін Керн-Йерасик тесті алынып, тренингтер, жүргізілді. Қорытындысында, оқушылардың есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа, төмен немесе жоғары екендіктерін анықталып көрсетіліп отырды.

4-сынып оқушыларынан «Социометриялық әдіс» балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы алынды. Сауалнаманың қорытындысы бойынша шеттеп қалған бала жоқ екенін көрсетті.

1 сынып оқушылардың ата -аналарымен «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, орнатуға бағыт беру. Ата-аналардан сауалнама алынып, психологиялық кеңестер берілді. Ата-аналарға бейне роликтер көрсетілді.



Аталмыш тақырып аясында өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Ата-аналар өздерінің пікірімен, өз ойларын ортаға салды.

Қыркүйектін соңғы жұмасында, бір жұмалық «Денсаулығы мен өмір дағдылары, суидциттін алдын алу» атты тренинг трениров курсын өттім.

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу үдерісіндегі қиындықтарды, мазасыздық деңгейін анықтау үшін Филлипс әдістемесі жүргізілді. «5- сынып деген не?» тренинг сабағы өткізілді.

Қазанда екі күндік «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдың алу» курсын өттім.

2-3-4 және 8-9сынып оқушылардың ата -аналарымен «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, орнатуға бағыт беру.Ата-аналардан сауалнама алынып, психологиялық кеңестер берілді Ата-аналарға бейне роликтер көрсетілді.

«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтіңалдын алу» бағдарламасы бойынша 8- сынып ата-аналарымен жиналыс өтті.

«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтіңалдын алу» бағдарлама бойынша 8-9 сынып оқушыларынан сауалнама алынды.

«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтіңалдын алу» бағдарлама бойынша вахтерларды оқыту дәрістері өткізілді.

Жоспар бойынша қараша айында мына жұмыстар жүргізілді, 1-сынып оқушыларына «Мектепте маған не ұнайды» Н.Г.Лусканова әдістемесі өткізілді, оқушылардың мектепке, сабаққа деген көзқарастарын жақсарту тренингтері 1-сынып оқушылармен жүргізілді. 8-9- сынып оқушыларының мамандық таңдау мәселесі бойынша «Менің болашақ мамандығым» дөңгелек үстел өткізілді. Таным процестерін диагностикалау 2-3-4-сынып оқушыларынан тест алынды, өткізілген тест нәтижесі бойынша 2-3-4 сыныпта қиындықтары бар оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді, яғни Арт терапия және ертегі терапия әдістерін қолдандым.

Желтоқсан айында мына жұмыстар жүргізілді, 7-9 сынып оқушыларына «СПИД туралы не білесің?» сауалнама алынды, «Өзімізді СПИД-тен қорғайық!» дөңгелек үстел өткізіліп кеңемтер жаднамалар таратылды.6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына жыныстық тәрбие және жанұядағы қарым-қатынас туралы жиналыс өткізілді. 5-9 сынып оқушыларының социометриялық статусын анықтау үшін Дж.Морено әдістемесін жүргіздім. Сонын нәтижесінде сынып ішңнде өзара қарым-қатынасты жақсарту тренингтерін өткіздім.

Психолог маманы ретінде ата‑аналармен, сынып жетекшілермен және оқушылармен тығыз байланыстамын,әр сыныптың ата‑аналар жиналысына қатысып отырамын, баласының жеке бас мәселесі жайлы, жүргізілген диагностикалардың нәтижесі жайлы керекті жағдайларда ата‑анасын ақпараттандырып, кеңестер беріп отырамын.

Сыныптардың сабақтарына қатысып сабаққа психологиялық талдама жүргізіліп отырады.

Жас педагогтармен кеңес беру, әңгіме жүргізу жұмыстары жүргізіледі.

Мектебімізде «Психологиялық жеңілдеу» бөлмесі ашылғалы 1-9 сынып оқушылары күнделікті бөлмеге келіп отырады, ол оқушылармен «ертегі терапия» жаттығуы, жеке сухбат және әуенмен жұмыстар жүргізіліп отырады.



І жарты жылдықта жүргізілген диагностикалардың нәтижесі жеке бумаларға сараланып салынды, диагностиканың нәтижелерімен жеке оқушылар, сынып жетекшілер және керекті жағдайда ата‑аналар ақпараттандырылып отырады.

  • Қыркүйек айында «1 қыркүйек-Білім күні» тақырыбында мектепішілік мерекелік іс-шара өтті. «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.

  • Қыркүйек айында 2-9 сынып арасында «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының бесенділері тағайындалды.

  • Қыркүйек айында денсаулық күніне орай 0-9 сынып оқушылары арасында «Денсаулық фестивалі» өтті. Фестивалде спорттық ойындар ойнатылып, мұғалімдер мен оқушылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды.

  • Осы айда «Адал ұрпақ» мектеп жанындағы еріктілер клубының жоспарымен таныстыру жұмыстарына талдау жүргіздік. Барлық Жас Ұлан, Жас Қыран ұйым мүшелері қатысты.

  • Осы айда 1-9 сынып оқушылары арасында ЖЖЕ бойынша сурет көрмесі өткізілді. Бастауыш сыныптар арасынан женіске 4-сынып оқушысы Сейілхан Мерей жеңіске жетсе, жоғары сыныптан 9-сынып оқушысы Хамит Ильяс жеңіске жетті.

  • Осы айда «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу кеші өтті. Жеңіске 5-сынып оқушысы Сақтағанов Арлан жетті.

  • Қыркүйек айында «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында сурет салу көрмесі өтті. Көрмеге 2-9 сынып оқушылары қатысты.

  • Қазан айында 2-4 сынып оқушылары арасында «Білгірлер сайысы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

  • Осы айда 5-9 сынып оқушылары арасында «Сырға толы жұмбақ әлем» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

  • Қазан айының ортасында «Табиғат ортақ үйіміз» атты 5-9 сынып оқушыларының арасында табиғат аясына серуен жасалды. Ауылымыздың көрікті жерлері «Жуантөбе», «Мереке» көлі, «Ақтас» жерлеріне саяхат жасады.

  • Қазан айының соңында «Денсаулығым баға жетпес байлығым!» тақырыбында 5-9 сынып Жас Ұландары арасында ашық есік күні өткізілді. Барлық оқушылар белсене қатысты.

  • Қараша айында 5-9 сыныптар арасында «Көркейе бер, Қазақстан» атты өлеңдер кеші өтті

  • Желтоқсан айында 7-9 сыныптардың арасында АҚТҚ-мен күрес күніне орай дөңгелек үстел өтті.

  • Осы айда 5-7 сыныптар арасында «СПИД-ке жол жоқ» атты сурет көрмесі өтті. Жеңіске 8-сынып оқушылары жетті.

  • 5-9 сыныптар арасында алғашқы президент күніне орай «Егер мен президент болсам» атты шығармалар сайысы өткізілді. Оқушылар белсене қатысты.

  • Осы айда 1-9 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жүлделі орынға ие болған балаларды марапатттау қағазымен марапаттады.

  • 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Артынша «Тәуелсіздік-теңдігім» атты 0-9 сынып оқушылары арасында меркелік іс-шара өтті.

  • 28 желтоқсан «Таңғажайып жаңа жыл» атты 0-9 сыныптар арасында жаңа жылдық шырша кеші өтті.

  • Осы айдың соңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелерімен 2018-2019 оқу жылына жүргізілген жұмыс жоспары бойынша бірінші жартыжылдыққа арналалған шығармашылық есеп жүргізілді.

Балалар іс-шараларға белсене қатысып отырды. Әр іс-шараға қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.

І жартыжылдықта «Жас Қыранда» 17 бала, «Жас Ұланда» 22 бала болды. Ұйым оқушыларымен төмендегідей іс-шаралар өткізілді:



  • Қыркүйек айында 2-9 сынып арасында «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының бесенділері тағайындалды.

  • Осы айда 1-9 сынып оқушылары арасында ЖЖЕ бойынша сурет көрмесі өткізілді. Бастауыш сыныптар арасынан женіске 4-сынып оқушысы Сейілхан Мерей жеңіске жетсе, жоғары сыныптан 9-сынып оқушысы Хамит Ильяс жеңіске жетті.

  • Осы айда «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу кеші өтті. Жеңіске 5-сынып оқушысы Сақтағанов Арлан жетті.

  • Қыркүйек айында денсаулық күніне орай 0-9 сынып оқушылары арасында «Денсаулық фестивалі» өтті. Фестивалде спорттық ойындар ойнатылып, мұғалімдер мен оқушылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды.

  • Қазан айында 2-4 сынып оқушылары арасында «Білгірлер сайысы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

  • 5-9 сынып Жас Ұланадарының қатысуымен «Қарттары бардың қазынасы мол» жалғызбасты қарттарға көмек беру акциясы жүргізілді.

  • Осы айда 5-9 сынып оқушылары арасында «Сырға толы жұмбақ әлем» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

  • Қараша айында 5-9 сыныптар арасында «Көркейе бер, Қазақстан» атты өлеңдер кеші өтті

  • Желтоқсан айында 7-9 сыныптардың арасында АҚТҚ-мен күрес күніне орай дөңгелек үстел өтті.

  • 5-9 сыныптар арасында алғашқы президент күніне орай «Егер мен президент болсам» атты шығармалар сайысы өткізілді. Оқушылар белсене қатысты.

  • Осы айда 1-9 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жүлделі орынға ие болған балаларды марапатттау қағазымен марапаттады.

  • 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Артынша «Тәуелсіздік-теңдігім» атты 0-9 сынып оқушылары арасында меркелік іс-шара өтті.

  • 28 желтоқсан «Таңғажайып жаңа жыл» атты 0-9 сыныптар арасында жаңа жылдық шырша кеші өтті.

Отырыстар:

04.09.18 күні І отырыс өтті. Бұл отырыста «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымының белсенділері тағайындалды. Оқушыларды ұйым атрибутикасымен таныстырдым.

25.10.18 күні кезекті ІІ отырыс өтті. І тоқсан қорытындысы мен өткізілген іс-шаралар жөнінен есеп берілді. Әр бөлім өз жұмыстарынан қысқаша мәлімет берді.

15.11.18 күні ІІІ отырыс өтті. Онда ІІ тоқсанда өтетін іс-шаралар мен таныстырылды.

1. Білім бөлімі жұмысы қаралды.

2. Салауатты өмір салты бөліміне жұмыстар тапсырылды.

27.12.18 күні ІV отырыс өтті. Онда әр бөлім ІІ тоқсанда жүргізген жұмыстары жөнінде есеп берді.

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі –мектеп кітапханасы. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрапқтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол - мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман –компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы - кітапхана. Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырады.



Міндеті:

1.Білім беру профиліне сәйкес жаңа және дәстүрлі бағыттағы әдебиеттер мен толықтыру.

2.Оқу процесінде керекті әдебиет, ақпараттар мен қамтамасыз ету.

3.Кітапхана, ақпаратқа деген оқырмандардың жан – жақты сұранысын қанағаттандыру, оларды оқуға тарту, ынталандыру.

4.Кітапты ұқыпты ұстап, ақпарат көздерін бүлдірмеуге үйрету, тәрбиелеу. Оқушылар мен мұғалімдер қосымша қажет материалдарын алып отырады. Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қорында:

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету барысында жалпы оқушылардың 100% ті оқулықпен қамтамасыз етілді.

1-сыныпқа 100% - 8 комплект оқулық, 2 комплект басқа мектептен алынды.

2 сыныпқа 100% - 4 комплект, 3 – сыныпқа 100% - 5 комплект,

4- сыныпқа 100% - 8 комплект, 5- сыныпқа 100% - 4 комплект,

6 – сыныпқа100% 4 комплект, 7- сыныпқа 100% - 2 комплект,. 8 сыныпқа 100% , 6 комплект 9 – сыныпқа 100% - 5 комплект, оқулық таратылды.

Мектепте баолық оқушылар оқулықпен түгел қамтамасыз етілді. Бірінші кезекте мектептегі жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар оқулықпен толығымен қамтамасыз етілді.

Мектеп кітапханасы –кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып, әртүрлі іс-шаралар, кітап көрмелерін ұйымдастырып отырады. Мысалы , «Білімім-байрағым мен ұраным», Тіл мерекесіне байланысты «Тіл - асыл қазынасы» атты кең тақырыптық сөре ұйымдастырылды ,«Зиянды әдеттен сақтан»,«Спорт -денсаулық кепілі», «Оқушыға көмек»,«Тәрбиешішіге көмек», «Менің алғашқы кітабым»атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды, кітаптар бойынша оқушыларға шолу жасалды.

1- сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жүргіздік, кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырдық. Оқырман ретінде тіркеуге алдық. Оқыған ертегілері жайлы пікір алмастық.

Көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл (1894). бейне көрсетілім көрсетіліп, еңбектері мен өміріне шолу жасалды.

Семей ядролық полигонында соңғы жерастың сынағы өткізілгеніне 25 жыл атты бейнекөрсетім көрсетіліп,әңгіме өткізілді.

1-5 сынып оқушылары ертегілер мен әдеби кітаптарды жаздырып алып оқиды. Жоғары сынып оқушылары кітапханаға үнемі келіп, жан-жақты саладағы барлық пәндерден рефераттар жазып, сабаққа дайындалады.

Кітапханаға мүше оқушылармен әр тоқсан сайын сыныптарға рейд жүргізіледі. Кітаптарды тарату, қабылдау кездерінде көмектеседі, кітаптардың тазалығын тексереді. Әр тоқсан сайын оқулықтардың таза ұсталуын қадағалау үшін тексерулер болып тұрады, «Кітапты күтіп ұстай

біл » тақырыбында бастауыш сынып оқушылармен әңгіме өткізілді.

Әр тоқсан сайын кітапханашылар оқулықтарды тексеру барысында 1-2- 3 – 4 сынып оқушылары кітапты күтіп ұстауы жағынан өте жақсы көрсеткішке ие болды, 6-7-8 сынып оқушылары оқулықтарын толық тысталмағандықтан, сынып жетекшілеріне ескерту жасалды Жеңілдік берілген оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілді .

Жылымды негізгі мектебінде қыркүйек, қазан айларында"Кітап білім -бұлағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жалғасын табуда. Кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Бірнеше кітап өз оқырманын тапты.

Іс-шараға оқушылар,барлығы 45 адам қатысып, өздерінің кітаптар туралы ойларын білдірді. Ауылымыздың тұрғындары да келіп,өз оқыған кітабымен бөлісем,немесе сыйға кітап әкелем деушілер де мектебімізге келуде. Буккроссингтің негізгі принципі: «Оқып болдын ба — басқа оқырманға бер». Ұраны — «Бүкіл әлемді кітапханаға алмасамыз». Жобаның ережелері:

—бір кітапты алу үшін, кітапханаға жазылукдың қажеті жоқ

—кітаптарға нөмірлер мен шифрлар жазылмайды

—әркімнің кітап таңдау еркі өзінде

—кітапты қайта осы стеллажға қайтару мүмкіндігі бар

—кітапты үйде қалдыруға болады

—орнына бір кітап алып келіп, кітапты ауыстыруға болады

Оқушылардың кітапханаға келуін жақсарту мақсатында кітапханадағы балаларға арналған кітаптарға шолу жасалғаннан кейін оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып,әдеби кітаптарды алып оқи бастады.

Буккроссинг кітап мерекесіне «Кітап -білім бұлағы » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары көрмеге қойылған кітаптарды алмастырып оқуда бастауыш сыныптар белсенділік танытты. Алған кітаптарының мазмұны бойынша сыныптастарына айтып берді.

Ұлттық валюта күніне ұлттық валютаның шығу тарихы туралы деректі фильм көрсетілді,ақшаға байланысты ырымдар туралы айтылды.

Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жылдығына

Бейне көрсетілім еңбектері мен өміріне шолу жасалды.

Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орай әлемдік деңгейдегі саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың жоғары беделінің нәтижесі болып табылатын Қазақстанның сыртқы саясат стратегиясына арналған Елбасының Жеке кітапханасының жинақтарынан тұратын «Әлем таныған Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Н.Ә.Назарбаев туралы 30-дан астам басылым ұсынылды. Олардың қатарында Мемлекет басшысының балалық шағы мен жастық кезеңі, ұлттық лидер, азамат ретіндегі адами жеке қасиеттері, еңбек жолы мен саяси қызметі жөнінде баяндайтын жазушылар мен публицистердің, отандық және шетелдік танымал саясаткерлердің, Елбасы замандастарының еңбектері бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тағдырындағы өмір белестері мен ең есте қаларлық оқиғаларды айшықтайтын басылымдар Елбасы өмірбаянын егжей-тегжейлі бейнелеп береді. Қазақстанда және шетелдерде жарияланған тарихи-публицистикалық мақалалар мен очерктердің түрлі жинақтары тәуелсіз мемлекеттің негігізін қалаған Президентіміздің Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы ерен еңбегін көрсетеді, Қазақстан жолының іргетасын қалап, жас мемлекетіміздің жетістігін қамтамасыз еткен Н. Ә. Назарбаевтың басқарушылық шешімдерінің сырын ашады. Көрмеде басылымдармен қатар Елбасының өзге елдердің басшыларымен кездесулері барысындағы тарихи сәттерді отбасы туралы фотосуреттері бар.

Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы мәлметтерге барлық сыныптың қатысуымен шолу жасалды

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» деректі фильм көрсетілді.



Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар ұсынылды.

Деректі фильм басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарұсынылды.ұсынылды.ұсынылды.ұсынылды, кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.



«Қысқы демалыс кезінде қандай кітап оқығың келеді» тақырыбы бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып,оқитын кітаптар ұсынылды.
Каталог: public -> files -> 2019
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
2019 -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
2019 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
2019 -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
2019 -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2019 -> Сабақ «Ананың аялы алақаны»
2019 -> Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет